Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу


Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер



бет10/11
Дата21.04.2023
өлшемі138,5 Kb.
#85507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Абай жас күнінде күлкі үшін қалжың өлеңдер, қыздарға өлеңдер жазған, есейген соң арланып, тастаған Михаэлис пен Гроссқа кез болмаса, сол күйімен кетер еді. Қандай үлгілі, қандай мағыналы, қандай терең сөздер жерге көмілер еді?! Абай сөздері- қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөндегісі келген кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапты, адамға да қазақ балалары талай алғыс берер. Орыс адамдарымен танысып, өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрметпен, көзқараспен күтіп алып, тор түгіл, тақтан орын берген. Бірақ сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қанша оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен тындаушы көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, жүргендердің көбі өлең емес екендігі, өлең жаман болса да, келістіріп жазушылары ішінде бірен-сараң екендігі, жұрт мағыналы, маңызды, терең мағына жоқ, маңыз жоқ, желдей гулеп, құлаққа ұнамсыз тиіп өте шығатын жеңіл сөздерді тындауға құмар Абайдың өлең жайын жазған сөздерінде көрсетілген.


Сонымен Абайдың сыншылығы, өлең жақсы болуға неден екендігігін білетіні де көрініп тұр. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Ол өрнектерді ойдан шығармай, орыстан алса да, орыс өлеңдерінің өрнектері қазақ тіліне жарайтындығын бастап көрсеткені де зор көсемдік. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген. Сондықтан өлеңі қай тарапынан да болса толық. Жалғыз-ақ міні бар. Ол мін - өлең бунақтары тексеріліп орнына қойылмағандық. Оның оқығанда я әнге салып айтқанда кемшілігі зор болады. Дауыстың ағынын бұзып, өлеңнің ажарын кетіреді, мысалы, төселіп, желіп келе жатып шоқытып кеткен сияқты, тайпалып жорғалап келе жатып текіректеп кеткен сияқты. Бұл кемшілікті түзетуге болады. Өлеңнің үш буынды бунақтары мен төрт буынды бунақтары алмасып кеткен жерлерін алып, өз орындарына қойса, түзеледі. Мұнан басқа Абай өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта алмаймын. Кейбіреулердің айтатын «ауырлығы бар» деген сөздер, ол өлеңнің қисынын келтіре алмағаннан емес, өрнегінің жаңалығынан, қазақ өлеңдерінің дағдылы түрінен басқарақ болған соң, оқушылар жаттыққанша жатырқайды. Сонан ғана ауыр сияқты көрінеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет