Оқушының аты-жөні: Мүсілім Ақпейіл Нұрболатқызы 10 сынып оқушысы Тақырыбы: Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»



бет5/21
Дата11.03.2022
өлшемі214,02 Kb.
#27614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ғылыми жоба Роза

1.1.Көркем мәтінді талдау жолдары

Мәтін ерте кезден-ақ түрлі ғылым салаларына зерттеу нысаны болғаны анық. Сонымен қатар тілдің синтаксис құрылымында мәтін лингвистикасы тіл білімінің күн тәртібінен түспей жүрген,ғалымдар назарын өзіне ерекше аударған лингвистикалық мәселелерінің бірі.

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау- тіл мен әдебиеттің кешенді нысаны болып табылады. Көркем мәтін материалдарын лингвистикалық талдау түрлері лингвистикалық принциптер мен әдістер арқылы жүзеге асырылады. ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бері мәтін жеке ғылым саласы ретніде лингвистиканың кешенді зерттеу нысанына айналып,мәтін теориясы қалыптаса бастады.Мәтін тек лингвистикалық қана емес,әдебиеттану, психология,тарих және заң әдебиеттерінің зерттеу нысанына айналды. Осы орайда мәтін мәселесінің де зерттеу нысаны,негізгі мәтін бірліктері мен мәтін категориялары, оның қалыптасуының семантикалық,құрылымдық және коммуникативтік заңдылықтары анықталып,мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ескере келе мәтінді зерттеудің қажеттіліктері анықталды. «Мәтін-аяқталған тілдік шығармашылық процесс ретінде тақырыптан тұратын және ерекше бірліктері бар лексикалық,грамматикалық,логикалық,стильдік өзара байланысы бар оқушыға бағытталған таңбалар әлемі»- деп орыс тілінде алғашқы мәтінтанушы И.Г.Гальперин анықтама береді.

Қазақ тіл білімінде жалпы мәтінге қатысты біршама зерттеу еңбектері әр жылдары жарық көріп келеді..Атап айтсақ,Е.Жанпейісов. Қазақ прозасының тілі.Р.Сыздықова.Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Х.Кәрімов. Көркем әдебиет тілін зерттеудің мәселері.Р.Сыздықова,Б.Шалабаев.Көркем тексті лингвистикалық талдау..М.Серғалиев.Көркем мәтіннің тілі.Г.Смағұлова. Көркем мәтін лингвистикасы.

Мәтін теориясы тіл біліміндегі әлі де болса өзінің өзектілігін жоймаған,тереңінен зерттеуді қажет ететін сала болып қала береді.

«Шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме дегенді алып,жазушы өрнегін,қолтаңбасын айқындау-көркем дүние тілін танудың басты міндеті»-дейді ғалым Р.Сыздықова.Көркем мәтінге талдау жасауда көркем шығарманы оқырманның түсінуіне жеңілдік жасайтын,мазмұн мен тілдік амалдар арасындағы тәуелділікті байқауға болады. «Ақын-жазушылардың кез келгені ұлт тілінің әдеби үлгісіне әрдайым өз шығармаларының шұрайлы тілі арқылы өз «қолтаңбасын»қалдырады.Көркем тілдің ең дамыған жоғары сатысы сол ұлт тілінің жетістігі ретінде бағаланады»-дейді профессор Г.Смағұлова.Шынында да жазушы образдармен қиялданады, бейнелейді, көрсетеді,сөзбен сурет салады.Көркем сөз өнері жазушы қаламымен ұшталады.Оқушы қиялын шарықтатады.Тілдік мәнер әр суреткерде әр түрлі болып келеді.Мәтін көркемдігі суреткердің лексикалық тұлғаларды қандай мөлшерде қолданған сандық жағы емес,сөздердің орнын тауып сапалы қолданғанымен көрінеді. Сондай өзіндік стилімен қазақ әдебиеті оқырмандарына танымал болған-Б.Соқпақбаев.

Қазақ прозасына қайталанбас соны леп, өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті жазушы,балалар әдебиетінің классигі -Бердібек Соқпақбаев.Ол шығармашылық жолын өлеңмен бастап,кейін балаларға арнап 20-дан астам тың туынды арнады. Жазушының «Менің атым Қожа», «Қайдасың,Гауһар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» т.б туындылары - қазақ әдебиетіне келіп қосылған өлмес туындылар.Дарынды жазушы қаламынан туған қай-қай шығармасында да өмірдің қарама-қайшылықтары,адам жанының қалтарыстары, сол дәуірдің психологиялық хал-күйі шынайы шеберлікпен суреттелген.

Әдебиет-сөз өнері. Ол адамға сөз қуаты,көркем бейне арқылы әсер етеді. Жазушы немесе ақын өткен тарихты, ондағы адамдардың жан-күйін,сезімін,қайғы-мұңын тебірене жазып, оқырманын бірде толқытып, кейде жылатып, кейде қуантып, кейде ыза ғып сезіміне тікелей әсер етеді.Кейбір көркем шығарманы оқып отырып, шығарма оқиғасына араласып кеткендей күй кешесің.Кейіпкердің түр-түсін, қуанышын, ренішін жан жүрегіңмен қабылдайсың.Бұның бәрі көркем әдебиеттің,яғни сөз өнерінің құдіреті.Адам баласына қуаныш сыйлайтын,сезімімізді тәрбиелеп,байытып,азаматтық тұлға қалыптастыратын,жарасымды тілде сөйлеуге үйрететін әдебиеттің адам өмірінде,қоғамдық болмыс-тіршілікте алатын орны ерекше.

Әдебиет –тәрбие құралы. Ол- ұрыспай,ұрмай,балағаттамай үнсіз жөнге салатын құрал. Осы орайда бала тәрбиесіне көркем шығарманың әсерінің маңызын айтпаса да түсінікті. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың балаларға арнаған шығармаларының жөні бөлек.

Шығармашылық жолын өлеңмен бастаған жазушының кез келген өлеңінің балаларды адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, бала дүниетанымын кеңейтуге арналғанын байқаймыз.Атап айтсақ, «Шынықсын денеміз» өлеңі мен «Жекпе-жек» повесі-балаларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін бірден-бір тақырып.

Б.Соқпақбаев-адалдықтың,тазалықтың, адамгершіліктің жыршысы. Оның балаларға арналған туындылары биік көркемдік деңгейімен, табиғи тазалығымен,шынайылығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Б.Соқпақбаев-нәзік психолог, бала жаныны терең зерттеген қаламгер.Сондықтан да оның шығармалары- қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған құнды дүниелер.Оның ел арасына ең көп тараған шығармасы- «Менің атым Қожа» повесі .Жазушы өз шығармашылығына соғыстың алдындағы және соғыс кезіндегі ,соғыстан кейінгі қоғамдық жағдайды қарапайым қазақ баласының танымы арқылы қоршаған ортаны қабылдауын суреттеуде үлкен шеберлік танытты.Сонымен қатар жазушы көркем тілмен сурет сала отырып, ұтымды тәсіл,әсерлі де айшықты тіл таба білді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет