ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлы Абай сусындап дамытқан жазба реалистік әдебиеттің тамаша үлгілерін Шәңгерей де еркін меңгеріп, өзінің сұлу, көркем поэзиясына үлгі тұтты.
Зерттеулер бойынша, ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Киргизская правда» деп аталатын газет өзінің 1919 жылғы 20 – санында былай деп жазады: «Бүкіл қазақ даласында бұл секілді өз халқын оятуға ат салысып, жан – тәнімен күрескен батыл жандар саусақпен санарлық, Семей өңірінде Абай, ал Бөкей ордасында Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев, И.Меңдіханов».
Осы зерттеулер негізінде, Ш.Бөкеев өз уақытының көкейкесті мәселелерін, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстарын, Абай дәстүрінен алады.. Бұл – бір. Екіншіден, Шәңгерей Бөкеев Абай әлеміне еркін еніп, ақындық өнердің табиғаты мен тағылымын тереңірек аңғарады. Үшіншіден, әдеби мұраның рухани құндылықтарымен сабақтастықта жүйелі жеткізеді.
Шәңгерей ақындық өнердің дара дарындарда ұшырасатын сирек құбылыс екендігін Абай мұрасымен, елдік мұрат-мүддемен, дәстүр, сабақтастық тұрғысынан зейінді зерделейді.
Абай мен Шәңгерей туындыларын терең талдау, байыпты бағалау мен жүйелі саралау барысында ақындар шығармашылығының сабақтастық ерекшеліктері :
Абай мен Шәңгерей шығармаларының мағынасына терең бойлап ұғып – түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халықтың тағдырын, ой – арманын танимыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгіні, келешегімізді де бағдарлаймыз.
Жұмыстың негізгі нәтижесі - Абай мен Шәңгерей шығармаларының сабақтастығын ізденіс пен ізгіліктің, көркемдік пен сұлулықтың, сыр мен сезімнің тұтастығы, шынайылық шындықтың үздік үлгісі, өрнекті өрісі ретінде бағалау.
Қорыта айтсақ, осындай ескерусіз келген мұралардың бүгінгі күні қайта қаралып отырғанының өзі – қазақтың ұлттық әдебиеті үшін үлкен табыс. Ендеше, біздің ақтандақ азаматтарымыздың әдебиетімізге қосқан үлесін бағалай білу – ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміз үшін үлкен жетістік екенін ұмытпайық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ХХ ғасырбасындағы әдебиет. - Алматы: Ғылым, 1982.
2.Р.Сыздықова «Абайдың сөз өрнегі»- Алматы, «Санат», 1995.
3. Абай.Шығармаларының екі томдық толық жинағы. –Алматы: «Жазушы», Өлеңдер мен аудармалар. – 2005.
4. Абай және қазіргі заман. - Алматы: «Ғылым» 1994.
5. М.Базарбаев «Көрікті ойдан – көркем сөз» -Алматы: «Рауан». 1994.
6. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Білім» 1994.
7. Қазақ әдебиеті.Оқулық. 10 – сыгып.-Алматы «Мектеп» 2001.
8.Қазақ тілі мен әдебиет журналдары.
9. Интернеттен алынған материалдар.
10. «Екі – мыңжылдық дала жыры» Ә.Нысанбаев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000.
11. «Жұлдыз» журналы. 2009. №1.
12. «Егемен Қазақстан» газеттері.
13. «Ана тілі» газеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |