Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Қазақстанның Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) қатысуы және оның осы ұйымдағы рөлі



бет39/50
Дата26.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#40403
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер Смағұлов С 09

2. Қазақстанның Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) қатысуы және оның осы ұйымдағы рөлі.


Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ) – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық ұйым. 2000 ж. 10 қазанда Астана қаласында құрылған. Оған дейін Кедендік одақ деп аталды. Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 ж. 28 наурызда МГУ-дің профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерді. Қалыптасқан жағдайлар ТМД бойынша бірлесудің жаңа деңгейге көшуін қажетсінді. Осы мақсатта 1995 ж. 28 қаңтарда Қазақстан, Ресей, Беларусь үкіметтері Кедендік одақ құру жөнінде келісім жасасты. Бұл Одаққа 1996 ж. наурызда Қырғыз Республикасы, 1999 ж. 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы қосылды. Бұл одақтың мақсаты: 1) одаққа кіретін елдер арасында тарифтік шектеуліктерді жойып, біртұтас сауда режимі мен бірдей кедендік тариф қалыптастыру; 2) мүше-мемлекеттердің кедендік территорияларын біріктіріп, біртұтас кедендік территория жүйесіне көшу, ішкі шекараларды сыртқы шекараларға көшіру болды.
Интеграциялық процестерді жетілдіре түсу үшін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Президенттері 1996 ж. 29 наурызда экономика мен гуманитарлық салалардағы интеграцияны ары қарай жетілдіру жөнінде келісім жасасты. Бұл келісімде ҚР ПРезидентінің Еуразиялық одақ құру жөніндегі көптеген идеялары мен принциптері жүзеге асты. Құрылған одақтың жемісін қарапайым халыққа неғұрлым жақындату үшін 1998 ж. Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Н.Назарбаев «Қарапайым адамдарға арналған 10 қарапайым қадам» атты мәлімдеме жариялады. Осы 10 жоба келісім 1998 ж. 28 қарашада Кедендік одаққа қосылушы үкімет басшыларының Мәскеудегі кездесуінде бекітілді. 1999 ж. 26 ақпанда 5 мүше мемлекет басшылары Кедендік одақ және біртұтас экономикалық кеңістік жөнінде келісім жасасты. Мұның бәрі ЕЭҚ-ның құрылуына алып келді.
Жаңа ұйымның басты міндеті – Кедендік одаққа кіретін елдер негізінде бірыңғай экономикалық кеңістік (тауар өндіру, қаржы жүйесі, сауда және қызмет көрсету, т.б. салалар бойынша) қалыптастыру. Келісім бойынша, Кедендік одақ тұсында құрылған баскару органдары сақталып қалды, бірақ оларға бірқатар жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер берілген. ЕЭҚ жұмысын — 3 жылға сайланатын Интеграциялық к-ттің бас хатшысы үйлестіріп отырады. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер экономикалық потенциалдарына байланысты төмендегідей дауыска ие: Ресей — 40, Беларусь пен Қазақстан әрқайсысы — 20 дауыстан, Қырғызстан мен Тәжікстан — 10 дауыстан. Осыған сәйкес қоғамдастық
бюджетіне Ресей 40%, Қазақстан мен Беларусь әрқайсысы 20%-тен, Қырғызстан мен Тәжікстан 10% жарна төлеуге келісті. ЕЭҚ-на ұйымның келісім шарттарын мойындайтын және қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға келісетін кез келген басқа мемлекет мүше бола алады (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. – Алматы, 2001. 448-449-бб.).
Әлемдік өркениет пен ғаламдасудың бүгінгідей кезеңінде кез-келген мемлекетгің өзгеден оқшау, томаға-тұйық өмір кешуі екіталай. Ондай ұстаным мен саясат оны прогреске емес, регреске жетелейді. Ал, керісінше жан-жақты қарым-қатынас пен байланысқа, әсіресе, экономикалық ынтымақтастыққа ұмтылу оның дамуы мен өркендеуіне даңғыл жол ашады. Мұны біз қазір көптеген елдердің өмірлік тәжірибесінен, дәлірек айтсақ, құрамына кіруге талай мемлекет мүдделі болып отырған ЕО (Еуропалық Одақтың) тыныс-тіршілігінен де анық байқап жүрміз. Біздің халықтың «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін «Бірлік түбі — тірлік» деген қанатгы сөзі осындай ойдан туған болса керек.
Бүгінде қанатын кеңірек жайып, бірте-бірте елге танымал болып келе жатқан ЕурАзЭҚ - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық та о бастан сондай бір ізгі мақсатпен құрылған болатын. Басында Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сиякты бес елдің бастамасымен іргесі қаланып, артынан алтыншы болып Өзбекстан қосылған бұл мемлекеттераралық экономикалық ұйым ең алдымен: өзара ортақ Кедендік Одақ құрып, Біртұтас Экономикалық Кеңістік қалыптастырып, осылардың негізінде өздерінде тұратын халықтардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту мен өмір сүру деңгейін өсіруді көздейді.
Тіршілікте себепсіз ештеңе де болмайды. Кешегі Кенес Одағы ыдырап, оның кұрамындағы республикалар өз алдына егемен ел, дербес мемлекеттер болған тұста бұрынғы бір-бірімен ұштасып жатқан сауда-экономикалық байланыстар үзіліп, бұл елдердің біршама қиналып, дағдарып қалған жайы бар. Міне, осындай ауыртпалықты кезеңде қарым-қатынасты қалпына келтіріп, әр салада байланыстар орнатып, бірінде жоқты бірінен алып, мүдделерді тоқайластырудың, қандай да бір ұйымға бірігудің қажетгілігі туды. Сондай сұраныс пен қажеттіліктердің әсерімен өмірге Еуразиялық экономикалық қауымдастық сияқты ұйым келді.
Мұндай идеяны алғаш болып көтерген, қандай да бір ортақ мүдделер мен мақсаттар тұрғысынан бірігуді ұсынған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін айта кеткен жөн. Кезінде бұған тәуелділіктің қамытынан енді босап, еркін тыныстағандай өздерін дербес сезіне бастаған мемлекеттер ондай қадамға бара қоя ма, деген күдікпен, сенімсіздікпен қарағандар да болды. Бірақ, өмірдің ағымы, дамудың барысы ол ұсыныс-идеяның дұрыстығын дәлелдеп берді.
Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылып, жұмыс істей бастағанына сегіз жылдай уақыт болып қалды. Өткен кезең ішінде Қауымдастықтың көлемінде салыстырмалы түрде біршама табыстар мен ілгерілеуге қол жеткізілді. Көптеген салалардағы экономикалық байланыстар жандандырылып, тамырларына қан жүрді. Осындай іскер де белсенді әрекеттердің нәтижесінде ЕурАзЭҚ мүше елдердін арасындағы тауар айналымының құны 2001 жылғы 29 млрд. доллардан, 2007 жылы 102 млрд. долларға жетгі. Яғни 3,5 есеге өсті. Сондай келісім мен мәмілелердің арқасында кеден мен шекарадағы бірқатар мәселелер шешіліп, оңтайлы сипат ала бастады.
Бүгінгі таңда Қауымдастық кәдімгідей белсенді түрде жұмыс істеп отырған: Мемлекетаралық кенес, Интерграциялық комитет, Парламентаралық ассамблея және Қауымдастықтың соты тәрізді басшы органдары бар толыққанды ұйым.
ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер неліктен ең алдымен Кедендік одақ құруға, сөйтіп, Біртұтас Экономикалық кеңістік қалыптастыруға ұмтылып отыр? Ондай Кедендік одақ: ортақ кедендік аумақтың, ортақ сыртқы шекараның және ортақ кедендік тарифтің болуына жол ашады. Ал, Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің қалыптасуының да берер пайдасы аз емес. Ол арқылы Қауымдастыққа мүше елдердің арасында тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін айналымына, қаржы-қаражаттың еркін қозғалысына және жұмыс күшінің де еркін жүріп-тұруына мүмкіндік туады. Келісілген, ортақ экономикалық саясат жасалынады. Мұның бәрі, сайып келгенде, экономикалық интеграцияның терендей түсуіне ықпал етіп, даму мен өркендеуге жетелейді.
Осылай орайы келіп, сәтін салатын болса ЕурАзЭҚ-тың алға қойған мақсаты биік және келешегі көкжиекті де кемел болмақ. Әйтсе де жасалынған әрбір қадам «жеті өлшеп, бір кесуді», жан-жақты таразылап барып, әрекет етуді қажет етеді. Сондықтан да Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің басшылары асығыстыққа жол бермеу мақсатымен 2007 жылы қазанда Душанбеде өткен Мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысында алдымен үш мемлекет: Белоруссия, Қазақстан және Ресей арасында Кедендік одақ құру, сонан соң оған өздеріндегі экономиканың және заңнамалардың дайындығына қарай Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қосылуы жөнінде мәмілеге келіп, сондай ортақ шешім қабылдады.
Бүгінгі күні мұның алғашқы жұмыстарының жүзеге асырылып, Кедендік одақтың халықаралық-құқықтық негізі жасалып, осы бойынша мемлекет және үкімет басшыларының тарапынан он үш базалық құжат қабылданды. Бұл процесс 2007 — 2010 жылдардың аралығында аяқталады деп жоспарланған. Оған байланысты үш жылдың ішінде бас-аяғы 69 құжат қабылдануы керек, соның 26-сына биылғы жылы қол қойылмақ. Осыған орай Қауымдастықтың үйлестіруші органдарында қызу жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтуға болады.
Кейде теледидардан Қазақстан жері аркылы Тәжікстан мен Өзбекстаннан және Қырғызстаннан Ресейге зансыз жолмен өтіп бара жатқан еңбек мигранттарының ұсталғандығы туралы хабарлар көрсетіліп жатады. Демек, ЕурАзЭҚ-ка мүше мемлекеттер арасында да көші-қон мәселесінің ең бір өзекті проблемаға айналып отырғаны талассыз шындық. Сондықтан да Душанбеде өткен кеңесте мемлекет басшыларының мақұлдауымен жаңа көші-қон саясатын жасау жөнінде шешім қабылданды. Сонын негізінде көші-қон қызметтері жетекшілерінің кеңесі құрылып, оған мигранттар шығатын елді де және ондай жұмыс күшіне зәру елді де қанағаттандыратындай, ал түпкі нәтижесінде ортақ көші-қон саясатын қалыптастыратындай шаралар кешенін тұжырымдап жасау міндеті жүктелді.
Кейінгі кездері су көздерін бірігіп пайдалануға қатысты Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның оңтүстігі арасында түйінді мәселенің бой көтеріп жүргені жасырын емес. Бұған байланысты ЕурАзЭҚ ұйымы тарапынан бірқатар іс-әрекеттер жасалынуда. Мәселен, Қауымдастықтың Бас хатшысы Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров өткен жылы БҰҰ-ның кезекті сессиясына қатысуға барған сапарында БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары А. Мигиромен және Бас хатшының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ш. Цзуканмен кездесіп, осы мәселеге байланысты пікірлесті. Оларға Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану тұжырымдамасын әзірлеуге байланысты халықаралық сарапшылар шақыру жөніндегі ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер басшыларының шешімін жеткізіп, осыған орай қол-ұшын беру туралы өтінішті тапсырды. Бәрі осылай орайымен болып, сәтін салатын болса, алдағы уакытта Қауымдастық шеңберінде бейтарап сарапшыларды тарту арқылы Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдаланудың ортақ Тұжырымдамасы жасалынбақ.
Әрине, Қауымдастықтың басшылары айтып жүргендей, ЕурАзЭҚ-тың көлемінде атқарылған істерден гөрі әлі атқарылар істер көп. Ол енді уақыттың еншісіндегі шаруа. Дегенмен, Қауымдастықтың қызметінде қазіргі кезенде басым бағыттар ретінде мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Көлік, энергетика, еңбек көші-қоны, аграрлық-өнеркәсіптік кешен, инновациялық технологиялар және бірқатар мәдени-әлеуметгік мәселелер.
Оның ішінде, таратып айтар болсақ, көлік саласы бойынша — ортақ тарифтер мәселесін шешу, жүк тасымалын артгыру, кедендік рәсімдерді оңайлату, қол қойылған келісімдер бойынша мемлекеттер ішіндегі іс-шараларды аяқтап бітіру, трансұлттық көліктік-экспедициялық корпорацияларды құру міндеті қойылған. Осы сияқты энергетика бойынша — Орталық Азиядағы су-энергетикалық кешендерін бірлесіп игеру, электр энергиясымен қамтамасыз ету және суларды пайдалану мәселелерін шешу және ортақ энергетикалық балансқа шығу.
Еңбек көші-қоны бойынша - көшіп-қонушыларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, еңбек ресурстары көші-қонын бақылау мен реттеудің ықпалды жүйесін жасау, көші-қонмен бірлесе жүретін қылмыстық әрекеттермен күрес, көшіп-қонушылар мен оларға жұмыс берушілер төлейтін салықтарға байланысты туындайтын мәселелерді шешу.
Аграрлық-өнеркөсіптік кешен бойынша — ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы саясатын өзара келісу, Қауымдастық елдерінің ортақ азық-түлік рыногын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, сақтау және өткізуге жұмсалатын шығындарды азайту, осы саладағы жаңа рыноктық (сақтандыру, банктік, лизингтік, биржалық сияқты, т.б.) институттарды ұйымдастыру көзделген.
Ал, инновациялық технологиялар саласы бойынша қолда бар ғылыми және техникалық күш-қуат пен мүмкіндіктерімізді біріктіріп, ортақ арнада жұмылдырып, басым бағыттардағы ірі инновациялық жобаларды жасап, жүзеге асыру, сөйтіп елдеріміздің дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін нығайту белгіленген.
Мысалға, осы 2008 жылдан бастап, біздің елдеріміз «инновациялық биотехнологиялар» деп аталатын мемлекетаралық мақсатты бағдарламаны, яғни сынақ ретіндегі алғашқы жобаны жасауға кірісті. Ол жоба жүзеге асатын болса, Қауымдастық елдерінде осы заманғы ең жетілген және тиімділігі жоғары технологияларды пайдаланып, медицина мен ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салалары үшін сапалы да бәсекеге қабілетті биологиялық өнімдер шығаруға мүмкіндік туады.
Осы секілді таяу уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысымен ғылымның мүмкіндігін бірлесіп пайдалану мақсатында ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы құрылмақ. Оның үйлестіруші кеңесі жарғысын және бағдарламасын жасап қойды. Мұндай клуб Қауымдастықтың жұмысының жандана түсуіне ықпалды көмек көрсетеді деген үміт бар.
ЕурАзЭҚ-тың мемлекеттераралық экономикалық ұйым екенін, оның алдына қандай мақсат пен мүдде қойылғанын біршама айтып түсіндірдік. Ал, енді осы арада «Мұндай ұйым қарапайым адамдарға не береді? Онын сіз бен бізге қандай пайдасы бар?» деген сұрақ қойылуы мүмкін. Өте орынды және заңды сауал. Бұған байланысты мына бір жәйтті айрықша атап өтуге болады.
1998 жылдың 28-сәуірінде төрт мемлекет басшыларының (Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) қол қоюымен «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» деп аталатын Үндеу қабылданған. Ол құжат расында да қарапайым адамдардың көңілінен шығып, мүдделерін қорғайтындай төмендегі мәселелерді қамтиды.

  1. Қауымдастық көлемінде азаматтықты қабылдаудың оңайлатылған тәртібін енгізу. Бір елде тұрақты түрде тұратын басқа елдің азаматына мүмкіндігінше лайықты жағдай туғызу.

  2. Азаматтардың бір елден екінші елге өткенде шекаралық, кедендік және басқа да бақылау кезінде еркін және теңдей құқықта
    болуын қамтамасыз ету.

  3. Бір елдің азаматының екінші елге барғанда шұғыл дәрігерлік жәрдем алуына мүмкіндік пен жағдай жасау.

  4. Бір елден екінші елге шетелдік валютаны өзара келісілген сомада кедергісіз алып өтуге жол ашу.

  5. Азаматтардың өндірістік және коммерциялық мақсаттан басқа жүктерін бір елден екінші елге кедергісіз алып өту мүмкіндігін келісілген тәртіпте кеңейту.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет