Сосын әңгімелеу түрін көрнекіліктерді біртіндеп азаю тәртібінде орналастыру:
Көрсетілген іс-әрекет бойынша әңгімені айтып беру;
Көрсетілген іс-әрекет бойынша әңгіме құру;
Фланелографты қолданумен әңгіме құру;
Сюжетті суреттер қолданумен әңгіме құру;
Бір сюжетті суретті қолданумен әңгімені айту;
Бір сюжетті суреттен әңгімені айту.
Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту тапсырмалары келесі міндеттерді орындау қажет:
Оқушыларда сөйлеу қажеттілігін туындату. Бұндағы ең басты маңызды фактор,түрткі – қызығушылық. Балалардың игеріліп жатқан материалға қызығушылығы. Басқа сөзбен айтқанда заттар мен құбылыстарды қабылдау баланың тек интеллектуалды ғана емес, эмоционалды сферасын да қамту қажет.
Тұжырымдағы логикалық байланысы мен жұмыс. Тіл дамыту сабақтарында мәтіннің мазмұнының логикалық байланысы сюжетті сурет сериясымен жүзеге асады.
Тұжырымдамаға тән тілдік құрылым. Бұл міндеттердің шешімі балалар ең алдымен өздеріне қажетті сөздік пен синтаксистік құрылымды игереді. Екіншіден, олар арнайы тілдік құралдарды игереді. Бұл талаптар сөздік жұмыс көмегімен орындалады, яғни балалардың сөздік қорын дамыту, молайту жұмыстары. Тұжырымдау мақсатында балалар алдына нақты нұсқау беру және сол нұсқау негізінде әңгіме құралады.
Тұжырымдауды ұйымдастыру. Бұл құрылған зат бөлімдері немесе сурет, сызбалар негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тіл іс-әрекетін қажетті деңгейде белсендіруді қысқа мәтін ретінде жүзеге асыруға болады. Сурет кезектілігін айтуда балаларға 3-4 сөйлемді кезегімен айтуға мүмкіндік береді.
Ауызша байланысқан тұжырымдарды көп қайталау, жаттықтыру, сонымен қатар жаттығу түріндегі әр түрлі тақырыптарды қолдану, мәтін мазмұнын айту, заттарды суреттеу және т.б.
Баланың байланыстырып сөйлеуін тексеру үшін төмендегідей әдістерді қолдануға болады:
1.Суреттер бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау
2. Сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыру Нұсқау: Суретке қарап, оларды ретімен қойып әңгіме құрастыр
3. Мәтінді тыңдап мазмұнын айту Нұсқау: Мен қазір әңгіме оқып беремін, сен мұқият тыңдап, есіңе сақтап мазмұнын айтып беруің керек.Мәтін екі реттен көп оқылмайды.
Арнайы әдебиеттерде байланыстырып сөйлеудің бірнеше критерийлері қарастырылады. Олар: байланыстылығы, кезектілігі, логикалық-мазмұндық жағы, яғни оның тақырыпқа сәйкестілігі, толықтылығы.Кейінгі әдебиеттерде (Р.И.Лалаева, Т.А.Фотекова) байланыстырып сөйлеудің қалпы төмендегідей критерийлер бойынша бағаланады: