I ТАРАУ. ҒАЗИЗ ЖАННЫҢ ӨМІРІМІЗДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
Мен Алланың бiр бөлшегiмiн
1. Біздің жанымыз Жаратушынын тозаңдай бөлініп кеткен бөлшегі. Киелі кітаптарда:
"Адамды Жаратушы Өзі тектес етіп жаратқан", - дейді.
2. Жаратушы бізді Өзі тектес етіп жаратқан болса, онда Алла Тағала Өзінің бағдарламасын біз арқылы іс жүзіне асырып
жатқан жоқ па? !
3. Мен өзім күнделікті ояна салысымен: "Ей, Алла! Бүгінгі күнімді Өзіңе арнаймын! Мені кұралың ретінде пайдалана гөр! ",
-
деп тілеймін.
4. Жаратушы бізді жер бетіне жібергенде белгілі бір мақсатпен жіберген. Біз сол тапсырманы орындап жүр емеспіз бе? !
5. Рухани деңгейі жетілген адамға бұдан басқа қажеттілік бар ма? Сіз бен бізге Фани дүниенін шырмауынан шығып
кеткенімізге шаттануымыз керек қой!
6. Не ойлайсың сен солсың! Жаратушыдан жатарда:"Иа, Алла! Осы жалған фәни әлемде осы алеммен үйлесімділікте
болатын өз орнымда тауып алуыма көмектесе гөр! ",
-
деп тілеймін.
7. "Өз оміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу дегеніміз
–
айналаңдағы адамдарды кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре
алмаудан толықтай бас тартып, кінәны өзіңнің ішкі жан дүниеңнен, Ғаиз жаныңда жазылған бағдарламадан іздеу,
бақытсыздығыңның, ауруыңның, кедейшілігіңнің себебін табу".
8.Сіз жауапкершілікті өзіңізге жүктесеңіз, онда қуатты өмір сүре бастайсыз. Ешкімде, ешқашанда Сізге запа шектіріп, қасірет
уын ішкізе алмайды. Ешқандай да көз, тіл тію, дуалау Сізге әсер етпейтін болады. Себебі, сіз Алланың қорғауында боласыз.
9.Сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша өміріңізді ретке келтіре аласыз. Тағдырыңыздың божысын, шылбырын өз қолыңызға
алатын боласыз. Ол үшін сізге үнемі айнаның шағылысы шартын қолдану қажет. «Сыртқы келбетің
–
ішкі ақиқатың».
10. Адамдар өздерінің нашар тұрмыста тұратындығының жауапкершілігін мойнына алғылары келмейді. Оларға осы
қалыптарына
–
біреуді, қоршаған ортаны, заманды, ағайын
-
туыстарын, әкімдерді, үкіметті, президентті, тіпті болмаса
Жаратушыны кінәлау жеңіл.
11. Олар өздерінің осы жағдайларын: «маңдайыма жазған тағдырдың жазуы»
–
деп ақталады, осы сенімді санасына сіңіріп,
жүректеріне ұялатып алады. Осы кұрдымнан шыға алмайтындарына мүлтіксіз сенеді.
12. Ауруға, қайыршылық пен жоқшылыққа матап
-
шырмап қойған ойларды санасынан қуып, жүрегінен үркітіп жіберсе,
санасы мен қалауы біртіндеп денсаулыққа, молшылыққа, байлыққа, сыңғырлаған денсаулыққа карай бет бұра бастайтынын
сезбейді, білмейді.
13. Өмірдегі барлық жағдай
–
біздің ойымызға орай кұрылып, тартылып жатады. Осыған өзініздің өмірлік бағдарламаңызды
қосыңыз. Осының бәрінен қандай тағылым алдыңыз?
14. Айналаңыз қалай, солай қабылдаңыз. Өзіңіз өзгеріңіз, сол кезде қоршаған Әлем де өзгереді. Егер сіз біремеден
қашқалактап тұрсаңыз, онда бұның тасасында
–
қорқыныш не ауру жасырынып жатыр. Сіз осыдан өткенде ғана тамаша
тағылым аласыз.
15. Пенде баласы кашан Өз өмірінің жауапкершілігін өзіне жүктейді, сонда ғана таңдау еркіне мүмкіншілік пайда болады.
Адам қай ойды тандаймын десе де өз еркі. Өзініздің Ғазиз жаныңыздын тәртібінің бағдарламасын, ойыңызды, сезім
кұбылыстарыңызды ыждағаттылықпен зерттеңіз. Өз өміріңізді төнкеріп тастап, тарихыңызды қайта қараңыз.
16. Адамның ойы неғұрлым мөлдір, жүрегі таза, ниеті ақ болса, соғұрлым қабілеттері ашылып, ғарыштағы рухани ілімге
кіруге, оны үйренуге, санасына сіңіруге мүмкіншілік алады. Қарапайым тілмен айтқанда: жамандық, жауыздық, көре
алмаушылық, іштарлық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, суайттық, қызғаншақтық, күндеу, біреуді өсектеу, сынап
-
мінеу т.б.
келеңсіздіктерден санамыз, Ғазиз жанымыз тазарған сайын, өміріңіз соғұрлым жақсарып, қызғылықты шаттыққа, бақытқа
толып, денсаулығыңыз жақсарып, ерекше қабілеттеріңіз дами түседі.
17. Өзіңізді түбегейлі өзгерту
–
ең бірінші жауыздық қара ниет ойлардан және осылардан туындайтын келеңсіз
қылықтардан, менменсіп дандайсудан, рухани надандықтан, көрсоқырлықтан арылу.
18. Пенде баласы ауру мен жоқшылықты, қарыздарын, бақытсыздығын өзінің теріс, келеңсіз ойлау жүйесімен табады.
Ендеше осы ауруы мен кедейшілігінен, қарыздарынан құтылу жолдарын және жеке басының бақытын тек қана өзі ғана
ойлау жүйесін түбегейлі жақсы жаққа өзгертіп, Ғазиз жанының бағдарламасында жазылған себебін анықтап, Ғазиз жанына
басқа: бақыттың, байлықтың, денсаулықтың, махаббаттың, шаттықтың бағдарламасын (программасын) жазып барып
табады.
19. Адамның Өз тағдыры Өз қолында. Себебі, Жаратушы Иеміз пенде баласына шексіз еркіндік берген. Адам қай жолды
таңдаймын десе де: жақсы болуы да, жаман болуы да, бақытты болуы да, бақытсыз болуы да, бай болуы да, кедей болуы
да, ауру болуы да, сау болуы да Өз қолында. Рухани білім мен ілімді үйрену арқылы Өзіңді өзгерт, сол кезде бүкіл Әлем
өзгереді. Ниет адамнан, Рахым Алладан. Шын ниетіңмен сұрасаң Алла екі дүниенің де қызығын көрсетеді. Фәни әлемде де,
бақи әлемде де бақытты боласың! Екі қанатың: руханилық та, материалдық та тең болады! Сен не ойлайсың солсың!
Ғазиз жан дегенімізді қалай түсінеміз?
«Алла тағалаға сыйынғанда, оны Алла тағала көріп тұрады деп біліңіздер. Себебі сен
Алла тағаланы көрмесең де Алла тағала сені көріп тұрады». Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.)
–
Ғазиз жан қайда орналасқан? Жүрек неге ауырады?
–
Ғазиз жан Алланың қуатының (энергиясы) жүректе орналасқан кішкентай бір
тозаңдай ғана бөлшегі. Ғазиз Жан жүректе орналасқан дейдi. Сонымен бірге, жүрек
адамның тәнi мен нәзiк болмысының орталығы. Ғазиз жан адамды жүрек арқылы
басқарады. Фәни тіршіліктің әсерімен сана былғанған кезде, адамдар жақсы мен жаманды
айыра алмай, өмірдің сергелдеңіне түседі. Адамның көрген барлық қорлығын әуелі жүрек
қабылдайтындықтан, қазіргі замандағы жүрек ауруының көбеюінің негізгі себебі, міне,
осында жатыр. Сана былғанса әуелi жүрек, соның ықпалымен адамның нәзiк болмысы
(психикасы) , сонан кейiн оның тәнi ауруға шалдығады. Салауатты өмiр заңдылығымен
ауырмай-сырқамай, дұрыс өмір сүруi үшiн әуелі адам өзін-өзі тану арқылы рухани өмiрiн
бiр қалыпқа келтіруі керек.
Ғазиз жан – адамның ойлау жүйесіне сәйкес өмірлік бағдарлама құрады, іс-әрекетіне
араласпайды, ал адамның өзінің санасы осыны бақылап, сараптап қана отырады.
«Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде». Алла тағала
ғаламның ішінде деген ұғым, Оның ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде екенін көрсетеді.
Ол әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір атомның ішінде, әрбір жан иесінің жүрегінде. Ал
«Ғалам Алла тағаланың ішінде» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдік бейнесін
көрсетеді, яғни бүкіл ғалам оның ішінде. Парсылық ұлы сопылардың бірі Айн әл – Кудата
әл – Хамадани (1048 – 1138) жүректе Алланың орны барын былай деп ашық жазады:
«Алла сіздің түріңіз бен бейнеңізге, сіздің іс – әрекетіңізге қарамайды, Ол сіздің
жүрегіңізге қарайды. О, достым, жүрек бәрін көріп отыратын Алланың орны болып
табылады». Қазекемнің: «Адамнан жасырсаң да, Құдайдан жасыра алмайсың» деген
терең даналық ойы осыны білдірсе керек.
Мәшһүр Жүсіптің енді атағы шыға бастаған кезі екен. Біреу Абайға келіп, мен
Мәшһүр Жүсіппін депті. Сонда Абай: «Алла қайда, құбыла қайда? », – деп сұрапты. Анау:
«Алла аспанда, құбыла Меккеде», – деп жауап беріпті. «Жоқ сен Мәшһүр Жүсіп емессің»,
–
деп әлгі кісіні қуып жіберіпті. Күндердің бір күнінде Абайға сәлем берем деп Мәшһүр
Жүсіптің өзі келіпті. Сонда Абай өткендегі сұрақтарын қайта қойыпты. Сонда Мәшһүр
Жүсіп: «Алла адамның жүрегінде, құбыла өзің туып өскен жерің – отаныңда», – деп жауап
беріпті. Сонда Абай разы болып: «Сен нақ Мәшһүр Жүсіптің өзі екенсің ғой», – деп
құшағына басыпты.
Ғазиз жанның бағдарламалары
Жан ісі онан бір бөлек,
Еркімен ойлап түрлемек,
Жан қожа тәнге, тән құлы,
Еріксіз айдап жүр демек,
Тән істер жанның жарлығын. Шәкәрім
–
Бұл бағдарлама қалай құралады және оны кім құрады, атқаратын міндеттері
қандай?
–
Компьютерде бағдарлама жасаушы адам, ең алдымен оның атқаратын міндетін
анықтап алады, сонан кейін тілін (өзіндік таңбалар мен белгілерді). Осы тіл арқылы
бағдарлама жазылады. Осыны іске асыратын қуат қажет. Біздің жағдайда осы қуат
құрылымы – адам. Оның қайталанбас ерекшелігі. Ол өзін-өзі бағдарлап ала алады.
Сәби дүниеге келісімен, оның Ғазиз жанында бағдарлама жасайтын жүйке жүйесінің
бес сезім мүшесі (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері) арқылы Ақиқатты қабылдайды. Екінші
бағдарлама жасайтын әлеуметтік жағдай – баланың туған жері, отаны, от басы-ошақ қасы.
Алғашқы бағдарлама жасайтын екі құбылыс: баланың туған жері мен жарық дүниеге
келген уақыты, өткен өмірінің қарымтасына сәйкес тағдырдың жазуымен болады.
Үшінші бағдарлама жасайтын: жеке басының жағдайы – оқу, үйрену, өмірлік
тәжірибе жинақтау барысында біртіндеп қалыптасады. Емшектегі сәби қоршаған ортаны,
құйылып жатқан қуаттың ықпалымен, түрлі-түсті бояулар жиынтығы ретінде қабылдайды.
Сәбилер қолдарының, аяқтарының, денесінің әр түрлі қимыл-қозғалыстарын жасайды.
Ересек адамдар сәбиді туған сәтінен бастап қоршаған әлемді өзі қалай қабылдайды, солай
белгілі бейнелерде қабылдатқызып үйретеді.
Сәби алдымен денесін ұстауға, сонан кейін тілі арқылы қоршаған әлемді қабылдай
бастайды. Бұл ағым ата-анамен бала арасында үздіксіз жалғаса береді. Бала ержете келе,
ата-анасының әлемін бойына қалай сіңіріп алғанын байқамай, аңғармай қалады. Одан әрі
өзімен-өзі іштей таласа-тармаса отырып осы Әлемді қолдайды, құптайды. Адамның
өзімен іштей талас-тармасы бір сәтке де баяуламайды. Өстіп Әлемнің өзіндік бейнесін
қалыптастырады. Бұл жақсы да, жаман да болмайды. Бұл тек өзі үйренген Әлемнің
өзгермейтінінің, тұрақтылығының тізімі ғана.
Адамның өзімен-өзінің іштей дауласуы, айтысуының мәні – күнделікті теке-тірес
харекетінің жиынтығы. Бұның жақсы не жаман болуы мүмкін емес. Бұл тек қана әдепкі
Әлемді өзгертпей, тұрақты қалыпта ұстап тұрудың тізімі. Біз осы жағдайда ғана өзімізді
байыпты, байсалды қалыпта сезінеміз.
Өзімізді-өзіміз алдаудың шыңы осында бұғып жатыр!
Біз балалық шақтан өзіміз жасаған Әлемнің бейнесін Ақиқатқа балаймыз. Ересектер
балаға бағыт береді, жүретін жолын нұсқайды, ал бала есейе келе өзіндік өзгерістер
енгізіп немесе өзінің өмірлік бағдарламасына жаңалықтар енгізеді. Бұл өзінің өмірін күрт
басқа бағытқа өзгертетін ойлар.
Жағымды, жақсы, нұрлы ойлар адамның өмірін қызғылықты, қуанышты, шаттыққа
толы етіп, ол бұрынғы шектеп тұрған құрсаудан құтылады.
Бірақта, біздің ата-анамызды олардың әке-шешесі тәрбиеледі ғой, біз енді өзіміздің
балаларымызды өз білгенімізше тезге саламыз. Бұл мәңгілік ағым. Дін өкілдері мұны
адамның жанының Жаратушыға, Құдайға қайта қайту құштарлығы дейді. Шығыста бұл
жағдайды Азаттықты немесе Ақиқатты іздеу деп біледі. Біз дінге терең бойламай, осы
жағдайды адамның нәзік денелерінің, жанының, рухының бірігіп әруаққа айланып,
Ғарыштық санамен бірігуі деп анықтаймыз. Бөлшек бүтінге ұмтылады.
Бұл заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Осы заңдылық Ғазиз жанмен іс
жүзіне асады, әрекет етеді. Бұған қарсы болу ақымақтық болар еді. Ньютон заңы оған
дейін де білсек те, білмесек те болған ғой. Ал бүкіл әлемдік тартылыс заңы, жоғарыда
айтып өткен фәни әлемдегі Ғарыш заңдылығының бір көрінісі ғана. Ньютон заңы заттық
әлемдегі заттардың бір-біріне тартылысын ғана суреттейді, жазады, айтады. Ал заттық
әлем дегеніміз – қуаттың түрлерінің біреуі ғана. Бақи әлем немесе «о дүние» – көрінбейтін
қуат.
Бағдарламаның тілі – адамның тілі, сөзі, таңба мен белгілер. Осы бағдарламаны жұмыс
істеуге мәжбүр ететін біздің қалауымыз, ойымыз, сезім құбылыстарымыз, қылған
қылықтарымыз. Олар сөзбен, бейнелеумен, дыбыспен, сезіммен, қозғалыспен апталады,
қоршалады, қапталады.
Ой дегеніміз – өзіндік ерекшелігі бар бәрін жасайтын құрал. Тек қана ойдың
көмегімен біз өзіміздің жеке дара Әлемімізді құра аламыз.
Бұлар нақтыласақ: Ақшамыз, үйіміз, жолдарымыз, адамдармен қарым-қатынасымыз –
бәрі де ойдан келіп туындайды. Ой пайда болған кезде, ол адамның белгілі бір тәртіп сүру
әдісін анықтап, соңынан осы ойларын нақтылы заттық-фәни Әлемде іс-жүзіне асырады.
Біздің тағдырымыз – біздің ойымыз! Қазіргі тіршілік етіп жатқан Әлеміміз, өзіміздің
ойымыздың шағылысы, жаңғырығы. Бірақ, ой нақтылы бір затқа айланғанша бірнеше
құбылып өзгерістерге ұшырайды.
Осыдан шығатын қорытынды:
Адам өмірі – Ғарыш бағдарламасының кішкентай ғана түйіршігі, тозаңы. Барлық басқа
бағдарламалар сияқты, Ғазиз жанның да бағдарламасы адам үшін белгілі бір міндет
атқарады. Оның бірі – Ақиқаттың құрылымын құру. Басқаша айтқанда осы әлемде
тіршілік кешу және Ақиқат құрылымы нақ Ақиқатпен сәйкес келуіне ұмтылу, соған
талпыну. Бұл адамның қалауының басты бағыты.
Ғазиз жанмен байланысу қауіпті емес пе?
Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нәпсісі айуанмен анық теңдес,
Бөлектігі – жалғыз-ақ таза ақылда,
Әлің келсе, жол тап та осыны емдес! Шәкәрім
Киелінің киелісі – Ғазиз жанымыздың бағдарламасына, оның ішкі санасына бару, түсіну,
тікелей Ғарышпен, Жаратушымен байланысты ма? Осыны іске асыруға бола ма? Бұл
қауіпті емес пе?
Бірден айта кетейік, пенде баласының барлығы осыны жасауда. Бірақта, олар осыны
ойланбай, бей-берекет жауапкерсіздікпен, өзінің әлемін – шырғалаңның шырмауларына
матап, осыған оралып-сүрініп іске асырады. Біздің пайымдауымыз бойынша, Ғазиз
жаныңмен, ішкі санаңмен қарым-қатынас жасауды үйренгенің абзал. Бұны балаға жазу-
сызуды үйрене бастағаннан үйреткен жөн. Егер белгілі ережелерді сақтасаңыз, бұның еш
қандай қауіп-қатері жоқ. Оның үстіне қызық, керемет! Өзіңіз туралы шындықты білгіңіз
келмей ме? Өзіңізге қайғы-қасіретті, ауруды, бейнет пен зардапты қалай жасап
алғаныңыздың түйінін тарқатқыңыз келмей ме? Енді тек алға! Біз өз өмірімізді, Өз
Әлемімізді өзіміз ғана құрамыз. Ендеше неге тамаша Әлем құрмасқа!
Өзіңнің Ғазиз жаның туралы не білу қажет?
80 –
Ғабәсә сүресі: 18, 19, 20, 21, 22 аяттар.
«Алла адамды не нәрседен жаратты? (18) Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі. (19)
Сосын оның жолын оңайластырды. (20) Кейін оған өлім беріп, оны қабырға қойдырды.
(21) Қалаған сәтте оны тірілтеді». (22)
ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 585 бет.
Психоталдауды, сараптауды білмей тұрғанда-ақ, гректің ұлы дәрігерлері Эскулап пен
Гиппократ «адамның ішкі даусын» білген. Бұл жөнінде Парацельс жазады. ХХ ғасырда
Зигмунд Фрейд адамның ерекше «мені» (супер эго) және сананың алды деп адамның
санасын бірнеше топқа жіктейді. Әрқайсысының атқаратын міндетін айқындайды.
Фрейдтің осы құрылымы психотерапия мен психологияның дамуына маңызды қызмет
атқарады. Сонан соң басқа құрылымдар пайда бола бастайды: юнгиандық психоталдау,
доктор Мельдің автоматтық хаты, Винердің кибернетикалық құрылымы, бихевиоралдық
құрылым, гештальт – терапия, транзактілік сараптау, эриксиондық жадылау (гипноз) т.б.
Бүгінгі таңда психиологтар мынандай пікірге келді. Адамның санасын шартты түрде:
«кәдімгі сана» және «түпкі сана» деп екі бөлікке жіктеді. Бірақта, біз «түпкі сана» деп
адамның жүрегінде орналасқан Жаратушының қуатының кішкентай бөлігі – Ғазиз жанды
айтамыз. Себебі, Ғазиз жан немесе Жаратушы – Алла әр адамның жүрегінде деген түсінік
қазақ халқына сонау ықылым заманнан бері белгілі болған. Халқымыз шыбын жан деп өз
жанын, Ғазиз жан деп жүректегі Жаратушы – Алланы айтқан. Біздің ұлттың ислам дінінің
кейбір қағидаларын қабылдай бермейтіні және жанкештілікпен (фанатизм) дінді қуалап
кетпейтінінің де себебі мүмкін осыдан келіп туындайтын шығар. Мысалы, әруақты жоққа
шығару, ырымға сену, бақсы-балгерге емделу, құмалақ т.б.
Адамның кәдімгі санасы да, Ғазиз жаны да – өз бетінше ойлауға бейім. Адам өзі
бүтін тұлға. Ғазиз жан – біз білуге талпынатын тылсымның бір бөлігі. Мысалы, өзіңіз осы
сәтте жазылған сөйлемдерді оқи отыра, ондағы әріптерді көріп ойланасыз, сонымен қатар
белгілі дыбыстарды, қоршаған ортаның, ауаның не жылы, не салқын екенін, денеңіздегі
өзгеріп жатқан құбылыстарды сезесіз. Өзіңіздің тыныс алуыңыздың өзгеруін, бұлшық
еттеріңіздің ширығуын аңғарасыз. Бұрын осы жағдайларды саналы түрде байқаған жоқ
боларсыз. Бірақта, сіздің Ғазиз жаныңыз басқа да талай құбылыстарды қабылдап жатты
емес пе?
Ғазиз жанның қабылдауының ауқымы мұнан да кең, әрі тұңғиық. Себебі, Ғазиз
жан Ақиқаттың нақ өзін қабылдайды. Ол аз десеңіз, біздің Ғазиз жанымыз нәзік дене,
қуат ретінде Ғарышта болып жатқан ақпараттарды өзіне сақтайды. Әрбір жасаушада
генетикалық деңгейде ағза туралы ақпарат тылсымдалып құлыпталған (закодирован)
болса, онда әрбір пенде баласында бүкіл Ғарыш жайлы ақпараттар сақталған. Жаратушы,
Құдай дегеніміз – бір тұтас ағза. Осының ішінде әрқайсымыз өзімізге жүктелген жеке
міндетімізді ғана атқарамыз. Ғазиз жанымыз мұхитта қалқып жүрген мұз тауының өзімізге
көрінбейтін негізгі бөлігі. Ғазиз жанымызда өткен өмірлеріміздің барлық ақпараттары, бес
сезім мүшелерімізге жазылып қойған (көз-көру, құлақ-есту, тіл-дәм сезу, мұрын-иіс сезу,
тері-айналадағы құбылысты, әсерді сезу, ауа-райын қабылдау). Барлық ағзаны басқару
міндеті, еске сақтау қабілеті орталық жүйке жүйесі арқылы өтеді. Ол шартты қозғалысты,
сезімдерді, әдетті, ойдың туындауын, қылықтарымызды, тәртібімізді т.б. құбылыстарды
Ғазиз жан арқылы іс жүзіне асырады. Олай болса, өзімізбен-өзіміз арпалысуды тоқтатып,
Ғазиз жанымызбен одақтасайық. Ол біздің ең сенімді көмекшіміз, жебеушіміз. Ғазиз
жанмен жұмыс жасау үшін оның «мінезінің» кейбір ерекшеліктерін білуіміз керек.
Өзін-өзі сақтау міндеті
«Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтілмесе, жайнап өспейді» Ш. Монтескье
Енді өзіміздің Әлем құрылғаннан кейін: оны қорғау, демеу қажет. Сіздің қай жерде, не
істеп жатқаныңыз маңызды емес. Ішкі сана бір сәтке де қырағылығын жоғалтпайды. Ол
біздің сенімді серігіміз, қорғаушымыз, қолдаушымыз. Өкінішке орай, бұны өзіміздің
абақтымызға айлануына мүмкіншілік береміз де, өзімізді «түрмеге» тұмшалап тастаймыз.
Сол кезде Ғазиз жанымыз – өзіміз құрған Әлемнің шекарасынан шығуға тиым салып,
мұрсат бермейді. Бұны ол біз үшін, бізідің тыныштығымыз үшін жасайды.
«Мен жігіт, он бес – отыз арасында,
Бұл жаста көп: бересі – аласым да..
Жалыны бойға симай сырттан көрініп,
Күн сайын тұрады артып қайрат күшім». Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ғазиз жанымның көмегімен қалыңдығымды қорғап қалуым
1975 жылы Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, үш ай әскери
офицерлер дайындығын Талдықорғандағы Еркін ауылында орналасқан бір әскери
бөлімшеде өттік. Үш айдың ішінде қан сорпамызды шығарып, жіптіктей қылып шығарды.
Тәртіп өте қатаң, бір сәт бос отырғызбайды. Қап-қара қайыстай болып Алматыға келдім.
Үшінші курста оқып жүргенімде Алматының шет тілдер институтының неміс тілі
бөлімшесінде оқитын Рахпар деген өзбек қызымен танысқанмын. Бір көргеннен-ақ бір-
бірімізді ұнаттық. Үш жыл бойы қыз бен жігіттің арасындағы сүйіспеншілігімізге кіршік
түскен жоқ. Студенттік махаббат қызық мол жылдары, студенттер қауымы арасында асаба
болып: абыройым артып, көңілім тасып жүрген.
Әскери дайындықтан кейін Рахпарға келсем, қасындағы бірге оқитын құрбысы Күләйхан
тұрмысқа Политехникалық институтты бітірген, Шымкенттік жігітке тұрмысқа шыққалы
жатыр екен. Қоярда-қоймай: «Сен біздің тойымызды басқар, Рахпар қыз жолдас болады»,
–
деп бізді көндірді. Бір топ жігіттер мен қыздар поезбен улап-шулап, тойлатып жігіттің
ауылына келінді алып келдік. Күләйханның келін болып түскен жері дәулетті, өсіп-өнген
беделді ақсақалдың шаңырағы. Кешке той. Шымкенттің қазақтарының ерекшелігі, жастар
тойына үлкенді-кішілі қонақтар түгел келеді екен. Кемінде бес жүзден астам адамға
қазекемнің кең дастарханы жайылды.
Тойды басқаратын мен, сазды музыкада жергілікті өнерпаздар қауымы. Осы ауылда
барлық қазақ ауылдарындағыдай сері «атаманы» бар екен. Ол өзіне қарсы келгендерді
ұрып-соғып, жан баласын бет қаратпайды. Өзі ауылдың асабасы. Ауылдағы тойды сол
ғана басқарып билеп төстейді. Той басталардың алдында сол «сері» келіп: «тойды мен
басқарып жүргіземін», – деп еді, үй иесі ақсақал: «қайдағы жоқ жалаңаяқ бұзықтарға
тойды басқартпаймын. Бұл тойды Алматыдан арнайы келген асаба басқарады», – деп әлгі
жігітті тиып тастады.
Той басталды. Жар-жар айтылып, келіннің беті ашылды. Той өзінің толықсыған
шағына жетті. Би басталды. Байқаймын әлгі жігітім Рахпардың қасынан шыр айланып
шықпайды. Бір-екі қабат билеген соң, үшінші қабат қолынан жұлқып, қорқытып тұрғанын
көзім шалып қалды. Өзім тойды құдалардың арасында жалғастырып жүргенмін. Жетіп
барып, қолдың қырымен әлгі серінің қолын қағып жібердім. Той басталғанда-ақ,
жағдайдың ушығып бара жатқанын ел де, өзім де сезгенмін. «Мына жігітке қиын болды-
ау, қызынан айырылатын болды ғой. Ана жындыға бекер асабалықты бермеді», – деп
маған әдейі естірте айтқан жігіттердің сөздерін де естігенмін.
Сөйтсем, ауылдың бұтына шалбар киген бойдақтары намыстанып, өздерінің
басшыларының шашбауларын көтеріп, қайтсе да қыз жолдасты алып қалмақшы болып
өзара келісіп алған сияқты. Өздері ауылды жерлерде «қыз алып қашуды» салт-дәстүрге
айландырып алған. Сөкет емес. Әлгі «атаманның» қолын қағып жіберуім мұң екен,
оншақты жігіт маған қарай тұра ұмтылды. Студенттік шақта той басқарып жүргенде,
көшеде, паркте жергілікті орыстың жігіттерімен төбелескенде, топты төбелестің талай
құқайын көргенмін. Топтың ортасында қалсаң болды, таптап кетеді. Жас күнімде
спортпен қатты шұғылданғанмын, жылан сияқты жылдам болатынмын. Ытып шетке
шықтым. Көрермендер қоршап алған, анталап тұр. Қой дейтін біреуі жоқ. «Ағайынның
аты озғанша, ауылдастың тайы озсынның» кері.
Топты төбелесте – басшысын бір ұрғанда жалп еткізіп есінен тандырып құлата алмасаң,
сорым қайнады дей бер. Топтың алдында әлгі «батырым» барын салып маған қарай
жүгіріп келеді. Тұрған орнымнан ыршып секіріп барып баспен қарсы алып, бетінен шарқ
еткізіп, екі қолымның қырымен екі жігіттің мойнындағы күре тамырынан, сальто жасап
төңкеріле бере екі аяғыммен тағы екеуінің шықшыттарынан теуіп түсірдім. Соңғы
әдістерді бірден жерге түспей, кеңістікте – секіріп бара жатып, қол-аяқпен төрт адамды
әп-сәтте ұрып құлатуға болатынын білмейтінмін. Бесеуі топалаң тиген қойдай жерде
жусап, ал әлгі «атаман» бет-аузын қан жауып кеткен, дем алмай сұлық жатыр. «Өлді! өлді!
өлтірді! », – деген жанұшыратын айғай шыға бастады.
Мен: «Өлген жоқ, жәй есінен танып қалды. 10...15 минутта есін жинайды, көтеріп
алып кетіп, беті-қолын жуып жатқызып қойыңдар! », – деп едім, айғай-шу сап басылды.
Әлгіні көтеріп алып кетті, қалған төртеуі үсті-бастарындағы шаңды қағар-қақпастан
тәлтіректеп жөндеріне кетті. Наполеон айтпақшы: «Даңқ пен масқарашылықтың арасы
бір-ақ адым». Қан-қан болып қанға малшынған көйлегімді ауыстырып келсем, елдің –
әсіресе жас бозбалалар мен балалардың көзқарастары ерекше, бәрі құрметпен силап: «аға
төбелеске үйретіңізші», – деп қаумалап алды. Той өз қалпына түсіп, ың да жоқ, шың да
жоқ таң атқанша созылды. Ертеңіне қайтар алдында үй иесі ақсақал:
–
Балам, қай жердікісің, қай туған боласың?
Достарыңызбен бөлісу: |