Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

         
Осыдан  кейін  емші  мен  келіншек,  келіншектің  Ғазиз  жанының  жаңа  тәртіп 
әдістерінің  бағдарламасын  құрады.  Бір  айдан  кейін  емшіге  құлпырып  тұрған  көрікті, 
сымбатты, жинақы қалыпқа түскен келіншек келіп: 
– 
Емші,  сіз  білесіз  бе,  мен  өз  күйеуімді  өзім  танымай  қаламын.  Алғашқы  қосылған 
тойымыздағы  әсер  мен  сезім  құбылыстарым  қайта  оралды.  Мен  ертең  сізге  құрбымды 
ертіп келемін, оның да арықтағысы келеді. 
  
Ішкі ашу-ыза, кешіре алмау да семіздікке ұрындырады 
        
Өзіңді сүю, қабылдау – өте маңызды. Егер өзіңізге разы болмасаңыз, бұның сыртқы 
көрінісі  қайтсе  де  көрінеді.  «Сыртқы  келбетің  –  ішкі  ақиқатың».  Баяғыдан  белгілі,  адам 
өзін жақсы көріп, өзін жетілдіре берсе, оның денесі сымбатты, салмағы қалыпты болады. 
         
Адамның  жаны  бос  кеуек  болуға  көнбейтіндіктен  –  сүйіспеншіліктің,  өмірдің 
ләззатын тамақпен толтыруға тырысады. Қазекең бұны: «Таз ашуын тырнадан алады», – 
дейді. 
         
Ішкі ашу-ыза, кешіре алмау да семіздікке ұрындырады. Толық адамдар өте кінәмшіл, 
өкпелегіш.  Өкпе  мен  реніш  майдың  жиналуын  қамтамасыз  етеді.  Реніш,  өкпе  –  өзіңді 
өзгертуге  деген  талпыныс.  Немесе  өзіңді  сүюге,  силауға,  бағалауға  тырысу.  Бәрі  де  – 
қайтадан сүйіспеншілікке, өзіңе деген көзқарасты өзгертуге әкеліп тоғысады. 
         
Емшінің  қабылдауында  болған  жас  қыз  бірінші  қабылдаудан  кейін  4  келіге 
арықтайды, сонан кейін салмағы тапжылмай тұрып алады. Ғазиз жанымен байланысқанда, 
арықтауына  бөгет  болған  Әкесіне  және  оның  тоқалына  деген  реніш,  өкпесі  екені  мәлім 
болады. 
         
Қызға 14 жас толғанда, әке-шешесі ажырасып, әкесі басқа әйелге кетеді. Сол кезден 
бастап  қыз  тола  бастаған.  Өзінің  арықтамау  себебін  түсінген  соң  –  өзінің  әкесіне,  оның 
жеке өміріне көзқарасын өзгертіп қалыпты салмағына түсті. 
 
«Өмір  –  көп  бөлігі  тамақ  табу  мен  оны  дайындауға  кететін  адам  әрекеттерінің 
тізбегі».   Плутарх 
 
Баласының  денсаулығы  туралы  жөнсіз  мазасыздану  да  анасын  семіздікке  ұрындырады. 
Бұның себебі, денсаулық пен мол тамақты бір –бірімен бйланыстыратын түсінік. Тамақты 
көп жеген сайын мол сүт бөлінеді деген ұғым. 
  
Емші, мені қомағайлықтан құтқарыңызшы! 
 
Емшіге  толық,  өңкиген  семіз  әйел  келеді.  Әйел  жүкті  бола  бастағаннан  тола  бастап, 
босанғаннан кейін тіпті семіріп кетеді. 
– 
Емші, мені қомағайлықтан құтқарыңызшы. Мен өзімді жақтырмаймын. Өзімнің 
түріммен елді үркітпес үшін, таныстарымнан тығылып жүруге мәжбүрмін. 

Әлгі  әйелдің  Ғазиз  жанының  қомағайлыққа  жауап  беретін  бөлігімен 
байланысқанда,  оның  қомағайлығы  –  9  жасар  баласының  денсаулығына  ерекше 
қамқорлық жасағанынан екені анықталады. 
         
Келіншек ауыр аяқ кезде анасы: «Егер балаң сау болсын десең, тамақты көп же», – 
деп миына құя берген. Балаға жүкті болған 9 айда анасының үйінде тұрған. Анасының өзі 
де жардай. Келіншек баласының денсаулығын мақтан ете алатын. Бірақ, қандай төлеммен! 
Келіншектің  Ғазиз  жаны  –  баланың  денсаулығына  қамқор  болудың  басқа  әдістері  бар 
екенін білмеген. 
 
«Ақ  көңіл  адамның  тамағы  ем  болады,  ал  ашкөз  қызғаншақ  адамның  тамағы  дерт 
болады».                       Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Қомағайлық  –  Ғазиз  жанның  жайлы  жағдай  жасау  қалауынан  туындайтын  жүйке  әдісі. 
Қомағайлар  мен  мешкейлер  қарны  ашқандарынан  басқа,  тамаққа  ерекше  мән  береді. 
Тамақтың  көмегімен,  сезім  құбылыстарының  бос  кеңістіктерін  толтыруға  тырысады. 
Ғазиз жанында байланыс орнайды: асқазанды ыңқия тойып толтыру – сезім құбылысының 
бос  кеңістігін  толтырып,  сезім  қанағатына  бөлену.  Адамдармен  осылайша  араласып, 
сүйкімді болып  көрінгісі келеді. 
         
Сүйіспеншіліктің жоқтығы, өмірге разы болмау, оған қанағаттанбау: адамды тамаққа 
ыңқия тойған мезетте – тез, әп-сәтте ләззат алып қанағаттануына әкеледі. 
  
Кедейдің бір тойғаны, шала байығаны 
 
«Қомағай да ашқарақ болып жүрме, 
Тамағыңа пышақ тақағандай тәбетіңді бөге».  Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.)   
 
Біздің  ауылда,  Науалыда  менімен  көрші  екі  кемпір  бар-тын.  Тұрмыстары  онша 
емес, жұпыны. Ауылды жерде жаназа болғанда «Құдайы тамақ» деп елдің бәрі шақырсын, 
шақырмасын  бара  береді.  Симаған  көпшілікті  үй  иелері  қайта  дастархан  жайып,  екінші 
тамаққа отырғызады. 
         
Әлгі екі кемпір бірінші тамаққа ыңқия тойып алған соң, екінші тамаққа кіруді аңдып, 
сәтін  күтіп  тұрады.  Симаған  екінші   кезектегі  жұрт  кірген  кезде,  менің  көршілерім,  түк 
көрмегендей болып, төрге барып жалпиып отырып алады. Өздері тойса да, көздері тоймай 
тамақты тағы жапырады. 
         
Бір  күні  қызық  жағдай  болды.  Осы  көршілерім  бір  бай  адамның  жаназасында, 
әдеттегідей  екінші  отырысқа  кіреді.  Дәулетті  адамның  үрім-бұтағы  қой-ешкі,  құнажын-
тайынша, сиыр соймайтыны белгілі. Кемінде іркілдеп тұрған екі ту бие сояды. Оларға да 
атақ керек қой: «Па, шіркін! Бәленшекеңнің жаназасында сойылған жылқының қазысы бес 
елі, табан қазы болыпты! », – деген. Бұл әңгіме келесі бір бай өлгенше жалғаса береді. 
         
Алдыңғы дастарханда ыңқия тойып, сүйретіліп шыққан екі кемпір, тамақ кеңірдекке 
келіп  тұрса  да,  жылы-жұмсақ  қазы-қартаға  жаудай  тиеді.  Тамақ  ішіп  бола  бергенде, 
жуандау  кемпір  ойбайлап  отыра  кетеді.  Ел  аң-таң:  «Бұл  мешкейге  не  боп  қалды?  ». 
Көпшілік болған соң, ішінде бәрі бар ғой. Жаназаға келгендердің арасында бір дәрігер бар 
екен. 
         
Ойбайлап ішін ұстап домалап жатқан кемпірдің қарнын қараса, сыртқы еті – тамақ 
симай  жыртылып  кетіпті.  Дәрігер  қолма-қол  алып  кетіп,  қарнының  жыртылып  кеткен 
жерін  тігіп  береді.  Жиналған  жұрт:  «Әй,  бейшара  кемпір,  жақсы-ақ  адам  едің, 
қомағайлықтан енді өлетін болдың-ау! », – деп жорамал жасап, өз беттерінше кетеді. 
Әлгі  кемпірдің  есекке  мініп  жүретін,  көзі  жөнді  көрмейтін  –  қаңбақ  шалға 
ұқсайтын, ербиген шоқша сақалды, мінезі шадыр, басы айнатаз, бойы бір жарым метр, көп 

қатын алған саркідірлеу келген  қалқиған қалақтай шалы бар. Екеуі тойға барғанда – шалы 
мас болып қалса, есегін жетектеп, өзін қолтығына қысып алып жүре беретін. 
         
Көршіміз. Үй арасында үй жоқ. Менің әдетім таң бозынан тұрамын. Көрші жақтан 
айғай-шу шықты. «Е, әлгі байқұс кемпір өліп қалып, шалы мен балалары ботадай боздап 
отыр-ау, шалына обал болды ғой. Қой кіріп көңіл айтып шығайын», – деп шалдың үйіне 
бет алдым. 
         
Өз көзіме өзім сенбедім. Шүйкедей шалы кеше ғана қарнын тіктірген кемпірді, үйді 
айлана қуып таяғымен сабалап жүр. 
– 
Әй, жынды шал! Арқамнан ұра бер, тек басымнан ұрма! – деп кемпірі балпаңдап қаша 
алмайды. 
– 
Ой, ата! Не болып қалды? Жайшылық па? ! 
– 
Кеше  есегім  ауырып  жаназаға  бара  алмап  едім...  Мына  әкеңнің  аузы...........  кемпірі, 
жаназада отырғанда тамақты өлгенше жеп, қарны жарылса да, маған бір жапырақ ет ала 
келмепті. 
– 
Апа, сарқыт неге ала келмедің? 
– 
Әсет балам! Әкелейін-ақ деп едім, бәлніске түсіп қалған жоқ емеспін бе! 
  
Салауатты өмір салтына қалай көшуге болады? 
 
«Жалқау тірі болғанмен өлгенге есеп, 
                   
Білімнің кеселі жоқ мұнан кесек. 
                   
Білімсіз, әрекетсіз еріншекті, 
                   
Күнәкер де болмаспыз өлді десек».         Шәкәрім 
 
Ғазиз  жанның  көмегімен  ашығу  мен  табиғи  тамақтарды,  табиғи  әдеттерді 
қолданудың  арқасында,  әрбір  адам  өзінің  өмірін  сау,  салауатты  қыла  алады.  Тазалану  – 
ағзаның  өзі  ғана  орындай  алатын  ішкі  биологиялық  міндет,  ашығу  арқылы  осы 
жұмыстарды  жандандыра  түсесіз.  Табиғат  үнемі  сізді  неғұрлым  сау,  өміршең  болуға 
итермелейді, сондықтан өзін-өзі тазалау кезінде болатын келеңсіздікте не істеу керектігін 
өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, ол сізді еш уақытта орта жолға тастамайды. Ал 
ашығу мен дұрыс тамақ мәзірі аса керемет көмекші. 
Мен  темекіге,  араққа  т.б.  тәуелді  болып,  жар  басынан  құлауға  шақ  қалған  талай 
адамдарды мысалға келтіре аламын. Осы адамдар ашығудың көмегіне жүгінді, ал ашығу 
ғажайып  жасады.  Темекі,  арақ,  шәй,  кофе  ішу  әдетінен  құтылғысы  келсе,  өзінің 
мәселелерін  қарапайым  ашығу  жолымен  шеше  алады.  Тән  тазаланған  уақытта  уды 
қабылдамайды.  Таза,  дені  сау,  мамыражай  дене  уларды  әрқашанда  ысырып  тастайды. 
Ашығу – улы заттардың қандайына болмасын тойтарыс беретін, ағзаны тазалаудың ұлы 
әдісі. 
  
Әсеттің 104 жасаған Саңқайбай атасының әңгімесі 
 
«Ағайын  туысқандарыңды  жақсы  біліңдер,  туысқандарыңызбен  қарым 
қатынасыңыз  жақсы  болсын.  Өзі  жақын  тұрғанымен  мейірімі  болмаса,  оның 
жақындығынан пайда жоқ. Өзі ұзақ болғанымен бір-біріне мейірімі жақсы болса, 
онда ұзақтықтың зияны жоқ».                                                                         
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 

 
Менің  Мұқашбек  атамның  әкесі  Бейбарыс-Жолбарыс  бабам  он  ағайынды.  Арғы 
бабаларымыз:  Найман,  Төрт  Төлегетайдың  ішінде  Қаракерей,  Байыс,  Тума,  Ақша, 
Қарабас,  Қожакелді,  Көкі,  Қылқабай,  ал  Қылқабайұлы  Босқынбай  атамыздан   он 
ағайынды  ұл:  Бейбарыс-Жолбарыс,  Аблан,  Қабылан,  Есім,  Нысанбай,  Өмір,  Естемес, 
Отаршы,  Малшы,  Қасен.  Солардың  төртеуінің  ұрпақтары  бармыз.  Сол  ұрпақтарының 
біреуі  менің  атам  Жолбарысұлы  Мұқашбектің  бауыры,  Есімұлы  Саңқайбай  атаны  100 
жасында Науалыда бір бауырымыз Мақышұлы Солтансейіттің жаназасында кездестірдім. 
Саңқайбай  ата  104  жасында  Аякөзде  үлкен  баласының  қолында  біраз  ғана  сырқаттанып 
жатып көз жұмды. 
Саңқайбай атамыздың аққұба өңі аса шырайлы, бойы екі метрге жете қабыл, қақпақ 
жауырынды,  батыр  тұлғалы,  денесі  тіп-тік,  жүрісі  серіппелі,  әскери  адамдардікі  сияқты 
аршынды  екен.  Аузындағы  тісі  түгелдей  бүтін,  қимылы  жас  жігіттердікі  сияқты  ширақ, 
көз  жанары  өткір,  құлағы  сақ.  Түрі  жетпіске  енді  ғана  толған  адам  сияқты.  Мен  барып 
танысып өзімнің Жолбарысұлы Мұқашбектің немересі екенімді айттым, осы ашығу ілімін 
енді бастап жүрген кезім. «Ә, мен сенің атаңды, өзімнің ағам Мұқашбекті жақсы білемін, 
1937 жылы нахақтан ұсталып, атылып кетті-ау, есіл ер! Оның бар жазығы молда болып 
Құдайға  сенгендігі  мен  ауқатты  жеке  шаруа  жер  иесі  және  көзі  мен  көкірегі  ашық 
болғандығында  ғана  болды  ғой.  Қайта  жақсы,  ағайымның  көзі  Ризадан  сендер  өсіп 
жетіліпсіңдер, бұғанда шүкір», – деп мені бір желпінтіп алды. 
Сонан  кейін  өзінен  кәрі  көрінетін  бір  шалды  әкеп  менімен  таныстырды:   «Әсет, 
танысып қой Құрман деген ағаң болады, менің 78 жастағы екінші балам», – дегенде, жас 
шалдың өзінен 10-15 жас үлкен шалды ұлым деуі маған біртүрлі ерсілеу күлкілі сияқты, 
күлейін  десем  екі  шалдан  ұят,  күлмейін  десем  бұрын-соңды  мұндайды  естіп  көрмеген 
басым,  күлкі  қысып  әкетіп  барады.  Қыстығып,  қымқырылып  күлкімді  әзер  дегенде 
тежедім. 
Ол  кісінің  тағы  бір  ерекшелігі  аузына  келген  сөзді,  ойды  мәймөңкелемей  тура 
айтады  екен.  Осы  жаназада  ауылдың  ақсақалдарының  ішінде  «аяқтыға  жол,  ауыздыға 
сөз»,  төрден  орын  бермейтін  дегендей  балапан  шалдардың  ішінде  шоқтықтары  биік, 
жастары  80-нің  о  жақ,  бұ  жағындағы  Есетай,  Нұртаза,  Төлеген  т.б.  ауылдың  қадірменді 
кәриялары  отырған. Саңқайбай ата: «Әй балалар, немене бос сөйлеп отырсыңдар», – деп 
саңқылдаған даусымен бір тисіп өтті. Ана шалдар жасын силағандікі ме білмеймін, бәрі де 
таяқтарымен  жер  шұқылап,  молданың  алдындағы  шәкіртке  ұқсап,  төмен  қарап 
бұқпантайлап  үндемей  отыра  берді.   Өзінен  кәрі,  таяққа  сүйеніп  орнынан  әзер  тұрып-
отыратын,  аяқ  қолдары  селкілдеп  берекесі  кетіп  жүрген  өлмелі  ақсақалдарды  өздерінен 
жап-жас адамның «бала» деп айтқанына енді күлмеске шарам қалмады. 
Былайырақ  шығып  өзіме-өзім  келгеннен  кейін:  «Ата,  сіз  осы  денсаулыққа  қалай 
жеттіңіз,  осының  құпиясы  неде?  »,  –  деген  сұрақ  қойдым.  Менің  екі  жұдырығым  бір 
уысына  сиып  кететіндей,  еті  қашпаған  күректей  алақанының  салалы  саусақтарымен 
сақалын  сипап  тұрып:  «Біз  ауқатты  тұрдық,  1932  жылы  кәнпеске  басталғанда  үркінді 
болып,  бас  сауғалап  Қытайға  өтіп  кеттік.  Ол  жерде  байларда  малайлықта  болдым.  Егін 
суғардым,  шөп  шаптым,  бидай  ордым.  Осы  жаққа  келгенде  де  әлі  күнге  дейін  қара 
жұмыстан  қол  үзіп  көрген  жоқпын,  малға  шөпті  өзім  дайындаймын,  тыным  таппайтын 
мазасыз  адаммын.  Бос  отыра  алмаймын.  Өмірімде  арақ,  темекі  дегенді  аузыма  алып 
көрген  пенде  емеспін.  Бие  байлап  қымыз  сауамын,  айына  екі  қабат  саумал  ішіп  ішімді 
тазалаймын.  Бірақта  өмірімді  серілікпен  өткіздім,  кездескен  көлбең  етектіні  құр  жіберіп 
көрген  емеспін.  Атаң  жүзге  келсе  де  әлі  қауқары  бар»,  –  деп  біркелкі  жарқырап  тұрған 
аппақ күрек тістерін көрсетіп, қулана жымиып қойды. 
 
«Үйірілген сары алтындай сары қымыз, 
Ауруға – ем, сауға қуат, дәрі қымыз. 

Елімнің ең сүйікті асы болдың, 
Шығаршы тағы нең, бар кәні, қымыз! ». Жамбыл Жабаев 
 
Адам баласына ғажайыпты армандау тән қасиет! Тамақтың, дене шынықтырудың, 
ашығудың  нақтылы  мүмкіншіліктерін  білмей,  олар  ғажайыпты  өздері  түсінбейтін 
айдаладан іздейді. Поль Брэгг: «Табиғаттың ұлы заңдарымен өмір сүрудің еш қиындығы 
жоқ.  Аурудан  азап  шегіп,  мезгілсіз  қартайғандар,  тез  жазылу  мен  жасарудың  жолын 
армандайды. Есіңізде болсын: денсаулықты еңбектенсең ғана табасың! Оны сатып алуға 
болмайды,  ешкімде  оны  сізге  сатпайды.  Мен  табиғат  заңдылықтарын  зерттеймін, 
бұзбаймын, нәтижесінде денім сау және өте қуаттымын. Табиғи тамақтану, ашығу арқылы 
өзіңді-өзің тазалау жолдары, дене шынықтыру – қартаймайтын, солмайтын, әр күніңізге 
шаттық  силайтын  өмірге  алып  келеді».  Қараңызшы  қандай  керемет!  Саңқайбай  атаның 
104-
ке  келуі,  Жамбыл  Жабаевтің  100-ге,  Найман  бабамыздың  тоқсан  жасында  ұрпақ 
әкелуі, Бұхар жырау бабамыздың 90-нан асқан шағында да қырғын соғыста халыққа жігер 
беріп,  намыстарын  қайрауы,   Қабанбай,  Қожагелді  мен  Шыңқожа  батырлардың 
қартайғанша қолдарынан найза тастамауы, жүз жасқа дейін тамаша табиғи денсаулықпен 
жүру, өмір сүру, ұрпақ әкелу олар үшін қалыпты жағдай болған. Аталарымыздың Елубай, 
Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп балаларына ат қоюдың өзі осының бір 
дәлелі  емес  пе?  Жаугершілікте,  соғыста  немесе  басқа  қырсықтан  өліп  кетпесе 
Жаратушының,  табиғаттың  адамға  берген  100-120  жыл  ғұмырын  толықтай  сүрген,  ауру 
сырқау, улану дегендер жоққа тән болған. Ең бастысы табиғат заңдарын бұзбаған, осының 
жетегімен  өмір  сүре  білген.  Ал  қазіргі  замандағы  біздің  замандастарымыз  60-қа  жетер 
жетпестен  өздерін  қартайдық  деп  иландырып  алып,  өмірден  түңіліп,  денсаулықтарын 
түзетумен  шұғылданудың  орнына,  баяғы  «әніне  салып»  бей  берекет  өмірлерін  жардан 
омақаса құлағанша жалғастыра беруде. 
  
 
II ТАРАУ.   СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІҢ – ІШКІ АҚИҚАТЫҢ 
 
Еріншектіктен – салақтық, 
Салақтықтан – надандық. 
Бірінен-бірі туады, 
Жоғалар сүйтіп адамдық».  Шәкәрім 
  
Әрбір пенде өз өмірін, өз әлемін – өзі құрайды 
 
«Ойлы адам оза береді, ойсыз адам тоза береді».   Қазақ мақал-мәтелдері. 
 
Біз  өз  әлемімізді  өзіміздің  ойлау  жүйемізбен,  сезім  құбылыстарымызбен,  қылған 
қылықтарымызбен  өзіміз  жасаймыз.  Барлық  шырғалаңдарыңыздың  жауапкершілігін  тек 
өзіңізге ғана жүктеңіз. Бұны түсінудің маңызы ерекше. 
Өз  өміріңнің  жауапкершілігін  өзіңе  жүктеу  дегеніміз  –  айналаңдағы  адамдарды 
кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре алмаудан толықтай бас тарту
Біздің  ойымыз,  сезіміміз,  қылған  қылығымыз  сыртқы  бейнемізге,  (тәнімізге,  бет 
әлпетімізге)  ,   рухани  дамуымызға,  от  басы-ошақ  қасындағы  қарым-қатынасымызға, 
тұрмыс  деңгейімізге,  көңіл  күйімізге  тікелей  әсер  етеді.  Ішкі  жан  дүниеңнің  қалпы  – 
сыртқы қалпыңның айнадағы сияқты көрінісі. «Сыртқы келбетің – ішкі ақиқатың». Осы 
заңдылықты  өмір  бойы  қолданып  үйреніңіз,  үрім  бұтағыңызға,  айналаңдағы  адамдарға 
үйретіңіз. Айналаңдағы адамдарға, қоршаған Әлемге, ортаға – ізгілік, мейірімділік нұрын 
шашыңыз! 
         
Егер де өз тағдырымызды, өз әлемімізді өзіміз құрсақ, онда осыларды өзіміз өзгерте 
де аламыз емес пе? ! Басқаша айтқанда, өмірімізде бірдеңе жақпаса, онда осының түпкі 
себебін  анықтап  алып,  өзгертуге  болады  екен  ғой.  Ол  үшін  ішіміздегі  жан  дүниеміздегі 
ақиқатқа назар аударайық. Бөгет болып тұрған жағдайды анықтап алып, өмірдегі ұстанып 
жүрген бағдарламамызды күрт өзгертіп, өзіміз мүлдем өзгерейік. 

         
Сіз қоршаған әлемді, жұртты өзгерткіңіз келсе есіңізде болсын! 
Қоршаған  орта  –  Сіздің  ішкі  ақиқатыңыз,  қалай  қабылдайсыз,  солай  болады. 
Алдымен  өзіңізді  өзгертіңіз,  сонан  кейін  қоршаған  әлем  мен  айналаңдағы  адамдар  да 
өзінен-өзі  өзгереді...  Бұл  жерде  тек  айнадағы  көрініс  сияқты  шағылу  ағымы  іске 
қосылады. 
         
Бұл заңдылық – Әлемнің тазалығын, мөлдірлігін, тәртібін, үйлесімділігін, әділдігін 
мүлтіксіз қамтамасыз етеді. Біз әділетті, мөлдір, кіршіксіз таза Әлемде өмір сүреміз. Бұл 
Әлем не ойласаң, соны береді. «Бұл Әлемде Сен не ойлайсың – солсың». 
Адамдардың  нәзік  денелері  мен  нәзік  әлемде  өзара  қуат  алмасу  үнемі  жүріп 
жатады.  Біз  ойымыз  және  нәзік  денелеріміз  арқылы  қоршаған  ортаға  және  нәзік  әлемге 
өзіміздің  санамыздан  бөлініп  шашыраған  қуатымыз  арқылы:  тілегімізді,  қалауымызды, 
арманымызды, мақсатымызды білдіреміз, хабарлаймыз, Жаратушыдан сұраймыз. Осының 
әсерінен  қоршаған  орта  мен  нәзік  әлем  –  ниетіңе  орай,  ойлаған  ойымызды,  тілегімізді, 
қалауымызды,  арманымызды,  мақсатымызды  қабыл  етіп,  фәни  өмірде   –  заттық  әлемде 
осылардың іс жүзіне асуын қамтамасыз етеді. 
Уақыт өте келе өзімізге қажетті нәрселердің бәрі жанымызда жүргеніне сеніп, осы 
сенім  арқылы  ойымызды  іс  жүзіне  асыра  бастаймыз.  Тағы  қайталаймыз:  не  ойласақ  сол 
болады! Күні бойы не ойлайсыз – сіз солсыз! Егер де осы айтқандарымыз: кейбіреулердің 
кеуделеріне  үміт  отын  тұтатып,  тығырықтан  шығатын  жол  тауып  беріп,  ой-өрістерін 
өзгерту арқылы тұрмыстары мен денсаулықтарын түзетуге септігін тигізсе – біздің де жер 
бетінде текке жүрмегеніміз. 
  
Ойымыз фәни-заттық әлемде іс жүзіне асып, нақтылы затқа айланады 
 
«Егер  адам  өз  жағдайына  қанағаттанбаса,  оны  екі  жолмен  өзгертуге  болады:  не  өз 
өмірінің,  не  жан-дүниесінің  жағдайын  жақсарту  арқылы.  Біріншісі  әрдайым 
болмағанмен, екіншісі әрдайым өз билігінде».     Сократ 
 
Тағы  қайталаймыз,  біздің  ауруымыз,  кедейшілігіміз  –  сезім  әсерлеріміздің,  ойлау 
жүйеміздің  сыртқы  көрінісі.  Ой  қуаттың  кемелденген  бір  түрі,  Ой  талқандай  да,  қайта 
құра да алады. 
         
Біз  мынаны  әрқашан  есте  тұтуымыз  қажет.  Біздің  ойымыз  фәни-заттық  әлемде  іс 
жүзіне асып, нақтылы затқа айланады. Сондықтан басқаның емес, нақтылы өз ойыңыз кері 
кеткен келеңсіз болса, онда ауру тудырып, жоқшылықты тартады. Ал жеке басыңыздың 
шырғалаңдары  –  Ғазиз  жаныңызда  талқандалу  ағымының  іске  қосылғанының  белгісі, 
хабаршысы. 
«Көру мен сезу – болу, ойланып-толғану – өмір сүру».                Шекспир 
 
Енді  өзімнің  басымнан  өткен  бір  оқиғаны  айта  кетейін.  Бұл  1996...98  жылдары 
болған  жайт.  Колхоз  тараған  соң  серіктестіктің  де  жайы  белгілі  бола  бастады.  Өзім  сол 
кезде «Қусақ» атты жеке өндірістік кооператив ашып 200-ге таяу жан ұяны бөліп алып, 
бөлек шықтым. Жалпы егістік алқап 1000 га. Дәнді дақылдардан басқа: 100 га алқабына 
барлық агротехникалық шараларды мұқият сақтап, күнбағыс, 100 га қауын-қарбыз ектім. 
Керемет  бітік  шықты.  Дән  сала  бастағанда  обыр  шегіртке  (азиятская  саранча)  қаптады, 
күннің көзі көрінбейді. Әр күнбағыстың басында, әр жапырағында қаптап отыр. 
Кооперативтің  барлық  мүшелері  жиылып  қолдарымызға  шелек,  елеген  алып 
даңғырлаттық,  ұшпақ  түгілі  былқ  етпейді.  Жапырақтарын  шұрқ-шұрқ  тесіп,  жеп  әкетіп 
барады.  Не  істеу  керек?  !  Өзім  кооперативтің  төрағасымын.  Сонан  соң  қасымдағы 
Өндірхан, Қуаныш, Азат, Рафик, Бекен т.б. жігіттерді жинап алып, ауыл мешітіне барып 
Құдайға шын ниетімізбен жалбарындық. 

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де сол!   Мешіттен шығып егістік алқабына келсек бір де, 
бір шегіртке жоқ. Ұшып кетіпті. Сол жылы колхоз болып тұрғанда 500 га алқаптан алатын 
өнімді, бар жоғы 100 га алдым. Егістік тәп ауылдың іргесінде, елдің кәсібі ұрлық, күндіз-
түні  маза  бермейді.  Сонда  да,  Алла  ниетімізге  қарай  тілегімізді  қабыл  етіп,  Науалы 
тарихында бұрын-соңды болмаған мол өнім алдық. 
Шегіртке  апаты  50  жылда  бір  қайталанып  тұратын  құбылыс.  Бұны  өзім  Ұржар, 
Аякөз  ауданаралық  шегірткемен  шайқасып  күресетін  орталықтың  директоры  қызметін 
атқарып жүргенде, ғылымый түрде өзімше сараптап тексергенмін. Қазекең: «Елу жылда 
ел  жаңа,  жүз  жылда  қазан»  деп  тегін  айтпаса  керек.  Меніңше  адамның  санасы,  ниетіне 
қарай:  50  жылда  алдымен  жаман  жаққа,  соңынан  жақсы  жаққа  қарай  өзгеріп  тұратын 
секілді. 
Өзіңізді  қоршаған  нәзік  әлем  ойыңызды  қабыл  етіп,  көздеген  мақсатыңыз 
орындалмай қоймайды, себебі өзіңіздің ойыңыздан шашырап шыққан қуат нәзік әлеммен 
ақпарат алмасады. Не ойласаңыз сол болады деген ереженің іс жүзіне асқанын көзіңізбен 
көріп, көңіліңізге ұялатасыз. Басқаша болуы мүмкін емес... 
Адам  санасы  –  сенген,  көз  алдына  елестеткен  мақсаттарының  бәріне  де  ерінбей 
еңбектеніп, құмырсқа сияқты алған бетінен қайсарлықпен қайтпаса жетпей қоймайды. Өз 
жұмысыңызды  жан-тәніңізбен  беріліп  істеңіз.  Бүгінгі  істейтін  істі,  еріншектеніп  еш 
уақытта ертеңге қалдырмаңыз! 
  
Сөз деген сиқырлы таяқша 
 
«Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар».    Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
Көкбай жас кезінде бала ақын атанып, серілік жасап, ел аралап жүрген кездерінде, 
көбінесе сараң байларға қонып, солардың кемшіліктерін беттеріне айтатын болған. Оны 
Абай  есітіп  Көкбайды  шақыртып  алып,  ризалық  білдіріп,  өзіне  шәкірт,  серіктес  еткен 
деседі.  Көкбай  жолаушылып  жүріп  Шаған  елінің  болысы  Молдабай  байға  барыпты. 
Молдабай: «Көкбай, сені ел бала ақын деп жүрген көрінеді, енді мені мақтап бір ауыз өлең 
айтшы» – дегенде Көкбайдың айтқаны: 
 
Арғы атаң бай Жұртбай, әкең Будан, 
                            
Дегдарлы шығып едің қалың нудан. 
                            
Қол қайрат, заң-законға бірдей болып, 
                            
Жақсы аз Тобықтыда сіздей туған. 
 
Содан Молдабай құрметтеп ат мінгізген екен. 
Көкбай ақын Семей қаласына барып, базарлап келе жатып, мінген аты болдырып, 
жол үстінде Ералыда отырған Оспанның үйіне түсіпті. Есіктен сәлем беріп кіріп келгенде 
Оспан бір топ адамдармен әңгіме-мәжіліс құрып отырса керек. Оспан Көкбайдың сәлемін 
алмай:  «Ей,  Көкбай,  сен  ақын  болсаң  сол  тұрған  орныңда  мен  туралы  бір  ауыз  өлең 
айтшы», – депті. Көкбай: 
 
Көкшолақ астымдағы өзі шабан, 
                            
Арықтықтан жүрмейді қызыл табан. 
                            
Алыстан арып-ашып келіп тұрмын
                            
Қыдыр қонған піспекті қара сабам, – 
Дегенде: 

– 
Жарайсың, Көкбайым! – деп құрметтеп, қайтарда ат мінгізіп, шапан жапқан екен. 
Кейін  Абай  есітіп  Көкбайға:  «Мен  сен  шыншыл-турашыл  ақын,  дүние-мүлікке 
сатылмайды деп жүрсем Молдабай мен Оспанды «бөрттіргенің» қалай? – десе: 
                           
Жігітке – кедейшілік үлкен салмақ, 
                            
Жүргем жоқ, біреуді алдап, біреуді арбап. 
                            
Қысқа жіп күрмеуіме келмеген соң 
                            
Жібердім аржағына кендір жалғап, – 
 
Дегенде Абай Көкбайдың берген жауабына риза болған деседі. 
  
 
Бес  сезім  мүшелерінің  ішінде  тілге,  аузыңнан  шығатын  сөздерге  ерекше  мән 
беруіңіз  қажет.  Тілдің  көмегімен  және  сөйлем  құрылысымен  біз  өзіміздің  Әлемімізді 
құрамыз.  Әр  пенде  баласында  сөз  деген  сиқырлы  таяқша  бар.  Осыны  барлық  адам 
қолданады. Біреулер осының көмегімен өзінің өмірін ғана өзгертіп қоймайды – басқаларға 
да  жәрдемдеседі.  Енді  біреулер  –  өзіне  ғана  ауру  тауып  алғанмен  қоймай,  басқаларды 
қарғайды, көзін, тілін тигізіп, қара ниетін бағыштайды. 
Қажетті сөз дәл уақытында, керекті жерінде белгілі жүйемен ғана айтылуы шарт 
Асыл сөз адамдарды жақсылық ниетке баурайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)   
Дәп  осылай  айту  оңай  емес.  Адам  әр  уақытта  бұлай  істей  алмайды.  Бұл  арада  ойдың 
мөлдірлігі  мен  тазалығы  және  сезімнің  ашықтығы  қажет.  Біздің  әр  сөзіміздің  артында 
қандай мағына бұғып жатқаны өте маңызды. Сондай-ақ, бейнелей алу, елестету мен сезім 
әсерінің де маңызы өте зор. 
         
Әрбір  пенде  баласында  Әлемнің  бүкіл  қуаты  білінбей  жатыр.  Бұнда  Құрайтын, 
Құртатын және тепе-теңдікте келтіретін күш бар. Осы күштер табиғатта да бар. Құртатын 
күш  –  адамның  қара  ниеті.  Құрайтын  күш  –  ақ  ниеті.  Тепе-теңдік  күші  Үйлесімділік 
(гармония). Өмірде осы күш-қуаттардың бәрі қажет. Әрқайсының өз орны бар. Жаман не 
жақсы қуат болмайды. 
         
Пенде  баласы  туа  салысымен  осы  Ғарыштың  күштерін  басқарады.  Себебі,  ол 
Жаратушымен жартылған. Адам баласын Жаратушы Өзі тектес етіп жаратқан. 
         
Адаммен араласқанда оның «менінің» ақ ниеті мен Үйлесімділігіне (гармония) ғана 
үңілуіміз керек. Оның қара ниетіне, келеңсіз тұстарына көңіл аудармағанымыз жөн. Сол 
кезде  Құртатын  қуат  пен  күш  тек  қана  үйлесімділік  пен  құру  бағытына  ғана  жұмыс 
жасайды. Біз бұны ойымыз мөлдір, жүрегіміз таза, үйлесімділік болғанда жасай аламыз. 
         
Ең бастысы – өтірік айтпау, адал болу. Бірінші өз арыңның алдында адал болу шарт. 
Аузыңнан шыққан әрбір сөзіңе жауап беруің керек. 
         
Әрбір  адам  –  сиқыршы.  Оның  ойының  мөлдірлігі  мен  тұнықтығынан  кім  екені: 
зұлым  ба,  әлде  қайырымды  адам  екені  тәуелді.  Бақыт  не  зардап  әкелуі  де  ойына 
байланысты. Екі жақта да іске асатын шарт бірдей. 
Егер  біз  осы  сиқырлы  таяқшаны  қолданып  үйренсек,  онда  тілдің  де  сиқырын 
меңгеретін  боламыз.  Сөз  сиқырының  мәні  –  ойлай  білу,  сөйлей  білу  арқылы  бейнені, 
белгіні жасау және осыларды басқару. 
         
Осыны  оқып  отырған  өзіңіз:  сөзіңізді  мұқият  талдаңыз,  өз  басыңызға,  басқаларға 
қандай  шырғалаңдар  әкелгеніңізді  есіңізге  түсіріңіз.  Сонда  Сіз  біртіндеп  өз  сөзіңіздің 
және өз өміріңіздің Иесі боласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет