«Су жүрек» (Қорқақ)
Өй,су жүрек неме, жанының тәттісін қарай гөр! . (Менің атым Қожа,30-б.)
Нағыз су жүректің өзі екенсің ғой ! (Менің атым Қожа, 98-б.)
Автор повесте осы фразеологиялық тіркесті 2 жерде қолданған.
«Жұмыртқадан жүн қырыққан,қу бастан қуырдақ ет алған, шық татырмас Шығайбай.» (Сараң)
Жұрт оны жұмыртақадан жүн қырыққан Әбдібай,қу бастан қуырдақ ет алған Әбдібай,шық татырмас Шығайбай Әбдібай-деп бекер айтады деймісің. (Менің атым Қожа,117-б.)
«Селт етпеу» ( Еш белгі білінбеді, міз бақпайтын)
Өлеңдерім неғұрлым көп жарияланған сайын соғұрлым назар аудармайтын,селт етпейтін болып алдым. (Менің атым Қожа,6-б.)
«Құлағы үйрену» (Ести-ести еті үйрену, айтқанға көндігін кету)
Бірақ жүре бара құлағым үйреніп,дағдыланып кеттім.(Менің атым Қожа,7б.)
«Тұзы жараспайтын» (Тату-тәтті тұра алмайтын)
Бірі мен бірінің қалайда тұзы жараспайтын кереғар жаралған адамдар болады. (Менің атым Қожа,18-б.)
Достарыңызбен бөлісу: |