Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет14/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі –мектепті басқару

моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің

оқу  жоспарын

реттеудегі  дербестігінің жоғары  деңгейі).  Бүгінгі  білім  беру  жүйесінде

қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп,

гимназия,  лицей,  дарынды  балаларға  арналған  мектептер,  Назарбаевтың

зияткерлік  мектебі  (НЗМ)  т.б.  Осы  мектептердің басқару  жүйесі,  оқу

бағдарламалары,  оларда  оқытылатын  пәндердің оқулықтары,  онда  оқитын



22

оқушылардың білім  сайыстары  бір-бірінен  ерекшеленіп,  бүгінгі қоғам  талап

етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.

Алтыншы 

тетігі–

барлық

мүдделі 

тараптармен

әріптестікке

негізделген  достық  қалыптағы  білім  беру  ортасының болуы. Бұл  мәселедегі

жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми

зерттеу  орталықтары  мақсатты  түрде  келісімшартқа  отырып,  мектеп

оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми  жұмыстар,  жобалар  жасауда

әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары

оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін,

қабілетін,  дарынын  алдын-ала  анықтап,  болашақта жүргізілетін  жұмыстарын

жоспарлап,  білім  алушыларға  кредиттік  жүйенің ерекшеліктерін,  мақсат-

міндеттерін  алдын-ала  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп,  мектеп  оқушыларына

мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.

Функционалдық сауаттылықтың

жетінші    тетігі

– ата-аналардың

балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-

ана  бала  бойына    жас  кезінен  адами құндылықтарын  дарытып,  саналы өмір

сүруге  баулуға    борышты.    Ата-ананың бала  тәрбиелеуде    функциональдық

сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап,

екі  жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады.    Яғни    ата-ананың

баласының ерекше қасиетін  тануы,  оны  түрлі  жағдаятта  түсініп, қол ұшын

беруі,  олардың  қабілетін  дамытуға,    бойына  рухани

құндылықтарды

қалыптастыруға,  жағымсыз  мінез-құлық,  әдеттерден  арылтуға  көмек  беретін

функционалдық

сауаттылық

ата-ана  бойында  да  болуға  тиіс.  Бұдан

байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.

Бастауыш  сынып  оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын

қалыптастырудың психологиялық және  педагогикалық негіздеріне  келер

болсақ, бастауыш  сынып  оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

ескерілуі  керек.  Оқу,  жазу  сауаттылықтарын қалыптастыруда,  ең алдымен,

кіші  мектеп  жасындағы  балалардың ойлау  мен  сөйлеуі  маңызды  орын  алады.

Бұл  орайда  Ж.Аймауытов,  Б.В.Беляев,  Е.И.Пассов,  Н.И.Жинкиндердің ойлау

мен  сөйлеу  секілді  күрделі  психикалық  құбылыстар  туралы  ой-пікірлері

талданады.  Ой ұйымдасқан  сөйлесім үдерісіне  айналуы үшін  адам өзіне

қажетті үлгіні,  ойды  дәл  бейнелейтін  сөзді  таңдап  алатын  іштей  сөйлеудің

кезеңдерінен

өтуі  тиіс.  Сөйлесім –

айтылған  не  жазылған  хабардың

қабылданып,  оған  жауап қайтарылуды  талап  ететін,  адамдар  арасындағы

тілдік қарым-қатынас  негізінде  іске  асатын  ортақ  құбылыс. Оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда іштей сөйлеу мен сөйлесімнің

мәнін назарға алу олар орындайтын жаттығулар мен тапсырмаларды іріктеуде

маңызды рөл атқарады.

Оқыту

үдерісінің



нәтижелілігі 

бастауыш 

сынып 

оқушысының



физиологиялық, психологиялық негіздерін терең білу мен барлық оқу әрекетін

соған  негіздеуге  байланысты  болады.  М.Жұмабаев:«Сыртқы  дүниемен,

адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқан адам бар нәрсені білуге,

бар  білгенін  есте ұстауға ұмтылады.  Естің  қатынасуын қатты  керек қылатын

ғылымдарды үйретуге қолайлы  шақ осы.  Бұл  жаста  баланың міндеті  ой

жүгіртіп  білімді  іске  асыру  емес,  білімді  молайта  беру;  даярлай  беру,  бар




23

нәрсені  еске  ала  беру»,- деп,  балаларда  жасынан  білуге,  тануға  ерекше

талпыныс пайда болатынына тоқталады.

Оқыту үдерісінде пәндік білім, білік, дағдыларды, яғни құзыреттіліктерді

меңгертуде  балалардың жас  кезеңдеріне  сәйкес  пайда  болатын  жетекші

әрекеттерге  назар  аударылды.  Бастауыш  сыныптан  мектептің орта  сатысына

өту  кезеңінде  балалардың  өзін қоршаған  адамдармен қарым-қатынасы  жаңа

арнаға  түседі:  даралық сезімдері  бас  көтеріп, өзін-өзі  тани  бастайды.  Білім

беруде  бұл  мәселелер  ескеріліп  отыруы  тиіс.  Бастауыш  мектеп  кезеңі

оқушылардың оқу, қарым-қатынас,  еңбек  секілді  жетекші әрекеттер  негізінде

жалпы  және  ерекше қабілеттерінің дамуымен  сипатталады.  Оқу әрекетінде

олардың жалпы интеллектуалдық қабілеттері қалыптаса бастайды.

Олардың оқу әрекетінің  өзіндік  ерекшеліктері  жөнінде  Л.В.Выготский:

«Бұл әрекеттің басты  мақсаты  мен  нәтижесі,  яғни,  баланың  үлкендермен,

сондай-ақ, өзінің құрдастарымен әлеуметтік қатынасын қалыптастыру, әрі бұл

уақытта өзіне  дейінгінің тәжірибелерін,  оның ішінде әлеуметтік қатынастың

құралы болып саналатын сөйлеу тәжірибесін де меңгеруі қатар жүреді», – деп

тұжырымдайды.

Бастауыш 

сынып 


оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастырудың

педагогикалық

негіздеріне

алынатын 

дидактикалық

ұстанымдар екі бағытта белгіленді.

1.Функционалдық

сауаттылықты

қалыптастырудың

дәстүрлі

ұстанымдары.

2. 

Функционалдық



сауаттылықты

қалыптастырудың

арнайы

ұстанымдары.



Дара тұлғаға  бағдарлап  оқыту ұстанымы  бойынша  барлық оқыту  жүйесі

оқу әрекетінің субьектісі – оқушының даралық сипатына,  мотивіне,  шынайы

өмірлік қажеттілігіне, мүмкіндігіне, бейімділігіне, әлеуметтік-мәдени дамуына

орай құрастырылады.

Қатысымдық  (коммуникативтік)  тұрғыдан  оқыту

ұстанымы  білім

мазмұнындағы  басшылыққа  алынатын  барлық  ұстанымдардың

негізіне


салынады.  Себебі  тілді  меңгертуде  грамматикалық білімді ғана  игеріп қана,

оны  тәжірибелік  іс- әрекетте қолдана  алмаудан  арылуға  бірден  бір  мүмкіндік

беретін жүйе  тілді  оқушының сөйлеу,  тіл  мәдениетімен  бірлікте қарастыру

болып табылады.

Тұтастық ұстанымы «сөйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қатар

қамтиды. Олар: оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл

ұстанымның ерекшелігі:  бір  сабақтың  үстінде  осы  жұмыстардың барлығын

жүйелі түрде қолдана отырып, олардың арасынан ең басты біреуін таңдап алу

және қалған  жұмыстың түрлерін  осыған  бағындыра  білуден  көрінеді.  Сонда

бір сабақтың  өзінде  ортақ  (өзек) пайда  болады  да, қалған бағыттар  сол басты

орталыққа  жұмыс  істеу  мақсатында  жүргізіледі,  сөйтіп,  сабақта  тұтастық,

бүтіндік пайда болады».

Пәндік  білім,  білік,  дағдыларды  меңгертудегі  шығармашылық  ұстаным

сабақты  шығармашылық  үдеріс  ретінде құруды  мақсат  етеді.  Оқу үдерісінде

жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен

жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді




24

шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі

болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды,

біліктерін  жаңа  жағдаятта қолдана  алуына қажетті  дағдылары  дамытылады.

Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден

қойылады.

Оқыту

үдерісінде 



оқушылардың

функционалдық

сауаттылығын

(жаратылыстану,  математика,  оқу және  жазу,  т.б.) қалыптастыруда,  ең

бастысы,  оқушыларды ғылыми  біліммен қаруландыру  міндеті  аса  маңызды.

Осы  орайда оқытудың  ғылымилығы ұстанымы  жетекші  рөл  атқарады.  Бұл

ұстаным  бойынша  оқушыларға  берілетін  білімнің мазмұнының  ғылымның

қазіргі  даму  деңгейіне  сәйкестігі,  оларға  заттар  мен

құбылыстардың

заңдылықтарын

ұғындыру  және  олардың

арасындағы  себеп-салдарлық

байланысты  ашу  ескеріледі.  Бастауыш  мектепте  кез  келген  пәнді  оқытуда

оқушылардың  қарапайым ғылыми  зерттеу  дағдыларын қалыптастыру,  заттар

мен құбылыстардың негізгі  және  жанама  белгілерін  ажырату, қоршаған

әлемде  және  табиғатта  болып  жатқан құбылыстарды  түсіну,  салыстыру,

талдау,  жіктеу,  жүйелеу,  жалпылау  білік,  дағдыларын  меңгерту  мақсаттары

көзделгенде

ғана 

оқушылардың



функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыруға болады.

Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі

мен сабақтастығы,  бірізділігі  де  ескерілуі  міндетті.  Бұл  орайда дидактиканың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет