Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
Көре алмаушылық сезімі 
 
Көре алмаушылық – өзіміздің өмірімізді, басқа біреудің өмірімен салыстырудан 
басталады. «Жаман – жақсы» немесе «артық – кем» деген баға пайда болады. Өзіміздің 
халіміз төмен болса – біз көре алмаймыз. Жақсы болса – олар көре алмайды. 
         
Осыдан  құтылу  үшін  баға  беру  әдетінен  міндетті  түрде  арылуыңыз  қажет,  әйтпесе 
өзің құрисың. «Жаман» не «жақсы» деген нәрселер болмайды. Өз әлеміңізді және басқа 
біреулердің әлемін силап үйреніңіз. Адамдардың табысқа жеткеніне қуаныңыз. Мысалы, 
біреу  жаңа  машина  сатып  алса  өзіңіз  алғандай  қуаныңыз.  Сол  кезде  Ғарыш  сізге  де 
машина беретін болады. Бұнда тұрған ешқандай құпия жоқ. 
         
Жаратушы ниетіңізге орай қалауыңызды орындайды. Көре алмаушылығыңызға орай, 
жазаңды беріп, ішіңді күйдіріп, өзегіңе от тастап, өзіңді ауруға ұшыратады. Қазақ бұны: 
«Ішің күйсе тұз жала, сыртың күйсе мұз жала», – дейді. 

 
Қызғаншақтық сезімі 
 
Барлық пенде балаларының сезім құбылыстарының табиғаты, құрылымы бірдей. Олар 
тек қана бейне мен ойлау жүйесімен ғана ерекшеленеді. Бірақ, түп тамыры біреу-ақ. 
Қызғаншақтардың бір-бірінен айырмасы, Ғазиз жанындағы бейнелердің түрлерінің 
әртүрлі болуы ғана. 
         
Қызғаншақ адамда қандай ойлар, бейнелер қалай туындайтынын талдайық: 
 
Күйеуі жұмыста бөгеліп қалады. Әйелі сағатына қарап ойланып: «Бұл тегін емес». 
Осы кезде Ғаиз жанының бір бөлігі: «Ол соңғы кезде тым жиі-жиі кешігіп жүрген жоқ па? 
Мүмкін басқа тоқал тауып алған шығар? ». Осылайша күйеуінің басқа қатынмен жатқан 
бейнесін береді. 
         
Ал Ғазиз жанның екінші бөлігі: «Бұлай болуы мүмкін емес. Сен не оттап тұрсың? », 
– 
дейді де алдыңғы бейнені алып тастайды. 
         
Бірінші  бөлік:  «Неге  олай  болмасқа?  Өзіңнің  танысың  әлгі  көрші  келіншекте  тура 
осындай болды емес пе! », – дейді де жасқа булығып, пора-порасы шығып еңіреп отырған 
келіншектің бейнесін әкеледі. 
– 
Мен  ол  келіншек  емеспін  ғой.  Менің  күйеуім  оның  күйеуі  сияқты  емес.  Күйеуінің 
жағымды бейнесі көлбеңдейді. 
– 
Пішту! Сені сүйеді. Соңғы рет сүйдім деп қашан айтты? Әйел есіне түсіруге тырысады. 
– 
Есіңе  түспей  тұр  ма?  Өзіңе  сол  керек.  Еркектерге  сенбе.  Айтқанда  майын  тамызады. 
Бірақ, бәрін өздерінше қылады. Есіңде ме? Ол өзінің жұмысындағы ана қатынды, аузының 
суы құрып мақтағаны. 
         
Осы  кезде  күйеуі  мен  жұмысындағы  әйел  екеуінің  тар  төсекте  таласып  жатқан 
бейнесі жарқ етеді. Бұл әйел не сезінді? 
         
Ол  сезімдерінің  жәбірленуін  сезінді.  Бұл  арада:  реніш,  тірідей  жесір  қалу 
қорқынышы,  өзін  мүсіркеу,  күйеуіне  ыза  болып  ашулану  дегендерің  сеңдей  соғылысып 
жүреді. 
         
Осы құрама тұздықты, ащы запыранда адамдар – қызғаныш деп атайды. Неліктен? 
Оның  Ғазиз  жанының  бір  бөлігіндегі  бейнеде,  өзі  емес,  басқа  албасты  шашы  жалбырап 
жатыр. Қазекемнің: «Қызғаныш деген қызыл ит, өзіңді келіп қабады» дегені осыны бідірсе 
керек. 
         
Бұның  бәрі  адамның  Ғазиз  жанына  жазылған  ойлау  жүйесіне,  қалыптасқан 
қылықтарына, сезім құбылыстарына байланысты. Сен өмірге қалай қарайсың, өмір соған 
сәйкес жауап береді. 
         
Сондықтан, еркек не әйел болмасын бір-бірінен кемшілік іздемей, тек жақсы жағын 
ғана  көре  біліп,  бір-бірін  силап,  күтіп,  рухани  үйлесімділік  пен  тәндік  үйлесімділіктің 
тепе- теңдігін сақтай алса, ешқандай да қызғаныш сезімі туындамайды. 
 
Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың өмір өткелдеріне қысқаша шолу 
 
Әсет Ризаұлы Мұқашбеков – 1951 жылы тамыз айының 21 жұлдызында бұрынғы Семей 
облысы Ұржар ауданы, Науалы ауылында дуниеге келген. Үйленген. Құдай қосқан 
қосағы: Рахпар Құдіретоллақызы. Балалары, немерелері бар. 
Әсет Ризаұлы 1970 жылы Алматы қаласында қазақ ауыл шаруашылық институтының 
агрономия болімшесіне түсіп, 1975 жылы ғалым – агроном мамандығын алып шығады. 
1975...2004 жылдар аралығында, қаймағы бұзылмаған иен түкпірдегі қазақ ауылдарында – 
бұрынғы Семей облысының Ұржар, Мақаншы аудандарында 30 жыл ауыл шаруашылық 
саласында диханшылық кәсіппен шуғылданады 
2006 жылы 55 жасқа толғанда, 5 жыл аралығында жалпы тиражы 37 000 дана 11 кітап 
жазды. 

1. 2006 жылы өзінін 50 күндік ашығу тәжірибесінiң негізінде жазған 4000 дана «Жасару 
құпиясы», 
2. 2007 жылдың аралығында екі қайтара басылыммен басылып шыққан 4000 дана 
«Аштықты ұстау – денсаулықтың кепілі! », 
3. 2000 дана «Рух пен тәннің саулығы», 
4. 2000 дана «Жүйке жүйесінің тылсымы», 
5. 5000 дана «Ақыл есті билеп алған жоқшылық пен кедейшіліктен қалай құтылуға 
болады? », 
6. 2008 жылы 4000 дана «Желілі бизнестің көмегімен ақымактық пен жоқшылықтан қалай 
құтылуға болады? », 
7. 2000 дана «Тибет медицинасының өнімдерінің негізінде – желілі жеке бизнесті құудың 
құпиясы», 
8. 1000 дана «Жаратушыны әруақтар арқылы тану немесе «Ақ ананың» тылсым 
дүниелері», 
9. 2009 жылы 2000 дана "Өз тағдырыңды - өзің қалай өзгертуге болады? , 
10. 2010 жылы 7000 дана "Сен неге кедейсің? Сен неге қарыздарсың? немесе мол ақша 
табу үшін не істеуіміз керек? " 
11. 2
011 жылы "Өз тағдырыңды өзің түбірімен қалай өзгертуге болады? " - атты жалпы 
тиражы 37 000 дана кітаптарының барлығы да, оқырмандарын тауып, олардың 
сүйіспеншілігіне бөленіп – «күндіз қолдарына шам алып» іздеп жүріп оқитын көпшіліктің 
танымды-тағылымды таптырмайтын кітаптарына айналды. 
Автордың жазған кітаптарын Алматы қаласында: Абай мен Абылайхан даңғылының 
қиылысында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттың кітапханасынан,   Астана 
қаласында: "Бәйтеректің" жанындағы "Достық" көшесіндегі № 11 үйде орналасқан 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасынан, Қызылорда т.б. облыс 
орталықтарындағы және Ұржар, Қарасай аудандық, Науалы орта мектебінің 
кітапханаларынан тауып, толық оқып таныса аласыздар. 
Сатылатын жері: автордың өзімен телефонмен байланыс жасау арқылы сатып алуыңызга 
болады. Себебі, кітап басылып шыға салысымен-ақ, оқырмандар кітап сөрелеріне 
түсірмей «пышақ үстінен бөлісіп алып кетеді». Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың елімізде 
және алыс-жақын шет елдерде жүздеген шәкірттері, талай мыңдаган оқырмандары бар. 
2010 жылы 21 науырызда Москвада, Ресей әдебиетшілерінің орталық үйінде өткен Проза. 
Ру порталының 10 жылдық мерейтойында 100 000 (жүз мың) қаламгерлердің ішінен 
интернетте ең көп оқылатын авторлардың бірі ретінде бағаланды. 
Ескерту: Автор кәсіпқой жазушы, не журналист, не бақсы, не емші, не көріпкел, не 
құмалақшы, не балгер емес. Әсет Ризаұлына Құдайдың құдіретімен "жанды жетелеуші" 
орысша айтқанда "проводник души" қасиеті 2009 жылы Грецияда Зевс туған, Геракл 
ерліктерін жасаған «Крит» аралында қонып, Маңғыстау өңірінде саябыр тауып жатқан пір 
Бекет атаның және Самарқанд қаласында жерленген ұлы қолбасшы жаһангер Әмір 
Темірдін мазарында үшінші тылсым көзі ашылған - Рухани Ұстаз. 
Әсет Ризаұлының Жаратушы дарытқан қасиеттері: қара дұға, тіл, көз тигендерді тазалау, 
адамның өмірдегі және бизнестегі жолын ашу, ниетін (аурасын) тазалау, жүрегінің кірін 
аршу, періштелерін қайта қайтарып өзіне қондырып беру, сырқаттарын жеңілдету, өмірлік 

бағдарламасын түбегейлі жақсы жаққа өзгерту, ата баба әруақтарымен тікелей тілдестіру 
арқылы бірнеше ғасырлар бойы байланыс үзіліп қалған ата бабаларының несібесін, 
байлығын, дәулетін, ырысын, бағын - таңдаулы ұрпағына кайта қондыру. 
Себебі, ата баба әруақтары ұрпағының қамын үнемі ойлайды. Ұрпағының ішінен өзінің 
несібесін, байлыгын, ырысын беретін адам тандайды. Сол адамға ата бабасының әруағы 
бақытын, байлығын, несібесін "жанды жетелеуші" дәнекер - медиум арқылы береді. Бұл 
да Кұдайдың кереметі!   XXI ғасырдың  басты ерекшелігі: информация – ақпарат және 
қуат ғасыры. Адам жүрегіндегі Жаратушы - Ғазиз жанымен яғни Жаратушының тікелей 
өзімен санасы - жаны арқылы сойлесіп тілдесе алады. Әсет Ризаұлы - Құдайдың 
құдіретімен адамның өз басына, жеті үрім бұтақ ұрпағына дейін, озінің тұрып жатқан 
шаңырағына: қара дұғадан, тіл көзден, жын шайтандардан, перілерден қорғайтын қорғау 
қоршау салып бере алады. 
Кандай адам болмасын Өзінің өмірін, денсаулығын жақсартып, еңсесін езіп тұрған 
қарыздарынан, жоқшылықтан, кедейшіліктен кұтылып, молшылық пен байлыққа, қуаныш 
пен бакытқа шомылам десе, Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың өзімен телефон арқылы 
ауызба-ауыз тілдесіп, тікелей : ем, шипа алуларына және тағдырын жақсы жаққа түбегейлі 
өзгертулеріне болады. 
Ұялы телефоны: +7 701 733 55 71; Жұмысы: (8 7271) 37- 47-76; Астана қаласы 
Электрондық поштасы: "mukashbekov.aset @ yandex. кz" 
Интернетте: «Проза. Ру», «Проза. Кз» Асет Мукашбеков. 
Науалы ауылының тұрғыны, ғасырға жуық өмір сүрген Данабек Байсалханов 
атаның толғауы:  
 
Науалы – екі өзеннің ортасында, 
 
Жазылған Жер шарының қартасында. 
 
Қыры – мал, ойы егін, суы балық, 
 
Алланың жаратушы арқасында. 
 
Құсақтан құлдай соқса бір қоңыр жел, 
 
Ішіңнен тарқайтындай қайғы мен шер. 
 
Желбіреп көк желегі, тал-терегі 
 
Жаратқан Құдай артық не деген жер. 
 
Басына Науалының Ақжар таяу 
 
Ауылдан су жағалай шықсаң жаяу. 
 
Көңілің көтерілер, денең сергіп, 
 
Самал жел Көкөзектен соқса баяу. 
 
Қарғалы, Көлденең мен сулы Құсақ, 
 
Маңырап қой өреді, жылқы жусап. 
 
Қызығын осы жердің көретұғын 
 
Анадан бала болып қайта тусақ! 

 
Бас жағы шет Қарасу – Малақ екен, 
 
Көк орай, көк майсалы жер-ақ екен. 
 
Құсақ пен Қарасудың екі арасын 
 
Баласы Құдас атаң қылған мекен. 
 
Қанша өзен бұл өлкені жарып аққан, 
 
Бабамыз жер тұрағын қайдан тапқан? 
 
Бұл жерді Қожакелді мекен қылып, 
 
Ұрпағы ат арқандап, малын баққан. 
 
Дейді екен Қарасуы Аймаңдайдың, 
 
Аты бар бәрінің де мекен-сайдың. 
 
Науалы – тоғыз Тума ту тіккен жер, 
 
Әрқашан, іздеп келген ұрпағыңа – 
 
Айқара, сағынышпен  құшақ жайдың! 
(Кейбір  сөздерінің  мағынасын  өзгерткендер:  Аманжан 
Жақыпов, Әсет Мұқашбеков) 
Менің  ата-тегім:      Арғы  бабаларымыз:  Найман,  Төрт 
Төлегетайдың  ішінде  Қаракерей,  Байыс,  Тума,  Ақша,  Қарабас, 
Қожакелді,  Көкі,  Қылқабай,  Босқынбай.  Қылқабайұлы  Босқынбай 
атамыздан   он  ағайынды  ұл:  Бейбарыс-Жолбарыс,  Аблан,  Қабылан, 
Есім,  Нысанбай,  Өмір,  Естемес,  Отаршы,  Малшы,  Қасен.     Осы  он 
ағайынды  ұлдың:  Бейбарыс-Жолбарыс,  Есім,  Нысанбай,  Естемес 
төртеуінің ұрпақтары бармыз. 
Мұқашбек  атамыздан:  Риза.  Ризадан:  Әсет,  Қамбар. 
Қамбардан:  Қайрат,  Айдос.  Қайраттан:  Риза.  Айдостан:  Кәрім. 
Нағашы  атам  Нүсіптің  бақсылығы  болыпты.  Зайыбы  Жамал.  Нүсіп 
атам:  Тума  ішінде  Құдас  руынан.  Осы  екеуінен  менің  анам 
Бибірәбиға және сіңілісі Тұрар туады. 
Өзіміз  әкеміз  Риза  мен  анамыз  Бибірәбиғадан  (Рәштән) 
тарайтын ағайынды бесеуміз: үш ұл, екі қыз. Үлкеніміз марқұм Асқар 
Алматының  «Киров»   зауытында  шебер  болып  істеді,  ал  жеңгеміз 
Әсембала 
қалалық 
санитарлық-эпидиомология 
сараптама 
орталығында дәрігер - бактериолог, ұлдары Әділ Алматы қаласында 
энергетикалық салада инженер. 
Қарындасым Сәуле зейнеткер.  Сәуленің қызы: Әсел. Әселдің 
құдай қосқан қосағы Серік Темірханұлы Табанов. Серік пен Әселдің: 
Алпамыс, Сұңқар атты ұлдары бар. Алпамыс, Құдайдың құдіретімен, 
Райымбек атаның батасымен өмірге келген. 
Қамбар  бауырым  мен  келінім  Үміткүл  Алматының 
медициналық  институтын  бітірген  провизорлар  (дәрі-дәрмек 
жасайтын мамандар). Балалары Қайрат, Айдос кәсіпкерлер. Қыздары 
Гүлзира тұрмыста.  

Кіші  қарындасымыз  Тілеужан  күйеуі  Рафик Жанұзақов.   Ұлы 
Жомарт банк қызметкері, қызы Гүлмира студент. 
Менің  жұбайым  Рахпар  Құдіретоллақызы  негізгі  мамандығы 
неміс  тілінің  мұғалімі,  Алматының  шет  тілдер  институтын  бітірген, 
үлкен  қызымыз  Айнұр  тұрмыста  Алматы  қаласында  тұрады,  кіші 
қызымыз  Айнамкөз  тұрмыста,  Германияда  Франкфурт-Майн 
қаласының жанындағы Кёнгштайнде  тұрады. 
Әкеміз Риза Мұқашбекұлы, анамыз Бибірәбиға Нүсіпқызы бәрімізді оқытты, осыған тәуба 
дейміз.  Әкеміз Риза марқұм оқымаса да санасы жоғары, көкірегі ашық, ақылы нұрлы адам 
болатын.  Өмір  бойы  Науалы  ауылында  қырман  меңгерушісі  болып  қызмет  істеді.  Өз 
жұмысын  агроном-маманнан  артық  білмесе  кем  білмейтін.  Атамыз  Жолбарысұлы 
Мұқашбек қасиетті Ғабдүшкір молдадан оқыған, «Қарамолда» деген атпен елге танылған 
сауатты, дін имандылық жолын берік ұстаған адам болған. Мекені Науалының іргесіндегі 
Майтөккен қыстауы. 
1937 жылы Науалы мен Елтай ауылы  арасындағы тоғанды Мұқашбек түйе  сойып, асар 
салып  қаздырған.  Бұл  тоған  кезінде  «Мұқашбек  тоғаны»  деген  жер  атауына  айналған. 
Қазіргі  Науалы  ауылының  орталығындағы  Қусақ  өзенінен  су  алатын  тоғанды  да 
Мұқашбек  атамыз  қаздырған,  ел  әлі  күнге  дейін  осы  тоғаннан  су  алады.  Атамыз 
Мұқашбек «жеке  шаруа» бола  жүрсе  де  тоғанбасы  қызметін  қоса атқарған,  өзімен бірге 
туған  Күлежан  деген  қарындасы  болған.  Ташкенге  тұрақты  түрде  барып  сауда  жасап 
тұрған және өзінің жеке меншігінде қос ат сүйрейтін 16 ат шалғысы, тарағы т.б. болған. 
Мұқашбек  1937  жылы  Ташкенттен  поездбен  келе  жатқанда,  түсіне  Ғабдішүкір  молда 
кіріп:  «Әй,  Мұқашбек,  тұр!  »,  –  деп  жағынан  тартып  жібереді,  осыған  дейін  құлағының 
шала еститіні бар екен, содан екі құлағы ашылып еститін болып кетіпті. Осы ғажайыпты 
ауылға айтып келсе, Қарамолда дінді, Құдайды уағыздап жүр және «халық жауларымен» 
сыбайлас  деген  желеумен  1937  жылы  желтоқсан  айында  тұтқындалып,  1938  жылы  20 
ақпанда  атылады.  (Ескерту:  Кейіннен  өзім  ізденіп  атам  Мұқашбектің  атылған  жері  мен 
сүйегі  Алматының  жанындағы  Жаңалық  ауылындағы  бауырластар  зиратында  екенін 
анықтадым. 1937 г. Тройкой УЕКВД Алма-Атинской обл. По ст. 58 и 58-2 УК РСФСР к 
ВМН. 20.02. 38г. Приговор приведен в исполнение ). 1937 жылы сол кездегі Каз. ЦИК-тің 
төрағасы  Құлымбетов  Ұзақбай  Желдірбайұлы  үйіне  қонғанда,  үйді  сыртынан  бекітіп, 
адамдарымен  қоса  өртеп  жібермекші  болады.  Сол  кезде  менің  әкемді  анасы  Қазкей 
терезені шағып далаға лақтырып жібереді. (Әкем Риза Мұқашбекұлының айтқандарынан). 
Құлымбетов те осужд. Пост. ВКВС СССР 25. 02. 38 жылы атқан. Реабилитирован ВКВС 
СССР 22. 04. 1958г. 
Қазір  бір  атаның  балалары  –  атамыз  Жолбарысов  Мұқашбекке,  ағасы  Райымбеков 
Оразғалиға,     «Сонар»  фирмасын  ұйымдастырушылардың  бірі  Рахметов  Ғабиден 
Оразқажыұлына Науалыда көше аттары берілген. 
«Ата тегіңді, туыс – туғандарыңды жақсы танып біл. Өйткені өзара қатынас жасауың үшін 
қажет  болады.  Егер  қарым-қатынасың  үзілсе,  жақын  туғаныңның  да  ешқандай  пайдасы 
тимейді.  Жырақ  тұрғаныңмен  бір-біріңмен  тату  қарым-қатынаста  болсаң,  алыстықтың 
зияны жоқ».      Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
Әжеміз  Қазыкей  Қалқұлқызы  сүйегі  Болатшы,  Мұқашбек  атамыз  ұсталғаннан  кейін, 
құсадан  1939  жылы  қайтыс  болған.   (туған  сіңілісі  Бизауре  Қалқұлқызынан  әнші  Кәрім 
Сүлейменұлы  туады.  Әнші  Кәрімнің  әкесі  Қаракерей,  Семіз  Найман,  Қырықмылтық  би 
Сүлеймен  Бекбердіұлы  –  Матай,  Маман  Тұрысбектің  жазған  Қазақтың  үш  жүзінің 
шежіресінен:  1903  жылы,  сентябрь  айында  Орта  жүз  Найман  шежіресін  қисса  түрінде 
жазып таратқан. Шешесі Қазыкей қайтыс болғаннан кейін әкеміз Риза өзімен бірге туған 

Рәш,  Райхан  деген  екі  қарындасымен  Науалыдағы  балалар  үйіне  1939  жылы  өткізілген 
(Ескерту: Рәш пен Райхан содан бері жоғалып хабарсыз кетті). 
Әкеміз Риза балалар үйінде болған кезді былай деп айтатын: «Мектепте оқып жүргенде 
шашымның  жартысын  ғана  тақырлап  алып,  «халық  жауының»  баласы  деп  ерекшелеп 
қоятын.  Жақсы  оқысаң  сен  жаудың  баласы,  әдейі  жаулығыңды  білдіріп  жақсы  оқып 
жүрсің, ал жаман оқысаң сен әдейі жаман оқыдың деп тиісе беретін». Осындай қорлыққа 
шыдамаған  ол  4  класты  бітіргеннен  соң  балалар  үйінен  қашып  кетеді,  13  жасында 
колхоздың  бөлімшесінде  есепші  болады.  Сонымен  1944  жылы  18-ге  толғанда  әскерге 
алынып, Берлинде соғысқа қатысып, жеңісті «Бранденбург қақпасында» қарсы алады. 
Әскерден  1950  жылы  ғана  босайды,  Германияда,  Польшада  басқыншылық  әскердің 
қатарында  болады.  Келе  сала  біздің  анамыз  Рәшқа  үйленіп  Аксаковка  ауылында 
гидротехник, сонан соң зейнеткерлікке шыққанша Науалыда қырман меңгерушісі болды. 
Анамыз Рәш байыпты, салмақты, кітап оқудан бас алмайтын кемеңгер сабаз адам болса, 
әкеміз  Риза  сөзге  шешен,  қалжыңбас,  шалт  қиымылдайтын,  ұйымдастырушылық 
қабілетінің  арқасында  жоқтан  бар  жасайтын,  жан-жақты  дамыған,  өзін-өзі  жетілдіре 
білген,  рухани  даму  дарыны  ерекше  жоғары,  жоқ  адамдарға  көмектескісі  келіп  тұратын 
және осыны іс жүзіне де асыра білген адам болатын. Тұқым шарушылығын андай-мұндай 
агрономыңнан жетік білетін. Тұрмысымыз жаман болған жоқ. 
«Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл ойыңды, өз 
еркіңді осылай шыңдау қажет».                      М.Горький 
 
Бала күннен денсаулығым нашар болып, сүйретіліп жүріп 7-ші класқа да жеттім. Өзіммен 
құрдас  балалармен  күрессем  жеңіліп,  жүгірсем  өкпем  өшіп,  қалып  қаламын.  Бір  күні 
«Қазақ  әдебиеті»  оқулығынан  Тұрар  деген  баланың  қыста  суық  суға  шомылып,  белдеу 
темірге  тартылып  шымыр,  мықты  бала,  күшті  бала  болғанын  оқыдым,  осы  кітап  маған 
әсер  еткені  соншалық,  жан  дүнием  төңкеріліп  кеткендей  болды.  Үйде  анама  айттым: 
«Менің де кітаптатағы Тұрар деген бала сияқты мықты болғым келеді, ол үшін қысы жазы 
суық  су  құйыну  керек  екен»,  –  деп  шама-шарқым  келгенше  түсіндіргендей  болдым. 
Осыны айтудағы себебім: «өзің тіптен ауырып қаласың», – деп суық суға құйынуға рұқсат 
бермей  қоя  ма  деген  балалық  ойым.  Бірақ  анамыз  кемеңгер,  өте  ақылды,  ажарлы  адам 
болатын. Соғыс жылдары колхозда бас бухалтер болып қызмет істеген. «Ой балам, сенің 
денсаулығымды жақсартам, жақсы болам деген талпынысыңа кім бөгет болады, дұрыс деп 
шешім қабылдасаң болды, өзің біл» – деді. 
Сол жаздан бастап күнделікті суық суға құйынуды әдет қылып қалыптастыра бастадым. 
Күзде  де,  қыста  да  қандай  аяз  болмасын,  таңертең  ерте  буым  бұрқырап  суға  құйынып 
жатамын.  Таңертең  жаттығу  жасай  бастадым,  байқаймын  денсаулығым  жақсарып, 
жүгіргенде  балалардан  оза  бастадым.   Бұрын  шілбиіп,  екі  иығым  салбырап  бүкірейіп 
жүретінмін,  кеудем  түзеле  бастады,  бірақ  әлі  әлсізбін.  Ол  кезде  мектепте  жүгіру  мен 
шаңғы  тебуден  басқа  спорт  секциялары  жоқ,  денешынықтыру  сабағын  Науалы  балалар 
үйінің  түлегі  қазақтың  мықты  азаматтарының  бірі  Смаилов  Анатолий  ағай  берді.  Ол 
кісінің  бір  қасиеті  балаларды  спортқа  жақсы  баули,  тарта  білетін.  Өзі  классикалық 
күрестен  спорт  шеберіне  кандидат,  жаңадан  Алматының  дене  шынықтыру  институтын 
бітіріп келген. Дене бітімі келісті-ақ, денесі мәрмәр тастан қашап жасағандай, бейне сурет 
дерсің. 
Балаларды күреске үйретейін десе спортзал жоқ, оқушылардың өзі екі кезекпен әзер сиып 
оқиды. Анатолий ағай, ең алғаш рет доп ойындарын баскетболды үйретті, сондай-ақ жазда 
жеңіл  атлетика,  велосипед  спорты  мен  доп  ойындары,  ал  қыста  шаңғы  спортының 
секцияларын  ашты,  үйіне  қай  уақытта  баратынын  білмейміз,  күні-түні  мектепте  не 
стадионда. Осы кісінің де әсері болды ғой деймін, ауылдың бар баласында спортқа деген 

ерекше  құштарлық  басталды.  Бұрын  денешынықтыру  сабағында  жайылған  қой  сияқты 
бет-бетімізбен лағып жүруші едік, спортқа деген көзқарасымыз мүлдем өзгеріп кетті. 
«
Дене шынықтыру мен спорт ағзаның жалпы іс қабілеттілігін көтереді, адамның шат 
көңілді  болуына  жәрдемдеседі,  ал  бұл  ұзақ  жыл  өмір  сүрудің  міндетті  шарттарының 
бірі».          О.Б.Лепешинская 
 
Бір  күні  жасқаншақтап  барып:  «Толя  ағай  мені  шаңғыға  жазыңызшы»  –  дедім.  Менің 
сөлбірейген  түріме  бір  қарап:  «бала  толып  кетті»,  –  деді.  Артынан  қыңқылдап  мен 
қалмаймын,  екінші  күні  тағы  келдім,  күні  бойы  артынан  салпақтап  қалмаймын: 
«балалармен бірге жүгіргім келеді, шаңғы беріңізші» – деп. «Әй осы сөлбірейген немеден 
не шығушы еді», – деді ме, әлде жүрегі қайтсын деді ме: «ертең шаңғы, ботинка беремін, 
жаттығуға кел» – деді. Жүрегім жарылардай қуанып үйге жеттім: «маған шаңғы беретін 
болды, енді балалармен жарысатын боламын! ». Ол кезде қыста спорттың басқа түрі жоқ 
болғандықтан, шаңғыға бойы сырықтай, мықты таңдаулы ғана балаларды іріктеп алатын. 
Жаттығудан басқа да уақытта шаңғы аяғымнан түспейтін болды, жүгіре беремін, жүгіре 
беремін.  Өстіп  жүгіре-жүгіре  екінші  тыныс  (второе  дыхание)  ашылу  арқылы  шаршамай 
жүгіру  әдісін меңгеріп алдым.  (Бұл тыныс 5-10  км жүгіргеннен кейін барып ашылады.) 
Екінші тыныс ашылуға ерекше шыдамдылық қажет. 
Мен айтып отырған әдісті алысқа жүгіретін желаяқтар мен шаңғышылардың бәрі біледі, 
бәрі де осы тыныс алу әдісін қолданады. Көрші ұсақ балалар – мен шаңғы емес самолет 
мініп  жүргендей  көреді,  олар  да  шу-шу  етіп,  омбы  қарда  белшесінен  батып  мәре-сәре. 
Біртіндеп  жаттықтырушым  маған  қатты  көңіл  бөле  бастады,  бұрынғы  мақтаулы 
шаңғышыларға  шаңымды  да  көрсетпейтін   болдым.  Ең  ғажабы  қанша  жүгірсем  де 
шаршамайтын бола бастадым. Денем қатып, еңкіштігім жоғалып кетті. Күнде таңертең 6-
да тұрып алып мектепке барғанша құлперен болып жаттығу жасаймын, резеңке созамын, 
темір  көтеремін.  Денем  толды  ма  деп  күнде  айнаға  қараймын,  өзіме  өзім  разы  емеспін, 
бейне бір тері қаптап қойған қаңқа сияқтымын, бұлшық еттер жоқ. Лом темірден белдеме 
(турник) жасап алдым, әлі жөнді тартыла алмаймын. Бірақ бір ерекшелігім алған бетімнен 
қайтпайтынмын және өте шыдамдымын. 
Енді маған не жетіспейді? Жетіспейтіні екі қосақ бокс қолғабы мен футбол ойнайтын аяқ 
киім  (буцы)  деп  шештім  де,  марқұм  Рәш  анама  ойымды  айттым,  әкеме  айтайын  десем 
жасқанамын.  Ол  кезде  бокс  қолғабы  т.б.  спорттық  бұйымдардың  жоқ  кезі.  Сол  кезде 
Қызылорда  қаласында  мұғалімдік  оқуда  бөле  апайымыз,  қазір  белгілі  ақын,  шежіреші, 
Қаракерей, Семіз Найман, Қырықмылтық би Сүлейменнің немересі Нұрания Сүлейменова 
оқитын. Соған анам хат жазды: «келеріңде Әсеттің сұраған нәрселерін алып келші», – деп. 
Ол  апайымыз  алып  келді.  Қоймай  жүріп  спорттық  велосипед  саттырып  алдық,  оның 
қызығын  көретін  үлкен  ағайым  Асқар.  Сөйтіп  бокспен  де,  футболмен  де  шұғылдана 
бастадым. 
Ауылдың жоғарғы жақта тұратын бар баласы біздің үйде есік алдындағы қорада қан-қан 
болып  бокстасып  жатамыз.  Орысша  жазылған  бір  бокс  туралы  кітап  тауып  алдық, 
мағынасын  түсінбейміз,  бірақта  суреттерде  көрсетілген  әдістерді  жанымызды  салып 
үйренеміз,  бірімізді-біріміз  төбелестің  әдістеріне  үйретеміз.  Трактордың  дөңгелегінен 
штанга  жасап  алдық,  көтеретініміз  гиріміз  тағы  да  трактордың  шынжыр  табандары. 
Сырғи-сырғи  10  класқа  да  жеттік,  сабақ  оқымаймыз,  мұғалімнің  түсіндіргендері  баста 
қалса мыңқылдап айтқан боламыз, көбінесе желке қасып тұрған мылқаумыз. Мұғалімдер 
ұрсады: «бастарыңды доп кеулеп алған», – деп, біз балық сияқты үндемей құтыламыз. Сол 
жылы  жаттықтырушым  Толя  ағай  менімен  жеке  шұғылдана  бастады,  енді  50  км 
қашықтықтан тіпті ентікпей келетін болдым. 
Өзі  велосипедке  отырып  алады  да  менің  артымнан  ілесіп  отырады.  Баратын  жеріміз 
Мақаншы  ауылының  бер  жағындағы  Жәйтөбе  бауыры,  бір  жағының  қашықтығы 
мөлшермен  25...30  шақырым.  Денем  толып,  бұлшық  еттерім  бұлтыйып,  кеудем  шалқақ, 

арқам  түп-түзу  әдемі  бозбалаға  айналып  шыға  келдім.  Тамаққа  деген  тәбетім  керемет, 
үйдегілер бәрі бір табақ асқан етті жеп тауыса алмаса, мен жалғыз өзім сондай табақ етті 
сыпырып-сиырып айнадай қылып қоятын болдым. Сол үшін маған анам марқұм бір табақ 
етті бөлек алып сақтайтын болды. 
«Қозғалыс  дегенің  өмір,  ал  қимылдың  азайғаны  –  өмір  өрлеуінің  құлдырауы». 
  
В.В.Гориневский 
 
Ауылдық,  аудандық  жарыстарда  жүгіруден,  шаңғы  жарысынан  жүлдесіз  қайтпайтын 
болдым.  Кейін  Семейде  1  жылдық  кәсіптік  техникалық  оқуда  оқығанымда  да  облыс 
бойынша жүгіруден 1-ші орындарды алып жүрдім. Өмірімде осы спорттың көп пайдасы 
тиді. Енді өз басымнан өткен бір оқиғаны айта кетейін: «Жаңа айтып өткендей мектепті 
онша  жақсы  бітірмей  бүкіл  класс  болып  улап-шулап  Семейге  мұғалімдік  оқудың  тарих 
бөлімшесіне түсуге оқуға келдік. Бәріміздің де қала көргеніміз бірінші. Бәрі қызық, бәрі 
жат, не деген үлкен қала деп бір-бірімізге тамсанып қоямыз. 
Автобусқа  да  отыруды  білмейміз.  Ауылдағы  секілді  қол  көтерсек  тоқтайтын  шығар  деп 
оншақты бала, ұлымыз бар қызымыз бар жабыла көшені басымызға көтере айқайлап қол 
көтереміз,  бірақ  тоқтамайды,  біз  аң-таң.  Кей  кезде  көшенің  қиылысына,  қызылды-
жасылды шамның қасына келіп артқы шамын қызартып жағып тоқтай қалады, тапырлап 
тұра қуамыз, жете бергенде жүріп кетеді. Себебін түсінбейміз. Бір-бірімізбен жатып кеп 
керілдесеміз, біреуі айтады, мүмкін ауылдан келгендерді отырғызбайтын шығар деп, оның 
бұл дәлеліне іштей келісеміз. Болмағаннан кейін жаяу тартамыз. Басқа біреуден сұрайық 
десек  ұяламыз.  2-3  күн  бақыладық,  бізді  неге  алмайды,  бір  себебі  бар  шығар.  Сөйтсек 
әлгің белгілі бір аялдамада ғана тоқтап, ол аялдаманың белгілі аты болады екен. Қалаға 
үйрене  бастауымыздың  әліппесі  осылай  болды,  біз  үшін  қаланың  тылсым  дүниесі 
пердесін аша бастады. 
 
«Жақсыдан жаман туса жыннан пайда болғаны, 
Жаманнан жақсы туса нұрдан пайда болғаны».       Қазақ мақал-мәтелдері 
Оқуға түсе алмадық. Балалардың көбі үйлерін сағынып ауыл қайдасың деп сызып берді. 
Маған  қайтайық  дейді.  Мен  оларға  айтамын:  «осында  қалайық,  тегін  оқудың  біреуіне 
түсіп  ең  құрымағанда  орысшаға  тілімізді  сындырайық,  ақыры  мектепте  оқыған  жоқпыз, 
болмағанда осы жердегі кіші оқудан бастап бірдеңе үйренейік, ауылда көшеде ит қуғаннан 
басқа  не  істейміз?  ».  Олар  көнбейді  қорқады,  орыстың  балалары  бізді  сабайды  деп.  Ол 
кезде бір жылдық кәсіптік оқу орнында негізінен жетім балалар мен Ресейдің Сібір жақ 
қалаларынан  келген  орыс  балалары  оқиды,  көпшілігі  бұзық.  Сонымен  ет  комбинатына 
жұмысшылар дайындайтын ГПТУ – 28-ге құжаттарымды өткіздім. 
Бар  жоғы  оншақты  ғана  қазақ  баласымыз,  оның  жартысы  8  класс  бітірген  жас  балалар. 
Іштеріндегі  ересектері  Қарсыбаев  Оралтай,  Өрікбаев  Төкен  деген  Мақаншыдағы  Бахты 
мен Жарбұлақ ауылдарының баласы. Екеуміз өте жақсы дос болдық. Кейіннен 1970 жылы, 
Оралтай әскерде жүріп Оренбург қаласындағы Гагарин атындағы жоғары әскери жойғыш 
(истребитель)  ұшқыштар  дайындайтын  училищеге  түсіп,  Ресейде  теңіз  авиациясында 
ұшқыш  болды,  қазір  зейнеткерлікте  –  Астана  қаласында  тұрады.  Ал  Төкен  Өрікбаев 
кейіннен  спорттың  күрес  түрін  өзінің  туған  ауылы  Жарбұлақта  дамытып,  талай-талай 
атақты  палуандар  тәрбиелеп  «Қазақстанға  еңбегі  сіңген  жаттықтырушы»  деген  атақпен 
марапатталды. 
«Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке 
ие бола тұрса да, дос жарансыз өмірді қаламақ емес».   Аристотель 
 
Спорттан  жақсымын,  жүгіргенде,  футбол  ойнағанда  жан  баласына  жеткізбеймін. 
Орыстың  балалары  әлі  тиісе  алмай  жүр,  сылтау  жоқ.  Олардың  заңы  бір  адам  сол  жерді 
билеп  төстеуі  керек,  қазақтың  ішінде  бас  көтерері  Оралтай  екеуміз  ғана.  Бірге  оқитын 
Хрепков Виктор, Спиваков Николай, Кузнецов Юрий т.б. орыстың балаларымен Оралтай 
екеуміз пәтерде жатамыз, бірақ өте тату болдық. Бір күні спорт залда бір мерекелік кеш 

болды. Бізбен оқитын бойы 2 метрдей. еңгезердей Бақты комендатурасының офицерінің 
баласы  Меркулов   деген  жігіт  келіп:  «Әсет  бокстасасың  ба?  »  –  деп  бокс  қолқабтарын 
алдыма тастады. 
Бұрын  естігенмін,  бокстан  1-ші  разряды  бар  деп,  себебі  олар  өскен  шекара  аумағында 
спортқа бар жағдай жасалған, ол сол жерде солдаттармен бірге жаттыққан. «Бұл не пәле? 
» – 
деп мен де есалаң бола қалдым. «О, қазақ осыны да білмейді», – деп қарқ-қарқ күлді, 
оның күлкісін залда тұрған жанкүйерлері қостап ала жөнелді. Маған жетім балалар үйінен 
келген қазақ қыздары ғана, мүсіркей қарауда, әлгі жанымдағы қазақ балаларым зым-зия 
жоқ,  бір  жанжалдың  боларын  сезіп  тайып  тұрған  секілді.  «Ережесі  қалай,  мынауыңды 
қалай  киемін»,     –  деп  сұрадым,  күлкі  үдей  түсуде.  Қыз  балалары  бар,  ұлдары  бар  бәрі 
қаумалап қоршап анталап тұр. 
Тек  қана  маған  жанашыр  болып  тұрған  Оралтай,  Төкен  мен  бірге  жататын  орыстың 
балалары,  олар:  «Әсет  мына  арбиған  неменің  әкесін  танытып  жібер!  »,  –  деп  мені 
қолпаштауда. Себебі менің сырымды олар біледі, маған сеніп тұр. Шайқас басталып кетті, 
қолы тым ұзын екен, ішіне кіріп ұрмасам, басқа амал жоқ. Байқаусызда бір ауыр соққы 
жіберіп  алдым,  жұдырығы  ауыр  екен.  Анау  өзіне  тіпті  сенімді  болып  алды,  мені  тура 
соққымен  ұрып  жығамын  дегенде,  лып  етіп  еңкейе  қалып  ішіне  кіріп  кетіп,  тура  иектің 
астынан,  ең  ауыр  соққылардың  біреуі  төменнен  жоғары,  оң  қолыммен  бар  салмағымды 
салып, тартып жібердім (хук) , әлгі батырым кескен теректей сылқ етіп отыра кетті. Миы 
айланып  мәңгіріп  қалды.  Біраздан  кейін:  «жалғастырамыз  ба?  »,  –  деп  сұрап  едім,  әзер 
дегенде сыбырлап: «сен жеңдің, мен жеңілдім», – деп мойындады. 
Сонымен  бір  жылдық  оқуымыз  да  бітті,  кәсіптік-техникалық  училищеде  сабақты  өте 
жақсы  оқытады  екен,  талай  нәрсе  біліп  шықтым.  Мектепте  он  жылда  алмаған  білімді 
мына  жерде  бір-ақ  жылда  алдым.  Себебі  мұғалімдердің  де  деңгейлері,  ауылдағы 
мұғалімдермен салыстыруға да келмейді, өте жоғары болды. 30 баланың ішінде 4-ақ бала 
өте  жақсыға  бітірдік,  Солардың  ішінде  Оралтай  екеуміз  де  «өте  жақсымен»  бітіріп, 
«мұздатқыш  қондырғысының  машинисі»  деген  мамандық  алып  үш  бала,  біреуі  Виктор 
Хрепков Ресейдің Алтай өлкесінің баласы, Теміртау қаласының сүт зауытына жолдамамен 
жол  тарттық.  Алдында  6  ай  өндірістік  тәжірибеде  үшеуміз  Көкшетау  қаласының  ет 
комбинатында  бірге  болғанбыз,  жақсы  достасып  кеттік.  Теміртау  қаласына  бізді 
жібергенде Виктор: «Оралтай екеуің қайда барсаңдар мен сонда барамын», – деп Ресейге 
қайтпай қойды. 
Үшеуміз  Украинада  «Бандеровшы»  болып  25  жылға  Теміртауға  жер  аударылған, 
еңгезердей украин ақсақалының үйінде пәтерде тұрып жаттық. Даусы зор, керемет әдемі 
болатын, кешке есік алдынағы сәкіге отырып алып, украиндардың неше түрлі мұңға толы 
өлеңдерін  айтудан  жалықпайтын.  1969  жылдың  желтоқсан  айында  үшеумізді  де  әскер 
қатарына шақырды. Бардық. Медициналық сараптамадан өтіп, тыр жалаңаш комиссияның 
алдына келдік. Төрағасы 30-дың ар жақ бер жағындағы жас қазақ жігіті екен. 
Бір уақытта Оралтай екеумізден қазақшалап: «Жігіттер қайдансыңдар, маған неге бұрын 
кездеспегенсіңдер? » – деп сұрады. Жөнімізді айттық, ол кезде Теміртауда қазақ баласы 
жоқтың  қасы.  Бір  уақытта  жанында  отырған  комиссия  мүшелеріне  орысшалап: 
«Қараңдаршы,  біздің  қазақ  балалары  қандай  әдемі,  дене  бітімдерін  айтсаңшы»  –  деп 
Оралтай екеумізді жер көкке сиғызбай ала жөнелді. Шынында да, біз жанымыздағы орыс 
балаларынан  оқ  бойы  озық  көрініп  тұрғанбыз.  Сол  кезде  олардың  көбі  шаштары 
иықтарына  түскен  бәңгішілер,  маскүнемдер  болатын,  түрлері  мен  дене  бітімдері   қиқы-
жиқы, бүрісіп кеткен. 
Бір  уақытта  бізге  қарап  қайта  қазақша:  «Ал  жігіттер,  екеуің  де  жаман  жігіттерге 
ұқсамайтын сияқтысыңдар, қайда жүрсеңдер де жолдарың болсын, менің сендерге берген 
ағалық  ақ тілегім осы», – деп қоштасты. Оралтайды әскерге алып кетті, бір жылдан кейін 

әскерде жүріп Оренбургтегі жоғары әскери жойғыш-ұшқыштар дайындайтын училищеге 
түсті, мені көктемге қалдырды. Бірақ мен де іле-шала, зауыттағы құжаттарымды алмастан, 
Алматыға кетіп қалып, алты ай дайындық курсын оқып, Ауыл шаруашылық институттың 
агрономия бөлімшесіне «өте жақсы» деген бағалармен түсіп кеттім. 
Талай  жылдар  өткен  соң,  бір  күні  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
өмірінен  теледидардан  деректі  фильм  көрсетті.  Сол  кездегі  Нұрекеңнің  жас  Теміртауда 
болған шағындағы кадрлардан баяғы Теміртауда әскерге барар кездегі, Оралтай екеумізге 
ақ  жол  тілеген  қазақ  жігіті  комиссия  төрағасын  таныдым.  Өзім  ойлаймын:  «Мүмкін 
өмірдің  адасу  соқпағына  түспей,  адал  қызмет  етіп  жүргенім  де,  жас  күнімізде  досым 
Оралтай  екуміздің  де  бірден  оқуға  түсіп  кетуіміз,  жас  Нұрекеңнің  со  кезде  айтқан  ақ 
ниетінің  шапағаты  да  шығар».  Мұның  бәрін  жазып  отырғаным,  қазіргі  жастарға  үлгі 
болсын  деп  және  адам  өзінің  ойлау  жүйесін  өзгерту  арқылы,  алдыны  қойған  мақсатына 
шындап кіріссе алмайтын қамалы болмайды. Бұл адам ғұмырында неше түрлі жақсы да 
жаман  адамдармен  араласады,  жүре  келе  жора  жолдастар  да,  жағдайыңа  байланысты, 
жарға соққан толқындай, біресе көбейіп, біресе азаяды. 
 
Тылсым дүниенің барының нақтылы өзім білетін дәлелім 
 
Тылсым  дүниенің  барының  нақтылы  өзім  білетін  дәлелім: 
2006  жылдан  бастап  бес  жылдың  аралығында,  он  бір  кітап  жазуым. 
Тағы  таңқалатыным  –  ешқандай  да  қаржым  болмаса  да,  ешбір 
демеушісіз-ақ  кітаптарымның  із  суытпай,  бірінен  кейі  бірі  баспадан 
шығып  жатуы  және  қолдан-қолға  тимей  таралуы.  Кітап  жазудағы 
ерекшелігім  еш  уақытта  ойланбаймын.  Тек  қана  қажетті 
материалдарды  сұрыптап,  солардың  негізгі  идеяларын  аламын, 
орысша  болса,  еркін  аударма  әдісімен  қолма-қол  еш  қиналмай-ақ, 
негізгі айтайын деген ойды ғана аударамын. 
Компьюторда  отырғанда  сөздер  мен  сөйлемдер  лек-легімен 
ғарыштан  құйыла  береді.  Тек  компьютерге  теріп  үлгер.  Тағы  бір 
ерекшелігім,  жазған  нәрсемді  қайта  түзеп  өңдемеймін,  жүрегіммен 
қалай  қабылдадым,  солай  қағаз  бетіне  айна  қатесіз,  қаз-қалпында 
түсіремін.  Тіпті  шынын  айтсам,  қазақ  тілі  грамматикасы 
ережелерінен мүлдем бейхабармын, ұқпаймын. 
Жазған  он  бір  кітабымның  жалпы  тиражы  отыз  жеті  мың  дана.  Жазған  кітаптарым 
баспадан шыға салысымен-ақ қолдан-қолға тимей тарап кетеді. Оқырмандарым әлі күнге 
дейін  сатылып,  таралып  таусылып  кеткен  кітаптарымды  қайдан  алуға  болады,  тауып 
беріңізші деп жиі телефон шалады, кей кездерде ризашылықтарын білдіру, арнайы танысу 
үшін ат сабылтып үйге келеді. Кітапқа алғыстарын айтады, ақ жүректерін ақтарады, шын 
пейілдерін білдіреді, бетімнен құшақтап сүйеді, алғыстарын айтады, ақ баталарын береді, 
пендеге осыдан артық қандай құрмет, қандай атақ керек! 
Мен  не  журналист,  не  жазушы,  не  тіл  маманы  емеспін,  бар  болғаны  бүкіл  саналы  30 
жылғы өмірін қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында механизаторлардың, дихандардың, 
комбайнерлердің  арасында,  егістік  алқаптарда  шаң-шаң  болып,  күнге  тотығып  жүріп 
өткізген  қарапайым  агрономмын.  Мен  бәлендей  шіреніп  колхоз,  совхоз  басқарып, 
директор не үлкен дәрежелі қызмет істеп, кісімсіген кісі емеспін. Бірақ, бала күннен кітап 
оқуды  керемет  ұнатамын,  аптасына  бір  кітап  оқымасам  өзімді-өзім  қоярға  жер  таба 
алмаймын. Қандай  жұмыста болмасын, қолымнан күндіз-түні кітап түспейді, машинаның 
ішінде көлікті жүргізушім айдап келе жатқанда, уақытты зая жібермейін деп оқи беремін. 
Осы  әдет  қалыптасқанына  жарты  ғасырға  жуық  уақыт  болды.  Мектепте,  мөлшері  7-ші 
сыныпта оқып жүргенде мектептің кітапханасындағы кітаптардың бәрін де түп-тұқиянына 
дейін қалдырмай оқып, үнемі жаңа кітап іздейтінмін. 

Бала күнімнен сүйіп оқитын кітаптарым «Батырлар жыры», «Қазақ ертегілері», «Мың бір 
түн».  Бауыржан  Момышұлы  мен  Қасым  Қайсеновтың  кітаптарын  қайталап  оқудан 
жалыққан  емеспін.  Екі  арысқа  еліктеймін,  тәлім-тәрбие  аламын.  Бауыржан 
Момышұлының барлық шығармаларын жаттап алдым десем де болады. (Екеуі де кәсіпқой 
журналист  не  жазушы  емес).  Мектеп  бітірген  соң  орысша  кітаптарды  оқуға  үйрендім. 
Пушкин,  Чехов  пен  Гогольдің  кітап  жазудағы  тілдеріне  тәнті  болдым.  Әлі  күнге  дейін 
Джек  Лондонның  шығармалары  таң  қалдырады.  Қазір  кітап  жазғанда  осы  ұлы 
жазушыларға еліктеймін, солар сияқты қарапайым халықтың тілімен жазуға тырысамын. 
Қазақ тілінде оқитындарым: әлемдік деңгейдегі данышпан хакім Абай мен әулие Шәкәрім 
бабаларымыздың  баға  жетпес  –  рухани  асыл  шығармалары.  Сондай-ақ,  қасиетті   Құран 
мен  барлық  діни  ағымдардағы  киелі  кітаптар.  Құранның  орысшасын  оқимын.  Қазір 
орысшаға  аударылған  рухани  кітаптардың  бірде-біреуін  жібермеуге  тырысамын.  Әлі 
күнге дейін кітап дүкені кездессе болды, кітапсыз шықпаймын. Кітапқа ешуақытта ақша 
аяған  емеспін.  Осы  қасиеттерді  менің  бойыма  дарытқан  аяулы  анам  Бибірәбиға  (Рәш) 
Нүсіпқызы,  себебі  ол  кісі  кітаптан  басын  алмай  жатып  алып  оқитын,  одан  әрі 
ынталандыра  түскен  –  асқар  таудай  әкем  Риза  Мұқашбекұлы  болды.  Себебі  10-14  жас 
аралығымда  әкем  менің  оқыған  кітаптарымның  мазмұндарын,  қалай  түсінгенімді,  алған 
әсерімді ерінбей сұрап жігерлендіріп, мақтауымды асырып, қанат бітіріп отыратын. 
Жас  балаға  әкенің  мақтауынан  артық  қандай  құрмет,  қандай  бақыт  керек!  Мен  осы 
тылсым құбылыстардың бәрі жүрегімде орналасқан Ғазиз жаным – Алланың рұхсатымен, 
соның демеуімен іске асып жатқанына күмән келтіре алмаймын, себебі басында түсініксіз 
болып  көрінетін  осы  құбылыстар   белгілі  заңдылықтар  арқылы,  Ғазиз  жанның  тікелей 
араласуымен болып жатқанын, жан дүниеммен, бар болмысыммен сезінемін. 
Рухани білімді қайдан алдым? 
 
«Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз 
де  қылып,  жығылып,  тұрып  жүрсек  болғаны  дейді.  Саудагер  несиесін  жия  келгенде, 
«тапқаным  осы,  біттім  деп,  алсаң  –  ал,  әйтпесе  саған  бола  жерден  мал  қазам  ба?  » 
дейтұғыны  болушы  еді  ғой.  Құдай  тағаланы  дәл  сол  саудагердей  қыламын  дейді.  Тілін 
жаттықтырып,  дінін  тазартып,  ойланып,  үйреніп  әлек  болмайды.  «Білгенім  осы,  енді 
қартайғанда  қайдан  үйрене  аламын»  дейді.  «Оқымадың  демес  дағы  болады,  тілімнің 
келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па? »         
                                                      
Абай (он алтыншы сөз) 
 
1983...85  жылдары,  ол  кезде  Мақаншы  ауданының  «Қарабұлақ»  совхозында  партия 
комитетінің  хатшысы  болып  қызмет  істейтінмін.  Бір  күні  жолым  түсіп  Ұржарға  келдім, 
келсем  бір  дүңгіршекте  ескі  орыс  харпімен  жазылған  Г.  С.  Саблукованың,  арабшадан 
аударған 1907 жылы Қазанда басылып шыққан «КОРАНЪ» кітабы сатылып жатыр екен, 
алдым.  Там  тұмдап  оқи  бастадым,  бірінші  бетін  ашып  оқи  бастағаннан-ақ  кітаптың 
сөздерінің құдіреттілігі мен мағынасы бірден бауырап алды. Бас көтермей түні бойы, таң 
атқанша оқитын болдым, бірте-бірте өмірге, адамдарға деген көзқарасым мүлдем өзгеріп 
кетті. Бұрынғы қалыптасқан маркстік-лениндік теориялардың бәрі быт-шыт болды. 
Осы кітап әсерінен, сол заманда екінің бірінің қолы жете алмайтын партком хатшылығы 
қызыметінен  де  өз  еркіммен  босап,  мамандығым  бойынша  ауысып  кеттім.  Науалыда 
жүргенде  Абайға  ден  қоя  бастадым,  Шәкәрім  шыққаннан  кейін  тіптен  терең  түсіне 
бастадым.  Сонымен,  бірге  дінге,  руханиятқа  байланысты  көптеген  басқа  да  кітаптарды 
оқып,  рухани  деңгейімді  көтеруге  ұмтылдым.  Оларды  Құранмен  салыстырып  оқитын 
болдым.  Көзім  жеткені  барлық  қасиетті  кітаптардың  мағынасының  бір-бірінен  онша 
алшақтамауы, бәрінің айтатыны бірақ нәрсе Жаратушы біреу-ақ, бәрі де имандылық жолға 

түсіп «мұсылман»-дықты қабылдау өзіңе ғана қажет екенін айтады. «Шәкірт дайын болған 
кезде, ұстаз өзі келеді» деген қанатты сөз бар. Алматыда теолог-философ ғалым, жазушы, 
«Абайтану»  кітабының  авторы   Досым  Омаровпен  танысып,  айқын  емес  жерлерін 
тереңірек  түсінуіме  тигізген  әсері  зор  болды.  Осы  рухани  ілімді  терең  түсініп  игеруім 
үшін 30 жылдай уақыт керек болды. 
 
Қорытынды 
 
 
«Өзгені ақыл ойға қондырады, 
                                     
Біле алмай бір Тәңіріні болдырады. 
                                     
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен, 
                                     
Талпынып тағы да ойлап зор қылады. 
  
  
Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын, 
                                      
Сонда да Оны ойламай қоя алмаймын. 
                                      
Ақылдың жетпегені арман емес, 
   
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын».          Абай 
 
Біз  өзімізді  сезім  арқылы  өзгерткенде  ғана  жақсы  жақтарға  қарай  тұрақты  түрде 
өзгерте аламыз. Біздің бай-бақуатты жоғары дәрежеге жетіскіміз келеді, бірақ осыны іске 
асыру  үшін  өзімізбен  жұмыс  жүргізбейміз,  өзімізді  жақсылыққа,  алдыға  жетелемейміз. 
Көптеген адамдардан естуге болады: «Менде анау болса, мынау болса, мен ойымды іске 
асырып дәулетті болар едім» – деп. Бұл жерде реті дұрыс көрсетілмеген. Біз жетістікке, 
табысқа қол жеткізуіміз үшін, ең алдымен мінезімізге көптеген басқа қасиеттер енгізуіміз 
керек.  Өз  ойлағанымыздай  адам  болған  кезде  ғана,  нәтижесінде  ойлаған  ісіміз  жүзеге 
асады. 
Табиғаттағы өзгерiстер  нәтижесiнде  бiр  себептiң салдарынан екiншi себеп пайда 
болып,   оның салдары  келесi  себептi  тудырып, бiрiмен-бiрi жалғаса бередi. Адам баласы 
осы әділет заңдылығы сияқты  табиғаттың өзгермейтiн заңдылықтарын,   байланыстарын 
бiлiп,     дұрыс  әрекет  еткенде  ғана  оны  өз  мүддесiне  лайықты  пайдалануына  болады. 
Табиғатқа  күш,  зорлық  жүрмейдi.  Әлем  жаратылғаннан  бері  бір  де  бір  адам  өлім 
тырнағынан  қашып  құтылған  емес,  бірақта  әрбір  адам,  егерде  қатерден  сақтаса,  өзінің 
Ғазиз  жанымен  байланысқа  шығып:  өз  тағдырын  өзі  өзгерту  арқылы  ұзақ  өмір  сүруіне 
болады. Осыны әркім өзі үшін, туыстары үшін, өзінің елі үшін жасауы керек. 
  
Пайдаланылған кітаптар: 
 
1. Құран Кәрим, қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. 
2. Коранъ. Переводъ съ арабскага языка. Г. С. Саблукова. Третье изданіе. 
  
Казанъ. Центральная Типографія. 1907 . 
3. Коран. Перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой. 
    
Москва. Рипол классик. – 2005 
4. Пайғамбарымыздың бір мың бір хадистері. – Шымкент қаласы – 1992 ж. 
5. Бһагавад Гита қаз қалпында. (Ағылшын тілінен аударған Ержан Ілиясұлы). 
6. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармалардың екі томдық толық жинағы. – Алматы: 
Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар.  – 2004. 

7.  
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. –  2000. 
8.  Омраам  Микаэль  Айванхов  «Свет  мира».  Юбилейное  издания  1900  –  2000  год.   – 
Москва: Издательство «Техническая книга». – 2000. 
9. «Наука о жизни с позиции Аюрведы». – Москва. – 1998. 
10.  Валерий  Синельников.  «Таинственная  сила  слова.  Формула  любви.  Как  слова 
воздействует на нашу жизнь», – Москва. ЗАО Центрполиграф. – 2007. 
11. Валерий Синельников. «Возлюби болезнь свою. Как стать здоровым, познав радость 
жизни», – Москва. ЗАО Центрполиграф. – 2007. (Тайны подсознания). 
12.  Поль  Брэгг  «Здоровье  и  долголетие.  Чудо  голодания».   Издательство  «Грэгори» 
Москва 1996. 
13. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Алматы «Жазушы» 1988 
1
4. Р. Оразалиев, Д. Омаров, Ә. Мұқашбеков. «Жасару құпиясы». –  Алматы: «Алейрон». – 
2006. 
15. Әсет Мұқашбеков. «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепілі! » – Алматы: «Алейрон». – 
2007 
16. Әсет Мұқашбеков. «Рух пен тәннің саулығы», – Алматы: «Алейрон». – 2007. 
17. Әсет, Қамбар Мұқашбектектері. «Жүйке жүйесінің тылсымы» – Алматы: «Алейрон». – 
2007. 
18. Әсет Мұқашбеков, Серік Шалқарұлы. «Ақыл есті билеп алған жоқшылық пен 
кедейшіліктен қалай құтылуға болады? » – Алматы: «Алейрон». – 2007 
19.  Әсет  Мұқашбеков,  Тілеуберді  Құлиев.  «Желілі  бизнестің  көмегімен  ақымақтық  пен  жоқшылықтан  қалай  құтылуға 
болады? » 
 – 
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 
– 2008 
20.  Әсет  Мұқашбеков,  Тілеуберді  Құлиев.  «Тибет  медицинасының  өнімдерінің  негізінде 
– 
желілі  жеке  бизнесті  құрудың 
құпиясы» 
– 
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 
– 2008 
21.  Әсет  Мұқашбеков,
 
«Ақ  ана» 
– 
Зейнекамал  Қаржымбайқызы,  Күләйхан  Қасымқызы,  Меңжамал  Құмарқызы,  Сапар 
Рауанов, Ержан Құлиев. ««Жаратушыны әруақтар арқылы тану немесе «Ақ ананың» тылсым дүниелері» 
– 
Алматы: ЖШС 
РПБК «Дәуір».
 – 2008 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
  
  
  
  
  
  

Document Outline

  • Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет