Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (облыстық кезең)
ІІ тур
11 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)
Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.
Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады; 7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді; 5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті; 3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті; 1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес. Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушының 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.