Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет50/50
Дата26.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#40403
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер Смағұлов С 09

30 – лекция. 1 сағат.
Қазақстанның шет елдердегі қазақ диаспорасымен байланысы.

  1. Қазақ халқының шет елдерге қоныс аударуының тарихы.

  2. Қазақстанның қазақтарды шет елдерден тарихи отанына қайтару жөніндегі саясаты.

Әлемнің қырыққа жуық елінде қазақтың үштен бірі жүр, соның 32 елінде қазақ мәдени орталықтары құрылған. Олар бізбен тікелей байланыста (Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығымен). Әр елдегі қазақ мәдени орталықтары біздің сол елдегі бөлімшелеріміз болып есептеледі.


Президент жарлығымен бекітілген шетелдегі қандастарымызды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бар. Біз сол бағдарламаның аясында жұмыс жасаймыз. Біз ғана емес, үкіметтік құрылымдар, шетелдегі ағайындармен Сыртқы істер министрлігі т.б. әр түрлі бағытта жұмыстар атқарады.
Еуропа қазақтары жылына бір рет дәстүрлі Кіші құрылтайын өткізеді. 2007 жылы Мюнхенде, 2008 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында өтті. Мысалы, Мюнхенде Еуропаның 10 елінен екі мыңға жуық қазақ жиналды. Норвегияда он екі қазақ отбасы ғана тұрады. Еуропа қазақтары соның өзінде жиналды. 600 қазақ бас қосып, құрылтайды ойдағыдай өткіздік. 600 адамды 12 отбасы күтіп алды. Міне, нағыз қазақтық сезім, ұлттық мінез деп осыны айт. Қазақстаннан 25 адам барды. Оның ішінде әншілер, депутаттар бар.
Қауымдастық жанынан «Алтын бесік», «Туған тіл» журналдары, «Шалқар – 2» газеті, т.б. басылымдар шығады.
Соңғы 10 жылдың көлемінде 1 миллионға тарта сырттағы қандастарымызды көшіріп алдық. Елдегі қазақтардың үлесі 62 пайызға жетіп отырса, ол сол ағайындардың арқасы. Алыстағы ағайындар біздің генефондымыз. Олар біздің санымызды арттырады, сапамызды байытады, тілімізді көркейтеді. Біз оларға осындай көзқараспен қарауымыз керек.
Экономикалық жағдайы қиын, қазағы көп Өзбекстаннан көш әлі де ағылып жатыр. Ресейдегі қазақтар тапжылмай сол күйі отыр. Жуық арада қозғала қоймайтын да шығар. Өйткені, экономикалық ахуалы жақсы, ешкімнен қысым көріп отырған жоқ. Шекарадан визасыз кіріп-шығып, бауыр-туысымен араласып, құдандалы болып жүре береді. Ал Қытайдағы жағдай мүлде басқа... Бірен-саран болса да, елге оралып жатыр. Әйтеуір көш біржола тоқтаған жоқ. Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Сауд-Арабиясы секілді елдердегі бауырларымызды түгелге жуық көшіріп алдық. Моңғолиядағы қазақтардың біразы қотарыла көшкен. Моңғолия мен Қытайдағы қандастарымыз ата-бабасының туған жерінде отыр. Олар қоныстанған аймақ байырғы қазақтың даласы.
«Нұрлы көш» бағдарламасын іске асырамыз деп жұмыс бастап жатқан Бердібек Сапарбаев сынды министрлеріміз бар (Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың сұхбаты. – Қазақ әдебиеті, 17.10.2008. № 42).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет