Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет47/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

ІІІ Бекіту

Сандарды және өрнектерді салыстыру дағдыларын бекіту үшін оқушылар 3-

жаттығуды орындайды (І-баған тақтада түсінік бере отырып орындалады, ал 2-

ші және 3-бағандар нұсқалар бойынша өз беттерінше орындалады).

Құрама есептерді шыраруға дайындық үшін математикалық диктант түрінде

бірнеше жай есептерді шешіп, тек қана жауаптарын жазуды ұсынған жөн:

1) 3 «А» сыныбында 25 оқушы бар, ал 3 «Б» сыныбында олардан 7 оқушы

артық. 3 «Б» сыныбында неше оқушы бар?

2) Сыныпта 15 ер бала бар, ал олардан 4 қыз бала артық? Сыныпта неше қыз

бала бар?

3) Сыныпта 12 ер бала және 13 қыз бала бар. Сыныпта барлығы неше бала

бар?


4) Серікболдың портфелінде 6 оқулық бар, ал Айсәуленің портфелінде одан

екі оқулық кем. Айсәуледе неше оқулық бар?

5) Сұлтан өткен оқу жылында 98 «бестік» баға алды, ал «төрттік» бағасы одан

18-ге кем. Сұлтан өткен оқу жылында неше «төрттік» баға алды?



Өздік жұмыс

№4 (а) жаттығуда оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен есептің қысқаша

жазылуын құрастырады.

Ер балалар - 13 және 3

Барлығы – 25 оқушы

Қыз балалар - ?

-

Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? Сыныпта барлығы



неше ер бала бар екенін біле аламыз ба? Қандай амалмен? Сыныпта неше

ер бала және барлығы неше бала барын білсек, сыныпта неше қыз бала

бар екенін білуге бола ма? Қандай амалмен орындалады?

-

Неге азайту амалымен?



Осындай жан-жақты талдаудан кейін балалар есептің шешуін өз беттерінше

табады.


№ 4 (ә) жаттығуды балалар өз беттерінше орындайды.

№5 жаттығу есептеудің тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталған, оны тақтада

түсіндіре отырып орындайды.

№7 жаттығуды орындау кезінде уақыт бірліктері (сағат-минут, тәулік-сағат)

арасындағы қатынасты қайталап, тәулік мезгіліне қарай уақытты дұрыс айтуға

үйрету қажет.

№8 логикалық тапсырманы оқушылар ауызша орындай отырып, соңынан

тексереді (бірінші фигурада 9 тіктөртбұрыш, екіншісінде - 18).

«Нумерация» тақырыбы бойынша тест жүргізу:

1. 1 жүздік 7 бірлік және 5 ондығы бар санды тап.

а)175;

ә) 157;


б)170;

в) 150



63

2. 8 ондықта неше бірлік бар?

а) 8; ә) 80; б) 0

3. Сандардың өсу ретіне қарай дұрыс жазылуын тап. 24, 68, 61, 63, 42, 86, 36,

16

а) 24, 16, 36, 42, 61, 63, 68, 86



ә)16, 36, 24, 42, 61, 63, 68, 86

6)16, 24, 36, 42, 61, 63, 68, 86

4. 380 және 80 сандарының айырмасын тап.

а) 460;


ә) 300;

б) 370


5. 600 және 6 сандарының қосындысын тан.

а)66;


ә)594;

б)606


6. 1 санын алу үшін 700-ден қай санды азайту керек? а)701;

ә)699;


б)70

7. Азайғыш 840, азайтқыш 1. Айырманың мәнін тап.

а) 839;

ә) 850;


б) 841

8. Санау кезінде 899-дан кейін қай сан тұрады?

а) 888;

ә) 900;


б) 901

9. Мына сандардан 3-ке аяқталатын ең кіші екі таңбалы санды тап.

а) 23; ә) 33; б) 11

10. Теңдік пен теңсіздік тура болу үшін бос жақшаларға қандай

сандар қою керек:

() + 10 = 19  99-()=90

30 + ( ) > 3 8

а) 9; 2) 90; б) 19





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет