«мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс» мәні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тәрбие деп ататуы мүмкін.
«әлеуметтік процесс» мәні – тәрбие әрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-әрекеттерді арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мәні- бұлтәрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, әкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет және тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті. «арнайы ұйымдастырығған тәрбиелік жүйе» мәні:неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-әрекет процесінде қандай да жалғыз әдіс, тәсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бәрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады.
«тәрбиелеушімен тәрбиеленушінің ықпалдасты әрекеттері» мәні-тәрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Тәрбие процесінде ықпалдасты іс-әрекеттердің арқасында тәрбие-ленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тәжірибені игереді. Осыдан. тәрбиелеушінің басты міңдеті - оқушыны көргенін, оқығанын кайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті әрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тәрбие- бұл әрқилы іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тәрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық - іс-әрекеттікатауын алған. Оның мәні: адам барша әлеуметтік тәжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық - іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі-ортақтасу (общение):
- іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен әлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тәрбие-көзделген мақсатқа жеткізуші
тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Тәрбиенің күрделі процесінде ұйымдастырудың белгілі бір формасын қанағат тұтып қалуға болмайды. Тәрбие жұмысына қойылатын аса маңызды талап — оны ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын қолдану.
Комплексті түрде жүргізу — тәрбие қызметін ұйымдастырудың бұқаралық, топтық және жеке-дара формаларының ақылға сай, педагогикалық жағынан ойластырылған үйлесімділігін талап етеді. Бұқаралық жұмыс нәтижелерінің топтық және жеке-дара сабақ, процесінде нығайтыла түсуінің, ал бұл сабақтардың әр түрлі бағыттағы бұқаралық түрткі болуының маңызы зор. Мәселен, белгілі бір проблема бойынша бір немесе бірқатар кітаптарды жеке-дара оқу диспутпен немесе оқырмандар конференциясымен аяқталуы мүмкін. Ұйымдастыра білген жағдайда олар идеялық-саяси, адамгершіліктік және эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы ретінде қызмет ете алады.
Тәрбиенің жалпы әдістері және олардың жіктелуі. Әдіс дегеніміз— алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, әдісі. Тәрбиелеу әдістері—тәрбиелік міндеттерге қол жетуі үшін тәрбиешілермен тәрбиеленушілер коллективтерінің бірлескен өзара байланысты қызмет ету жолдары мен әдістері.
Тәрбиеленушілер тәрбие процесіне немкетті қарап, одан тыс қалмайды. Олар қалай болғанда да тәрбиелік ықпалды сезінеді, сөйтіп субъект ролін ғана емес, тәрбие субъектісінің де ролін атқарады. Тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде тәрбиеленушілер оған қатысушыларға айналады. Олар алған хабарларын белсене қорытады, тәрбие жайындағы білімдерін бұрын алған білімдерімен, жеке басының тәжірибесімен және басқа адамдардың мінез-құлық тәжірибесімен салыстырады. Егер тәрбиелеу әдісі сәтті таңдалып алынса және білгірлікпен қолданылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап іс-әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге себепші болады. Олардың санасы дамиды, сезімі байиды, қажетті дағдылары мен мінез-құлық әдеттері қалыптасады.
Кейде тәрбие әдістері ересек адамдар (педагогтар, ата-аналар) балаларға тәрбиелік ықпал ету үшін пайдаланатын құрал ретінде ғана қарастырылады. Бұл, сөзсіз, дұрыс емес. Тәрбиеленушілердің өздерінің жауап әрекетін, оқушылар коллективінің жеке адамға әеерін де ескерудің маңызы үлкен. Педагогтар қызметі әдісінің оқушылар коллективі іс-әрекетінің әдісіне айналуына ұмтылу қажет.
Сөйтіп, тәрбие әдісі — мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдасқан тәрбие процесінде жеке адамның мақсатты бағытта қалыптасуын жүзеге асыратын күрделі комплекс. Әр әдіс құрал ретінде көрініс береді, тәрбиеші соның көмегімен санаға, сезім мен мінез-құлыққа әсер жасайды, әр түрлі іе-әрекет ұйымдастырады. Ол оқушылардың іс-әрекетіне басшылық етуді қамтамасыз етеді, оларды өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді, жеке адамның дамуына түрткі болады.
«Тәрбие әдісі» және «тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру формасы» ұғымдарының өте жақын ұғымдар екендігін есте тұтқан жөн. Философиялық энциклопедияда әдіс зерттелетін объектінің қозғалыс заңдылықтарынан туындайтын болмысты практикалық және теориялық жағынан игеру формасы ретінде ашылып көрсетілетіні тегін емес.
Екінші тарауда тәрбие процесіне, бір жағынан, тәрбиешілердің тәрбиеленушілерге ұйымдастырылған және нысаналы ықпал етуі, екінші жағынан, тәрбиеленушілердің ұйымдастырылған және нысаналы іс-әрекеті енетіні көрсетілген болатын. Тәрбие процесінің бұл екі жағына әдістердің екі тобы сәйкес келеді: нандыру әдістері және жаттықтыру әдістері. Олар әр түрлі амалдар көмегімен жүзеге асырылады.
Тәрбиелеу тәжірибесінде нандыру құралының бірі ретінде үлгі тұту (тәрбиешілердің, қазіргі кезеңдегі және бурын өткен адамдардың, әдеби шығармалар қаһармандарының т.б. жеке үлгісі) кең пайдаланылады. Сондықтан бұл оқу құралында ол тәрбйе жұмысы жүйесіндегі нандыру туралы тарауда қарастырылады. Тәрбие процесінде оқушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлықтарында ынта тудыратын жарыс, көтермелеу және жазалау сияқты әдістер қолданылады. Олар педагогикалық әдебиетте көмекші, қосымша әдістер ретінде қарастырылады.
Тәжірибелі педагогтар оқушыларға әр түрлі жанама ықпалдар жасау тәсілдерін де аз қолданбайды. Олардың тәрбиелік позициясы жасырын, байқалмайтындай болады. Олар тікелей әрекет жасамайды, оқушыларға жолдастары, оқушылар ұйымы арқылы әсер етеді, қызықты іс-әрекетке тартады, тәрбиелік ықпал жасау мақсатында көркем әдебиетті, өнер шығармаларын т.с.с. пайдаланады. Балалардың педагсггикалық процедураға тап болғысы келмейтіндіктері белгілі, оларға мінез-құлықтары жайлы көп айта берген, шексіз мін таға берген ұнамайды. Сондықтан педагогтардың кейде тікелей ықпал жасаудан өздерін-өздері тежегендері жөн. Тәрбиешілердің педагогикалық позициясы кей жағдайларда тәрбиелеиушілерден жасырын болуы тиіс. Тәрбиеленушілерге игі әсер ететін, олардың жөнделуіне көмектесетіндей әрекет етулеріне итермелейтін жайттар туғызудың маңызы үлкен. Қиын мінезді, қияңқы, ашуланшақ балаларға жанама ықпал жасау тәсілдерін, қолданудың маңызы ерекше. Оларға тікелей педагогикалық ықпал жасау көбіне қажетті нәтиже бере алмайды. Ол кері әрекет, қарсылық тудырады. Жанама ықпал жасау балаларда толық өзімен-өзі болуды, тәуелсіз болуды сезіну әсерін тудырады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұйым – баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез-келген ұйым оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балалар ұйымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз. Оның ерекше тәрбиелік функциясы да нақ осыған байланысты.
Оқушылар ұйымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұйымы өсіп келе жатқан адамды біріктіре отырып, бұл тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды. Қоғамның неғұрлым белсенді де мақсатты түрде ықпал ету шарты бола отырып балалар ұйымы өз мүшелерін тәрбиелеу функциясын атқарады.
Балалар ұйымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұйым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сай түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұйымы тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор. Балалардың өздерінің көзінше ұйымның тәрбиелеу функциясын гөрі екінші орынға шегіндірілуі тиіс, әйтпесе оның тәрбиелік ықпалы жойылады.
Балалар ұйымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынада: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типіне тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Әрине, сондықтан да коллектів ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар.
Қоғамда балалар ұжымы — баланың барлық қарым-қатынасын қалылтастырып қана қоймайды, сонымен бірге өріс жайып, сапалы өзгеріп отыратын ерекше әлеуметтік орта мен жағдай болып табылады. Осы қатынастарды дұрыс құрып, ұйымдастыру — тәрбие міндеттерінің бірі. Баланың ерекше икемделгіштігі коллектлвтің оған белсенді ықпал жасауына мүмкілдік береді. Атап айтқанда, коллектив — мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты. Баланың өткен буынының тәжірибесін, жилақталған білімдерді, ұғымдарды қабылдау процесі дегеніміз өту жағдайлары бойынша да, сондай-ақ механизмдері бойынша да жеке-дара тәжірибені қалылтастыру процесінен ерекшеленетін өзгеше бір процесс. Бұл процесс баланың айналасындағылармен қарым-қатынасында, өріс жаятын іс-әрекетінде, өскелең адамды тәрбиелеуді, оны жеке адам ретінде қалыптастырып, дамытуды мақсат тұтқан қарым-қатынастардың үлкел де арнайы ұсынған жүйесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді. Балалар бірлескен іс-әрекеттің алуан түрлеріне түрлі бірлестіктер де қатысады. Алайда бұл бірлестіктердің балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға психологиялық ықпалы бірдей емес.
Психологтар мен педагогтар балалар конгломераты, ассоциациялық топ, кооперативтік топ және қоғамның рұқсатымен құрылған іс-әрекет пен дамудың әр түрлі деңгейіндегі бірлестіктер, ақырында балалар коллективі деп бөледі. Жеке адамды тәрбиелеудегі қоғамның міндеті балалардың кез келген кездейсоқ бірлестігін құру емес. Тек оның жоғары формасы — қалыптасқан-дамыған балалар коллективі ғана қоғамның қойып отырған міндеттерін аша алады, сонымен бірге балалардың бір-бірімен араласу қажеттігін іске асыруға мүмкіншілік береді. Дамыған балалар коллективі тек қана толық белгілі бір жас кезеңдеріндегі баланың психикасын қалыптастыратын іс-әрекеттерінің белгілі түрлері негізінде қажет және мүмкін болады. Шын мәніндегі әрі дамыған балалар коллективі үшін қоғамның пайдасына мақсатты түрде бірлескен мазмұнды іс-әрекеттің үйлесімді мотивтері мен мақсаттарының ортақтығы, жалпы нәтижеге жету қамы, белгілі бір ұйымдастыру мен байланыстар тән. Сонымен бірге оған барлық мүшелерінің жоғары өзіндік іс-әрекет ету дәрежесі, коллективтік өзара қарым-қатынастың жоғары дәрежесі мен кеңдігі тән. Дамыған коллективке баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет құралы емес, мақсаты ретінде болуы тән. Мұндай коллективті қалыптастыру — іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапасын өзгертуге негізделген ұзақ процесс. I—II кластардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың коллективтік қызметін ұйымдастыратып, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. III—IV кластарда балалардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде балалар коллективінің құрылуы басталады. Жеткіншектік шақтағы балаларға өзара қарым-қатынасы кең құшақ жайған өзіндік іс-әрекеті бар коллективті ұйымдастыру тән. Бұл осы кезеңде баланың әлеуметтік позициясының сапа жағынан өзгеруіне, оның басқа адамдармен қарым-қатынасының қайта құрылуымен байлаыысты, ол қарым-қатынас әр түрлі ситуацияға сәйкес құру, реттеу, бөгде адамның позициясын ескере отырып, өзінің қимылын бағалау мен бағыттау іскерлігін үйренеді. Өзін шыңдаудағы талабы саралау үстінде 10—16 жасар мектеп оқушысыныц бұл ерекшеліктері дәл осы тұста оны қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түрлі формаларының ішіндегі көп жақты қатынасқа неғұрлым икемді етеді. Оны іске асыру жеткіншектердің қоғаммен қарым-қатынасының сапа жағынан жүзеге енгізілгендегі негізгі психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Бұл іс-әрекеттің ішінде коллективті шыңдауың психологиялық шарты болып табылатын жеткіншектердің өзін белсенділікпен бекітуі жүріп жатуы мүмкін.
Сонымен дамыған коллектив өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп-тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады.
Балалар коллективін дамыту дәрежесі балалардың өзара қарым-қатынастарын дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Балалардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі — олардың іс-әрекеттерін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Мектеп оқушысы, әдетте, бір қатар түрліше, бірдей жастағы (мысалы, оқу), түрлі жастағы (спорт, керкемөнер, қоғамдық-ұйымдастыру) тұрақты, уақытша және басқа коллективтерге кіреді. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырса, негізгі міндеті мен функциясы қоғамдық пайдалы іс-әрекет, қоғамдық өмір мен қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру деп есептелетін, коллективтер, шәкірт үшін неғұрлым референтті болады. Барлық бұл коллективтерде бала басқа балалармен және үлкендермен белгілі қарым-қатынасқа түседі, өзіндік орын алады, оның жеке басын қалыптастыратын, жетілдіретін белгілі бір талаптар жүйесінде болады.
Балалар ұжымын мектеп оқушыларының өміріндегі негізгі орта деп қарай отырып, біріншіден олардың ұжымдық қызметін өзіндік іс-әрекет сипатына ие болатындай, яғни іс-әрекет түрінде ұйымдастыру қажет, онда мақсаты балалар үшін тартымды болғандықтан әрбір оқушының белсенділігін оятатындай мотивке айналуы керек. Екіншіден, істі ұйымдастыру әрбір коллектив мүшесінің творчестволық, тең праволық позициясын, оның даму, өзгеру мүмкіншілігін қамтамасыз етуі керек. Тұрақты күрделіленетін бірлескен іс-әрекет алғаш қатысы бар коллектив үшін, содан соң мектеп үшін, кейіннен аудан, қала үшін орындалады. Үшіншіден, мектеп оқушыларыныц бірлескен жұмысын, әрбір оқушынық іс-әрекетінің нәтижесін жалпы нәтижеге жетудегі қажетті буын болатындай етіп құрған жөн. Коллективтік іс-әрекетті осылай ұйымдастыру балалардың ынтымақтастығын, жауапкершілігін, демеуді сезінуін, көмектесуге ұмтылысын оятады, қоғамдық пікірді пәрменді түрде қалыптастырады.