Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6655
1   2   3   4   5   6

Өнер» білім саласы

«Музыка» пәні

Бастауыш  сыныптардағы  оқушылардың

рухани  және  адамгершілік

тұлғасы,  асыл қасиеттері  оянып,  көркемдік  талғамы өсіп,  эстетикалық сезімі,

шығармашылық қабілеті, музыкалық мәдениеті дамиды.

Оқушылардың музыка өнері  жайында  көзқарасын  кеңейіп,  музыкалық

құбылыстарға қызығушылық  қалыптасып,  музыкалық шығармалар  арқылы

сезімін, көзқарасын білдіру дағдыларында қалыптасады.

Музыкалық шығармалар  тыңдау, ән  айту,  музыкалық аспаптарда  ойнау,

мәнерлі би қимылдарын әрекеттеріне үйренеді.

Қазақ халқының дәстүрлі  мәдениеті,  классикалық музыканың ең озық

үлгілері, қазіргі  таңдағы Қазақстан  музыка өнері  мен  республикамыздағы өзге

халықтардың

музыкалық

мұрасымен  танысады.

Музыка


өнерінің

даму


заңдылықтарын  түсініп,  музыканың шығуы  ел  тарихымен,  халықтың тыныс-

тіршілігі, мәдениет-өнерімен, мұң-мұқтажымен байланысты екенін үйренеді.

Жеке,  топтық тұрғыда ән  орындау, ән  тақырыбын  анықтау  мен  музыка

арқылы әр  түрлі  көңіл-күйді  анықтау,  музыкаға  сәйкес  би қимылдарын  жасау

әрекетін үйренеді.

Музыкалық аспаптар  түрлерін,  аспаптарда  орындаудың  қарапайым  түрін,

таяқшалар,  ағаш қасықтар, қоңырау,  сылдырмақтар  сияқты  тағы  да  басқа

ұрмалы аспаптарды қолдану ырғақтық сүйемел жасау әрекетін меңгереді.



«Еңбекке баулу» пәні

Адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланыс, қоғам дамуындағы

адам  еңбегінің рөлі,  еңбекке құрметпен қарау,  алғашқы  технологиялық

біліктіліктері мен дағдылары қалыптасады.



46

Еңбек арқылы оқушыда адамгершілік қасиеті, ақыл-ой қабілеті, физикалық

икемділік,  эстетикалық талғам қалыптасады.  Бастапқы  технологиялық білім

арқылы қарапайым  еңбек әрекетін ұйымдастыру  жоспарлау  білігі  мен

құралдарды оңтайлы қолдана білу тәсілдерін меңгереді.

Сенсорика мен қол саусақтарының кіші моторикасы, заттардың кеңістікте

орналасуы, абстракциялық ойлауы, қиялы дамиды.

Жалпы  еңбек  етудің арнайы  білігі,  еңбек  және  экологиялық мәдени  негізі

қалыптасады.  Ақпаратты  іздеу, қайта өзгерту,  сақтау  және қолдану үшін

практикалық іс-әрекетте  және  күнделікті өмірде  алған  білім  мен  білігін

қолдануға үйретіледі.

Жеке  гигиена  ережесін  сақтау,  материалдар  және құралдармен қауіпсіздік

жұмыс  тәсілін

қолдану  дағдысы

қалыптасады.

Өздігінен

әр

-

түрлі



материалдардан түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді. Ұжымдық, жеке жұмыс

істеу ынтымақтастығы қалыптасады. Техникалық және көркем еңбек әрекеттері

туралы түсінігі қалыптасады.

Заттарды  мүсіндеу,  аппликация,  мозаика құрау,  кестелеу,  модельдеу  мен

құрастыру  жұмыстарын  игеріп,  жұмыс  істеудің  қарапайым  тәсілдері  мен

әдістерін меңгереді.  Халық кәсіпшілік өнеріне бейімделеді.



«Дене шынықтыру» білім саласы

«Дене шынықтыру» пәні

Қимыл-қозғалыс негіздерін  игеруде дене  мәдениеті қалыптасады. Өз

денсаулығына ықтиярлықпен қарау дағдысын  игереді. Физикалық және

психикалық төзімділік қасиеттері қалыптасады.  Салауатты өмір  салтын сақтау

дағдылары қалыптасады.

Денсаулықтарын 

нығайту, 

дене 


бітімдерін 

жақсарту,

жалпақтабандылықтың алдын-алу  шараларын  игереді.  Дене қимыл-қозғалыс

әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасау игереді.

Денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысты іс - шараларды игереді.

Дене  шынықтыру  сапалары  күштілік,  жылдамдық, төзімділік,  ептілік,

иілгіштік  және қимыл-қозғалыс үйлесімділігі  туралы ұғымдар қалыптасады.

Акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл  атлетикалық және  басқа  да  жалпы

дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін біледі.

Жеке  тұлғаның  әлеуметтік  маңызы  бар қасиеттері – адамгершілік,  жігер

сапалары, эстетикалық талғам мен  мәдениеттілік дағдылары қалыптасады.

Жеке  гигиенасы  мен  күн  тәртібі  ережесін  сақтау,  дене  жаттығуларының

ағзаға тигізетін әсері туралы түсінігі, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс

қабілеттерін дамыту туралы қарапайым білімдерді игереді.

Бастауыш  мектептің оқу-тәрбие  процесінде  денсаулық сауаттылығын

қалыптастырудың негізгі идеясы төмендегі өлшемдер арқылы белгіленеді:

а) оқушылардың денсаулығын жақсарту;

ә) оқушылардың салауатты өмір  сүруге  сұранысы  мен құндылықтық

бағыттылығын қалыптастыру;

б) мектепте және мектептен тыс уақытта салауатты өмір сүруді насихаттау;



Бастауыш  мектептің оқу – тәрбие  процесінде    денсаулықты  сақтау

сауаттылығын қалыптастырудың келесі  принцптеріне сүйенеді:

47

1. Денсаулық

сақтау  сауаттылығын

қалыптастырудың

оқытудың

мақсатына сәйкестігі.

2. Оқу

-

тәрбие  жұмыстарының



денсаулық

сақтау  сауаттылығын

қалыптастырудың заңдылығына сәйкестігі.

3. Денсаулық

сақтау 

сауаттылығын



қалыптастырудағы 

оқушының


саналылық және белсенділік.

4. Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілік.

5. Денсаулық

сақтау 


сауаттылығын

қалыптастырудың

жүйелілік және бірізділік.

6. Денсаулық сақтау  сауаттылығына  байланысты  білім,  білік,  дағдының

бір-бірімен байланысы.

Денсаулықты сақтау  сауаттылығын қалыптастырудың негізгі  мақсаты

болып: Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.

Денсаулықты 

сақтау 

сауаттылығын

қалыптастырудың

негізгі

құралдары:

1) қозғалысқа бағытталған құралдар.

2) табиғаттың сауықтыру күштері.

Денсаулық сақтау  сауаттылығын қалыптастырудағы  оқыту - тәрбие

процесіндегі негізгі жұмыстар:

физикалық жаттығулар;

сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;

эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»;

сауықтыру гимнастикасы;

емдік дене шынықтыру;

қозғалысты ойындар;

массаж, психогимнастика, тренинг т.б.

табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану;

таза ауадағы сабақ.



Денсаулықты  сақтау  сауаттылығын қалыптастырудан  оқушы  келесі

тұлғалық нәтижелерге жетуі керек:

1)

Денсаулық



сақтау 

сауаттылығына 

байланысты 

білім, 


білік,

дағдысының қалыптасуы.

2)

Оқу сабақтары баланың өзіне сыни көзбен қарау, партада дұрыс отыру,



дұрыс жүру ережелерін меңгеру құзыреттілігі.

3)

Жалпы  дамытушылық жаттығулар  кешенін,  гимнастика,  шаңғы,



қозғалыс ойындары  түрлерін  білу, қажеттілігін ұғыну  мен  тәжірибеде қолдана

білу.


4)

Қозғалыс ойындары арқылы денені дамыту әрекетінің қалыптасуы.

5)

Дене  тәрбиелеу  мен  денсаулық сақтауға  байланысты  оқушының



танымын, өмірге қажетті, пайдалы дағдысын қалыптастыру құзыреттілігі.

6)

Ұлттық ойындарды рухани құндылық деп түсіну, құрметтеу.



7)

Табиғаттың сауықтыру күштерін сауатты пайдалана алу.



48

8)

Намыс, 



шыдамдылық,

батылдық


секілді 

тұлғалық 

қасиеттер

құзыреттілігі.

9) Жеке, ұжымдық және отбасылық демалыста және бұқаралық-спорттық

көпшілікке арналған жарыстарға қатысуда.

10) Белсенді  шығармашылық жұмыстар,  салауатты өмір  салтын  таңдау

және қалыптастыруды.



Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы

Оқушыларға 

берілетін

құқықтық


білім 

беру 


жүйелі, 

мақсатты


оқушылардың  құқықтық мәдениетін  тұлғаның дамуының деңгейін  көтеруге

бағытталған болуы  керек.

Оқушылардың  құқықтық

сауаттылығы  келесі

әрекеттер  арқылы

қалыптасады:



құқықтық білімді  меңгеруі, әлеуметтік құқықтың мәнін

түсініп, әлеуметтік құндылық ретінде қабылдауы,  тұлғаның  құқықтық

тәртібінде көрініс табады.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның  құқықтық санасы  мен  мәдениеті

ғана  емес,  сондай-ақ барлық  құқықтық  қызметінің негізгі  бағыттарын  түсіну,

құқықтық сауттылықты қалыптастыру үдерісінің сапалы  жүзеге  асуына  негіз

болады.  Осыған  орай, Қазақстан  Республикасының Ата  Заңының  1 бабында:

«Қазақстан  Республикасы өзін  демократиялық, зайырлы, құқықтық және

әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады;  оның ең  қымбат қазынасы – адам

және  адамның  өмірі, құқықтары  мен  бостандықтары»  деп  көрсетілгендей

мемлекеттің  үлгілі  азаматына  тән  тұлғаны

қалыптастырып,  жетілдіру

құқықтық тәрбиенің көкейкесті мақсаты.

Қазіргі  заман  талабына  сай құқықтық тәрбие үдерісі  келесі  мақсаттарды

көздейді:

- оқушының  құқықтық білімін  жақсарту  (құқықтық  ұғыну, өз құқықтары

мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.);

- тәрбиеленушінің  құқықтық санасы  мен  мәдениетін қалыптастырып,

дамыту  (заң нормаларына қарсы әрекеттер  жасамау, құқықтық білімін

жетілдіру,  басқа  азаматтар  мен  адамдардың  құқықтары  мен  бостандықтарын

сыйлау, заңды міндеттерін орындау).

Оқушыларға қазіргі қоғамның  қарым–қатынас  заңдылықтарын  терең

ажырататын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет.  Тәлім – тәрбиелік

мәселелердің барша  табиғатына үңілсек,  тіршіліктегі  сан  алуан қолданбалы

мәні зор әлеуметтік нормаларды – тарихи құқықтық жүйенің қайнар көзі немесе

құқық ғылымының негізі деуге болады.

Осы  мәселеге байланысты бастауыш  сынып  оқушыларына ғасырлар бойы

сұрыптала  жинақталып,  жүйеге  түскен ұлттық дәстүр,  салт-сана, әдет-ғұрып,

ұрпақтан – ұрпаққа  біртіндеп  жалғасатын  адамгершілік  туралы  т.б. әлеуметтік

нормалар мен принциптер туралы сыныптан тыс жұмыстар өткізу ұсынылады.

Жалпы әлемдегі  даналардың, кемеңгерлердің, шешендердің тіпті өзіңнің ата-

анаңның да  айтқан ұлағатты  сөздерінің бәрі құқықтық  әлеуметтік  мәнге  ие

екенін басты бағдарда ұстау қажет.

Құқықтық тәрбие  сан қырлы  күрделі үдеріс,  бұл  жалпы  және  арнаулы

шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Бастауыш мектеп оқушысын қоғамдық


49

пайдалы тәртіпке, құқықтық санаға негізделген әлеуметтік белсенділікке жетуі

тәрбие процесінің басты мақсаты болуы тиіс. Адамдықтың белгісі — адамның

жаны  мен  тәнінің сапалық, сандық жағынан  елеулі өзгерістерге  түсуі.

Бастауыш  оқушысының  қоғамдық белсенділігі  артады,  сана-сезімі өседі,

психикасы  шыңдалып,  нығая  түседі.  Ол қоғамнан өз  орнын  табуға  тырысады,

өзін қоршаған  ортаға  сын  көзбен қарай  бастайды.  Бұл  жастағыларда өзін-өзі

бағалауға  ынталану,  рухани өмірге қызығу, қоғам  мен  жеке  бас  турасындағы

ойлар  адамгершілік  идеялар  кемеліне  келе  бастайды.  Осы  кезде  мұның  өзі

адамның күшті,  епті,  ширақ, оңтайлы  болып өсуіне  және  оның түрлі әдіс-

тәсілдерді,  арнаулы

құқықтық


ережелерді  бұзбай,  кедергілерді  жеңіп

үйренуімен де тығыз байланысты.

Жастарға құқықтық тәрбие  беру, қоғамдық  қарым-қатынастағы  заңдық

және әлеуметтік мәселелердің саяси мәнін жан-жақты, әрі терең түсінуіне негіз

жасайды.  Бұл  тәрбиеленушінің көзін  жеткізуге  сендіруді  көздейтін  мақсатты

қызмет.


«Оқушылардың  құқықтық сауаттылығының негізі- тұлғаны  жан-жақты

үйлесімді  тәрбиелеу  саласының бірі — құқықтық тәрбие.  Ол қоғамның  әрбір

азаматының мемлекеттік  заңдарды  аса  жауапкершілікпен  орындап  отыруы

талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе,  елімізде жүріп жатқан жариялылық,

құқықтық және  зайырлы қоғам  орнату үдерісімен  байланысының маңызы

ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

1. Оқушыларға  мемлекет, құрылым  және құқық,  құқықтық нормалар

жайында  жан-жақты  білімдерді  меңгерту.  Бұл  бағытта  мектеп  Жарғысы,

оқушыларға  арналған  мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы

негізін қалайды.  Онда  оқушылардың  құқықтары  мен  міндеттері  туралы

нормалар бар.

2. Мемлекет  пен  мемлекеттік  заңдарға құрметпен қарау  сезімдерін

тәрбиелеу.  Мұндағы  маңызды  мәселе – бүгінгі  таңда  елімізді қайта құру

кезеңінде  Парламентте қабылданып  жатқан  заңдарды  таныстыру,  олардың

қоғамдағы  демократияны  дамытып, әділдікті  баянды  етуде  атқаратын қызметі

мен  ерекшеліктеріне  көңіл  бөлу,  соның негізінде  оқушылардың сана-сезімін

қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу.

3. Оқушылардың мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына

сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру.

4. Ата  Заңның  14-бабында:  «Заң мен  сот  алдында  жұрттың бәрі  тең» деп

атап  көрсетілген.  Олай  болса,  адамзат  баласы Қазақстан  Республикасының

азаматы  болған  жерде  бір-біріне қамқор  болып,  ел  байлығын  халық игілігіне

жұмсауға  атсалысуы тиіс. Құқықтық тәрбиенің міндеті – оқушылардың

азаматтық белсенділігін қалыптастыру,  заңды  бұзушылыққа қарсы  күресу,

әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.

Құқықтық тәрбиенің нәтижелі  болуы үшін  сатыдан  сатыға  көшкенде

құқықтық тәрбие  күрделеніп,  тереңдей  береді.  Оқушылардың  құқықтық сана-

сезімін қалыптастыруда  бір  сатыда қол  жеткен  табыс  келесі  сатыда  баянды

етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі- мектепте оқу болса, оқушыларға оқу

пәндерінің  құқықтық тәрбие  берудегі қызметі  айрықша.  Бастауыш  мектепте



50

дүниетану  пәнін  оқытқанда  балаларға қоршаған  ортаны  сақтап,  тиімді

пайдалануға, қорғауға  арналған  заңдар  туралы  мәлімет  беруге  болады.  Ата

Заңның  38-бабында:  «Қазақстан  Республикасының азаматтары  табиғатты

сақтауға  және  табиғат  байлықтарына ұқыпты қарауға  міндетті»,- деп  атап

көрсетілген.

Оқушыларға

құқықтық


тәрбие  беруде  сыныптан,  мектептен  тыс

жұмыстардың да  алатын  орны  ерекше.  Осы  бағыттағы  жұмыстарға  жататын

тәрбие берудің жолдары мыналар:

1. Мораль мен құқық мәселелеріне арналған әңгімелер өткізу.

2. Полиция, МАИ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру.

3. Құқық


мәселелеріне  арналған  кештер,  конкурстар,  олимпиадалар

ұйымдастыру.

4. Құқықтық үйірмелерге қатыстыру.

5. Оқушылар  конференциялары,  айтыстары,  адамгершілік  және құқық

тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем мәтіндерді талқылау.

6. Құқықтық тақырыптарға  арналған  деректі  және  көркем  фильмдерді

талқылау.

Мектептегі

құқықтық

сауаттылықты

қалыптастыру

-

негізгі



құқықтық бағыттағы тәрбие  жұмыстары болып  табылады.  Баланың  өміріне

және


әрекетіне

қолайлы  жағдайлар  туғызып,  баланың

бойына  біткен

мүмкіншіліктерді  ақиқатқа  айналдыру  жолында

әрекет  етіп,  баланың

әрекеттерін ұйымдастырып,  басқарып,  оларға  дұрыс  бағытын  беріп,  жетекші

болып отырады.

Мектептегі құқықтық тәрбие  жұмысы.  1- сыныптан  бастап, белгілі  бір

жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет.

Әрине, құқықтық тәрбие  тиімді  нәтиже  беру үшін – арнайы  жүргізілетін

сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Құқықтық тәрбиенің міндеттерін бөліп көрсететін болсақ, ол төмендегідей

болады:

- қоғам мүшелерінің бойына құқықтық білімді сіңіру;



- құқыққа сай жүріс-тұрысты әдетке, дағдыға айналдыру;

- құқықтық іске белсенді араласу қабілетін ояту;

- қоғам мүшелерінің заңда белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғай

және пайдалана алуға машықтандыру;

- құқықтық сананы қалыптастыру.

Құқықтық тәрбиенің негізі - оқушыға құқықтық нормаларды  таныту

болып  табылады. Құқық нормалары  мен  ережелері  адамдардың іс-әрекеттері

мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған

заңдарға  сай  келуін  талап  етеді.  Сондықтан  да  осы  талаптарға  сай өмір  сүру

үшін құқықтық нормаларды  білуді  борышы  ретінде  бастауыш  мектептің беру

міндеті.

Олай  болса,  оқушы  жастарға құқықтық білім  беріп,  олардың  құқықтық

сауаттылығын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

1.

Өскелең



жас

ұрпақты


қоғамның

заңдары  мен  нормаларын

бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.


51

2.

Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз



Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.

3.

Өз  елінің материалдық және  рухани  байлығын  сақтап,  оны



молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.

Бұл  бағытта  мектеп  Жарғысы,  оқушыларға  арналған  мінез-құлық

ережелері құқықтық білімнің алғашқы  негізін қалайды.  Онда  оқушылардың

құқықтары  мен  міндеттері  туралы  нормалар  бар.  Міне,  осы қарапайым

құқықтық нормалар  төменгі  сыныптан  бастап  оқу  тәрбие  процесінің барлық

құрылымында түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан басталады.

Мектепте құқықтық тәрбие  беру үдерісін  кезең-кезеңмен өткізген  жөн.

Оқушылар  1-4  сыныптарда  алғашқы

құқықтық  ұғымдармен  танысады,

адамгершілік  тәрбиесіне  баса  көңіл  бөлінеді.  Содан  кейін әркімнің  өз  істеген

ісіне  жауапкершіліктің болатыны  түсіндіріледі.  Мысалы,  олар  мектептің

өздеріне  бұрын  беймәлім  ішкі  тәртібін  меңгереді,  міндеттерін ұғынады,

алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер

барысында  олардың

сынып,  мектеп  алдында  жауапкершілік  сезімдері

қалыптасады.



52

Қорытынды

1. Бастауыш мектеп оқушысы тұлғасының пәндік білім, білік, дағдыларын

әлеуметтік-қоғамдық ортада  кез  келген  жағдаятқа  сәйкес  еркін қолдана  алу

мүмкіндіктерінің  қалыптасқан  жүйесі оның функционалдық сауаттылығының

қалыптасқандығын танытады.

2. Бастауыш  мектепте  оқылатын  оқу  пәндері  арқылы  функционалдық

сауаттылықты  дамыту үдерісінде  ойлау  дағдыларын қалыптастыру  пәндік

білім, ептілік және дағдыларға сүйене отырып жүзеге асады.

3. Бастауыш  мектепте  оқылатын  оқу пәндері мен оқу

іс- әрекеттерін

меңгеруде білім,  ептілік,  дағдының  құзыреттілікке айналуы  оқушының

функционалдық сауаттылығының    қалыптасу үдерісінің жүріп  жатқанын

танытады.

4. Бастауыш  мектеп  оқушыларына

оқыту  мен  тәрбиелеу  нәтижесі

оқушылардың алған  білімдерін өмірде,  тұрмыс- тіршілікіте қолдана  алуына

бағытталуы - білімнің білікке,  біліктің  қолдана  білуге ұласуының бірден-бір

кепілі болып табылады.

5. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі  таңда  оқыту

жүйесіне қойылып  отырған әлеуметтік  сұраныс  талаптарымен  сай  келу үшін

бастауыш  сыныптардан  бастап  оқушының

оқу,  жазу  сауаттылығын,

жаратылыстану ғылымындағы  сауаттылығын,  математикалық сауаттылығын,

компьютерлік 

сауаттылығын, 

денсаулық

мәселесіндегі 

сауаттылықты,

құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға  бағытталған  арнайы  жұмыс  арқылы

оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.



Мектеп  оқушыларының функционалдық сауаттылығын  дамыту үшін

білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:

білім  беру  мазмұны  (ұлттық стандарттар,  оқу  бағдарламалары);



оқыту нысандары мен әдістері;

• білім  алушылардың оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау

жүйесі;

• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;



• мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің

оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы

білім беру ортасының болуы;

• ата-аналардың балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді

рөлі.


6.  Функционалдық сауаттылықты  жүзеге  асырудың тетіктері  анықталды:

(оқытуәдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту;  оқыту  нысандары  мен

әдістері;  оқу  нәтижелерінің бағалау  жүйесін өзгерту; қосымша  біліммен  және

мектептен  тыс  сабақтармен қамтуды  жатқызады;  мектепті  басқару  моделі

(қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің

оқу  жоспарын  реттеудегі

дербестігінің жоғары  деңгейі);  барлық мүдделі  тараптармен әріптестікке

негізделген  достық  қалыптағы  білім  беру  ортасы;  ата-аналардың балаларды

оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуы;).


53

7. Оқушының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыру   біртұтас

әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап

оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы

жүзеге  асады.  Сондықтан  мақсатқа қол  жеткізудің басты құралы  саналатын

білім  мазмұны  оқушының функционалдық сауаттылығына  негізделіп,  сынып

сайын күрделендіріліп отыру керек

8.  Бастауыш

мектеп  оқушыларының

функционалдық сауаттылығын

қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік  ойын,  дара  тұлғаға  бағдарланған  оқыту

және  сұрақ-жауап әдістері  арқылы  жүзеге  асатын  жағдаяттық тапсырмалар,

рөлдік  ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын

тапсырмалар арқылы  кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.


54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Оқушылардың

функционалдық

сауаттылығын 

дамыту 

жөніндегі



2012-2016  жылдарға  арналған

ұлттық


іс-қимыл

жоспары  (Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан  дамуының басты

бағыты»

Елбасы


Нұрсұлтан

Әбішұлы


Назарбаевтың

2012 


жылғы

27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.

3.

Нұрсұлтан



Әбішұлы 

Назарбаевтың 

«Қазақстанның 

әлеуметтік

жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ Еңбек Қоғамына қарай  20 қадам»  («Егемен

Қазақстан»), 2012 ж. 10 шілде мақаласы.

4. 2012  жылғы  5 қыркүйекте  Назарбаев  Университетіндегі Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интерактивті дәрісі.

5. Словарь русского языка. – М.: Русский язык. 1998 г. – 46 с.

6. Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1986. 10 том. – 17 б.

7. Дополнительное  образование  детей:  Учебное  пособие  для  студентов

вузов/ Под ред. О.Е.Лебедева. – М.: ВЛАДОС, 2000. – 256 с.

8. Оразахынова  Н.,  Кенжебаева  Г.  М. - «Оқушылардың функциональдық

сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.

9. Рауандина  А.К.  «Қазақ тілін  оқытуда  оқушылардың функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыру

әдістемесі 

(орыс 

тілді 


мектептердің

5-6-сыныптары)» автореферат дисс. – Алматы, 2010. - 26 б.

10. Выготский  Л.С.  Психология  развития  человека. – М.:  Смысл,  2006. –

48 с.


11. Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы,

Ы.Алтынсари атындағы Қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 2000. –

30 б.


55



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет