Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу



бет5/11
Дата21.04.2023
өлшемі138,5 Kb.
#85507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ЖАУАБЫ: 1 А, 2 А, 3 С
Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздердің қайталануы арқылы әдеби тілді әдемі жеткізудің көркемдік тәсілдерінің бірі.
Шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.
Шұбыртпалы ұйқас - АААА

3.

Қазақ тілі

Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Қолында ұршық, өзі ұршықша иірілген Күлпәштің юморлық образы арқылы жазушы қоғамда белең алып бара жатқан өтірік көлгірсу мен жағымпаз мінездің аулынан шалғайлатып, жасанды әрекеттерсіз қарапайым тірлік кешкен ауыл адамының ұлттық болмысымен жақындаса түсіруді мақсат тұтқандай. 


ЖАУАБЫ:
Қолында ұршық, өзі ұршықша иірілген (анықтауыш) Күлпәштің (анықтауыш) юморлық (анықтауыш) образы арқылы (пысықтауыш) жазушы (бастауыш) қоғамда белең алып бара жатқан өтірік (анықтауыш) көлгірсу (толықтауыш) мен жағымпаз мінездің аулынан (толықтауыш) шалғайлатып (баяндауыш), жасанды әрекеттерсіз қарапайым тірлік кешкен (анықтауыш) ауыл адамының (анықтауыш) ұлттық болмысымен (толықтауыш) жақындаса түсіруді (толықтауыш) мақсат тұтқандай (баяндауыш).

Күрделенген жай сөйлем. Құрылымына қарай жақты, жайылма, толымды сөйлем. Айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем.


Жазушы мақсат тұтқандай – қиыса байланысқан етістікті сөз тіркесі;


Жақындаса түсіруді мақсат тұтқандай толықтауыштық қатынасқа құрылған, меңгеріле байланысқан, етістікті сөз тіркесі;
Ұлттық болмысымен жақындаса түсіруді толықтауыштық қатынасқа құрылған, меңгеріле байланысқан, етістікті сөз тіркесі;
Жасанды әрекеттерсіз қарапайым тірлік кешкен ауыл адамы анықтауыштық қатынасқа құрылған, қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі;
Ауыл адамының ұлттық болмысы анықтауыштық қатынасқа құрылған, матаса байланысқан, есімді сөз тіркесі;
Көлгірсу мен жағымпаз мінездің аулынан шалғайлатып толықтауыштық қатынасқа құрылған, меңгеріле байланысқан, етістікті сөз тіркесі;
Қоғамда белең алып бара жатқан өтірік көлгірсу анықтауыштық қатынасқа құрылған, қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі;
Образ арқылы шалғайлатып пысықтауыштық қатынасқа құрылған, жанаса байланысқан, етістіті сөз тіркесі;
Юморлық образ анықтауыштық қатынасқа құрылған, қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі;
Күлпаштың образы анықтауыштық қатынасқа құрылған, матаса байланысқан, есімді сөз тіркесі;
Қолында ұршық, өзі ұршықша иірілген Күлпәш анықтауыштық қатынасқа құрылған, қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі;



4.

Қазақ тілі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет