Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


Сезім мүшелерінің сүзгісі (Нейрофизиологиялық



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сезім мүшелерінің сүзгісі (Нейрофизиологиялық 
      
«Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, 
                  
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. 
                   
Біреуінен мидағы ой хабар алып, 
                               
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек». Шәкәрім 
 
Бұл  біздің  көзіміз,  құлағымыз,  мұрынымыз,  тіліміз  және  теріміз.  Осы  бес  сезім 
мүшелерінің  көмегімен  көреміз,  естиміз,  иіс  пен  дәм  сеземіз,  қоршаған  ортаның 
құбылысын  тері  арқылы  білеміз.  Осылардың  арқылы  сырттан  келетін  ақпараттарды, 
әсерлерді қабылдаймыз. 
         
Құлақ  дыбыс  толқындарының  бір  секундтағы  жиілігін  20-20 000  аралығында 
қабылдайды, бұның сыртындағы дыбыс толқындарының жиілігін қабылдамайды. Кейбір 
хайуанаттар инфро және ультродыбыстарды қабылдай алады (жарқанат т.б.). Инфро мен 
ультродыбыстар адамға зиян болғандықтан, адам саналы түрде бұларды қабылдамайды. 
         
Адамның  көру  қабілеті  де  осылай  шектеулі.  Өзіне  зиянды  қабылдамайды.  Сезім 
мүшелері  де  шектеулі.  Ғазиз  жанымыздың  мүмкіншілігі  шексіз.  Адам  тек  қана  сезім 
мүшелерімен  қабылдап  қана  қоймайды,  осы  ақпараттарды  өзіне  таныс  Ақиқатқа,  Таза 
Қуатқа айландырады. Бұл бірінші сүзгі бізге жер бетіне шыр етіп келгенде берілген. Осы 
сүзгі  пенде  балаларын  біріктіріп  басын  қосады,  жеке  адамды  –  адамзат  деген  топтың 
мүшесіне айландырып, үйірге қосады. 
Әлеуметтік сүзгі 
 
Әлеуметтік  сүзгі  –  бұл  барлық  нақтылы  дәйектердің  жиынтығы. 
Пенде балаларының әлеуметтік жағдайларын анықтайды: тілін, ұлтын, әдет-
ғұрпын, салт дәстүрін, тарихын, халқын, мемлекетін т.б. 
         
Әлеуметтік  жағдай  осы  топтың  ғасырлар  бойы  тірнектеп  жинаған  тәжірибесін 
қолдануға  мүмкіншілік  береді.  Бірақта,  басқа  топтағы  адамдарды  біздің  түсінуіміз  қиын 
болады, себебі бізді шектеп тастайды. Тәжірибе көрсеткендей әлеуметтік кедергіден өту 
жеңіл. Бұның бір мысалы, өзіміздің бірнеше тілде сөйлей алу қабілетіміз. 
Жеке бастың сүзгісі 
 
Бұл сүзгі біртіндеп қалыптасады. Бұл біздің ойымыз, сезім құбылыстарымыз, мінезіміздің 
ерекшеліктері,  әдетіміз,  қылған  қылығымыз,  қызығушылығымыз,  әр  нәрсеге 
көзқарасымыз,  өзімізді  бағалауымыз,  жақын  туыстарымызға,  қоршаған  ортаға, 
айналамыздағы адамдарға ниетіміз т.б. 
         
Өзіміздің уайымымыз ерекше жеке тарихымызға айналады. Бұл біздің тіршілігімізді 
айқындайды. Жеке басымыздың жағдайы – Ғазиз жанымызбен жұмыс жасап бағдарлама 
құратын  ең  бірінші  кезектегі  шаруа.  Әркім  өз  әлеменінде  өмір  сүреді  және  өзіндік 
қайталанбас әлем құрып алады. 
         
Енді осының қалай іс жүзіне асатынын есімізге түсірейік. 
         
Біздің Ғазиз жанымыз келіп түскен ақпараттарды өзінің ерекше: жүйкелік мүшелер, 
әлеуметтік және жеке басының сүзгі бағдарламасынан өткізеді. Бір бөлігі өтеді, енді бір 
бөлігі жиынтықталады. Осы толассыз ағынның ішінен біздің санамызға азғана тамшысы 
жеткілікті. 
         
Нәтижесінде  нақтылы  Әлемде  не  болып  жатқанын  және  өзіміздің  Әлеміміздегі 
тәжірибеміз арасында аспан мен жердей алшақтық болады. Сөздің, елестің, сезімдердің, 

дыбыстардың,  иістердің,  дәмдердің  жәрдемімен  өзіміздің  ақиқат  құрылымын  құрамыз. 
Егер де, біз осылардың біреуін өзгертсек әлемді басқаша қабылдаймыз, өзгеше сезінеміз. 
Адамның қандай да болмасын көңіл күйі, оның Әлемінің құрылымының салдары. 
 
Сезімнен де жоғары адамның ақылы тұрады 
 
«Ақыл деген – өлшеусіз бір жарық нұр, 
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр».       Шәкәрім 
 – 
Сезімнен жоғары не тұрады? 
– 
Сезімнен  де  жоғары  адамның  ақылы  тұрады.  Ол  компьютердің  жады  сияқты. 
Оған сезімдер арқылы барлық ақпарат хабар келір түсіп, сонда сақталады. Ақыл оларды 
қорытып,  өзінше  хабар  жасайды.  Егер  ес  ақылды  басқаратын  болса,  онда  ол  бұлардың 
ішінен  сол  сәтке  ең  жақсы,  қолайлысын  қабылдайды.  Оның  қайсысы  жақсы  болуы  сол 
кездегі  естің  рухани  деңгейіне  байланысты  болады.  Осыдан  кейін  ес  (разум)  ақылға 
бұйрық береді. Ал ақыл дененің қозғалатын мүшелерін (қол, аяқ, тіл, жыныс) іске қосады. 
Егер  ес  төмен  болып  ақылды  басқара  алмаса,  онда  ақыл  сезімдердің  ықпалына 
түсіп,  барлық  хайуанаттар  жасайтын  қылықтар  жасап  кетеді.  Ақыл,  ес  пен  сезімдердің 
арасында болғандықтан, ол үнемі құмарлық ықпалында болып, кейде бір сезімге, келесіде 
екінші сезімге беріліп, тұрақсыз болады. 
Егер  ес  рухани,  ал  сезімдер  Құдайға  құлшылық  жолында  болса,  онда  ақыл  таза 
рухани сезімдердің ықпалында болады. Бұндай адам жаман ниет – қалауларға, яғни жаман 
істерге  жол  бермейді.  Ақылды  таза  ұстау  үшін  жаман,  жарамсыз  істерден  аулақ  болу 
керек. 
 
Ақылдан жоғары ес тұрады 
 
«Сауық қызық көрем деп күнде жиын, 
Жан құтқарып алуың болар қиын. 
Түптіге ұмтыл, тұрақты істерді қыл, 
Тәуекел деп өзіңе сүйтіп сиын».              Шәкәрім 
 – 
Ақылдан жоғары не тұрады? Естің міндеті не? Ақылдың міндеті не? 
–   
Ақылдан  жоғары  ес  тұр.  Естің  міндеті  болжау,  жақсы  –  жаманды  айыра  білу 
және  еске  сақтау.  Ақылдың  міндеті  адамның  сезімдерінен  пайда  болған  ниет  –  қалауды 
қабылдау немесе қабылдамау болса, естің міндеті сол қабылданған қалауларды орындау 
жүйесін  жасау.  Адам  ойға  алған  іс-әрекетін,  түрлі  жоспарларды  есі  арқылы  жүзеге 
асырады. Ес компьютордың процессоры тәрізді ақпарат – хабарды жадыға жазады, керек 
кезінде  одан  алып  талдау  жасап  шешімін  береді.  Материалды  ес  біздің  сезімдерімізге 
керекті жақсы – жаманды айырса, ал рухани ес Алла тағалаға керекті жақсы – жаманды 
айырады. Бұны жоғары жетілген адамдар жүрегі арқылы қабылдай алады. 
Адамның есінен жоғары оның «мені» тұрады 
 
«Алла ішіңді айтқызбай біледі ойла, 
Пендесіне қастықпен кінә қойма. 
Распенен таласпа мү, мин болсаң, 
Ойла, айттым, адамдық атын жойма! ».      Абай 
 – 
Адамның  есінен  жоғары  не  тұрады?  Нағыз  «мен»  және  жалған  «меннің» 
айырмашылығы неде? 
– 
Адамның  есінен  жоғары  оның  «мені»  тұр.  Адамның  «мен  өзім»  деп  сезінуін 
«мен» дейді. Егер ол өзін тәнге балап, осы материалдық әлемнің бір бөлігі ретінде сезінсе, 
онда  ол  жалған  «меннің»  ықпалында.  Ал  егер  ол  өзін  рухани  танып,  «мен  тән  емес, 
жанмын»  деп  сезінетін  болса,  онда  ол  нағыз  «меннің»  ықпалында.  Оның  барлық  іс  – 
әрекет, тіршілігінің мәнісі осыған байланысты болады. 

Жалған «менде» адам өзін тәнмін деп есептейді, осыған байланысты онда «менікі» 
деген сезім бар. «Менікі» деген сөз – мені қоршағанның барлығы менікі болу деген ұғым. 
Сөйтіп  жалған  «мен»  түрлі  заттарды,  отбасын,  елді,  халықты,  дінді  және  тағы  басқадай 
тәнмен  байланысты  ұғымдарды  қамтып,  бүкіл  адамзатқа  дейін  кеңи  береді.  Бұл  –  түрлі 
деңгейдегі  қоғам  қайраткерлерінің  сезімі.  Осы  сезім  үшін  олар  жандарын   пида  етіп, 
өмірлерін арнап, кейінгі ұрпаққа өздерінің аттарын қалдырады. 
Фәни  әлем  рухани  әлемнің  көлеңкесі  тәрізді.  Сондықтан  жалған  «мен»  рухани 
әлемдегі  нағыз  «меннің»  бейнесі.  Рухани  әлемде  «мен»  Жоғарғы  Рухтікімін,  ал  Алла 
тағала  –  «менікі»,  яғни  Ол  менің  мәңгілік  Жаратушым.  Және  маңайдағы  болып  жатқан 
құбылыстардың  барлығы  Алла  тағаланың  қуатымен,  Оның  қалауы  бойынша  болып 
жатыр. 
 
Нәзік денелер дегеніміз не? 
                      
«Анық қара: жан – өзің, дене – киім, 
                       
Мақтан, бояу – денеге берген сиың. 
                       
Жанға мұндай алдауың азық емес, 
                       
Оған пайда не қылдың жалғыз тиын? ».          Шәкәрім 
 –  
Нәзік денелер дегеніміз не? 
– 
Адамда  көзге  көрінетін  тәнінен  басқа  көзге  көрінбейтін  нәзік  алты  денелері  бар, 
өзінің  денесімен  жетеу.  Қазақтың  «жан  жеті  қабат»  деген  ұғымы  осыдан  шығады. 
Олар эфирлік  дене  немесе  адамның  өміршеңдік нәзік  денесі,  ол  денеде  адамның 
өміршеңдігі мен қуаты орналасқан, екінші дене сезім мен әсер денесі, үшінші ақыл денесі 
бұнда  адамның  ойлауы  мен  пайымдауы  орналасқан, төртінші  дене  ес  денесі  немесе 
зерде,  (интеллект)  ,  мұнда  адамның  есі  мен  зердесі  орналасқан, бесінші  дене  рух, 
алтыншы дене жан, жетінші дене – өзінің тәні. 
Адам  ашыққан  уақытта  осылардың  алдыңғы  төрт  нәзік  денелері  ғарыш  арқылы 
тамақтана  бастайды.  Тәнге  сырттан  қорек  келмегендіктен  2...3  тәуліктен  кейін 
буындардағы тұз, қан тамырларының ішіне қақ болып қатып қалған, шоғырланып шөгіп 
қалған  –  холестерин,  маңқа,  шырыш,  т.б.  қалдықтармен  тамақтануға  мәжбүр  болып, 
ішіндегі  қоқыстар  мен  улардан  арылып,  өзін-өзі  тазалай  бастайды.  Адам  өзінің  тәндік 
ауруынан осылай жазылып кетеді. Осы кезде адамның нәзік арналары ашылып,   эфирлік 
– 
өміршеңдік  немесе  қуат  денесі,  сезім  мен  әсер  денесі,  ақыл  –  ойлау  мен  пайымдау 
денесі,  ес  пен  зерде  (интелект)  –   денелері  жанның  рух  денесін  тамақтандырып 
ғарыштан, ауадан қуат алып олар да тазаланып адамның жүрегінің кірі аршылып, рухани 
ілімді  өзінен-өзі  түсініп,  қабылдау  мүмкіншілігіне  ие  болады,  осылай  тазаланған  әрі 
тамақтанған жанның рух денесі немесе таза ақылы жоғарғы әлеммен байланысқа түседі. 
Сол уақытта адамға  өмірдің құпия, тылсым дүниесінің сыры түсінікті болып, адамға Алла 
Тағала ашылады. Адам имандылық жолға түсіп, дұрыс өмір сүре бастайды. 
 
Жек көрушіліктен сүйіспеншілікке апаратын үш қадам 
 
1 қадам. Өзіңізге мақтау айтыңыз. 
 
Өзіңізге күнделікті қайырымды істер жасаңыз. Мысалы, өзіңізді-өзіңіз мақтаңыз. Өзіңізге 
жылы сөздер айтыңыз, денсаулығыңыз үшін жаттығыңыз: жүріңіз, жүгіріңіз, жаттығу 
жасаңыз, суға малтыңыз, кем дегенде аптасына бір тәулік ашығыңыз. Өзіңіздің 
күнделігіңізге, өзіңіздің бірнеше жақсы қасиеттеріңізді жазып қойыңыз. Күн сайын тағы 
бір жақсы жағыңызды жазып қоюды, әдетіңіз қылып қалыптастырыңыз. 
 
2 қадам. Басқаларды мақтаңыз. 
 
Басқа адамдарды мақтаңыз. Бұны тек ақ ниетіңізбен, шын көңіліңізбен істеңіз. Сол сәтте 
мақтауыңыз адамның жақсы жақтарын айшықтап жігерлендіреді. Бұл адам өзінің жақсы 
қасиеттерін одан әрі жетілдіре түседі. Басқа адамдардың жақсы қасиеттерін тәп басып 
көруді, сезуді үйреніңіз. 
 
3 қадам. Басқа біреуді де үйретіңіз. 

 
Басқа біреуді де мақтауды айтуға үйретіңіз. Егер сіз біреуді ақ көңіл, таза жүрекпен 
мақтасаңыз, ол адам сіз үшін жақсы бірдеме жасағысы келеді. 
Жылы, жылы сөйлесең жылан інінен шығады 
 
Біздің ауылда Әнуар Мұхаметжанов деген дұрыс кәсіпкер азамат болған. Мінезі 
салмақты, адаммен тіл табысу қасиеті ерекше жан. Қазір Алматыда ауылдан шыққан белді 
кәсіпкерлердің бірі. 
– 
Әсет  аға,  мен  сіздің  айтқан  бір  әңгімеңізді  нақтылы  іс  жүзіне  асырғанымды  айтайын. 
Ауылда  жүргенде  досым  Жұматай  Абылхан  екеуміз  Науалыдан  жүгері  өңдейтін  зауыт 
ашып, жүгері тұқымын өсірумен шұғылдандық. Жүгері тұқымын өсірудің отаны Жаркент 
(Панфилов) екенін білесіз. Зауытқа қажетті бөлшектер жетіспей сонда барын білдім. 
         
Директорына  барсам  бағасын  шарықтатып,  осқырынып  маңына  жуытпайды.  Түні 
бойы ойланып, қой мен осыны қайтсем де алуым керек, ауылда зауыт тоқтап тұр. Екі-үш 
күннен  кейін  қайта  бардым.  Қарасам  бір  топ  адамның  ортасында  желдей  есіп,  лепіріп 
әңгіме соғып тұр. 
– 
Ассолмоғәлейкум  Бәленше  Түгенбайұлы!  –  деп  барып  қос  қолдап,  қолын  алып 
амандастым. 
– 
Сен бала, менің аты-жөнімді қайдан білесің? Мені қайдан танисың? 
– 
Сізге бір әңгіме айтайын, тыңдайсыз ба? 
– 
Ал тыңдайық. 
– 
Баяғыда бір қасқыр екі жағына түкірініп, бұлқан-талқан болып келе жатыр екен. 
– 
Қасеке! Не боп қалды? 
– 
Қайдан білейін, барлық қой мені таниды, ал мен олардың біреуін де танымаймын, – 
депті сонда қапалы қасқыр. 
– 
Сіз  сол  қасқыр,  біз  қоймыз  ғой.  Атақ  даңқыңыз,  дүмпуіңіз  сонау  шетте  жатқан 
Тарбағатай тауы, Барқытбел белінде жатқан біздің елге де жетіп жатыр, – дедім. 
Сонда әлгі бастығым жан-жағына маңғаздана қарап: 
– 
Әй, мына бауырым дұрыс айтып тұр ғой, – деп рахаттана күліп: 
– 
Бұйымтайыңды  айт,  –  деді.  Мен  келген  шаруамды  айттым.  Алдында  бағасын  аспанға 
шарықтатып, маңына жуытпай қойған бастығым, сұраған нәрселерімді артығымен су тегін 
бағасына бере салғаны. 
Бұдан шығатын қорытынды: 
Егер мен басқа біреуден бірдеме алғым келсе, онда мен «иә» 
деп жауап қатып, ісімді шешіп беретіндей, оның жанына жағатын бір 
әрекет істеуім қажет 
 
Қорқыныш 
 
Біздің Ғазиз жанымызда сезім құбылыстары қалай пайда болады? 
         
Егер өзіңіздің сезім құбылысының табиғатын түсінсеңіз, онда осыларды жеңіл жөнге 
салатын  боласыз.  Өкінішке  орай  психологтар  мен  психатерапевтер  сезім 
құбылыстырының  табиғатын  түсінбейді.  Ол  туралы  ойланбайды  да.  Барлық  бәле  сезім 
құбылыстарында  емес,  осы  сезімдердің  артында  бұғып  жатқан,  оймен  жасап  алған 
бейнеңізде. Тәп осы өзіңіз жасап алған бейнелер, сезімдеріңізге неше түрлі ойлар береді. 

         
Осы  бейнелерден  –  сезім  құбылыстарымыз:  қорқыныш,  реніш,  мүсіркеу, 
сүйіспеншілік,  қуаныш  немесе  бақыт  туындайды.  Адамды  қорқыныш  билегенде  оның 
Ғазиз  жанында:  қоршаған  ортаға,  өзіне  деген  –  зорлық-зомбылықтың,  өшпенділіктің 
бейнесі тұрады. Яғни, қорқыныштың түп-тамыры адамның өзінде. Бұны түсінудің маңызы 
өте зор. 
         
Бастапқыда  қоршаған  әлемге  өшпенділік  шашамыз,  сонан  кейін  қорқыныш  пен 
үрейді қорған, қалқан ретінде пайдаланамыз. Біз кімнен қорғанамыз? Байқасақ өзімізден-
өзіміз қорғанамыз. 
         
Жоғарыда  айтылып  кеткендерден  белгілі  болғандай,  біздің  Ғазиз  жанымызда  екі 
бөлік бар. Біреуі бізді қоршаған әлемнен қорғайды. Ол қамал соғып, терезені торлап, темір 
есік қойып қаруланады. Екінші бөлігі – өте өшпенділік. Ол кінәлайды, көре алмайды, ыза 
болып ашуланады. Оған бұл әлемде болып жатқан нәрселер, жағдайлар ұнамайды. Сіздің 
Ғазиз  жаныңыздың  деңгейінде  өшпенділік  негізінде  шайқас  жүріп  түбі:  ауруға,  кісі 
өлтіруге, соғысқа тірейді. Бірақ, осының екеуі де бізге қажет. Екеуі де маңызды міндеттер 
атқарады. 
         
Қандай? 
         
Біріншісі,  біздің  өмірімізге  жауапты  болғандықтан,  бізді  сақтауға  тырысады.  Бұл 
оның жақсы қалауы. Екіншісі қоршаған әлемді өзгертіп жақсартқысы келеді. Ол тамаша 
әлемде өмір сүріп, бақытты болғысы келеді. Бұл оның мақсаты, міндеті. 
         
Енді осылардың біз үшін жақсы жағдай жасағылары келетін қалауына тоқталайық. 
Екеуіне ортақ не? Не біріктіріп тұр? 
         
Екеуі  де  тамаша  әлемде  бақытты  өмір  сүргілері  келеді.  Келіңіз,  осы  екеуін 
біріктірейік.  Ғазиз  жанға  жаңа  құрылым  берейік.  Ол  енді  жаңа  құрылымның,  ойлардың, 
сезім  құбылыстарының,  қылықтардың  иесі  болсын.  Енді  екеуі  де  бір  бағытқа  қарай 
ұмтылады.  Сіз  қоршаған  әлемге  сенуге  дайынсыз.  Себебі,  екеуімен  біргесіз.  Бәрі 
қарапайым – қайырымды сезімдердің нұрын шаш, Ғарыш та сені нұрға бөлейді. 
 
Реніш 
 
Біреуге ренжіп өкпелесек, алдымен өзімізді талқандаймыз. Себебі, осының бейнесі өз 
жан-дүниемізде ғой. Ой қайда – қуат сонда. Қуат қайда – қан сонда деген заң есіңізде 
шығар? Біреуге өкпелеп, ренжіп, біз өзіміздің күш-қуатымызды азайтамыз. 
         
Бұдан бір ғасыр бұрын академик Павлов иттер мен тәжірбе жүргізгенде шартты және 
шартсыз тітіркену (рефлекс) теориясын дәлелдеді, негіздеді. Ол тәжірибе жүзінде, қандай 
жан  иесі  болмасын,  сырттан  келіп  қайталанған  марапатқа,  белгілі  түрде  әрекет  етеді. 
Иттермен жүргізілген тәжірибе есіңізде болар? 
         
Қоңырау  соғылады  –  иттердің  сілекейі  аға  бастайды.  Шам  жанады  –  асқазан  сөлі 
бөлінеді.  Иттен  сілекей  бөліну  үшін  тек  қана  сілекей  безі  емес,  бүкіл  ағза  әрекет  етеді. 
Енді  көз  алдыңызға  елестетіңіз.  Сіздің  Ғазиз  жаныңызда  өзіңізді  жәбірлеген  адамның 
бейнесі  көлбеңдеп  тұр.  Бұған  сіздің  тәніңіз,  бүкіл  ағзаңыз  қалай  әрекет  етеді?  Қан 
қысымыңыз  немесе  денеңіздің  белгілі  бөлігінде  қызуыңыз  көтерлуі  мүмкін.  Бұның 
әрекеттері әр түрлі. 
Ойнас жасаған күйеуін кешіріп, оған алғысын жаудырған әйел 
           
Емшіге  жатыры  ісіп,  мол  мөлшерде  жатырынан  қан  ағатын  әйел  келеді.  Әлгі  әйел 
өзінің Ғазиз жанынан хабар алуды үйренгеннен кейін, ауруының себебі – күйеуіне деген 
реніш, өкпе болып шықты. 
– 
Мен оған қалай ғана ренжімеймін? ! Қосылғанымызға он жеті жыл болды. Балалар ер 
жетті.  Бірде  оның  көңілдесі  бар  екенін  білдім.  Ызадан  жарылып  кете  жаздадым. 
Аңдыдым.  Өз  көзіммен  көрген  соң  өлтіргім  де  келді.  Сол  күні  жатырымнан  қан  аға 

бастады.  УЗИ-ге  тексерілуге  барғанда,  ісігіме  10-11  апта  болыпты.  Сонда  қалай  тез 
ұлғайып кеткен? 
– 
Менің  ойымша  ісіктің  басталғанына  талай  жыл  болған.  Ғазиз  жаныңызбен,  ішкі  жан-
дүниеңізбен  күйеуіңіздің  көзіңізге  шөп  салып  жүргенін  білдіңіз,  бірақта  от  басының 
тыныштығын сақтау үшін, мойындағыңыз келмеді. 
– 
Сіздікі дұрыс. Мен күмәндануды басыма жолатпай, ойымнан қуғаным рас. 
         
Сонан соң емші мен әйел Ғазиз жанның ауру тудырған бөлігін қайта бағдармалап, 
әйел өзінің осы жағдайды қалай құрғанын қайта қарап, күйеуін кешіріп қана қоймай, оған 
алғысын  жаудырды.  Әйел  осыны  құлшынып  жан-тәнімен  істеді.  Келесі  күні  әйелдің 
жатырынан  қан  тиылды.  Екі  аптадан  кейін  пышаққа  түсетін  әйел,  қайта  тексерілсе  сау 
екен. Операцияның қажеті болмай қалды. 
 
Академик  Павлов  барлық  аурулар  талқандайтын  ойлардың  нәтижесі  екенін  баяғыда 
тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Көптеген келеңсіз ойларды, оқиғаларды жылдар бойы жан-
дүниемізге  жинап,  сонан  соң  таң  қаламыз:  «  ауру  мен  таусылмайтын  шырғалаң  қайдан 
шығып жатыр», – деп. 
Екі сопының әңгімесі 
 
Екі  сопы  –  біреуі  кәрі,  біреуі  жас  үйлеріне  қайтып  келе  жатады.  Нөсер  жаңбыр  жолды 
шайып кетеді. Қараса әдемі үлбіреген бір қыз тасып жатқан ағыстан өте алмай тұр екен. 
Кәрі  сопы  қызды  көтеріп  алып,  жағаға  өткізіп  тастайды.  Екі  сопы  үнсіз  жолдарын 
жалғастыра береді. Үйлеріне жақындап қалғанда жас сопы: 
– 
Маған  сенің  қылған  қылығың  маза  бермей  келеді.  Бізге  әйелге  жақындап  жанаспақ 
түгілі, әйел туралы ойлаудың өзі күнә. Сен болсаң оны көтеріп жүрдің. 
– 
Тыңда, мен ол қызды сол жерге тастап кеткенмін, ал сен болсаң әлі көтеріп келесің. 
         
Енді ойлап көріңіз, қаншама реніш, өкпені көтеріп жүрсіз? Осыдан сізге пайда бар 
ма? Реніштен, өкпеден қалай құтылуға болады? 
         
Олардан құтылып қажеті жоқ. Реніш, өкпені қоршаған әлемге деген сүйіспеншілікке 
айландыру қажет. Реніш пе өкпе сіздің өзгеруіңіз үшін қолайлы жағдай жасайды. Біз тек 
жаман  қатынасымызбен  жәбірленушіні  өзімізге  тартамыз.  Жемтік  жыртқышты  тартады. 
Жыртқыш  өзінің  жемтігін  іздейді.  Өзін  рухани  және  тәндік  тепе-теңестірген  адамды 
өкпелету, ренжіту мүмкін емес. 
Өзін кінәлі сезіну 
 
Бұл сезім ренішпен қабаттасып жүреді. Екеуі де бір қалқанның екі жағы. Реніште 
адамның Ғазиз жанында – жәбірлеушінің бейнесі орын тебеді. Адам өзін кінәлі сезінгенде 
Ғазиз жанында – жәбір көрушінің бейнесі орналасады. Бұл жағдайда өзіңіз жыртқыш – 
жәбір көруші жемтік. 
         
Реніш – маған жамандық істеген адамның бейнесі. 
         
Кіна – мен жамандық жасаған адамның бейнесі. 
         
Реніштің жақсы қалауы – өзіңді өзгерту. 
         
Өзіңді  кінәлы  сезінудің  қалауы  –  қоршаған  әлемге  көзқарасыңды,  қарым-
қатынасыңды  өзгерту.  Бірақта,  өзіңе-өзің  кейіп,  өзіңді  жазалап  бұны  өзгерте  алмайсың. 
Аурудан басқа түк әкелмей, тығырыққа апарып тірейді. Тағы бір қызық жайт, Табиғатта 
кінәлі сезіну сезімі жоқ! Тек адам ғана осыны өзі қолынан құрып алады. 
         
Егер қасқыр қойды жеп қойса, онда ол кінәлы емес қой. Қарны ашты – жеді. Сондай-
ақ, Табиғатта жақсы не жаман қуат болмайды. 

         
Егер адам отқа не күнге күйіп қалса, онда оттың, күннің не жаманы, не жақсысы 
болмайды ғой! Табиғатқа барлық қуат қажет. Тек қана осылармен жұмыс жасауды ғана 
үйренуіміз керек. Адамдар арсындағы араласу, қарым-қатынас та солай. «Жаман» не 
«жақсы» адам болмайды. Ол тек қана айналасындағы адамдармен тіл табыса білмейді. 
 
Жақтырмау сезімі, күйгелектену, ашу-ыза 
 
Бұлардың себебі, адам өмірмен бетпе-бет келгенде, ол оған ұнамайды, 
жағдайды өзгерткісі келеді. Адамның сана деңгейінде өзіне мүлдем бағынбайтын 
келеңсіз сезім пайда болады. Ал Ғазиз жан деңгейінде – жағдайды білгісі, көргісі 
келмейтін ой ұялайды. Адамның санасы және Ғазиз жан деңгейінде сәйкес 
келмеушілік орын тебеді.  Бұл сезімдердің талқандайтын, құртатын қуатын – 
керісінше құратын, жасайтын қуатқа айландыру үшін екеуін де жөнге салу керек. 
Бұны тек, болып жатқан жағдайды өз жауапкершілігіңізге алғанда ғана жасай 
аласыз.  
Күйеуім маған тіпті жақын, қымбат адам болады 
 – 
Кейбір шақырылған қонақтардың үнемі кешігіп жүретіндері несі? 
– 
Бұл  біріншіден  бәрін  дайындап,  өзіңізді  ретке  келтіре  алу.  Екіншіден,  өзіңіз 
қонақтардың келуін қаламайсыз. 
– 
Неге? 
– 
Кешігіп  келетіндер  өзіңіз  жақтырмайтын  адамдар.  Олардың  сөзі  қалжыңы,  өмір  сүруі 
салты  түрпідей  тиіп,  жан-дүниеңізбен  қабылдай  алмайсыз.  Керісінше,  өзіңізге  ұнайтын, 
силайтын қонақтарыңыз дәл уақытында келеді. 
– 
Сіз өзіңіз ұнатпайтын адамдарды қонаққа неге шақырасыз? 
– 
Олар менің күйеуімнің жолдастары, қызметтес әріптестері. Мен енді түсіндім, күйеуіме 
неге  ара-тұра  күйгелектенетінімді.  Мен  оның  жолдастарында  бар  ерекшеліктерді 
қабылдамаппын.  Мақал  бар  ғой:  «Досыңның  кім  екенін  айтшы,  мен  саған  кім  екеніңіді 
айтайын», – деген. 
– 
Осы шартты енді өзіңізге қабылдағыңыз келе ме? 
– 
Қалайша? 
– 
«Маған күйеуіңнің кім екенін айт, мен сенің қатын ретінде, қандай әйел екеніңіді 
айтайын». 
– 
Мен  бұл  туралы  ешқашан  ойланып  көрмеппін.  Күйеуімнің  анда-санда  ішіп  келіп  үйді 
шашатынын,  маған  жөн-жосықсыз  тисетінін  енді  ұқтым.  Кейбір  жағдайларда  өзім  де 
осындай  қылықтар  жасап  күйеуімді  бет  алды  сөгемін.  Мен  оған  үнемі  ашуланып 
ызаланып  жүрсем,  бар  бәле  өзімнен  екен  ғой.  Осыны  түсінгеннен  кейін  күйеуім  маған 
тіпті жақын, қымбат адам болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет