Махаббат –өмір көркі, рас...
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға қосыңдар...
Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Ақын айтып отырған «Жүрегі жұмсақ білген құл» - сүюді өмірінің мәніне айналдырған ізгілікті жан. Ал «дос» деп отырғаны - өте кең ұғымдағы сөз. Махаббат, достық, Абай ұғымында, төркіні бір туыс түсініктер. Сүю мен достық адамдық ерлік екенін Абай әр кезде де айтып отырады.
Махаббат, достық қылуға,
Кім де болса тең емес...
Сүйіспек көңілім ойлайды,
Жанның бәрі қатыбас.
Шәңгерей де адам өміріндегі аса бір қызықты да отты шақты, оған тән жігер, жалын, асқақ арманды шабытпен тебірене толғайды. Жас адамдағы өмірге құштарлықты, тегеурінсіз тасыған күш пен шарық ұрып шарлаған қиял мен үмітті бейнелеуде ақын бедері, айшықты өрнектерді мүдірмей, қиналмай тауып:
Тасқындап кемерінен шалқып астың,
Төрт бұрышың дүниенің көрмей болжап,
Қиямен көк қапасын барып аштың
Сыйдырып асқар тауды уысыңа
Жүзіне алмас қылыш табан бастың.
Күркіреп қара бұлт жасыл атса,
Отына жетіп барып құшақтастың,-
деп көтеріңкі үнмен жырлайды.
Ақындардың табиғат тақырыбын алсақ, Абайда табиғат қимылға, адаммен қарым – қатынасқа, әсерлікке толы. Абайдың көктемі сөгілген бұлт, ойнаған найзағай, Абай жазында көкорай шалғынға аунаймыз, қыс түссе, қалтырап тоңған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Ал Шәңгерей өзі өмір сүрген, мекен жер – суы Нарын мен Көлборсысының табиғатын, көркін мейірлене суреттейді. Шағаласы қалықтап, қаздары қатар түзеп ұшқан, суына жылқы жабылып, шұрқырасқан, балығы ойнақтап тулаған көлді бейнелейді.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай поэзияда Ыбырай бастамасын дамытып, табиғат лирикасын қалыптастырады. Ақын өлеңдерінде табиғатты көркем суреттеумен қатар оны қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінен, мінез – құлқына, әдет – ғұрпына, салтына байланыстыра жырлады. Табиғат көріністері адам қасиетінде, адам мінезінде көрсетілді: олар сөйлейді, күледі, қозғалады, ашуланады, сүйеді. Ақын өлеңдерін оқығанда, көз алдымызға жадыраған жаз, қабағын түйіп сұрланған күз, қаһарын төккен қыс келеді. Табиғат мезгілдерінің әрқайсысы өз ерекшелігімен, шынайы шындықпен жырланады.
Ұлы Абайдың поэзиямызға әкелген бейнелі ой, көркем образы қаншама! Кемеңгер ақын мәңгі қайталанбас көркем сөз өрнектерін жасады. Мына бір ғана мысалды алайықшы: «Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су». Осы жолдардан көз алдымызға маңындағы әдеттегі жансыз табиғат емес, жанды өмір, тіршілік – қозғалыс келері сөзсіз.Гүл мен ағаш жай қарап тұрған жоқ, «майысып қарайды». Су да осы нәзіктік пен назға лайық, сарқырамай, арындамай, «сыбдыр қағып, бұраңдап ағады». Осының бәрін көзбен көргендей, көңілмен сезінеді. Бұл – көркем образ.
Абайдың «Жаз» атты өлеңінде:
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай, шалғын, бәйшешек.
Ұзарып өсіп толғанда.
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
Мал ішінен айналып,
өңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап, - деп, табиғаттың әсем көрініс аясына, жайлауға шыққан елдің тұрмыс салты, үй тігу салтанаты суреттеледі. Малын аралап, оның қондылығына сүйсінген байдың ендігі ермегі үйдің көлеңке жағына кілем төсетіп, басына көлеңке жасатып, қымыз ішіп, әңгіме құрып, жайлаудың қызығын қызықтауы, байға жарамсақтанған ақ таяқты шалдың бейнесі, шапандарын белсенген, асау мініп теңселген жылқышылар – бәрі де ақын өлеңінде бар шындығымен жайлаудағы ауылдың суретін береді.
«Жазғытұрымда» қыстың қыспағынан құтылып, көктемге жеткен мал баққан көшпелі елге жылдың бұл мезгілінің әсемдігімен қатар әсері мен маңызын тұтастыра суреттей келіп:
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
Қара тастан басқаның пейілі енер, – дейді.
Абай «Күз» өлеңінде жазды күзге қарама –қарсы қояды:
Достарыңызбен бөлісу: |