әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі
жаңарту.
Яғни мектеп оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін
мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді
және
әлеуметтік бейімделу
үдерісінде пайдалана алатындай негізгі
құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:
басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін
көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша,
жазбаша қарым-қатынас жасау);
әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу
қабілеті);
тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім,
білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның
қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі,
тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық
парызын түсінуі);
технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық
технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты
пайдалануы).
Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік
құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық
мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Жалпы оқулық
жазу мәселесі күн тәртібінен түспеген,
өзекті
мәселелердің
бастысы екендігі алаш арыстарының
ой-пікірлерінен анық
аңғарылады. Атап айтар болсақ, Ж.Аймауытов: «...Тегінде оқу кітаптарын
кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен
жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту
тәсілдеріне сүйеніп жазылуы керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі
мектептерде қолдануға жарамсыз болып қалады. Кітап жазушылар ауылдағы
мұғалімдер арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі, сол бастауыш
20
мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап
ете түскендей кітап шығуы қиын».
Елбасы Н. Назарбаев «...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс
емес. Пән сөзін пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым пән
сөздерін кеңседе шешкізіп, жасамайды. Кітап жазушы өзі табады. Бір
ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы
ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі ғана шығармаса,
бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес. Өйткені, әр пәнге жетік адамдар білім
кеңесінде болмайды. Пән иесі көп ойланып, көп еңбекпен тапса, кеңес сөзге
көп ойланып отыра алмайды. Білім кеңестерінің жиналысында болғанымыз
бар, онда сөздер жете тексерілмей,
үстірт қаралатындығы, көп отырса
жалығып, қолайсыз сөздерді де ала салатындығы байқалады», – деп оқулық
жазудың үстірт қарайтын, жеңіл дүние еместігіне баса назар аударады»,-
дейді. Елбасының жоғарыдағы тұжырымы осы алаш ойшылдарының пікірімен
үндесіп жатыр.
Яғни, жоғарыдағы пікірлерде айтылғандай, оқулықтың мақсаты, міндеті,
мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттіліктеріне сай
жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа мазмұнда жазу барысында оның негізін салған
авторлар ұмыт қалмауға тиіс. Себебі кез келген оқулықты жазудың негізін
қалаған - сол алғашқы авторлар. Олардың атын оқулықта сақтап қалу біздің
азаматтық борышымыз болуымен қатар, болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбие
болмақ. Себебі, қазақ халқының тәрбиесіндегі адамгершілік, үлкенге құрмет,
кішіге ізет т.б сапалық қасиеттер мен құндылықтар кез- келген оқулықтың
ұстанымы болмақ.
Жалпы білім беретін орта мектеп стандарты негізінде жазылатын
мектептердегі оқулық жоғарыдағы айтылған құзыреттіліктерді басшылыққа
ала отырып дайындалуы тиіс.
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі – оқыту
Достарыңызбен бөлісу: |