Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің зерттеу әдістерін пайдалану туралы мәліметтер



бет2/2
Дата18.11.2022
өлшемі35,47 Kb.
#51173
1   2
2. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің зерттеу әдістерін пайдалану туралы мәліметтер



  1. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы пәні

2. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының басқа ғылымдармен


байланысы
3. Жасқа ерекшелігі физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәнінің зерттеу әдістері
Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы- жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функцияларының ерекшеліктері. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.
Жас ерекшелігі физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінінің міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
1.Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
2.Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру.
3.Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
4.Сезім,қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу сияқты функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
5.Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерімен дұрыс білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы- еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, еңбекқор, , жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылым организмнің тіршілігін, оның мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы пәні педагогика ғылымымен байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу –тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап білу мүмкін емес. Сондықтан жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасыадам анатомиясы ның, гистологиясы мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан көне Греция мен рим империясындағы тәуіптер мен дәрігерлер адам организмінің құрылысына қоса оның қызметін де зерттей бастаған.
Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың қызметін және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас балалар мен жасөспірімдер организмміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер физиологиясын өздігінше ғылым деп санауын және оқуға ыңғайлы болу үшін балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ болар еді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.
Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, химия, метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол ауруларды жою туралы ғылым ) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше. Балалар мен жасөспірімдер гигинеасы сол сияқты зияңды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірту және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті.
Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.
Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастытың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас.
М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И. Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады.
Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин (1842 – 1889) басқарды.
А. П. Доброславин гигиенаның басты мақсаты «қоғамдық іс - әрекеттің әр түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы жағдайларын зерттеу»деп есептеді.
1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф. Ф. Эрисман (1842 – 1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығын қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін дәлелдеді. Оқушылармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің; балаларға арналған әр түрлі мебельдің, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады, балаларды жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру үшін нұсқаулар құрастырады.
1887 жылы Ф. Ф. Эрисманның «Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы» деген еңбегі шықты. Ол К. Маркстың «Капиталының» тікелей әсерімен жазылды.
Мектеп гигиенасы жөніндегі бірінші ғылыми орталық – мектептік-гигиеналық комиссия – Россияда 1875 жылы Әскери – оқу мекемелерінің педагогикалық музейінде пайда болды (С. Е. Советов). Комиссияның жұмысына А. П. Доброславин, Ф. Ф. Эрисман, П. Ф. Лесгафт және басқа ғалымдар белсене қатысты.
1906 жылы училище дәрігері және Россиядағы училищелер дәрігерлері Қоғамының басшысы д. Д. Бекарюков (1861 – 1934) «Мектеп гигиенасының негізгі бастамалары» атты оқу құралын жариялады. Өзінің мол тәжірибесіне және отандық, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол балалар мекемелерін жоспарлау және аббаттандырудағы, мектептерде сабақ берудегі балалардың жұқпалы ауруларын алдын ала сақтандырудың гигиеналық талаптарын жазды; балаларға дәрігерлік көмекті кеңейту жөніндегі шараларды белгіледі. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі көп жақты табысты еңбектері үшін Совет үкіметі 1926 жылы Д. Д. Бекарюковке «Еңбек Ері» құрметті атағын берді.

Бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін Россияда бірінші рет Петербург дәрігерлік – хирургиялық акдемиясындағы балалар кафедрасының меңгерушісі, профессор Н. П. Губдобин (1860 – 1906) зерттей бастады. Оның тәжірибесі «Балалар жасының ерекшеліктері» (1906) кітабында қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді.


Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А.П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Қ.И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын, 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады;
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.
Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды» Дегенмен балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты табиғи жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтағаннан кейін анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығыбар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, сан мен сапалық өзгерістерін анықтайды.
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен таралған. Бұл әдіс бойынша бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау үшін эргометрия, яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. үй еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады.
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі –телеметрия-радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кеңінен қолданады.
Балалар мен жастардың өсуін антропометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда, және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен , дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң, тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет