Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет21/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қызығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек өздігінен көпке көнбек.
Осы өлеңінде адам болудың жолына түскен кісі ең алдымен тәндік тілегін тежеп, жанының зиянды құмарын шектей білу керек. Абай «бойды жеңбек» деп осыны айтып отыр. Ақын өлеңіндегі «көпке көнбек» сөзінің де тарата түсудің төркіні бар. Ол көпті көбінесе тобыр, ақылсыз, надан кейпінде суреттейді.
Абай үнемі ебін тауып кісінің адамгершілігін ұштай түсумен болады.
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Ақынның өзі айтқандай, адамда екі түрлі қуат бар: жан қуатымен ақыл таппақ та, тән қуатымен мал таппақ, еңбек етпек. Ақын екеуінің де адалдықпен болғанын қалайды. Және осы ойының жүйелі түрде қалыптасқан таным екенін кейінгі өлеңдерінде сапалы өсудегі қайталауымен дәлелдеп отырады. Мысалы, «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңінде:
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ жұртқа жақпақ, -
десе, «Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық» өлеңінді осы ойын тағы да бекіте түседі:
Демеңдер өнбес іске жұбаналық,
Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық.
... Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалық.
Ақын бұл өмірдің өткінші баянсызын айта отырып, тіпті өлімді де еске салып, адам болудың жауапкершілігі мен қасиеттілігін аша түседі.
Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық туындыларында үнемі атап көрсетіп отырады.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа,
Алдың - жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?
дейді ақын «Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде.Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.
Адамгершіліктің, кісіліктің қызығы - адам арасындағы достық, тату – тәтті өмір кешіп, барды бөлісіп, ағайыншылықпен тіршілік ету – Шәңгерей шығармаларында да өне бойына тұтасып, сіңісіп жатыр. Адал достың көңілі жас сәбидің пәктігіндей таза болуға тиіс. Ал, малға, дүниеге сатылған достықтан құдай сақтасын деп, риясыз адал достықты уағыздайды.
Дос та көп мал барында, жақын да көп,
Қайсы артық бала күнгі құрбылыстан.
Тең көрген бай – жарлыны бала күнім,
Кештің сен менмендікпен көңіл тасқан.
Бір шықпай таралатқа ықырым байлап,
Ақ көңіл баладағы таба алмаспын.
Қолыңдағы малыңды торып, өзіңді алдап – арбап, алдында түлкідей бұралаңдап жүретін сұмдарды ақын өле жек көреді. Өзінің пәк көңіліне дақ салған сондай сұмдар екенін ашық айтады:
Ата – енең өліп, мүлкі болса мұра,
Көп болар жалбақтаушы өз қасыңда.
Тұқымы қорашылдың жүдә болмай,
Қалар ма майлы сүйек қар астында?!
Түлкіні құйрық тақан танымадым,
Ақ көңіл балалықтың арқасында.
Достық пен адалдықтан ажыратып, бала көңіліндей таза ниетке дақ салатын адамның нәпсісі, дүниеқоңыздығы, болған үстіне бола түсуін керек қылатын тойымсыздығы, имансыздығы, қайырымсыздығы деген пікір білдіреді.
Бір күнде бала дәурен басымда едің,
Туғанда жан жолдастай қасымда едің.
Айқасқан түнде оянып тар төсекте
Асық жар мысалындай досым едің,
Білмедім қадіріңді қолда барда,
Айырған сенен адыра нәпсім менің.
Тотыққан нәпсіге еріп ақ ниетім,
Қарайды иман жүзді ақша бетім.

Адал достық әрқашан сүйіспеншілікке, махаббатқа ұштасса, өзінің биігіне жетеді. «Махаббатсыз дүние бос» - деген данышпандық пікір жайдан – жай айтылмаған. Тіршілік өмірдің қызығы да, тұздығы да адамдар арасындағы қарым – қатынаста, өзара тілек – мүдделерінің жарастығында. Бір – біріне деген іңкәрлік, ынтызарлық байланысты болуы - өмірдің өз талабы. Ал махаббат – адамның өмірі, тіршілігі, жүрек сезімінің жоғары ең нәзік көрінісі. Өмірдің әрі мәні, әрі сәні, адам тіршілігінің әрі қызығы, әрі қызғанышы, көңіл – күйінің таразысы да сол. Сондықтан махаббат – адамның өзімен бірге жасап келе жатқан және мәңгі жасай беретін етене құбылыс. Ол – көркемөнердің де, әдебиеттің де еш ескірмейтін, жаңара түсетін талғаулы тақырыбы, өнер біткенді сәндендіретін, жандандыратын, әсерін арттыра түсіретін, өміршеңдігін асқақтататын, жазушының қасиетті қаламына жел беретін рухани күш.


Абайда сүю мен махаббаттың түрі, сыры әртүрлі болғанымен, мәні, сыны – біреу, ол – жүректің ізгі қасиеті.Ақын қаншалықты қиянатшыл қоғамда өмір сүрсе де, сүюін жоғалтпаған жан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет