Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет13/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

нысандары  мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің

оқулықтарының мазмұны

ұлттық  құндылықтарды  басшылыққа  ала  отырып жазылып,  оны  оқыту  мен

жүзеге  асырудың жаңа әдістері,  яғни  аралық белсенді әдістер  арқылы  жүзеге

асуы  тиіс.  Осы  негізде  білім  алған  мектеп  оқушылары  теориялық білімдерін

практикалық тұрғыда қолданумен қатар  ана  тілінің келешегіне үлкен

жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Ұлттық жоспарда  көрсетілген  функционалдық сауаттылықтың үшінші



тетігі – оқу  нәтижелерінің бағалау  жүйесін өзгерту. Яғни  бағалау  жүйесі

функционалдық сауаттылықта    сырттай  бағалау  және  іштей  бағалау  болып

бөлінеді.    Іштей  бағалау – оқу  пәні  бойынша  оқыту  сапасын  диагностикалау

және  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты өлшеміне  сәйкес

жүзеге  асырылуы  тиіс.  Ал  сырттай  бағалау – әрбір  деңгейді  аяқтау  бойынша

білім  алушының оқу  жетістіктерінің нәтижелеріне  сәйкес  (ҰБТ,  ОЖСБ  және

т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы

арқылы  жүзеге  асырылады.    Нақтырақ айтар  болсақ, сыртқы  бағалау  белгілі

бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға

қатысты. 

Сонымен

қатар 


білім 

алушылардың 

өзін-өзі 

бағалауы,

ұйымдастыруы,  жетілдіруі  және  жеке  жетістіктерін  бағалау  арқылы  жүзеге



21

асырылады.    Біздің тәжірибемізде,  осы  аталған  білім  алушының бағалау

жүйесі ұлттық төл  технологиямыз  «Сатылай  кешенді  талдауда» қолданылып

келеді. 


Бұл 

жоғарыдағы 

аталған 

басқарушылық,

ақпараттық,

коммуникативтік, әлеуметтік,  тұлғалық, азаматтық, пәндік құзыреттіліктерді

білім  алушы  бойына    дарытады.  Оның дәлелі - «Сатылай  кешенді  талдау»

технологиясымен  білім  алып  отырған  оқушылар  мен  оларға  білім  беруші

мектеп мұғалімдерінің жыл  сайынғы жетіп отырған  жетістіктері,  яғни  мектеп

бітіруші  түлектердің  ұлттық

бірыңғай  тестілеуде  жоғары  пайыздық

көрсеткішке жетуі және Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының

республикалық ауызша  командалық олимпиадасына  республикамыздың  әр

өңірінен  бастауыш  сыныптан  бастап,  орта,  жоғары  буын  сыныптарынан

оқушылардың  қатысып,  жүлделі орындарға  ие болуы.  Бұл  туралы әр өңірдегі

баспасөз құралдарында жарияланып отырады.

Ал  функционалдық сауаттылықтың төртінші  тетігіне  тоқталар

болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды

жатқызады. Шынтуайтына  келгенде,  бұл  мәселе  бізде  толыққанды  жүзеге

асып  отырмағандығы  белгілі.    Себебі, әлі  күнге  дейін  стандарт  пен

оқулықтарға    айтылған  сын  түзелмей  отырған  кезеңде  мұндай қосымша

біліммен функционалдық сауаттылық өз деңгейінде жүзеге асып отыр дегенді

айта алмаймыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың

мына  бір қағидасын  басшылыққа  алсақ, функционалдық сауаттылықтың

төртінші  тетігі  жүзеге  асқан  болар  еді.  Ағартушы:  «  Балаға  ең  қымбат,  ең

жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте

қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп,

оларды  баланың санасында  жандандырып,  оларға  баланың махаббатын

арттырады,  бала әлеумет  тұрмысына,  төңіректегі әлемге  терең көзбен қарап

үйреніп,  жолығатын қиын  мәселелерді  оңай  шешетін  болады,  бұрынғыдай

мектептен  шыққан  соң, бала үйренген  білімін ұмытып қалмайды, қайта

білгенін өмір жүзінде пайдаланатын болады.

Балаларға туған  жердің табиғатын,  туған  елдің  әдет-ғұрпын,  мінезін

үйреніп,  хәкімшілік, әлеумет  мекемелерімен,  олардың  қызметтерімен,  сауда

кәсібімен,

қатынасу 

жолдарымен 

таныстырып, 

жергілікті 

тарихи


ескерткіштердің  қатынасын  түсіндіріп,  балаларды  бұрын  білмейтін, жат

нәрсемен  яғни әлеумет ғылымымен  таныс қыламыз»,–деп    бүгінгі  заманауи

білім  беру  талабына  сай    функционалдық сауаттылық мәселесіне,  дәл  осы

терминмен  айтпаса  да,    терең талдау  жасау  керек.  Егер,  біз қосымша  білім

беру  және  мектептен  тыс  сабақтарда  осы қағидаларды  басшылыққа  ала

отырып,  бағдарламалар  түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын  болсақ, онда

функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігі өз дәрежесінде жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет