Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Қазақстан үшін ҚР ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалығы туралы шешімнің маңызы



бет35/50
Дата26.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#40403
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер Смағұлов С 09

2. Қазақстан үшін ҚР ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалығы туралы шешімнің маңызы.


2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.
«Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі ұсынысымызға қолдау көрсете отырып, бұл Ұйымға қатысушы елдер еліміздің көп қырлы стратегиялық дамуының дұрыстығын және оның жалпыәлемдік трендіге сәйкестігін бірауыздан қолдады.
Әлемдік қауымдастық елдері осы шешімдерімен біздің мемлекетіміздің экономикалық және саяси даму моделінің тиімділігін, ұлтаралық және дінаралық проблемаларды шешудегі біздің тәжірибеміздің құндылығы мен бірегейлігін мойындады. Әлемдік қауымдастық осы шешімі арқылы Қазақстанның биылғы жылы жүзеге асырған саяси реформаларына, азаматтық қоғамды дамытудағы, демократиялық мемлекет құрудағы жігерлі ұмтылысына оң баға берді.
ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Оның ең басты тарихи жетістігі планета ядролық дағдарыс табалдырығына тақаған блоктық теке-тірес дәуірінде бейбітшілікті сақтап қала алғандығы болды.
Қазір ЕҚЫҰ өзінің қызметін жетілдіру және жаңарту қарсаңындағы күрделі кезеңді бастан кешіруде. Бірқатар елдер Ұйым қызметінің басым бағыттарын және міндеттерін түсіндіруде елеулі пікір қайшылықтарына жол беруде.
Біздің еліміздің бұл реттегі қағидатты көзқарасы барлық жағдайда, тіпті өте өткір мәселелерде ымыраға келу қажет деп есептейді. Біз өзіміздің болашақ төрағалығымыздың негізгі міндеттерінің бірі Ұйымның барлық мүшелерінің тең құқылығын және тарихи, мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан проблемаларда ортақ қағидалары және өзара тиімді шешімдер табу деп ойлаймыз. Біз ЕҚЫҰ институттарын одан әрі дамыту және нығайту, сол сияқты ЕҚЫҰ-ның жоғары принциптері мен стандарттарын бекіту және сақтау, Ұйым қызметінің барлық үш өлшемін бірдей дамыту бағыттарында жұмыс істейтін боламыз.
ЕҚЫҰ-ны жанжалдан кейінгі Ауғанстанды қалпына келтіру үдерісіне қатыстыру мүмкіндігінің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Ұйым осы көп зардап шеккен мемлекеттің аумағынан таралатын қауіпке қарсы күресте әлемдік қауымдастықтың бірлескен қызметін үйлестіруде қосымша құрал бола алар еді.
Қазақстанның демократияландыруда, еркін рынокты дамытуда және қауіпсіздікті қамтамсыз етуде ұстанған бағыты ЕҚЫҰ-ның дәстүрлері мен критерийлеріне толық сәйкес келеді. Жалпы алғанда, азаматтық қоғамды жетілдіру, саяси жүйені демократияландыру, ең алдымен, Қазақстанның өз мүддесіне сай екендігін атап өту керек. Бұл орайда біздің ұлттық мүдделеріміз көп ретте ЕҚЫҰ-ның жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің жоғары миссиясын тек сөзсіз жетістік ретінде ғана қабылдаймыз, сонымен бірге, мұны зор жауапкершілік деп түсінеміз.
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі ұсынысымызға ТМД-ға кіретін барлық мемлекет басшылары табанды және жүйелі түрде қолдау көрсетті.
ЕҚЫҰ-ның барлық шешімдері 100 пайыз консенсус жағдайында ғана қабылданады. Қатысушы-мемлекеттер Қазақстанға сенім арта отырып, бізге оның қызметінің тиімділігін арттырады деп үміт жүктеді.
Бізге төрағалық қызметте үлкен және жауапкершілігі зор жұмыстар атқаруға тура келеді. Бұл барлық мемлекеттік органдардың, биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот салаларының, сол сияқты саяси партиялардың және бүкіл азаматтық қоғамның күш жұмылдыруын қажет етеді. Алдағы кезеңде біздің ЕҚЫҰ-ға тиімді төрағалық етуіміздің және еліміздің ішінде іс жүзіне асыратын қызметіміздің бағдарламасы дайындалуы тиіс.
Халықаралық ең өкілетті және беделді ұйымдардың біріне төрағалық ету, біздің ойымызша, халқымыз бірлігінің тағы бір нышаны болуға тиіс және бүкіл әлемге алдыңғы қатарлы, демократиялы және бәсекеге қабілетті Қазақстанды паш етуге тиіс» (Н.Назарбаев. Адам әлеуетінің дамуы – тәуелсіздіктің басты құндылығы. Тәуелсіздіктің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. – Егемен Қазақстан, 15.ХІІ.2007 ж.).
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанға не береді? Бұл төрағалық ету Қазақ еліне әлемге шындап танылудың мол мүмкіндігін береді. ЕҚЫҰ басшылығында болу мемлекетіміз қолға алған реформаларды тездете түседі, біздің қоғамымызды қазіргіден де ашық ете түседі. Басшылықта жүретін 3 жыл, әсіресе, төрағалық ететін бір жыл отандық дипломатияны бұрын-соңды болып көрмеген сынаққа салады, қақтығыстар жағдайында да жұмыс істеудің мықты мектебінен өтеміз. Ең бастысы – ЕҚЫҰ-ға төрағалық Президент Н. Назарбаев ұлттың ұлы идеясы деп атаған асыл мұратымызға, асқақ мақсатымызға жетуге - әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды жеделдетуге қалайда септігін тигізетіні сөзсіз. Сөйтіп, халықаралық аренадағы тұғырын бекіту тұрғысынан алғанда, бұл төрағалықтың игілікті жемістері бірінші кезекте, әсіресе, Қазақстанның өзі үшін анағұрлым маңызды болмақ.
Ал Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-ға не береді? Алдымен ұлтаралық, дінаралық, тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екі бірдей съезін өткізе алған әлемдегі жалғыз ел – Қазақстан. Таза ұлтаралық негізде қақтығыстарға жол берілмей келе жатқан санаулы елдің бірі де – Қазақстан. Осы тәжірибенің бәрі әлемдік қауымдастық үшін қызғылықты болмай қоймайды.
Қазақстанның төрағалығы Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасайтыны анық. Қазақстанның арқасында кем дегенде бір жылдың ішінде Орталық Азияның көптеген түйткілді жайлары мен қауіп-қатерлерін халықаралық қоғамдастық неғұрлым белсендірек талқылайтын болады.

-------------------


Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі – Қайрат Әбдірахманов («ЕҚ», 17.01.2009).

ЕҚЫҰ-ның жалпы бюджеті 2009 жылы шамамен 160 миллион еуроны құраған. Қазақстан жыл сайын бертінге дейін ЕҚЫҰ-ға 360 мың доллар төлеп келген (Алаш айнасы, 7.05.2010).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет