Оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас жасау мәселесі психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды,әрі күрделі проблемалардың бірі болып табылады


Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас туралы



бет2/3
Дата27.03.2023
өлшемі28,78 Kb.
#76460
1   2   3
Байланысты:
Оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым

Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас туралы
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі. 
Сондай негізгі себептердің бірі: 1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады. 2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес. 3.Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет