«Шатасқан сөздер» Мақсаты: балалардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
Мазмұны: балаларға құрылымы жағынан шатасқан сөйлемдер (5 сөйлем) оқылады. Балалар мұқият тыңдап, сөйлемді дұрыс баяндауы қажет.
Нұсқау: «Мені мұқият тыңда және мен сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып алдым, маған дұрыс сөйлем құруға көмектесші»
Балаларға ұсынылған сөйлемдер:
«Мен келдім мектепке»
«Су Салтанат ішті»
«Мен ойнадым ойыншықпен»
«Дүкенге барды апам»
«Аида су құйды гүлге»
«Мен бастаймын, сен аяқта»
Мақсаты: грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, жалаң, жайылма, құрмалас сөйлемдер құрап айтуға үйрету.
Мазмұны: экспериментатор балаларға аяқталмаған сөйлемдерді оқиды. Балалар құрмалас сөйлемдерді ойлана отырып аяқтаулары қажет.
Нұсқау: «Мен сөйлемді бастаймын, сен жалғастырып айт»
Балаларға ұсынылған сөйлемдер:
«Мен бүгін қатты тоңдым, өйткені . . . күн салқын, қалың киімдерімді кимедім»
«Менің аяғым су болып қалды, өйткені . . . жаңбыр жауып тұр»
«Маған мектепте ұнайды, өйткені . . . мектепте қызықты, …достарыммен ойнаймын, … сабақ оқимын, көп нәрсе үйренемін »
«Сиыр, жылқы, қой, түйе – үй жануарлары, себебі . . . оларды адамдар асырайды»
«Балықтар суда мекендейтіндер, себебі . . . олар сусыз өмір сүре алмайды»
«Әңгімені мазмұндап бер»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін анықтап, оқылған әңгіме мазмұнын әңгімелете отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Мазмұны: балаларға өздеріне таныс оқиғаларға негізделген мәтін немесе әңгіме оқылады. Мәтін екі рет мазмұндалады. Содан соң балалардан мазмұнын айтып беру сұралады.
Нұсқау: «Мен саған қазір өзімнің оқиғамды айтып беремін. Сен маған соны қайтадан баяндап бересің»