Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


 Бастауыш  сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6655
1   2   3   4   5   6

Бастауыш  сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын

қалыптастырудың педагогикалық негізі

Бастауыш  сынып  оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны

келесі мағынада сипатталады (1-сурет):

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1-сурет – Функционалдық сауаттылық мазмұны

Білім  берудегі  сауаттылық мәселесі,  біріншіден,  нақты  бір  елдегі

халықтың  әлеуметтік  жағдайына,  екіншіден,  мемлекеттің экономикалық

дамуына, үшіншіден,  елдегі  мәдени  ахуалға тәуелді  болатындығы  айқын.

Бүгінгі өркениеттің даму  деңгейі  білімділік  пен  сауаттылық  ұғымдарының

мазмұны  мен  оны  түсінудің сара  жолдарын  іздестіруді қажет  етіп  отыр.

Ғылыми  еңбектерде  сауаттылық  ұғымының белгілі  бір  деңгейде  ана  тілінің

грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені

байқалады. Әйтсе  де  адамның  өмір  сүруіне қажетті  деп  танылып,  меңгеруге

ұсынылған  бастауыш  мектеп  деңгейіндегі  белгілі  бір  білім,  білік  пен

дағдылардың жиынтығы  (оқу,  жазу,  санау,  сурет  салу  және  т.б.)  ретіндегі

тілдік  сауаттылық  қазіргі  кездегі әлеуметтік  сұраным  талаптарымен  сәйкес

келе бермейді.

Сауаттылық  ұғымының

нақты  мазмұны  дара  тұлғаның

дамуына


қойылатын қоғамдық талаптарға  байланысты құбылмалы  сипатқа  ие  болады.

Ол қарапайым  оқу,  жазу,  санау біліктіліктерінен  бастап  адамның  әлеуметтік



Функционалдықсауатт

ылыққа

кіреді

Ойлаудағдылар

ының

(интелектуалды

қептілігініңнегі

зінде)

Өмірлікдағд

ылар

Жалпысипатта

ғыіс-

әрекетдағдылар

ы мен

білімдікқұзіретт

іліктернегізінде

оқу мен жазудағысауаттылық

жаратылысғылымдарындағысауаттылық

математикалықсауаттылық

компьютерліксауаттылық

құқықтықсауаттылық

денсаулықмәселесіндегісауаттылы

ққалыптасады



17

үдерістерге  саналы  түрде қатысуына  мүмкіндік  беретін, қоғамдық  қажеттігі

айқын  кешенді  білімдер  мен  біліктерден

құралатын  функционалдық

сауаттылықты  меңгеруді  де қамтиды.  С.И.Ожеговтың сөздігінде  «функция»

сөзінің мәні  «Вызванный  функционированием  чего-нибудь,  зависящий  от

деятельности,  а  не  от  структуры,  строения  чего-нибудь  (книжн)» – деп

анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме  сөздігінде:  «фукционалдық  ұғымы  бір

нәрсенің  құрылысы, құрамынан  емес, қызметінен  болатын,  соның  әрекетіне

байланысты  болады» – деп  сипаттама  беріледі.  Бұдан  «функция» ұғымы

белгілі  бір  заттың

атқаратын

қызметіне  немесе  іс-әрекетіне

қатысты


айтылатыны танылады. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ

(компьютер,  сканер,  принтер,  т.б.),  олардың  өз  функциялары  бар.  Ал

«функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты

қарастырылады.  Кез  келген  маманның атқаратын  белгілі  бір  функциясы

немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық,

мектеп  директорының, оқу  ісі  немесе  тәрбие  жөніндегі  орынбасарларының

әрқайсысының өз функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша  жауап

береді.


Жалпы,  сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым  екені  белгілі.

Яғни,  сауатты  деген  сөздің түпкі  мағынасы  оқу,  жазу,  санау  біліктіліктері

қалыптасқан,  грамматикалық тұрғыда  таза, қатесіз  жаза,  сөйлей,  оқи  алатын,

сондай-ақ дұрыс  есептей  білетін  адам  сауатты  ретінде  танылады.  Ал

«функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі

мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.

Қоғамның дамуына  байланысты  сауаттылық  ұғымының мәні  тарихи

тұрғыдан өзгергенін,  тұлғаға қойылатын  талаптарда  оқу,  жазу,  санай  білу

қабілеттерінен  гөрі  белгілі  бір қоғамда өмір  сүруге қажетті  білім  мен

біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген

сипатта ұғынылады. Қазіргі әлемдегі,  еліміздегі өріс  алып  отырған  түрлі

бағыттағы  дамулардың  әсерінен қоғамның адамға қоятын  талаптарының

өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.

Сауаттылық  ұғымы  оны  білім  берудің  әрекеттік  аспектісімен  бірлікте

алғанда ғана  кеңейе  түседі.  Функционалдық сауаттылық – тұлғаның пәндік

білім,  білік,  дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада  кез  келген  жағдаятқа

сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.

Қазіргі  таңда  функционалдық сауаттылық  ұғымы  білім  кеңістігіндегі

білімді құзыреттілікке  бағыттау  парадигмасына  байланысты  туындап  отыр.

Қазіргідей  пәндік  білімге ғана  негізделіп  отырған  оқу үдерісінде  баланың

жалпы 

дүниетанымының 



қалыптасуы,

өміртанымдық

дағдыларының

жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы қоғамдық-гуманитарлық

пәндердің жаңарған  мақсат-міндеттерінен  бастап  оқытудың  әдістемелік

жүйесінің  әр  бөлігінің  (білім  мазмұны,  оқыту  түрлері,  оқыту әдістері,  білім

нәтижелері)  түбегейлі өзгертілу  деңгейіне қатысты  екені  сөзсіз.  Мектептік

білім  беру  жүйесін  жаңа  уақыт  талабына  орай  жетілдіру  білім  беру  жүйесін

өзіміздің  ұлттық болмысымызға,  негізге  алынған ұстанымдарымызға  сай

құруды қажет етеді.  Осыған  орай  мектептегі  берілетін  білімді  шынайы

өмірмен ұштастырып,  бастауыш  мектепті  бітіруші  түлектерді үлкен өмірге


18

дайындау қажеттігі  туындайды.  Сондықтан  бастауыш  мектеп  оқушыларының

меңгеруі  тиіс  білім,  білік,  дағдыларының жиынтығы  ретінде,  яғни  оқытудың

түпкі  нәтижесі  ретінде  оқушылардың бойында қалыптасатын құзыреттіліктер

алынады.

Білім  берудің нәтижесі  ретіндегі құзыреттілікті ғалымдар  (А.Хуторской,

М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ж.Т.Дәулетбекова) белгілі бір пәнге қатысты

оқушының игерген  іс-әрекет  тәсілдерінің жиынтығы  ретінде  анықтады.

Сондықтан қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беруде жаңа нәтижеге жетудің

басым бағыттарының бірі ретінде білімділік бағыттан оқушылардың бойында

құзыреттерді

қалыптастыру 

бағытына

өту 


мәселесі

қарастырылуда.

Құзыреттілік  бағыт – межелеген  мақсаттарға  жету үшін  оқушының ішкі

(білім,  білік,  дағды, құндылық, психологиялық ерекшеліктер  және  т.б.)  және

сыртқы  (ақпараттық, адами,  материалдық және  т.б.)  ресурстарды  тиімді

ұйымдастырудағы  дайындығының  қалыптасуын  көздейді.  Мектепте  берілетін

білім,  ендігі  жерде,  негізгі  мақсатқа  жетудің  құралы  болуы  керек  деп

тұжырымдалды.  Дәстүрлі  мектепте  білім  баланың білімді  болуы үшін ғана

беріліп,  сол  берілген  білімнің болашақта  бала өміріне қаншалықты қажет

екендігі


қарастырылмады. 

Педагогикалық

мақсат 

нәтижесінде 



бала

түсініктерді,  мәліметтерді,  ережелерді,  заңдылықтарды,  біліктіліктерді  және

т.б.  меңгеруі  тиіс,  ал  мұғалім  сол  білімді  меңгертуі  тиіс  болды.  Егер  оқу

нәтижесі құзыреттілік  деп  анықталса,  онда  пәнді  меңгертуден  күтілетін

нәтижелер  оқушының  өмірлік  дағдыларымен  сабақтастырылуы қажет  болып

саналады.

Сонымен,  функционалдық сауаттылық – жеке  тұлғаның    әлеуметтік,

мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы  және өмір

бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық факторы,  яғни  бүгінгі  жаһандану

дәуіріндегі  заман  ағымына қарай  ілесе  отырып,  меңгерген  білімді  тұрмыс

тіршілікте қолдана  алуы  мен  жетілдіре  отыруы.  Сонда,  функционалдық

сауаттылық 

ұғымына 

келесі 


анықтаманы 

беруге 


болады: 

адамның


мамандығына,  жасына қарамастан  меңгерген  білімді  сауатты қолдана  алуы

мен үнемі  білімін  жетілдіріп  отыру  процесі.  Мұндағы  басшылыққа  алынатын

функционалдық сапалар:  белсенділік,  шығармашылық тұрғыда  ойлау,  шешім

қабылдай  алу, өз  кәсібін  дұрыс  таңдай  алуға қабілеттілік,  т.б.  Яғни,  жалпы

білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене  және

рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын қалыптастыру,  оның  өзгермелі әлемде

әлеуметтік  бейімделуін қамтамасыз  ететін  білім  алудағы қажеттіліктерін

қанағаттандыру болып табылады.

Осыған  орай,

Ұлттық


жоспарда  функционалдық

сауаттылықтың

төмендегідей  негізгі  механизмдерін  бөліп  көрсетеді. Ұлттық жоспардың

жоғарыда  аталған  мақсат,  міндеттерін  жүзеге  асыруда  төмендегідей  тетіктері

нақтыланып,    мектеп  оқушыларының функционалдық сауаттылығын  дамыту

үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.

Олар:

• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);



• оқыту нысандары мен әдістері;

19

• білім  алушылардың оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау

жүйесі;

• мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;



• мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің

оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы

білім беру ортасының болуы;

• ата-аналардың балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді

рөлі.


Оның алғашқысы – оқыту

әдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі

жаңарту.

Яғни  мектеп  оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын

дамыту    жалпы  білім  беретін  орта  мектептің Мемлекеттік  жалпыға  міндетті

білім  беру  стандартын  (МЖБС)  жаңартудан  бастау  алуға  тиіс.  Ол үшін

мұғалім  білім  алушының бойына  алған  білімін  практикалық жағдайда  тиімді

және


әлеуметтік  бейімделу

үдерісінде  пайдалана  алатындай  негізгі

құзыреттіліктерді  сіңіруі керек. Олар:

басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

ақпараттық  (өз  бетінше  ақпарат  көздері  арқылы үнемі  білімін

көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

коммуникативтік  (үш  тілде: қазақ, орыс,  ағылшын  (шет)  ауызша,

жазбаша қарым-қатынас жасау);

әлеуметтік  (қоғамда, өзі өмір  сүрген  ортада  іс-әрекет  жасай  алу

қабілеті);

тұлғалық  (  өзін  жеке  тұлға  ретінде қалыптастыруға қажетті  білім,

білік,  дағдыларды  игеру,  болашақ  өзі  таңдаған  кәсібін өзі  анықтау,  оның

қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);

азаматтық    (қазақ халқының салт-дәстүрі,  тарихы,  мәдениеті,  ділі,

тілін  терең меңгеріп, Қазақстанның    өсіп-өркендеуі  жолындағы  азаматтық

парызын түсінуі);

технологиялық  (әр  азамат өз  мамндығына қарай  ақпараттық

технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты

пайдалануы).

Білім  алушы  осы  аталған  негізгі құзыреттіліктермен қатар  пәндік

құзыреттіліктерді  (әр  пәннің мазмұны  арқылы)  меңгеруі  тиіс.  Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:

Жалпыға  Ортақ Еңбек Қоғамына қарай  20 қадам»  атты  еңбегінде  оқулық

мәселесіне ерекше тоқталған болатын.

Жалпы  оқулық

жазу  мәселесі  күн  тәртібінен  түспеген,

өзекті

мәселелердің



бастысы  екендігі  алаш  арыстарының

ой-пікірлерінен  анық

аңғарылады.  Атап  айтар  болсақ, Ж.Аймауытов:  «...Тегінде  оқу  кітаптарын

кеңседе  отырып  одан-бұдан құрастырылып  ойдан  шығарылып,  долбармен

жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту

тәсілдеріне  сүйеніп  жазылуы  керек.  Бұлай  болмағандықтан  кітаптардың көбі

мектептерде қолдануға  жарамсыз  болып қалады.  Кітап  жазушылар  ауылдағы

мұғалімдер  арасынан  шықпай,  немесе  кітап  жазам  деген  кісі,  сол  бастауыш



20

мектепте бала оқытып  көрмей  тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап

ете түскендей кітап шығуы қиын».

Елбасы Н. Назарбаев  «...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс

емес.  Пән  сөзін  пән  маманы,  кітап  жазушы  шығару  керек.  Ешбір ғалым  пән

сөздерін  кеңседе  шешкізіп,  жасамайды.  Кітап  жазушы өзі  табады.  Бір

ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы

ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі ғана шығармаса,

бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес. Өйткені, әр пәнге жетік адамдар білім

кеңесінде  болмайды.  Пән  иесі  көп  ойланып,  көп  еңбекпен  тапса,  кеңес  сөзге

көп  ойланып  отыра алмайды.  Білім  кеңестерінің жиналысында  болғанымыз

бар,  онда  сөздер  жете  тексерілмей,

үстірт қаралатындығы,  көп  отырса

жалығып, қолайсыз  сөздерді  де  ала  салатындығы  байқалады», – деп  оқулық

жазудың  үстірт қарайтын,  жеңіл  дүние  еместігіне  баса  назар  аударады»,-

дейді. Елбасының жоғарыдағы тұжырымы осы алаш ойшылдарының пікірімен

үндесіп жатыр.

Яғни,  жоғарыдағы  пікірлерде  айтылғандай,  оқулықтың мақсаты,  міндеті,

мазмұны, құрылымы  функционалдық сауаттылықтың құзыреттіліктеріне  сай

жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа мазмұнда жазу барысында оның негізін салған

авторлар ұмыт қалмауға  тиіс.  Себебі  кез  келген  оқулықты  жазудың негізін

қалаған - сол  алғашқы  авторлар.  Олардың атын  оқулықта  сақтап қалу  біздің

азаматтық борышымыз  болуымен қатар,  болашақ  ұрпаққа  берер  тәлім-тәрбие

болмақ. Себебі, қазақ халқының тәрбиесіндегі  адамгершілік, үлкенге құрмет,

кішіге  ізет  т.б  сапалық  қасиеттер  мен құндылықтар  кез- келген  оқулықтың

ұстанымы болмақ.

Жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  стандарты  негізінде  жазылатын

мектептердегі  оқулық жоғарыдағы  айтылған құзыреттіліктерді    басшылыққа

ала отырып дайындалуы тиіс.

Функционалдық сауаттылықты  жүзеге  асырудың екінші  тетігі – оқыту



нысандары  мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің

оқулықтарының мазмұны

ұлттық  құндылықтарды  басшылыққа  ала  отырып жазылып,  оны  оқыту  мен

жүзеге  асырудың жаңа әдістері,  яғни  аралық белсенді әдістер  арқылы  жүзеге

асуы  тиіс.  Осы  негізде  білім  алған  мектеп  оқушылары  теориялық білімдерін

практикалық тұрғыда қолданумен қатар  ана  тілінің келешегіне үлкен

жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Ұлттық жоспарда  көрсетілген  функционалдық сауаттылықтың үшінші



тетігі – оқу  нәтижелерінің бағалау  жүйесін өзгерту. Яғни  бағалау  жүйесі

функционалдық сауаттылықта    сырттай  бағалау  және  іштей  бағалау  болып

бөлінеді.    Іштей  бағалау – оқу  пәні  бойынша  оқыту  сапасын  диагностикалау

және  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты өлшеміне  сәйкес

жүзеге  асырылуы  тиіс.  Ал  сырттай  бағалау – әрбір  деңгейді  аяқтау  бойынша

білім  алушының оқу  жетістіктерінің нәтижелеріне  сәйкес  (ҰБТ,  ОЖСБ  және

т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы

арқылы  жүзеге  асырылады.    Нақтырақ айтар  болсақ, сыртқы  бағалау  белгілі

бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға

қатысты. 

Сонымен

қатар 


білім 

алушылардың 

өзін-өзі 

бағалауы,

ұйымдастыруы,  жетілдіруі  және  жеке  жетістіктерін  бағалау  арқылы  жүзеге


21

асырылады.    Біздің тәжірибемізде,  осы  аталған  білім  алушының бағалау

жүйесі ұлттық төл  технологиямыз  «Сатылай  кешенді  талдауда» қолданылып

келеді. 


Бұл 

жоғарыдағы 

аталған 

басқарушылық,

ақпараттық,

коммуникативтік, әлеуметтік,  тұлғалық, азаматтық, пәндік құзыреттіліктерді

білім  алушы  бойына    дарытады.  Оның дәлелі - «Сатылай  кешенді  талдау»

технологиясымен  білім  алып  отырған  оқушылар  мен  оларға  білім  беруші

мектеп мұғалімдерінің жыл  сайынғы жетіп отырған  жетістіктері,  яғни  мектеп

бітіруші  түлектердің  ұлттық

бірыңғай  тестілеуде  жоғары  пайыздық

көрсеткішке жетуі және Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының

республикалық ауызша  командалық олимпиадасына  республикамыздың  әр

өңірінен  бастауыш  сыныптан  бастап,  орта,  жоғары  буын  сыныптарынан

оқушылардың  қатысып,  жүлделі орындарға  ие болуы.  Бұл  туралы әр өңірдегі

баспасөз құралдарында жарияланып отырады.

Ал  функционалдық сауаттылықтың төртінші  тетігіне  тоқталар

болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды

жатқызады. Шынтуайтына  келгенде,  бұл  мәселе  бізде  толыққанды  жүзеге

асып  отырмағандығы  белгілі.    Себебі, әлі  күнге  дейін  стандарт  пен

оқулықтарға    айтылған  сын  түзелмей  отырған  кезеңде  мұндай қосымша

біліммен функционалдық сауаттылық өз деңгейінде жүзеге асып отыр дегенді

айта алмаймыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың

мына  бір қағидасын  басшылыққа  алсақ, функционалдық сауаттылықтың

төртінші  тетігі  жүзеге  асқан  болар  еді.  Ағартушы:  «  Балаға  ең  қымбат,  ең

жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте

қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп,

оларды  баланың санасында  жандандырып,  оларға  баланың махаббатын

арттырады,  бала әлеумет  тұрмысына,  төңіректегі әлемге  терең көзбен қарап

үйреніп,  жолығатын қиын  мәселелерді  оңай  шешетін  болады,  бұрынғыдай

мектептен  шыққан  соң, бала үйренген  білімін ұмытып қалмайды, қайта

білгенін өмір жүзінде пайдаланатын болады.

Балаларға туған  жердің табиғатын,  туған  елдің  әдет-ғұрпын,  мінезін

үйреніп,  хәкімшілік, әлеумет  мекемелерімен,  олардың  қызметтерімен,  сауда

кәсібімен,

қатынасу 

жолдарымен 

таныстырып, 

жергілікті 

тарихи


ескерткіштердің  қатынасын  түсіндіріп,  балаларды  бұрын  білмейтін, жат

нәрсемен  яғни әлеумет ғылымымен  таныс қыламыз»,–деп    бүгінгі  заманауи

білім  беру  талабына  сай    функционалдық сауаттылық мәселесіне,  дәл  осы

терминмен  айтпаса  да,    терең талдау  жасау  керек.  Егер,  біз қосымша  білім

беру  және  мектептен  тыс  сабақтарда  осы қағидаларды  басшылыққа  ала

отырып,  бағдарламалар  түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын  болсақ, онда

функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігі өз дәрежесінде жүзеге асады.

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі –мектепті басқару

моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің

оқу  жоспарын

реттеудегі  дербестігінің жоғары  деңгейі).  Бүгінгі  білім  беру  жүйесінде

қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп,

гимназия,  лицей,  дарынды  балаларға  арналған  мектептер,  Назарбаевтың

зияткерлік  мектебі  (НЗМ)  т.б.  Осы  мектептердің басқару  жүйесі,  оқу

бағдарламалары,  оларда  оқытылатын  пәндердің оқулықтары,  онда  оқитын


22

оқушылардың білім  сайыстары  бір-бірінен  ерекшеленіп,  бүгінгі қоғам  талап

етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.

Алтыншы 

тетігі–

барлық

мүдделі 

тараптармен

әріптестікке

негізделген  достық  қалыптағы  білім  беру  ортасының болуы. Бұл  мәселедегі

жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми

зерттеу  орталықтары  мақсатты  түрде  келісімшартқа  отырып,  мектеп

оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми  жұмыстар,  жобалар  жасауда

әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары

оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін,

қабілетін,  дарынын  алдын-ала  анықтап,  болашақта жүргізілетін  жұмыстарын

жоспарлап,  білім  алушыларға  кредиттік  жүйенің ерекшеліктерін,  мақсат-

міндеттерін  алдын-ала  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп,  мектеп  оқушыларына

мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.

Функционалдық сауаттылықтың

жетінші    тетігі

– ата-аналардың

балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-

ана  бала  бойына    жас  кезінен  адами құндылықтарын  дарытып,  саналы өмір

сүруге  баулуға    борышты.    Ата-ананың бала  тәрбиелеуде    функциональдық

сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап,

екі  жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады.    Яғни    ата-ананың

баласының ерекше қасиетін  тануы,  оны  түрлі  жағдаятта  түсініп, қол ұшын

беруі,  олардың  қабілетін  дамытуға,    бойына  рухани

құндылықтарды

қалыптастыруға,  жағымсыз  мінез-құлық,  әдеттерден  арылтуға  көмек  беретін

функционалдық

сауаттылық

ата-ана  бойында  да  болуға  тиіс.  Бұдан

байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.

Бастауыш  сынып  оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын

қалыптастырудың психологиялық және  педагогикалық негіздеріне  келер

болсақ, бастауыш  сынып  оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

ескерілуі  керек.  Оқу,  жазу  сауаттылықтарын қалыптастыруда,  ең алдымен,

кіші  мектеп  жасындағы  балалардың ойлау  мен  сөйлеуі  маңызды  орын  алады.

Бұл  орайда  Ж.Аймауытов,  Б.В.Беляев,  Е.И.Пассов,  Н.И.Жинкиндердің ойлау

мен  сөйлеу  секілді  күрделі  психикалық  құбылыстар  туралы  ой-пікірлері

талданады.  Ой ұйымдасқан  сөйлесім үдерісіне  айналуы үшін  адам өзіне

қажетті үлгіні,  ойды  дәл  бейнелейтін  сөзді  таңдап  алатын  іштей  сөйлеудің

кезеңдерінен

өтуі  тиіс.  Сөйлесім –

айтылған  не  жазылған  хабардың

қабылданып,  оған  жауап қайтарылуды  талап  ететін,  адамдар  арасындағы

тілдік қарым-қатынас  негізінде  іске  асатын  ортақ  құбылыс. Оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда іштей сөйлеу мен сөйлесімнің

мәнін назарға алу олар орындайтын жаттығулар мен тапсырмаларды іріктеуде

маңызды рөл атқарады.

Оқыту

үдерісінің



нәтижелілігі 

бастауыш 

сынып 

оқушысының



физиологиялық, психологиялық негіздерін терең білу мен барлық оқу әрекетін

соған  негіздеуге  байланысты  болады.  М.Жұмабаев:«Сыртқы  дүниемен,

адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқан адам бар нәрсені білуге,

бар  білгенін  есте ұстауға ұмтылады.  Естің  қатынасуын қатты  керек қылатын

ғылымдарды үйретуге қолайлы  шақ осы.  Бұл  жаста  баланың міндеті  ой

жүгіртіп  білімді  іске  асыру  емес,  білімді  молайта  беру;  даярлай  беру,  бар



23

нәрсені  еске  ала  беру»,- деп,  балаларда  жасынан  білуге,  тануға  ерекше

талпыныс пайда болатынына тоқталады.

Оқыту үдерісінде пәндік білім, білік, дағдыларды, яғни құзыреттіліктерді

меңгертуде  балалардың жас  кезеңдеріне  сәйкес  пайда  болатын  жетекші

әрекеттерге  назар  аударылды.  Бастауыш  сыныптан  мектептің орта  сатысына

өту  кезеңінде  балалардың  өзін қоршаған  адамдармен қарым-қатынасы  жаңа

арнаға  түседі:  даралық сезімдері  бас  көтеріп, өзін-өзі  тани  бастайды.  Білім

беруде  бұл  мәселелер  ескеріліп  отыруы  тиіс.  Бастауыш  мектеп  кезеңі

оқушылардың оқу, қарым-қатынас,  еңбек  секілді  жетекші әрекеттер  негізінде

жалпы  және  ерекше қабілеттерінің дамуымен  сипатталады.  Оқу әрекетінде

олардың жалпы интеллектуалдық қабілеттері қалыптаса бастайды.

Олардың оқу әрекетінің  өзіндік  ерекшеліктері  жөнінде  Л.В.Выготский:

«Бұл әрекеттің басты  мақсаты  мен  нәтижесі,  яғни,  баланың  үлкендермен,

сондай-ақ, өзінің құрдастарымен әлеуметтік қатынасын қалыптастыру, әрі бұл

уақытта өзіне  дейінгінің тәжірибелерін,  оның ішінде әлеуметтік қатынастың

құралы болып саналатын сөйлеу тәжірибесін де меңгеруі қатар жүреді», – деп

тұжырымдайды.

Бастауыш 

сынып 


оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастырудың

педагогикалық

негіздеріне

алынатын 

дидактикалық

ұстанымдар екі бағытта белгіленді.

1.Функционалдық

сауаттылықты

қалыптастырудың

дәстүрлі

ұстанымдары.

2. 

Функционалдық



сауаттылықты

қалыптастырудың

арнайы

ұстанымдары.



Дара тұлғаға  бағдарлап  оқыту ұстанымы  бойынша  барлық оқыту  жүйесі

оқу әрекетінің субьектісі – оқушының даралық сипатына,  мотивіне,  шынайы

өмірлік қажеттілігіне, мүмкіндігіне, бейімділігіне, әлеуметтік-мәдени дамуына

орай құрастырылады.

Қатысымдық  (коммуникативтік)  тұрғыдан  оқыту

ұстанымы  білім

мазмұнындағы  басшылыққа  алынатын  барлық  ұстанымдардың

негізіне


салынады.  Себебі  тілді  меңгертуде  грамматикалық білімді ғана  игеріп қана,

оны  тәжірибелік  іс- әрекетте қолдана  алмаудан  арылуға  бірден  бір  мүмкіндік

беретін жүйе  тілді  оқушының сөйлеу,  тіл  мәдениетімен  бірлікте қарастыру

болып табылады.

Тұтастық ұстанымы «сөйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қатар

қамтиды. Олар: оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл

ұстанымның ерекшелігі:  бір  сабақтың  үстінде  осы  жұмыстардың барлығын

жүйелі түрде қолдана отырып, олардың арасынан ең басты біреуін таңдап алу

және қалған  жұмыстың түрлерін  осыған  бағындыра  білуден  көрінеді.  Сонда

бір сабақтың  өзінде  ортақ  (өзек) пайда  болады  да, қалған бағыттар  сол басты

орталыққа  жұмыс  істеу  мақсатында  жүргізіледі,  сөйтіп,  сабақта  тұтастық,

бүтіндік пайда болады».

Пәндік  білім,  білік,  дағдыларды  меңгертудегі  шығармашылық  ұстаным

сабақты  шығармашылық  үдеріс  ретінде құруды  мақсат  етеді.  Оқу үдерісінде

жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен

жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді



24

шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі

болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды,

біліктерін  жаңа  жағдаятта қолдана  алуына қажетті  дағдылары  дамытылады.

Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден

қойылады.

Оқыту

үдерісінде 



оқушылардың

функционалдық

сауаттылығын

(жаратылыстану,  математика,  оқу және  жазу,  т.б.) қалыптастыруда,  ең

бастысы,  оқушыларды ғылыми  біліммен қаруландыру  міндеті  аса  маңызды.

Осы  орайда оқытудың  ғылымилығы ұстанымы  жетекші  рөл  атқарады.  Бұл

ұстаным  бойынша  оқушыларға  берілетін  білімнің мазмұнының  ғылымның

қазіргі  даму  деңгейіне  сәйкестігі,  оларға  заттар  мен

құбылыстардың

заңдылықтарын

ұғындыру  және  олардың

арасындағы  себеп-салдарлық

байланысты  ашу  ескеріледі.  Бастауыш  мектепте  кез  келген  пәнді  оқытуда

оқушылардың  қарапайым ғылыми  зерттеу  дағдыларын қалыптастыру,  заттар

мен құбылыстардың негізгі  және  жанама  белгілерін  ажырату, қоршаған

әлемде  және  табиғатта  болып  жатқан құбылыстарды  түсіну,  салыстыру,

талдау,  жіктеу,  жүйелеу,  жалпылау  білік,  дағдыларын  меңгерту  мақсаттары

көзделгенде

ғана 

оқушылардың



функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыруға болады.

Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі

мен сабақтастығы,  бірізділігі  де  ескерілуі  міндетті.  Бұл  орайда дидактиканың

оқытудың жүйелілігі  мен  бірізділігі ұстанымы  жүзеге  асырылады.  Аталған

ұстаным  оқытудың ғылымилығы ұстанымымен  тығыз  байланыста  жүреді.

Оқытудың жүйелілігі  мен  сабақтастығын,  бірізділігін қамтамасыз  ету үшін

әрбір  пән  бойынша  берілетін  білімнің мазмұны  мен  көлемін  анықтағанда

ұғымдық-ақпараттық

материалдардың

белгілі 

бір 


жүйемен 

берілуін,

сабақтастығын, 

біртіндеп 

тереңдетілуін 

және 


кеңейтілуін, 

сондай-ақ

оқушылардың

білімді  меңгеру

әрекеті  белгілі  бір  сатымен  (мысалы:

ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау,

қорытынды  шығару  немесе  тұжырым  жасау,  т.б.)  іске асырылуын  ескеріп

отыру керек.

Оқушылардың

функционалдық

сауаттылығын 

(жаратылыстанулық,

математикалық, оқу  және  жазу,  т.б.) қалыптастыруда  басты  рөл  атқаратын,

басты  орында  тұратын ұстаным – теория  мен  практиканың байланыста



болуы ұстанымы.  Оның мәні – оқушыларға  теориялық білім  беріп қана

қоймай,  сол  білім,  білік,  дағдыларын  күнделікті  жаңарып, өзгеріп  жатқан

өмірде,  кез  келген  жағдаятта  емін-еркін қолдана  білуін қамтамасыз  ету.  Ол

үшін  күнделікті  оқыту үдерісінде әрбір  пәннен  берілетін  теориялық білімді

өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру

керек.


Сондықтан  теория  мен  практиканың байланыста  болуын қамтамасыз  ету

үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда

теориялық  қағидалардың, заңдылықтар мен  ережелердің, яғни ұғымдық-

ақпараттық материалдардың бала өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық

мәселелерді  шешуге  көмегі  тиетіндей,  бала  оны

қолдана  алатындай

практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын


25

тек  жаттап қана  алмай,  оның мән-мағынасын  терең түсінуін қамтамасыз  ету

міндетті боп саналады.

Бастауыш 

сынып 

оқушыларының



жаратылыстану

ғылымындағы

сауаттылығын қалыптастыруда  ерекше  орын  алатын ұстанымдардың бірі –

кiрiктiру ұстанымы.  Бұл ұстанымның мәні – ғылыми  жаратылыстанулық

бiлiм  мен  адам әрекетiнiң түрлерi  және қоғам  туралы ұғымдар  кiрiктiрiлiп

бiртұтастықта берiлуi. Яғни, адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-

әрекетi


үнемi  табиғи  ортада,

қоғамда  (отбасында,  мектепте,

қоғамда,

табиғатта, т.б.) бiр-бiрiмен байланыста қарастырылады.

Заттар,  нысандар, құбылыстар  туралы  мағлұматтар  беру  кезiнде  де  адам

әрекетi  солармен  бiрлiкте,  байланыста  беріледі.  Жаратылыстанулық бiлiм,

білік,  дағды қалыптастыру  бастауыш  мектепте  «Дүниетану»  пәні  арқылы

жүзеге  асырылады.  «Дүниетану»  пәнінде  кiрiктiру ұстанымы  «адам – табиғат

– қоғам» ретiнде ғана емес, «адам – заттар»,  «адам – қоғам»,  «адам – табиғат

әлемі»,  «адам – адамдар»,  «адам – отбасы»,  «адам – оның шығармашылық

әрекеттерi», «адам – туған елінің тарихы», т. б. арқылы да жүзеге асады.

«Дүниетану»  пәнін  оқыту үдерісі  кiрiктiру ұстанымына  негізделсе,

бастауыш  сынып  оқушысы  «адам – табиғат – қоғам»  жүйесіндегі өзара

байланысты ұғынады, экологиялық мәдениеттің қарапайым білік, дағдыларын

игереді, өзінің табиғаттағы әлеуметтік өмірдегі, қоғамдық ортадағы  орнын

түсініп,  жеке  тұлға  ретінде өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктері  мен қабілеттерін

сезінетін болады.

Психологиялық зерттеулерде анықталғандай, балаларға берілетін білімнің

көлемі мен мазмұны олардың өмірден жинаған тәжірибесіне, таным деңгейіне

және  психикалық тұрғыдан  дамуына  лайықталуы  тиіс.  Сондай-ақ олардың

сұраныстары  мен қабілеттері  де  ескерілуі  керек. Өйткені  бала  ақпараттар

ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана қабылдай алады.

Сондықтан  бастауыш  сынып үшін  оқушылардың жас  ерекшелiктерiн

ескеру ұстанымы басшылыққа алыну қажет. Бұл ұстанымның мәні – бастауыш

сынып  оқушыларының  ұғымына  жеңiл,  психологиялық ерекшелiктерiне  сай

келетін,  бiлiм  деңгейлерiне  лайықталған  және  олардың  өмiр  тәжiрибесiн

есепке алатын материалдардың қамтылуы.

Білім  беруді  оқушылардың жас  ерекшелiктерiне  бағдарлау ұстанымымен

үндес  келетін



бiлiмнiң

жеңiлден  ауырға,

қарапайымнан  күрделіге,

нақтыдан белгiсiзге қарай берiлуі ұстанымын да ескерудің маңызы зор. Осы

орайда ұлы ұстаз  Абайдың:  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болып  тумайды:

естіп,  көріп, ұстап,  татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-дағы,

сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады» деген  дана

сөздерінен  адам  табиғатының, болмысы  мен  танымының  қалыптасуының  өзі

осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік,

дағдыларды  игерту  осы ұстанымға  негізделсе,  нәтижелі  болатыны  анық. Бұл

оқушылардың келешекте  негізгі  білім  беру  сатысында ғылым  негіздерін

(жаратылыстану,  математика,  физика,  химия  пәндерiн)  меңгеруге  дайындық

жасауға да септігін тигізеді.

Оқытудың

нәтижелілігін  арттырып,

оқушылардың

функционалдық

сауаттылығын  (жаратылыстанулық, математикалық, оқу  және  жазу,  т.б.)


26

қалыптастыруда  басшылыққа  алынатын  негізгі ұстанымның бірі – білімнің



беріктігі ұстанымы.  Бұл ұстанымның мәні – оқушылардың меңгерген

білімдерінің берік әрі  тиянақты  болуы.  Ол  жоғарыда  аталған ұстанымдардың

өзара  байланысын қамтамасыз  еткен  жағдайда ғана  іске  асады,  яғни  аталған

ұстанымдардың барлығына  тәуелді  болып  келеді.  Оқушылардың алған  білімі

жүйелі, берік, тиянақты, терең болуы үшін мынадай мәселелер ескерілуі тиіс:

өтілген тарауларды, тақырыптарды үнемі қайталап отыру: а) күнделікті

сабақ барысында; ә) белгілі  бір  тақырыпты  немесе  тарауды,  бөлімді  аяқтаған

уақытта; б) тоқсан аяғында; в) оқу жылының басында және соңында;

өтілген  тақырыпты  практикалық жаттығулармен  (ауызша,  жазбаша

тапсырмалар, 

жаттығулар, 

тәжірибелік-бақылау 

жұмыстары, 

т.б.)


байланыстырып отыру;

оқушылардың білім сапасын есепке алып отыру (тексеру және бағалау),

кемшіліктерін анықтап, тиісті жұмыс жүргізу;

өтілген  оқу  материалындағы өзекті  мәселелерді,  негізгі  ережелер  мен

ұғымдарды есте сақтауларын қамтамасыз ету.

Мектептегі  оқу-тәрбие үдерісінде мәдениеттендiру және ізгілендіру

ұстанымының алар  орны  айрықша.  Бүгінгі  оқушы – оқу-тәрбие үдерісіндегі

орталық тұлға,  ертеңгі Қазақстан  Республикасының азаматы,  еліміздің саяси,

экономикалық,  әлеуметтік  дамуына өз үлесін қосатын қызметкер  немесе

жұмысшы.


Сондықтан  да  олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырумен

қатар,  мәдени-рухани  дамуына,  яғни оқушылардың жалпы  мәдениетiн

көтеруге  баса  көңiл  бөлiнiп,  жеке  бас  гигиенасынан  бастап,  жалпы  халықтық

мәдениет туралы мәлiметтер беруге дейін мән берілуі керек. Сондықтан әрбір

пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-

ақпараттық

материалдармен  шектелмей,

әдебиет,  сәулет,

өнер,

ғылым


салаларынан да белгілі бір деңгейде мағлұматтардың енгізілуін ескеру қажет.

Қорыта  келе,  бастауыш  мектептегі  оқыту үдерісінде  оқушылардың

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыруда 

жоғарыда 

аталған

ұстанымдардың 



қай-қайсысының

да

қызметі 



ерекше. 

Себебі, 


бұл

ұстанымдардың негізінде ұйымдастырылған  оқыту үдерісі  оқушылардың

берілген  білімді  жүйелі,  терең, берік,  сабақтастықта  және  біртұтастықта,

ғылыми  білімдер  жүйесін  практикамен  байланыста,  жеңiлден  ауырға,

қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгiсiзге қарай жүретін бағытта  белсенді

түрде әрі қызығушылықпен  меңгеруін қамтамасыз  ете  алады.  Сондықтан  да

біз осы әдістемелік құралда бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық

сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін қарастыру

барысында  оларды  тығыз  байланыста,  оқытудың мақсат-міндеттері  мен

мазмұнына  тәуелділікте  жүзеге  асырудың маңыздылығын  баса  көрсеткіміз

келді.


27



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет