Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет23/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
гылыми лицензия

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал – кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай, - дейді. Бұл – күздегі адамды қоршаған табиғаттың бейнесі. Ал табиғаттың бұл фонындағы тұрмыс – тіршілік те жадау. («Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, Тұман болар, жел соқса шаң – тозаңы»). Абай бұл өлеңінде сол кездегі өмірдің жүдеу кейпін әлеуметтік жағдайға байланысты образбен, поэтикалық көркемдікпен жеткізеді.
Шәңгерейдің құмарлығы өзі шұғылданған серуен, аңшылық, табиғат құбылыстары, оның сұлу суреті, көкорай шалғын, жапырағы төгілген мәуелі бәйтерек, шағаласы шаңқылдап, үйрегі сымпылдап, қазы қаңқылдап думан құрған өзен – су жағаларына сүйсіну, соны қызықтау, асқақтата өлең – жырға қосу. «Қайран жерім», «Көлторғай», «Көлборсы», «Нарын туралы» толғаулары айтылмаш мақсаттарға арналған.
Көлторғай адыра қалғыр – көрген жерім,
Бұлағай ойран -әлек салған жерім.
Көк найза, қара санай атылса да,
Қайтармай қайтқаным жоқ аттың терін.
Көлборсының көктемгі көрінісін бейнелеген, төмендегі өлең жолдары да ақынның табиғатқа жан бітіргендей әсерлі суреттер жасау шеберлігіне куәгер:
Жыларды жыл болады бағзы – бағзы,
Келеді наурызда елдің жазы.
Алабын Көлборсының сулар алса,
Сыңқылдап қонар көлдің үйрек – қазы.
Ойнақы мініп атқа, ал қаршыға,
Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы.
Немесе «Қайран жерім» өлеңінде:
Әр түрлі өлең өсіп көгеріңкі,
Мақпалдай төсеп салған қайран жерім.
Мақпалдай көгеріңкі төсеп салған,
Жәннеттей десем емес жалған.
Жап – жасыл жер жүзінің қоштығына
Аспанда торғай шырлап еткен сайран.
Бір сағат саф ауасын татқан адам
Табады неше түрлі дертке дәрмен,
Сәйір етіп аруменен жүрсең мұнда,
Көкіректе қалмас еді – ау титтей арман.
Табиғатты суреттеуінен ақынның өмірге құмартып қызығуын да, өмірден торығуын да көреміз.
Әуелгідей көрінбес
Жолаушыға қиядан,
Қаршығасы шаңқылдап,
Лашын құсы қаңқылдап,
Басынан оның ұшар ма,
Мамығын төккен ұядан?!
Күні өткен бәйтерек
Желмен құлар әлсіреп,
Іріп – шіріп жарумен
О да қара жер болар.
Заманы өтсе жастағы,
Сонда білер кей адам
Лауықта маңдайына жазғанын.
Табиғаи көріністері туралы Абайға еліктей жазылған өлеңдерінде Шәңгерей сыршылдығымен көзге түсті.
Табиғат лирикасының ішінде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең – саятшылық өнерді өте көркем, келісті бейнелейтін «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Бұл өлеңінде Абай аңшының құс салып түлкі алуын түрлі түсті бояумен бейнеленген суреттегідей көзге айқын елестете сипаттаған. Бірақ қылқалам шеберінің қолынан шыққан суретті дайын, тұтас қалпында тамашалап, ал өлеңді оқығанда осы баяндалған, қимыл - әрекетке толы оқиға белгілі уақыт мөлшерінде көз алдымыздан үздіксіз өтіп жатқандай әсер аламыз.


Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Ал Шәңгерейдің ақындық шеберлігі лирикалық бейненің портретін жасаудан да аңғарылады. Бұған Нарын құмының қосаяғын суреттеп беруі мысал бола алады. Қосаяқ бейнесі ақынның балалық шағының символындай елестейді. Қыз, аңшы портретін, табиғат суреттерін бейнелеуде суреткерлік басым жатады.
Аңшы бейнесін ол:
Бөкен терісін бөрік еткен,
Сексеуілден күрке еткен,
Бауырына тулақ жағаған,
Қаңбаққа жүзін қамаған,
Білтелі қара қолында,
Жолында жатыр бір адам..., -
деген суреттеулермен танытады.
Абай мен Шәңгерейдің табиғат лирикасын оқыған адамның көз алдында кең сахараның ойы, қыры, шешек атқан көкмайса шалғыны самғап ұшқан қыран құсы, қаңқылдап көтерілген қазы мен үйрегі, сылаңдаған тазы, тағы басқа тіршілігі елестеп өткендей болады. Табиғат көріністерін ақын өзінің көңіл күйіне сәйкес сезініп жырлайды. Оның өмірді қызықтауы да, торығуы да осыдан байқалады. Көл суалады., бәйтерек құлайды, жапырақ солады, сол сияқты адамның өмірі де бірқалыпты тұрмайды дейді. Шәңгерей мен Абайдың тұспалды бейне жасап, сол арқылы өмірді суреттеуі – ақындық ерекшеліктерінің бір қыры.
Абай шығармаларынан үлкен орын алатын келесі тақырып - өнер, білім.Ол жастар үлгі тұтар, ғибрат алар деген ниетпен осы тақырыпқа көп оралады.
Абай:
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы, - дей келіп, оларға көңілі өсіп, көзі тойғандай болады.
Абай тағылымын зерттеуші Қошке Кемеңгерұлы («Қазақ тарихы» М., 1924 еңбегінен ) ақын өлеңдерінің ішінен:
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой.
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой...
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киуге.
Қызмет қылма оязға
Жанбай жатып сөнуге, - деген аталмыш «Интернатта оқып жүр» өлеңін мысалға алып талдаған екен, яғни қазақтың орыс мектебінде оқығандарының адамшылықты ойламай атақ, шен іздегендерін, оязға жағынып, мендіктен айырылғандарын мінейді деген пікір айтады..
Бірақ ұлы ақынның айтпағы арыда жатыр.Сол жастардың көбі терең ғылым, терең ой іздеп іздеп оқып жүрген жоқ.Оларды теріс жолға бастап жүрген орыс ұстаздары емес, солардың өздері, қулық қуып босқа мәз болған ата – анасы. Осының бәрі ақынның кегін қозғап, ызасын өршітеді, намысын келтіреді. Ақынның ашуға мініп, осылайша буырқануының ең басты себебі – олардың көздегені еліне қызмет ету емес, мансап, атақ – даңқ қууы.
Осы жерде ақын өзінің «Ақын болу міндет емес. Адам болу парыз» деген ойын жалғай түседі. Абай қазақ жастарына ұлы адамдардың осы қасиетін өнеге етіп ұсынады. Осылай мінеп келіп, жастарға әділ жол сілтейді. Ол – білім – ғылым жолы.Өз бетінше білімді болсаң ғана жүре аласың деген ғибрат айтады. Ақын жастарды ғылым –білімге шақырудан жалықпайды. Болашақ жастардікі болғандықтан оларды тәрбиелеу керек екендігін айтады. Менің айтқанымды бәрі ұқпаса да көкірегінде көзі барлар ұғар деген үмітін үзбейді. Осы тақырыпқа жазылған «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңдерінің түйіні де осы іспеттес.
Шәңгерей шығармаларында да өнер, ғылым, білім тақырыбы сабақтастығын табады.. Ол ғылым жетістігіне үлкен сеніммен қарайды. Қоғамның дамуы үшін қажет шарттардың бірі - ғылым екенін ұғындыруға күш салады.
«Ғылым» өлеңінде жастарды оқуға, ғылыммен шұғылдануға шақырады:
Оқысаң ғылым нұрын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Мас болған біліміне кейбір жастар,
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.
Апырай, кімге аян бұл жиһанның
Белгісіз ұлылығы асқар – асқар!
Ғылымға ұмтылушы жастарға Шәңгерейдің үлгі еткені – Бұхарда, Қазанда оқып келген қазақ – татар молдалары емес, дүние жүзіне әйгілі ғалымдар. Ол атақты ағылшын ғалымы Эдиссонды (1847-1931) үлгі етеді. Эдиссон Томас Алва американың атақты физигі, электротехника мен байланыс жөнінде көп жаңалықтар ашып, түрліше құрал – аспаптар ойлап шығарған ғалым.
Ақын Эдиссонға арнаған өлеңінде ғылым мен надандықты бір – біріне қарама – қарсы қояды. Ғылымды бұтағы көп, жемісі мол, биік шынар бәйтерек бейнесінде суреттеп, ғалымның әр саласын сол бәйтеректің жемісі ретінде бейнелейді.
Бұл ғылым – бір бәйтерек шектен асқан,
Шұлғанған бұтағына ғарсы – гүрсі.
Бар ғалам он сегіз мың саясында,
Таусылмас, бұтақ сайын бар жемісі.
Шайтани бұл өнерді қалай дейміз,
Әр өнер – сол жемістің бірдемесі.
Эдиссон мұны істеген – ғалым адам,
Оқымас, жалқау біздей емес надан.
Пәндерден қимие – симие ғылымы хикмет,
Көп сырлар ашты түпсіз дариядан...
Ақындар ғылымның қоғамдық маңызын көпшілікке түсіндіруді оқыған адамға :
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан! –деп міндет етіп қояды.
Шәңгерей ақынның бізге жеткен шығармалары көп емес. Бірақ сол аз мұраның өзі оның қалыптасқан жазба әдебиеттің кең тынысты өкілі болғанын аңғартады. Сонысымен Шәңгерей әдебиет тарихынан орын алады.
Абаймен тұстас өмір сүрген Ш.Бөкеев қазақтың жазба әдебиетінің қалыптасуына, ілгері дамуына ықпал етті. Шәңгерей поэзиясы жазба әдебиеттің өзіндік белгілерін бойына жинаған нағыз шыншыл, көркем поэзия. Бұл екі тұлғаның жаңа тың жол салуына әсер еткен жайдың бірі олардың орыс әдебиетінен үлгі алуы. Өз халқының байлығын бойына сіңіре отырып, орыс халқының әдебиет қазынасынан нәр алды. Әдебиеттің қоғамдық, әлеуметтік ролін таныды, оны шын реалистік, көркемдік дәрежеге жеткізді.
Қорыта айтсақ, Абай Шыңғыстау бөктерінде, Шәңгерей Бөкей ордасында өссе де бұл екеуін байланыстырып тұрған – қазақ тағдыры, қазақ халқы, қазақ әдебиетіндегі ұрпақтар байланысы.
Жаңа реалистік жазба әдебиеттің негізін салған, ұлттық сөз өнеріміздегі жаңа дәстүрді бастаушы ізашар ақынның дәстүрлерін аса көрнекті ақындардың – Шәңгерей, Сәкен, Сұлтанмахмұт, Ілияс қайсысы болсын өз шығармашылық өнерінің өзгешелік сипатына сәйкес өзінше жалғастырғаны заңды құбылыс. Сонда, біз Шәңгерейді оқу, білім, адал еңбекті, адамгершілікті уағыздау өнегесін, адамның жан дүниесін, ішкі сезімін суреттеудегі дәстүрлерін өзінің сыршылдық шеберлігіне тірек етіп, өзінше жалғастырған деу орынды.
Кейінгі дәуірде қоғамдық өмірде, ой – санада басқаша ағым, бағыттар туды, қоғам алдында жаңа мақсат, тілек – талаптар пайда болды дей отырып, кейінгі дәуір туғызған қоғамдық қозғалыс, өнерпаздық ізденістер халық игілігіне айналған асыл мұраның мәнін кеміте алмайтынын сөзсіз мойындаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет