Оқушының аты-жөні: Мүсілім Ақпейіл Нұрболатқызы 10 сынып оқушысы Тақырыбы: Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»



бет4/21
Дата11.03.2022
өлшемі214,02 Kb.
#27614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мазмұны
КІРІСПЕ

І Тарау

Б. Соқпақбаевтың шығармашылық шеберханасы (лабораториясы)
1.1.Көркем мәтінді талдау жолдары .......................................................

1.2.Б.Соқпақбаев шығармашылығы ...........................................................


ІІ Тарау

Б.Соқпақбаев шығармашылығындағы фразеологизмдерді қолдану ерекшеліктері...............
2.1.Қазақ фразеологиясы туралы

2.2.Жазушы шығармашылығындағы фразеологизмдер


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Аннотация

Аталған жұмыс қазақ балалар әдебиетінің классик жазушысы, қайталанбас тұғыры биік тұлға Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларындағы оның ішінде балалар әдебиетінің жауһарына айналған сүйікті шығарма «Менің атым Қожа»повесіндегі тұрақты тіркестерді тауып, тұрақты тіркестерді мағыналық топтарға жіктей, олардың авторлық қолданыстағы ерекшеліктерін көрсете отырып, қазақ тілінің мол да бай мүмкіндіктерін аша алуымен маңызды.Оқырманы қызыға оқитын нанымды да, жанына жақын шығармалары арқылы оқырман жанының тереңіне айналған жазушы шығармаларының тәрбиелік мәні өте жоғары екендігінде дау жоқ. Осы ретте бұл жұмыс Б.Соқпақбаев шығармашылығының маңызын аша түскендігімен және ондағы тілдік қолданыстардың мағынасын аша отырып, қазақ халқының бай да терең сөздерін нақты мысалдармен дәлелдей алған.

Зерттеу жұмысы жалаң баяндалмаған, нақты дәлелдермен, нанымды мысалдармен маңызды. Оқушының жас ерекшелігіне сай,ғылыми стилін сақтай отырып жазылған жұмыс.

Аннотация

Это произведение находит регулярное выражение в творчестве классика казахской детской литературы, любимца великих классика детской казахской литературы Бердыбека Сокпакбаева, в том числе в шедевре детской литературы «Меня зовут Кожа». Важно уметь раскрыть богатый потенциал. Несомненно, образовательная ценность произведений писателя, вошедшего в глубину души читателя благодаря своим убедительным и задушевным произведениям, которые интересно читать, очень высока. Вместе с тем, эта работа смогла на конкретных примерах доказать богатство и глубину слов казахского народа, раскрыть значимость творчества Б. Сокпакбаева и смысл употребления в нем языка.

Исследовательская работа важна не только повествованием, но и конкретными доказательствами и убедительными примерами. Работа написана в соответствии с возрастом студента с соблюдением научного стиля.

Abstract


This work finds regular expressions in the works of Berdybek Sokpakbayev, a classic of Kazakh children's literature, a favorite of the greats, including the favorite work of children's literature "My name is Kozha". It is important to be able to discover the rich potential.Undoubtedly, the educational value of the works of the writer, who entered the depths of the reader's soul thanks to his convincing and sincere works that are interesting to read, is very high. At the same time, this work was able to prove the richness and depth of the words of the Kazakh people using specific examples, to reveal the significance of B. Sokpakbayev's creativity and the meaning of the use of language in it.

Кіріспе

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиев: «Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген «Менің атым – Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз...», деп жазып еді. Мемлекеттік деп аталатын дәрежелі сыйлықты алмаса да, халық атынан берілетін кез келген сыйлыққа лайықты жазушының кейіпкерлері Қожа ғана емес, Жанар, Жантас, Сұлтандар кешегі аға буынның жастық шағының айнасындай болатын. Қожа туралы кітап әлемнің көптеген тілдеріне аударылды, орыс және француз оқырмандары мен көрермендері де оның лайықты бағасын берді. Қожа мақтаншақ кейіпкер емес, ақылы бар, ата-анаға, достарға мейірімі бар «есті тентек». Оның кейбір шалыс басқан қылықтарының өзін жазушы кейіпкерлердің көзқарасы, жан-сезімі арқылы ақтап алады.Сондықтан да қазақ балалар әдебиетіндегі Тазша бала, Ыбырай Алтынсарин әңгімесіндегі Асан мен Үсен секілді Қожа да қазақ балалар әдебиеті галереясының құрмет тақтасына алтын әріп­тер­мен жазылуға лайықты қаҺарман.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет