Қосымшалар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру сабақтарының әдістемелік сценарийі
(қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, өзін-өзі тану)
А Қосымша
3-сынып
«Қазақ тілі» пәні
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: дыбыстар және әріптер туралы 2 сыныпта алған
білімін еске түсіру, қайталау; дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай
қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; дауысты дыбыстардың дауыссыз
дыбыстардан ерекшелігін түсіндіру.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс; «Ұқсастық пен даралық», «3 қадамдық
сұхбат» стратегиялары (СТО бағдарламасының стратегиялары).
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Алған білімін қайталау
Оқушылар 3 топқа бөлу. Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ -
жауап арқылы қайталау.
Тақтаға мынадай сөздер жазылады: дала, білім халық, қымыз.
Осы сөздерді құрап тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу:
аа, іі, аы, ыы.
Мынадай сұрақ қойылады:
- Осы тізбектен қандай сөздер екенін білуге бола ма?
Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады:
Д...Л..., б.. .Л...М, Х. ..Л...Қ, қ...м...з.
- Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?
Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелері өзара пікірлесе
отырып, өз қорытындыларын айтады. Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай
алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да
маңызы зор. Дауысты, дауыссыз дыбыстар бір-бірінсіз сөз құрай алмайды .
Сабақ
басындағы
қайталауға
берілген
тапсырма
оқулық
бойынша
орындалады. Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы
сөйлемдерді ауызша толыктырады.
IV Сабақты бекіту
Мағынаны тану кезеңі
1-жаттығуды орындап болғаннан кейін, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар
еске түсіріледі. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болуына
байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.
2-жаттығуды орындау кезінде жаңа
сөз жасап тұрған дыбыстардың
қосындысынан «Оқу түбі - тоқу» деген мақал шығуы керек. Бір дыбыстың
өзгеруінің өзінен сөздің мағынасы өзгеретіні түсіндіріледі.
56
3, 5-жаттығу да бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздерді табуға
арналған. Оқушылар өзгерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
4-жаттығуды орындау арқылы сөздерге дыбыстың талдау жасап, дыбыс пен
әріптің айырмашылығын еске түсіреді.
Жаттығулар
орындалғаннан
кейін
топтарға
тапсырмалар
беріледі.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың
ұқсастықтары мен ерекшеліктерін «ұқсастық пен даралық» стратегиясы
бойынша анықтау керек. Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі
формада сызуына болады. Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес,
т.б.
Бастапқы
шеңбердің
ішіне
дауысты,
дауыссыз
дыбыстардың
айырмашылықтары, үшінші шеңберге ұқсастықтары жазылады.
Ойтолғаныс
«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.
V Қорытынды
VI Үйге тапсырма беру
VIІ Бағалау
Дауысты дыбыс
А, ә , о, ө, ұ, ү, ы, і, y, u, ...
1.Созылып айтылады, кедергіге
ұшырамайды.
2. Жуан, жіңішке.
3. Буын құрайды.
4. Екі дауысты дыбыс қатар
келмейді.
Дауыссыз дыбыс
к,қ,м,н,ң,р,й,...
1. Созылмайды, кедергіге
ұшырамайды.
2. Қатаң, ұяң, үнді
З.Буынңүрамайды.
4.Екідауыссызқатаркеледі.
1. Дыбыс
2. Әріптік таңбасы бар
3. Сөз құрайды
4. Қазақ әліпбиін құрайды
5. Дыбыстың өзгеруі сөз
мағынасын өзгертеді
57
Ә Қосымша
4-сынып
«Әдебиеттік оқу» пәні
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. «Жетім»
Сабақтың мақсаты: жетім мағнасына бағыт-бағдар беру арқылы ұғындыру,
сезіндіру, ой өрістерін дамыту; қамқорлық, сүйеніш, қорған бола білу
сезімдерін баулу, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру; мәнерлеп оқу
қабілетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер:
Педагогикалық шеберхана, ұжымдық оқыту әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:
«Жетім» көркем фильмнен үзінді. Түйін сөз(индуктор) «Жетім», Эльер-Венн
диаграммасы, жазушы портреті, интерактивті тақта, топқа бөлу мақсатында
тапсырмасы бар 4 конверт.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқулық, қалам, дәптер ал.
Сабақта керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын күнделік.
а) конверттегі тапсырмаларды орындай отырып, оқушыларды топқа
бөлу.
ә) Абайдың жыл мезгілдеріне жазған өлеңдерін жатқа оқу.
ІІІ Үй тапсырмасын сұрау
Ә. Жангелдин.«Амангелді Иманов туралы естелік».
а) мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, мүсіндеп
(батырды),оны мазмұндап береді(пластелинмен жұмыс).
ә) диафильм құрастырып, сурет бойынша мазмұндап береді.
Сурет дәптерінің қағазын 4-ке бүктейді, ол 4 кадр(титр),
соған сурет салады.
Б) Әңгімелеу.( Мазмұнын айтып беру)
IIІ Жаңа сабақ
1. Ой қозғау
Балалар, қазір кинофильмнен үзінді көрейік.
Осы фильммен таныссыңдар ғой.
-Бұл фильм қалай аталады?
-Жетімдер.
-Егер екі бала туралы емес,бір ғана бала туралы оқиға болса қалай аталар еді?
- Жетім.
Қане, көздеріңді жұмып, денелеріңді тік ұстап, қолдарыңды тізелеріңе қойып,
осы түйін сөз төңірегінде өз ойларыңды жүйелеп көріңдерші. Көздеріңді
58
ашыңдар. Осы «Жетім »деген сөзді индуктор етіп алып, соның төңірегінде ой
қозғап көрейік.
а)
Ешкімі жоқ.
Оны бәрі аяйды.
Әке-шешесі
Қорғанышы
жоқ
« Жетім»
жоқ
Ол қиындық
Оған ешкім көмек
көреді бермейді
Кейбіреулер оны ренжітеді.
- Осы сөзді естігенде жүрегіңе қандай сезім ұялайды?
-Аяушылық, көңілсіздік, қорқыныш сезінеміз.
Ой шақыру жұмысы жүргізіледі. (М.Әуезов-портрет.)
ә)
Бұл кім?
Жазушы
Халыққа танымал адам
Драмматург
Абайтанушы ғалым
М.О.Әуезов
Әлемге танымал адам
Кеменгер
Ақыл мен пасат иесі
Ұлт мақтанышы
- Балалар, осы ой толғаныстан кейін біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы
қандай деп ойлайсыңдар?
- М.Әуезовтың «Жетім әңгімесі»
Онда мен сендерге осы әңгімеден үзінді берейін, оқып танысыңдар.
2. Мәтінмен жұмыс.
а) Оқушылар алдарындағы қағазға басылған әңгіменің 1-3
бөлімдерімен танысады.
Оқушылар әңгімені өздігінен оқып шығады.
Оқу барысында түртіп алу әдісімен сөздік жұмысына
дайындала отырады.
ә) Мына екі түске назар аударыңдар
Ақ
Қара
-Ақ түс нені білдіреді? -Қара түс нені білдіреді?
-Күн, қуаныш, жақсылық,
- Түн, реніш, жамандық,
көңіл-күйдің ашықтығы.
Қорқыныш, үрей.
-Сонда жетім баланың тағдырына қай түс сәйкестеу
келеді деп ойлайсыз?
59
3. С өздік жұмысы
Жөнеліп кетті – жүріп кетті
Зарлау – дауыстап, қайғырып жыласу.
Үрку – қорқу.
Қауіптену – қорқыныш сезу.
Дедектеу - қатты дірілдеп тоңу.
Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік.
Қара беріс – шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.
а) Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын ашу.
-Әңгіме басындағы табиғат көрінісі қандай?
-Кешкі мезгіл. Аспан бұлтты.Жауын жауатындай. Алыста
күн күркіреп, найзағай жарқылдап тұр.
-Табиғат Қасымға қалай көрінді?
-Өте қатал, суық көрінді. Өте қорқынышты халде болды.
-Ол неге жалғыз, жаяу келе жатыр?
-Оны Иса деген туысы ұрып-соғып, ол қиындық көрді.
-Неліктен оның тағдыры қиын болды?
-Себебі оның әке-шешесі, әжесі бәрі қайтыс болып, ол
Жалғыз қалды. Ал туыстары қатыгез болды.
-Әңгіме неге «Жетім»деп аталған деп ойлайсың?
-Себебі ол ешкімі жоқ жетім бала туралы.
-Әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады деп ойлайсың?
-Қасымның өмірі, Қатығез Иса, Қасымның тауға кетуі т.с.
ә)
Енді
әр топ
өздерің
осы
әңгіменің 4-бөлімі болатындай
шығармашылық жұмыс істеңдер. Әңгімені аяқтап көріңдер.
3 минут уақыт өткен соң әр топтан бір оқушы әңгімелерін оқып
береді. Әр топтың жұмысы тақтаға ілінеді.
б) М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесі 4-бөлімін бір оқушыға оқыту.
Автордың нұсқасы мен әр топтың жазған әңгімелерін салыстыру.
-Ұқсастығы неде?
-Қандай айырмашылығы бар?
-Автордың әңгімесі қалай аяқталды?
-Сендердің әңгімелерің қалай аяқталды?
в) Эльер-Венн диаграммасы. (оқушылар салыстыра отырып толтырады)
М.Әуезов «Жетім» «Жетімдер»
( Әңгіме) ( фильм)
Ортақ ұқсастықтары
60
IV Сабақты бекіту
Ой толғаныс
а) Сын тұрғысынан ой қозғау.
-
Балалар! Қазіргі заманда, осы күнде біздің Мемлеке-
тіміз жетім балаларға қандай қамқорлық жасайды?
-Жетім балалар үйі бар. «Бөбек»қоры, орталығы бар,
Осындай жетім балаларды қамқорлыққа алады.
Астана қаласында SOS Киндердорф қалашығы бар.
( «Бөбек» қорының балалар үйі туралы деректі фильм көрсетіледі).
ә) Sinkuein (5 жолды өлең құрау.)
1-жол: Зат есім (1)
2-жол: Сын есім (2)
3-жол: Етістік: (3)
4-жол: Сезімді білдіру
5-жол: Зат есімге қарама-қарсы сөз
Мысалы:
Қасым
Жетім, жазықсыз
Туды, қайғырды , өлді
Мен аяйтын кішкентай бала
V Қорытынды
-Әңгімедегі оқиға қандай?
-Аянышты. Әңгімеде қайғы, қорқыныш бар. Әділетсіздік
пен зорлық та бар.
-Әңгіме қалай аяқталған?
-Әңгіме қайғылы оқиғамен аяқталып отыр.
-Сабақта қандай жұмыстар жүргіздік?
-«Жетім» деген сөздің мағынасын аштық.
-М.О.Әуезов туралы білгенімізді айтып, білімімізді
толықтырдық. С.Венн диограммасын толтырдық.
-Ақ пен қара сөздерінің мазмұнын аштық.
-Әңгімені оқыдық, оның мазмұнын аштық.
-5 жолды өлең құрастырдық.
-Кімге қандай жұмыс түрлері ұнады?
(Әр оқушы өз пікірін білдіреді.)
VI Үйге тапсырма беру
М.Әуезовтың «Жетім»әңгімесін оқып, оны бөлімдерге бөлу, әр
бөлімге ат қойып келу тапсырылады.
VIІ Бағалау
(Әр оқушыға бағалау қағазы беріледі, сол бойынша білімін әр
оқушы өзі бағалайды).
61
Б Қосымша
3-сынып
«Математика» пәні
Сабақтың тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау
Ауызша қосу және азайту тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау,
сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту; ауызша қосу мен азайту
дардыларын бекіту; құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау; логикалық
ойлауды дамыту.
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың психологиялық дайындық кезеңі: балалар партаға бастарын
қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің
сөзін
қайталайды:
Мен мектепте
сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді.
Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге
дайынмын.
ІІ Өткенді қайталау
ІІІ Жаңа сабақ
Ауызша есептеу ( сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту;
оқушылардың зейінін дамыту).
Мұғалім оқушылардан 2-сыпыпта не үйренгендерін еске түсіруді сұрайды.
- Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйренгілерің келеді?
- Олай болса, былтырғы оқыгандарың толық естеріңде ме,
соны тексеріп көрелік? Ол үшін бірнеше жаттығулар орындаймыз.
«Санда неше бірлік (ондық) бар?» ойын-жаттығуы.
Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.
Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы санды атайды, ал оқушылар
карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін
(мұғалім тапсырмасына қарай) көрсетеді.
«Қандай сан жоқ?» ойын-жаттығуы.
Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 20-дан 40-
қа дейінгі сандары бар кесте ілінеді.
40
30
35
3
3
23
3
6
2
8
22
27
29
32
21
37
3
9
31
24
38
25
3
4
20
Көркем жазу минутына мынадай тапсырма беруге болады: 1, 2, 3 сандарын
пайдаланып, екі таңбалы сандарды жаз (123, 132, 213, 231, 321, 312). Неше сан
жаздыңдар? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? 1 ондыры бар, 1 бірлігі бар, 3
62
ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар? Осы
сандарды қандай топтарға бөлуге болады?
Ауызша есеп: 1-жаттығу.
2-жаттығу
математикалық
диктант түрінде
жүргізіліп, соңынан тексеріледі.
ІІІ Бекіту
Сандарды және өрнектерді салыстыру дағдыларын бекіту үшін оқушылар 3-
жаттығуды орындайды (І-баған тақтада түсінік бере отырып орындалады, ал 2-
ші және 3-бағандар нұсқалар бойынша өз беттерінше орындалады).
Құрама есептерді шыраруға дайындық үшін математикалық диктант түрінде
бірнеше жай есептерді шешіп, тек қана жауаптарын жазуды ұсынған жөн:
1) 3 «А» сыныбында 25 оқушы бар, ал 3 «Б» сыныбында олардан 7 оқушы
артық. 3 «Б» сыныбында неше оқушы бар?
2) Сыныпта 15 ер бала бар, ал олардан 4 қыз бала артық? Сыныпта неше қыз
бала бар?
3) Сыныпта 12 ер бала және 13 қыз бала бар. Сыныпта барлығы неше бала
бар?
4) Серікболдың портфелінде 6 оқулық бар, ал Айсәуленің портфелінде одан
екі оқулық кем. Айсәуледе неше оқулық бар?
5) Сұлтан өткен оқу жылында 98 «бестік» баға алды, ал «төрттік» бағасы одан
18-ге кем. Сұлтан өткен оқу жылында неше «төрттік» баға алды?
Өздік жұмыс
№4 (а) жаттығуда оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен есептің қысқаша
жазылуын құрастырады.
Ер балалар - 13 және 3
Барлығы – 25 оқушы
Қыз балалар - ?
-
Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? Сыныпта барлығы
неше ер бала бар екенін біле аламыз ба? Қандай амалмен? Сыныпта неше
ер бала және барлығы неше бала барын білсек, сыныпта неше қыз бала
бар екенін білуге бола ма? Қандай амалмен орындалады?
-
Неге азайту амалымен?
Осындай жан-жақты талдаудан кейін балалар есептің шешуін өз беттерінше
табады.
№ 4 (ә) жаттығуды балалар өз беттерінше орындайды.
№5 жаттығу есептеудің тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталған, оны тақтада
түсіндіре отырып орындайды.
№7 жаттығуды орындау кезінде уақыт бірліктері (сағат-минут, тәулік-сағат)
арасындағы қатынасты қайталап, тәулік мезгіліне қарай уақытты дұрыс айтуға
үйрету қажет.
№8 логикалық тапсырманы оқушылар ауызша орындай отырып, соңынан
тексереді (бірінші фигурада 9 тіктөртбұрыш, екіншісінде - 18).
«Нумерация» тақырыбы бойынша тест жүргізу:
1. 1 жүздік 7 бірлік және 5 ондығы бар санды тап.
а)175;
ә) 157;
б)170;
в) 150
63
2. 8 ондықта неше бірлік бар?
а) 8; ә) 80; б) 0
3. Сандардың өсу ретіне қарай дұрыс жазылуын тап. 24, 68, 61, 63, 42, 86, 36,
16
а) 24, 16, 36, 42, 61, 63, 68, 86
ә)16, 36, 24, 42, 61, 63, 68, 86
6)16, 24, 36, 42, 61, 63, 68, 86
4. 380 және 80 сандарының айырмасын тап.
а) 460;
ә) 300;
б) 370
5. 600 және 6 сандарының қосындысын тан.
а)66;
ә)594;
б)606
6. 1 санын алу үшін 700-ден қай санды азайту керек? а)701;
ә)699;
б)70
7. Азайғыш 840, азайтқыш 1. Айырманың мәнін тап.
а) 839;
ә) 850;
б) 841
8. Санау кезінде 899-дан кейін қай сан тұрады?
а) 888;
ә) 900;
б) 901
9. Мына сандардан 3-ке аяқталатын ең кіші екі таңбалы санды тап.
а) 23; ә) 33; б) 11
10. Теңдік пен теңсіздік тура болу үшін бос жақшаларға қандай
сандар қою керек:
() + 10 = 19 99-()=90
30 + ( ) > 3 8
а) 9; 2) 90; б) 19
V Сабақты қорытындылау
№6 тапсырманы үй жұмысы ретінде беріп, №8 тапсырмаға ұқсас есеп
құрастыруға болады. Мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
- Сабақтың мақсаты қандай болды?
- Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік деп
айта аламыз ба?
-Сабақта не ұнады?
- Сабақта қандай тапсырма қиын болды?
- Қандай тапсырма жеңіл болды?
- Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларына баға бер.
VI Үйге тапсырма беру
VIІ Бағалау
Қосымша материал
Адамдар санауды қалай үйренді?
Ерте кезде біздің ата-бабаларымыз санауды білмеген. Алғашқы адамдарға
санауды үйрететін жан болмаған. Оларға өмірдің өзі ұстаздың еткен. Алғаш
пайда болған адамдар айналасындағы табиғатты бақылай отырып, жекелеген
заттарды айыруды
үйренген. Олар қасқыр
үйірінен тек біреуін, яғни
қасқырларды бастаған арланды, ал қүстар тобынан бір құсты, бидай арасынан
бір дәнді айыратын халге жетеді. Осылайша олар көп нәрсенің арасынан біреуін
бөліп алып, «бір» және «көп» екенін айтатын болған. Жұптасып келетін
көптеген нәрселерді (көз, аяқ-қол, қанат) көре келе, «екі» саны туралы
64
түсініктері пайда болған. Алғашқы адам екі үйрек көргенін айтқан кезде, екі
көзбен салыстыратын болған. Ал егер көбін көрсе, «көп» деп айтқан. Санауды
үйренуге өмір заңдылығы итермеледі. Аңға шыққанда тайпа басшысы аңды
қоршауға алу ү ш і н аңшыларды бөліп орналастыруы тиіс болады. Мәселен,
екеуі сол жақтан, екеуі оң жақтан, төртеуі артынан, т.с.с. Яғни, тайпа басшысы
санай алуы тиіс болатын, ал егер санды білмесе саусағымен көрсеткен.
Осылайша, санау аңшылыққа барғанда қажет болған.
Бірнеше ондаған жылдар бұрын археологтар ежелгі адамдар мекен еткен
жерді тауып алған. Онда табылған қасқырдың сүйегінде 30 мың жыл бұрын
кертіп салынған 55 таңба болған. Сүйектегі белгі он бір топқа бөлініп,
әрқайсысына бестен кертпе салынған. Алғашқы бес топ қалғандарынан ұзын
сызықпен бөлінген.
Содан бері көп уақыт өтті. Бірақ қазірдің өзінде швейцариялық шаруалар
ірімшік шығаратын жерге сүт жөнелткенде, құтылардың сыртына осындай
кертпелермен санын белгілейді.
65
Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................
3
1 Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың психологиялық негізі .......................................................
6
2 Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың педагогикалық негізі ........................................................
16
3 Бастауыш сынып оқушыларына функционалдық сауаттылықты
қалыптастырудың әдістемесі............................................................................ 27
Қорытынды .....................................................................................................
52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................
54
Қосымшалар. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру сабақтарының әдістемелік сценарийі (қазақ
тілі, ана тілі, математика, дүниетану, өзін-өзі тану) ...................................... 55
66
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
(бастауыш сыныптар)
Әдістемелік құрал
Басуға 19.08.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84
1/
16
. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 4,0.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург»ІСО, 13-қабат.
Достарыңызбен бөлісу: |