«Екі қолын төбеге қою» (безу, қашу)
Онда екі қолымды төбеме қойып беземін сенен деп,ант су ішуші еді. (Менің атым Қожа,63-б.)
8.Уақыт,кеңістік өлшемге негізделген мағыналас фразеологизмдер.
«Көз байлану» (Ымырт жабылды, кеш қарайды)
Көз байланып қалған екен. (Менің атым Қожа,21-б.)
«Ел аяғы басылды» (Қараңғы түсу,кеш бату)
Ел аяғы басылуын күтіп,кітап оқып отырдым. (Менің атым Қожа,27-б.)
«Ажалынан үш күн бұрын өлу» (Мезгілсіз, ерте,қапыда)
-Қайран,Қара Көжем-ай,ажалынан үш күн бұрын өлетін болды-ау! (Менің атым Қожа,34-б.)
«Бесенеден белгілі» (Ежелден анық,бұрыннан мәлім)
Үй маңы мал қиы, сары ала тепсең, ескі жұрт екені бесенеден белгілі. (Менің атым Қожа,34-б.)
9. Табиғат құбылыстары,ауа райына қатысты жасалған мағыналас топтар.
Достарыңызбен бөлісу: |