Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


 Бастауыш  сынып оқушыларына  функционалдық сауаттылықты



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6655
1   2   3   4   5   6

Бастауыш  сынып оқушыларына  функционалдық сауаттылықты

қалыптастырудың әдістемесі

Дәстүрлі  педагогикада  бастауыш  мектеп  деңгейінің міндеті - оқушының

санау,  жазу,  оқу  білігін қалыптастыру  болып  есептелінді.  Ал  оқушы  тұлғасын

дамытуға  бағытталған  оқыту – сол  мақсат  пен  бірге  оқыту  процесі  оқушының

таңдалған  жағдайда өмір  сүру,  мақсатқоюшылық, қызығушылығына  орай өз

өміріне қатысты  маңызды  сұрақтарды қоя  білу,  шешу, өмірлік  нормалар  мен

ұстанымдарды  талғаммен қолдану,  түрлі  жағдаяттарды  шеше  білу,  мақсатқа

жету  тәжірибесін  жинақтау, өз көзқарасын  дәлелдермен  білдіру,  адами  іс –

әрекетті таңдауды жүзеге асыруға үйрету.

Жоғарыдағы  ойды  түйіндей  келе  бастауыш  сынып  оқушыларының

қарапайым  функционалдық сауаттылық дағдыларын  білім  саласы  бойынша

қалыптасуы:



«Тіл мен әдебиет» білім саласы

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың

әлеуметтік  жағдайына,  екіншіден,  мемлекеттің

экономикалық

дамуына,

үшіншіден,  елдегі  мәдени  ахуалға  тәуелді  болатындығы  айқын.  Бүгінгі

өркениеттің даму  деңгейі  білімділік  пен  сауаттылық  ұғымдарының мазмұны

мен  оны  түсінудің сара  жолдарын  іздестіруді қажет  етіп  отыр. Ғылыми

еңбектерде  сауаттылық  ұғымының

белгілі  бір  деңгейде  ана  тілінің

грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі екені

байқалады. Әйтсе  де  адамның өмір  сүруіне қажетті  деп  танылып,  меңгеруге

ұсынылған  бастауыш  мектеп  деңгейіндегі  белгілі  бір  білім,  білік  пен

дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік

сауаттылық  қазіргі  кездегі әлеуметтік  сұраным  талаптарымен  сәйкес  келе

бермейді.

Сауаттылық

мазмұнының

нақты  мазмұны  дара  тұлғаның

дамуына


қойылатын қоғамдық талаптарға  байланысты құбылмалы  сипатқа  ие  болады.

Ол қарапайым  оқу,  жазу,  санау  біліктіліктерінен  бастап  адамның  әлеуметтік

үдерістерге  саналы  түрде қатысуына  мүмкіндік  беретін, қоғамдық  қажеттігі

айқын  кешенді  білімдер  мен  біліктерден

құралатын  функционалдық

сауаттылықты  меңгеруді  де қамтиды.  Яғни,  «функционалдық сауаттылық»

белгілі бір  кезеңге сай  субъектінің алған білімі  мен  білігі негізінде  сауатты  іс-

әрекет ете  алуы  деген  мағынаны  білдіреді. Қоғамның дамуына  байланысты

сауаттылық  ұғымының мәні  тарихи  тұрғыдан өзгергенін,  тұлғаға қойылатын

талаптарда  оқу,  жазу,  санай  білу қабілеттерінен  гөрі  белгілі  бір қоғамда өмір

сүруге қажетті  білім  мен  біліктердің жиынтығын  игеру,  яғни  функционалдық

сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.

Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың

әсерінен


қоғамның

адамға


қоятын  талаптарының  өзгеруі  нәтижесінде

функционалдық сауаттылық  ұғымы  кең тарала  бастады.  Сауаттылық  ұғымы

оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.

Функционалдық сауаттылық –тілдік  тұлғаның  әлеуметтік –қоғамдық

ортада  сөйлесім әрекетінің түрлерін  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым,


28

тілдесім)

өзінің

мақсатына



қарай  еркін

қолдана  алу  мүмкіндіктерінің

қалыптасқан жүйесі.

Сұхбаттық

тапсырмалар 

диалогтан 

тұрады. 

Бастауыш 

сынып

оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда  диалогты



таңдауымыздың себебі  ол  күнделікті өмірде қолданылатын  ауызша  сөйлеу

тілінің ең көп  тараған  және  тілдік қатынастың табиғи  түрі.  Диалогтың

жағдаяттылығы, 

алдында 


және 

артындағы 

айтылған 

жалпы 


ойға

байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі

екені ескерілді.

Диалогтік  сөйлеуге үйретуде  дайындық жаттығулары  мен  шартты  сөйлеу

жаттығулары ұсынылады.  Мұнда  күнделікті өмірде  жиі  кездесетін  жағдаяттар

алынады.  Оқушыларға  дайын үлгілерді  кезекпен  бірнеше  мәрте  оқытып,

диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады.

Мысалы:


- Сен бүгін театрға барасың ба?

- Жоқ, бара алмаймын.

- Неге?

- Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз.



- Кіммен барасың?

- Мен, бауырым мен қарындасым, әкем –төртеуіміз.

- Анаң ше?

- Ол үйде апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды.

-Жарайды, жақсы.

Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей,

қарсы  сұрақ  қоюға, қайталап  сұрауға  да үйрету  аса  маңызды.  Диалогтің

осындай түрлері де ұсынылды.

Диалогтік  тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылардың диалогтік

сөйлеудегі қарапайым  дағдылары қалыптасып,  сұрақ беру, өтініш  айту,

таңдану,  бұйыруды

қолдану,  бір-бірімен

әңгімелесе  білу,  мәліметтерді

нақтылап  сұрау,  тыңдап  отырып қайта  сұрақ беру,  келіспеушілік,  толықтыру,

тілдік  материал  көлемінде өзара  пікір  алыса  білу  дағдылары  дамып,  диалогтік

тілді үйретуде  соңғы  нәтиже  болып  табылатын әңгімелесе  білу  біліктіліктері

жетіледі.

«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды.



Тапсырманың мақсаты: оқушылардың көне  дүниелермен  танысу,  білу,

құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру.  Көрген-білгендерін  тиянақты  түрде

мазмұндап жеткізу.

Оқыту

әдісі:

сұрақ-жауап,

қатысым

әдістері.  Көрген 



экспонат,

мұралардың ішінен қажеттісін  екшеп  бөліп  алып,  сол  туралы  ақпарат  беру

біліктерін қалыптастыру  көзделді. Тапсырма: 1. Қазақстанның мұражайлары

жайында  ақпараттар  іздеп  табу.  2.  Ақпаратты  жазбаша  түрде  дайындау.  3.

Сынып  алдында  ақпараттың мазмұнын  баяндау. Нәтиже: өздеріне қажетті

ақпаратты  іздеп,  табуға  жаттығады. Әңгімелеу,  жазу,  жұмыста  жұмыс  істеу

дағдылары  дамиды.  Жұмыс  кезінде  коммуникативтік, мәселелердің шешімін

табу құзыреттіліктері тапсырмаларын орындау ұсынылды.



29

Бастауыш  сынып  оқушыларының

функционалдық

сауаттылықтарын

қалыптастыруда қатысымдық  әдіс  функционалдық сөйлеудің грамматикалық

жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде алынды. Қатысым

әдісі бойынша оқушыларды  бірінші  сабақтан бастап  сөйлесім әрекетіне  баулу,

тілді үйретуді  күнделікті өмрде  жүзеге  асыру,  сабақты  практикалық жағынан

жан-жақты қамтамасыз ету ескерілді.

Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау

әрекеттері  арқылы  іске  асады.  Бұл

қатысымдық

бағытта  дайындалған

тапсырмалардың мәні  оқушыларды  ана  тілінде қарым-қатынас үдерісіне

дайындау,  сыныпта қарым-қатынас  жасауға  жағдай  тудыру  болып  табылады.

Қатысымдық  әдіс

ұсынылған  тапсырмалардың

бәріне  ортақ,  әсіресе

жағдаяттық, рөлдік ойын, сұхбаттық тапсырмаларда басым болады. Осы әдістің

функционалдық

сауаттылықпен 

байланысы 

жағдаяттық,

сұхбаттық

тапсырмалардағы  тілдесімде  ерекше  басымдылыққа  ие  болады.  Рөлдік  ойын

әдісінде 7-12 жастағы балалар қарым-қатынасқа тез түседі де, кез-келген рөлді

ынтамен  орындайды.  Рөлдік  ойындар  оқушыға өзін  танытуға,  жолдастарының

пікірімен  санасуға,  дұрыс  сөйлеу қабілетін  жетілдіруге,  жан-жақты  білімін

көрсетуге мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

Мәтіндегі  тірек  сөздерді  табуды  және  олармен  мәтін құрауды;  сөз

таптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды; жіктеу

есімдіктерін  табуды  және  оларды  септеуді;  мәтіннен қаратпа  және қыстырма

сөздерді табуды; жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; өз ойларын еркін

жеткізуді,  сөйлемдерді  дұрыс құрастыруды;  берілген  мәтінге  жоспар құруды;

қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; диктант (көлемі 65-

75  сөз),  мәтін  бойынша  мазмұндама  (мәтін  көлемі  150-200  сөз),  көлемі  50-60

сөзден  тұратын  шығарма  (сипаттама,  баяндама,  пайымдау)  жазуды;  бастауыш

сыныпта  оқытылған  пәндер  бойынша жүйелі  білімінің болуынан; алынған

ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; шығармашылықпен

жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет; өз ана тілін жетік білуі және

құрметтеуінен.

«Қазақ тілі» пәні

Сөйлеу қызметінің барлық түрлерін  меңгерген  сауатты  жазу  және оқу

дағдылары  жетілген,  шығармашылық  қабілеттері  мен  тілдесімдік  дағдылары

дамыған, алған  тілдік  білімдерін  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу әрекеттерінде

қолдана білетін жеке тұлға қалыптасып, дамуына ықпал етеді.

Оқушылардың  өз  ана  тілі – қазақ тіліне  деген қызығушылығын  ояту

арқылы  тілдің  құдіретін,  эстетикалық  құндылығын  сезіндіру  арқылы қазақтың

ұлттық мәдениетімен туралы білім алады.

Тілдік ұғымдар  арқылы  оқушыларды өзін  тілді  иеленуші  тілдік  тұлға

ретінде қалыптасады.  Ауызекі  және  жазба  тілде қарым-қатынас  жасау

дағдылары қалыптасады.

Тілдік  материалдар  негізінде қажетті  тілдік  білім,  білік,  (дұрыс,  түсініп,

мәнерлеп  оқу  және  сауатты,  көркем  жазу)  дағдылары қалыптасып,  дамиды.

Алғашқы  тілдік құбылыстарды  танымдық нысан  ретінде  меңгеріп,  оларды



30

талдау,  салыстыру,  топтау  және  ажырату  сауаттылықтары қалыптасады.

Сонымен

қоса  оқулықпен,



сөздіктермен, 

уақытты  жоспарлау,  жазба

жұмыстарда қате  табу,  оқу әрекетінің нәтижесін  ауызша  бағалау  дағдылары

қалыптасады.

Оқушының  өзіндік  іс-әрекеті  арқылы  оның белсенді,  креативтік,  сыни

ойлауын жетілдіру.



«Әдебиеттік оқу» пәні

Мәтінді дұрыс,  мәнерлеп  және  шапшаң оқуды  меңгеруі,  шығарма

авторының

көзқарасын  түсіну,  мәтінді  оқырман  ретінде

қабылдауға

тәрбиеленеді, көркем-шығармашылық  қабілеттері  дамиды.  Сөз өнеріне  деген

қызығушылық, тілдік  эстетикалық талғамы қалыптасады.  Сөйлеу әрекетінің

түрлері жетіліп, ұлттық және  жалпыадамзаттық  құндылық пен рухани-

адамгершілікке тәрбиеленеді.

Мәтінді  оқу  сапасы  дұрыс,  түсініп,  шапшаң,

мәнерлеп  дағдысы

қалыптасады.  Ауыз әдебиетінің жанрлары,  отандық және әлемдік  балалар

әдебиетінің озық үлгілерімен танысады.

Ақын-жазушылардың балаларға  арналған  шығармалары  туралы,  басты

тақырыбы,  басты  кейіпкерлері  және  негізгі  мазмұны  жайлы  түсінік

қалыптасады. Мәтінді талдап, жанрлық сипаты туралы түсінік қалыптасады.

Шығарма  сюжеті  ізімен  немесе  еркін  тақырыпта

әртүрлі


әдеби

шығармашылық жұмыс  түрлері: өлеңді  мәнерлеп  оқу, әңгіме құрастыру,

мәтінді  сахналау,  мәтін  бойынша  сурет  салу,  мақала  жазу,  шағын үзіндіге

сценарий жазу т.б. орындау машықтары қалыптасады.

2-4-сыныптарда әдеби  функционалдық сауаттылығы «Ауыз әдебиеті

үлгілері»,  «Жазба  балалар әдебиеті үлгілері»,  «Әдеби-теориялық білім»,

«Мәтінмен  жұмыс»,  «Оқу  дағдысы», әдеби  тілде  еркін  сөйлеу  бағытында

қалыптасады.

Сонымен қоса оқырмандық мәдениеті, кітапханада жұмыс істей алу, кітап

дүкендерінде қажет  кітапты  таңдай  алу  дағдысы,

ана  тілінде  ауызша  және

жазбаша дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқу, білім сайыстарына қатысу, өз ойын анық

нақты баяндау білігі мен функционалдық сауаттылығы қалыптасады.

«Орыс тілі», «Шетел» пәндері

«Орыс  тілі»,  «Шетел»  пәндерін қазақ тілді  бастауыш  мектепте  оқыту –

басқа тілдерде білім, білік, дағдылары қалыптасады.

Лексикалық-грамматикалық

шекте 

сөздік


қорлары

қалыптасады,

қарапайым үлгілік  (типтік)  сөйлемдерді  айту,  түсіну, құрау  дағдылары

қалыптасады.  Сөздік қорларының толығуымен  жай  сөйлемдерді  жайылма

сөйлемдерге  айналдыру  білігі,  сөз  тіркестерін әр  тілдің синтаксистік қатар

заңдылығына сүйене отырып құру білігі қалыптасады.

Тақырып аясында белсенді сөздік қорының қалыптасуы арқылы өз сөзімен

сипаттау, өз ойын білдіру, сезімін білдіруге үйренеді.

Өз  ана  тілімен  салыстыра  отырып  дыбыстар қатарын  игеру,  дауысты,

дауыссыз әріп пен дыбысты дифференциациялау дағдысы, өзге тілде оқу, жазу,

санау дағдысы қалыптасады.


31

«Орыс 


тілі», 

«Шетел» 


пәндерін 

оқытуда 


жеке 

тілдік, 


тілдік,

коммуникативтік дағдысы. Тілдік нормаларға сай айтылым, оқылым, жазылым

білігі қаланады.

Сонымен қоса  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  шағын  мәтін құрауға үйренеді.

Мәтінмен  танысу,  оқу  арқылы  тілдері  дамып,  сөздік қоры  молаяды.  Диалог,

монолог құру  дағдысы қалыптасады.  Сонымен қоса өзге  елдің тарихы,

мәдениеті, салт-дәстүрі туралы түсінігі қалыптасады.

Өз  ана  тілінің негізінде  практикалық тұрғыда  фонетиканың, графиканың,

орфоэпияның, лексиканың, грамматиканың, сөзжасамның, орфография  мен

пунктуацияның элементтерін  игеру  арқылы  орыс  тілінде,  шетел  тілінде

қарапайым  коммуникативтілік  функциясы  дамып,  адамгершілік,  эстетикалық

мәдениеті дамиды.



«Математика және информатика» білім саласы

«Математика» пәні

Бастауыш  сыныптардағы  математика  пәні  1000000-ға  дейінгі  натурал

сандар  және  нөл  санының арифметикасы,  негізгі  шамалар,  геометриялық

фигуралар  туралы  білім,  білік,  дағдылары қалыптасады.  Сонымен қоса

жазықтықта  заттарды  орналастыру,  уақытты  мөлшерлеу, өлшемдерді  анықтау,

көлемді ұғыну,  арақашықтықты  межелеу,  жоғары,  төмен, қасында,  маңында,

артында, алдында тілдік ұғымдарды меңгертіп, қолдана білу дағдысына.

Математиканың базистік негізін игеру арқылы көрнекі-бейнелі, логикалық

және абстрактты ойлауды қалыптасады.

Тұлғаның


зейін,

қабылдау,  есте  сақтау,  ойлау,  сонымен

қатар

математикалық



тілінде  сөйлеу,  психомоторика  тәрізді  функциональдық

қасиеттері дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін дамыта отырып,

жоспарлау,  жоспар  бойынша әртүрлі  іс-әрекеттер  жасау,  оның ішінде  ойлау

қызметін талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б., өзін-өзі бақылау және

өзін-өзі бағалауды жүргізу білікгі қалыптасады.

Математикалық білім  мен  білік,  есептеу, өлшеу,  график құру  дағдысы

қалыптасады.

Стандартты  емес  және логикалық, экономикалық сипаттағы  тапсырмалар

негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайларды шешу, тұрмыс тіршілікке

қажет  экономикалық

тұрғыда  есептеу,  «пайдалы,  пайдасыз» ұғымы  туралы

түсініктері қалыптасады.

Сонымен қоса  тұлғалық  қасиеттері    жауапкершілік,  белсенділік,  мақсатқа

талпынушылық, жауапкершілік қасиеттері  мен  нақты әрекет  ету  білігі

қалыптасады. Математика пәні негізінде қаланған білім, білік, дағды күнделікті

тұрмыс  тіршілікте  функционалды қолдануға  тәрбиелейді. Математикалық

сауаттылықтың  әдістемесі  мазмұнын  кіші  жастағы  оқушыларға  математиканы

оқытудың  әдістемелік  ерекшеліктерін  сипаттайтын  ережелер,  сондай-ақ

оқытуда  дамытушылық және  тұлғалық-іскерлік  тұрғыдан қарау әрекеті

құрайды.


32

Математикалық сауаттылықтың мақсаты  бүгінгі  күн  талабына  сай,  жан-

жақты  дамыған,  белсенді, өмірге  талпынысы,  тұрақты қызығушылығы  бар,

алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.

Математика  білім  мазмұнының ең алғашқы  бастамасы  бастауыш  буында

жүзеге  асатыны  белгілі.  Себебі,  бастауыш  буында  жоғары  сыныптарда

оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім

алуға  талпынушылық, яғни  балалардың оқу әрекеті,  танымдық белсенділік,

жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар,

осы  кезеңде  баланың белсенділігі,  оның рухани  және  дене  күші  де  дами

бастайды.  Осы  жасқа  лайықты  мазмұн  мен оны оқытудың  әдісін  саралау,  бала

жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға

қою оңай мәселе емес.

Бастауыш  баласы үшін  жаңа  рөл - оқушы,  жаңа әрекет - оқу  болса,  осы

мәселелерге  олардың шаршамай,  жалықпай,

қызығушылықпен  араласып

кетуіне,  маңайы  мен қарым-қатынасының күшеюіне  жағдай  жасау  мұғалімнің

шеберлігін  және  осы  жастағы  оқушының психологиялық ерекшелігін  жете

білуін керек етеді.

Бастауыш сыныптардағы математикалық сауаттылық оқыту материалының

мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік

және  дағдылар  деңгейіне қойылатын  талаптардың  өзгеруімен  байланысты

дәстүрлі  модельге  елеулі  түзетулер  енгізген  жаңа  мектеп  бағдарламасымен

анықталады.  Ал  функционалдық сауаттылық пәндік  сауаттылыққа қарағанда

кіші

ұғым,  немесе  оның



саласы  болып  есептелінеді.  Осыған  орай

функционалдық математикалық сауаттылық дегеніміз - пәнде  игерген  білімді

іс-әрекетте, тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі.

Оқушыда  функционалдық математикалық сауаттылық  қалыптастыру

үшін ең алдымен пәндік сауаттылық қалыптасуы керек.

Математиканы 

оқыту 

мен 


математика 

пәнінен 


сауаттылықты

қалыптастырудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:

1)  Математика –барлық  ғылымдардың логикалық негізі – күре  тамыры

ретінде қарастырылады;

2)  Математика,  ең алдымен  оқушылардың дұрыс  ойлау  мәдениетін

қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;

3)  «Математикалық сауаттылық»  (ауызша  және  жазбаша) қабілетін

қалыптастыру  арқылы  оқушының  «математикалық сауаттылықты»  меңгере

білу қабілетінің болуы;

4)  Математика әлемде  болып  жатқан  түрлі құбылыстарды,  жаңалықтарды

дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;

5)  Математиканың болашақ тұлғаны  моральдық, эстетикалық және

этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

Математика  дүниетанымды қалыптастыруда,  математикалық модельдеу

идеяларын ұсынады,  математикалық сауаттылық жалпы  функционалдық

сауаттылықты  меңгеруде  математикалық білім  мен  біліктіліктің алар  орны

ерекше.  Математикалық

сауаттылық

математикалық

сөйлеу  және  жазу

мәдениетіне қоршаған  ортаны  және  олардың заңдылықтарын  баяндау,  оны


33

оқып үйренудің оқушылардың дүниенің  ғылыми  бейнесін  меңгерудегі  басты

құралы  ретінде  ерекше  көңіл  бөлу қажет.  Математикалық сауаттылық

оқушылардың математикалық тексті  оқуына,  жазуына  және қайта  айтып

беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең төмен талап ретінде

қарау қажет.  Сонымен  математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас,

толыққанды тіршілік  жасауға қажеттілік  ретінде  оны  арнай,  бағдарлы  түрде

дамытып, қалыптастыру керек.

Математикалық

сауаттылық

дұрыс 

сөйлеу


қабілетін 

математика

сабақтарында  оқушылардың келесі қабілеттері  мен  бейімділіктерін  шыңдай

түсуді меңзейді:

1) Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар

құра білуге;

2) Материалды қисынды, мағыналық топтай, талдай білуге;

3)  Математикалық терминологияларды  түсіне, қолдана  және  негіздей

білуде;

4) Ұғымдардың, түсініктердің  өзге ұғымдар  жүйесіндегі  орнын және



түсініктер иерархиясы тұрғысында білуде;

5)  Аузыша  және  жазбаша  математикалық сауатты  сөйлеуді  меңгеру,

математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білуге.

Математикалық

сауаттылықтың

дамуы  оқушының

жалпы  сөйлеу

мәдениетін 

дамытып,

қазіргі


қоғамда 

тұлғаның 

ұтымды 

сөйлеу


коммуникацияларын қалыптастырады.  Осыған қоса,  көп  жылғы  іс-тәжірибе

көрсеткендей,  математикалық білімнің меңгерілуі  мен үйретілуі,  оқытылуы

дәрежесі  жоғары  болған  сайын,  оның бастауыш  сыныптағы  оқушылардың

бойында адамгершілік қасиетті қалыптастырады.

Математикалық

сауаттылықты

қалыптастырудың

бастауыш  сынып

оқушылары

үшін 


сыныптан 

тыс 


жұмыстар 

арқылы 


олардың

қызығушылықтарымен  пәндік,  функционалдық

сауаттылығын  дамытуға

болады.  Мысалы:  математикалық  үйірмелерде  сабақтан  тыс  уақытта  тек

математикалық сауатты  оқу  мен  жазуға, ұғымдарды  дұрыс қолданып  дұрыс

ажыратуға  көңіл  бөліп,  тұрмыс  тіршілікке қажет  экономикалық есептерді

шығаруға жаттықтыруда маңызы зор.

Математика  пәнін  игеру  барысында  оқушыларды  математика ұғымдарын

оқумен  бірге өзінің ойын  жеткізе  білуге,  оқыған  математикалық  ұғымдарды

дұрыс  тани  біліп, қолдана  алуға  баулудың маңызды  айрықша  екендігі  белгілі.

Математикалық  ұғымдарды  біліп қана қоймай,  оның  қолдану  ерекшеліктерін

ұғуға, оларды іс- тәжірибеде қолдана алуға үйрету қажеттігі туындайды.

Математикалық ұғымдарды оқытуда, келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:

а)  математиканы, қарапайым ұғымдарды  мектепте  оқытуда  теориялық

жақтарын  таныстырумен  бірге,  іс- тәжірибеде қолдана  алу  бағытында  жұмыс

жүргізу;


ә) математикалық  ұғымдарды үйретуді  олардың жас  ерекшеліктеріне

байланысты  күнделендіріп,  алған  білімді  тұрмыс- тіршілікте қолдана  білуге

үйрету;


34

б)  математикалық  ұғымдарды қалыптастыруды  сабақта,  сыныптан  тыс

жұмыстарда жүргізу.

Мысалы:  оқушылар  нумерацияны  оқып

үйренгенде  меңгеруі  тиіс,

қолдануа білуі тиіс:

- біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан

мен бірліктен, қалай жасалатынын игеру мен қолдана білуі;

- екіншіден, әрбір  сан қалай  аталады  және  ол  баспа  және  жазба  цифрмен

қалай белгіленетінін, сан мен заттың сәйкестігін білу;

- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша

үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын білу;

- төртіншіден, әр санның сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны

санағанда қай  саннан  кейін  және қай  саннан  бұрын  айтатынын,  реттілікті

тұрмыс- тіршілікте қолдана білу.

Осы  білімді ұғыну:  санды  жеке өзін  емес  басқа  сандармен өзара

байланысты қарастыру,  санның натурал қатары  жөнінде  түсінігі  оны  тұрмыс-

тіршілікте қолдана  білуі,  сан ұғымын  саналы  түрде  игеруі  тақырып  бойынша

функционалдық сауаттылығының көрсеткіші бола алады.

Математикалық  ұғым – мәнді  белгілері  көрсетілген  пән, құбылыс  туралы

логикалық  өрнектелеген  ой.  Пәндік ұғымдарды  игеру  оқытудың негізін

құрайды. Математикалық ұғым – ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін

ғана бейнелеумен бірге түрлер мен қатынастардың көрінісі білдіреді. Егер олар

болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғым мазмұны

– нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.

Ұғым  көлемі – нәрселердің осы ұғымды  тарату  жиынтығы.  Мысалы:

«Үшбұрыш» ұғымының мазмұны үш қабырға, үш  төбе  және үш  бұрыш,  ал

көлемі  «барлық мүмкін  болатын үшбұрыштардың» жиыны.  Математикалық

ұғымдарды қарастыра  отырып,  олардың ерекшеліктерін  ескере  отырып,

математикалық сауаттылық  ұғымдарды  дұрыс  ажырата  білулерімен  тығыз

байланысты. Мысалы: «бірдей», «пішіндері әртүрлі» сөз тіркестерін, сондай-ақ

«ұзын-қысқа», 

«жуан-жіңішке», 

«кең-тар», 

«биік-аласа», 

«үлкен-кіші»,

«жоғары-төмен»,  «ең  ұзын-

ең  қысқа»,  т.б.

ұғымдарын  игеру  жүзеге

асырылады; «Тез фигура құрастыр», «Не өзгерді?», «Екі бірдей фигураны тап»,

«Қандай?», «Геометриялық лото» сияқты балалар ойындарын ойнатуға болады.

Таратылатын  материалмен  (санау  материалдары  мен қағаз  парақтары) жұмыс:

жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;

ә) кеңістік түсініктерді қалыптастыру:  жоғары, төмен, жоғарыда, төменде,

сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында,

жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.

б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң,

басында,  соңында,  таңертен,  түсте,  кешке,  күндіз,  түнде  және  т.б.  Циклдік

уақыт ұғымдарын  бекіту:  тәулік өзгеру  (кеше,  алдыңғы  күні,  бүгін,  ертең,

бүрсігүні)  және  жыл  мезгілдерін  (қыс,  көктем,  күз,  жаз),  сондай-ақ тәулік

бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн).

Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқытуда  келесі  пәндік  және

функционалдық сауаттылық қалыптасуы  тиіс.


35

1) ережелер  мен үлгілерді  және  берілген  алгоритмдерді  математикалық

материалда қолдану біліктігін;

2) қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде

математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;

3) ауызша 

және 

жазбаша 


есептеулерді 

тиімді 


пайдалана 

отырып,


практикалық есептеу техникасын;

4) математикаға  тән  ойлау  стилін,  оның абстрактылығын,  дәлелденуін,

қатаңдығын;

5) дәлелдемелі  пайымдау  жүргізу,  логикалық негізделген қорытындылар

жасау біліктігін;

6) математикалық мәтінмен  жұмыс  жасау  (талдау, қажетті  ақпаратты  алу),

математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша

және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

7) жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;

8) өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;

9) өз іс әрекетін бағалауды;

10)  оқу қызметінің  әртүрлі  формаларында  коммуникативтік қабілеттерін

қолдана білуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет