Оқушыларды байланыстыр ып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері



бет3/5
Дата17.02.2023
өлшемі21,42 Kb.
#68870
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тілін дамыту 5

Мазмұндық тұтастығы – мазмұнның негізгі бөліктері дұрыс кезектілікпен, тақырыпқа сай берілген, себеп-салдары толық ашылады.
Әңгіменің лексикалық-грамматикалық өңделуі, дұрыс қолдануы, сөздерді мағынасы, ұқсастығы бойынша шатастыру, алмастырудың байқалмауы, аграмматизмнің болмауы.Тапсырманы өзбетімен орындауы – әңгімені өз бетімен бірден орындауы.Осы аталған критерийлер бойынша баланың байланыстырып сөйлеуінің даму деңгейі қорытындыланады.
Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда төмендегі әдістерді,тәсілдерді қолдануға болады:
«Сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлем құрау»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын анықтау, сөз байланысын қалыптастырып, дамыту.
Қажетті көрнекіліктер: сюжетті суреттер
Өткізу тәсілі: Балаға әртүрлі әрекетті білдіретін сюжетті суреттер ұсынылады.
Нұсқау: «Суреттен не көріп тұрсың?»

  • «Суретте кім бейнеленген?»

  • «Қыз/бала не істеді немесе не істеп жатыр?».

Балалардың сөз байланысын дамыту мақсатында қосымша сұрақтар қойылып отырады. «Қыз суретті немен салды?», «қыз ненің суретін салды?», «көйлектің түсі қандай?», «нені жуды?», т.б.
Сюжетті суреттер
«Суретті ретімен орналастырып, мазмұндап бер»
Мақсаты: балалардың көрнекі-образды ойлауы мен сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық қатарын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Қажетті көрнекіліктер: сериялы сюжетті суреттер
Өткізу тәсілі: Балаға 3-4 сериядан тұратын сюжетті суреттер ұсынылады. Балаға осы суреттерді мұқият қарап, ретімен қойып шығу үшін 2-3 минут уақыт беріледі. Егер де бала суретке зейін қойып қарамаса немесе онда не бейнеленгенін түсінбесе, онда баланың зейінін суреттерге аударып, балаға түсіндіреміз. Содан соң оқиға желісін реттілігін сақтай отырып, толық мазмұндап берулері қажет.
Нұсқау: «Суреттерді ретімен орналастырайық, қайсысы бірінші болды деп ойлайсың? Одан кейін не болды?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет