Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


ТАРАУ.        АДАМНЫҢ ТӘНІ



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

ТАРАУ.        АДАМНЫҢ ТӘНІ 

 
«Құлқы  жаман  адам  өзін-өзі  азаптайды.  Кімнің  уайымы  көбейсе,  соның  денсаулығы 
нашарлайды.  Кім  де  кім  адамдар  мен  айтыса  беретін  болса  оның  абройы  кетеді». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Біздің  денеміз  –  өзіміз  өмір  сүретін  әлемді  қабылдайтын  құрал.  Тәніміз  біздің 
көзқарасымыздың,  ойлау  жүйеміздің  сыртқы  көрінісі,  немесе  ішкі  жан-дүниеміздің 
айнадағы  сияқты  шағылысы,  бейнесі.  Біз  ауруды  өзіміз  жасаймыз.  Ауру  –  өзіміздің 
тәртібіміздің, өзімізге айтып тұрған белгісі. Осыны тыңдап үйренуіміз қажет. 
         
Біздің денеміз – әрбір ойымызға белгілі құбылыс әрекетін береді. Жақсы ойлармен, 
сүйіспеншілікпен  баламызды  қамқорлықпен  мәпелеп,  аялағанымызда  –  сыңғырлаған 
денсаулық, керемет көтеріңікі көңіл-күймен жауап қайтарады. 
         
Керісінше қара ниет, жексұрын қылықтар, бұзық талқандайтын ойларымызға – ауру, 
күйзеліс,  зардап,  азаппен  жауап  береді.  Біз  денемізді  өзіміз  таңдаймыз.  Сондықтан, 
өзіңнің сыртқы келбетіңе қанағаттанбай реніш білдіру өте қауіпті. Біздің Ғазиз жанымыз – 
дененің пайдасы үшін ойлау жүйемізге, істеген қылықтарымызға орай осы денені құрды. 
Бұл осы фәни-заттық әлемде белгілі мақсаттарды іске асыратын құралымыз. 
         
Біздің  денеміз  өзіміздің  ойлау  жүйеміздің  жемісі.  Сондықтан,  тәнімізді  сымбатты, 
серіппелі,  әдемі  қылғымыз  келсе  Ғазиз  жанымыздағы  бұрынғы  қалыптасқан  ойлау 
бағдарламасын өзгертуіміз қажет. Өз денеңді осы қалпында қабылдап, оны сүйудің, жақсы 
көрудің маңызы ерекше. 
 
Дененің  сол  жағы  –  әйелдің  қуатының,  ананың,  келісімшілдіктің,  тыныштықтың, 
мамыражайлықтың, сіңірудің, көнбістіктің белгісін сипаттайды. 
 
Дененің  оң  жағы  –  Әкенің,  еркектік  қуаттың,  нағыз  еркектіктің,  қожайынның, 
жетекшінің, қамқоршының, тіректің, қалқанның белгісін сипаттайды. 
 
Адамның біртұтас екенін ұмытпаңыз. Онда еркектік те, әйелдік те қуат айланып тұрады. 
Еркектерде еркектік қуат бұлтиып білініп тұрса, әйелдерде керісінше білінбейді. Еркектік 
қуаттың қасиеті – жауапкершілік және тәуелсіздік. 
Еркектік  қуат  –  құруды,  жоқтан  бар  жасауды,  тәртіппен  ережені  бір  арнаға 
тоғыстыруды білдіреді. Еркектік қуатта Күн табиғаты бар, сондықтан қозғалғыш әрі іскер. 
Әрбір ер бала, жасөспірім, бозбала өзінің мінез-құлқының белгілі бір қасиетін дамытуға 
тиіс, сонда өте қуатты болады. 
 
«Күйеуі  әйелін  шақырса,  дұға  (тілек)  үстінде  отырса  да,  дұғасын  тоқтатып 
күйеуінің  алдына  келуі  керек.  Күйеуі  рұқсат  бермесе  әйел  нәпіл  (қаза  болған)  тұта 
алмайды,  себебі  парыз  оразаны  рұқсатсыз  тұтады.  Еркектен  рұқсатсыз  біреуге,  бір 
нәрсе  бермесін.  Егер  берсе  сауабы  еркекке,  күнәсі  әйелге  болып  қалады.  Әйел  еркектен 
рұқсатсыз  бір  жаққа  кетпеуі  керек,  кетсе  үйге  келгенше  періштелер  лағнет  айтып 
тұрады.  Күйеуі  зәлім  болса  да,  ол  үйге  оралғанша  Алла  тағала  және  періштелер  оған 
қарғыс айтады». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Әйелдік  қуаттың  қасиеті  –  молшылық,  жуастық,  көнбістік.  Әйелдік  қуатта  Ай 
табиғаты бар. Ол сондықтан момын, жуас, көнбіс. Әрбір қыз бала, бойжеткен өзінің мінез-
құлқында осы қасиеттерді дамыта беруі тиіс, сонда бақытты болады. 
Әйелдің күші – тұрмыстық кеңістік жасап, от басы-ошақ қасында береке, татулық, 
сүйіспеншілік  құру.  Біздің  ата-бабаларымыз  еркек  пен  әйелдің  арасында  үйлесімділік 
болуын терең түсінген. Жаратушы еркекті артық қылып жаратқан. Қазақ: «Алтын басты 
әйелден, бақыр басты еркек артық», – дейтіні осы. 
Өзіңіздің  ата-анаңызға  деген  көзқарасыңызды  қайта  қараңыз.  Әке  бала  үшін  – 
Ғарыштағы  еркектік  бастауды  білдірсе,  ана  –  әйелдік  бастауды  білдіреді.  Өзің  туралы 

және  қарама-қарсы  жынысты  пенделерге  деген  келеңсіз  ойлардан  арылыңыз.  Осылай 
істегенде, сіз өміріңіздің сол жағы мен оң жағын теңестіресіз. 
 
Адам анасының жатырында қалай дамиды? 
              
Атаның шаһуатының көп қой мәні, 
Ананың құрсағында қан болғаны. 
Құс пен адам болар деп кім айта алар, 
Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны. 
 
Басында оның киімі шаһуат еді, 
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні! 
Денесі неше миллион құбылса да, 
Оның жаны – баяғы ескі жаны. 
 
Сезімінің зорайып, азаймағы – 
Қандай түрде болғаннан оның тәні. 
Қайда барса, ол өзін "өзім" дейді 
"Өзім" деп денесі емес, жанды айтқаны. 
 
Сол жаннан тіпті "өзімдік" жоғалмайды,   
Есеп емес, сан өліп, сан қайтқаны.               Шәкәрім 
 
Жан  иелері  адам  денесін  алу  үшін  ұзақ  сатылы  (эволюциялық)  даму  жолынан 
өтеді. Қозғалатын және қозғалмайтын тіршілік иелерінің бәрінде де сана болады. Ол таста, 
минералдарда,  ағаштарда  т.б.  Таулардың,  жоталардың  өсетінін,  ағаштың  көріп  иіс 
сезетінін ғалымдар баяғыда-ақ дәлелдеген. Ең төменгі сана таста, минералда, сонан кейін 
өсімдіктерде,  онан  жоғары  балықтар  –  дәм  сезуі  жетілген.  Араларда  иіс  сезу  жетілген 
болса,  жыландардың  есту  қабілеті  ерекше.  Құстар  тұлғаны  не  өзінің  жемтігін  биіктен 
жақсы  көре  алады.  Құстардан  да  жақсы  дамыған  төрт  аяқты  хайуандар,  ал  осылардың 
ұшар  басын  адам  тектестер  тұйықтайды.  Осы  қосамжарлықтан  адамның  ғана  жаны  азат 
бола алады. 
Адамның  санасы  туарда  анасының  жатырында  жатып  эволюциялық  дамудың 
барлық  сатыларынан  өтеді.  Ұрықтанған  кезде  еркектің  шаһуатының   әйелдің  жұмыртқа 
жасаушасымен  қосылып  –  бес  тәуліктен  кейін  жасауша  жұмыртқасының  бөліну 
нәтижесінде тамшы пайда болады. 10 күннен кейін тамшы өріктей болып не жұмыртқаға, 
не қауашаққа айналады. Алғашқы айда бас, екінші айдың аяғына таман – қол, аяқ т.б. дене 
мүшелері пайда бола бастайды. Үшінші айдың соңында аяқ пен қолдың саусақтары, шаш, 
сүйектер,  тері,  жыныс  мүшелері  мен  тесіктер  пайда  болады.  Төрт  айдан  кейін  құлын 
мүшелері түгенделіп бітеді. Бесінші ай аяқталар кезде – жан аштық пен шөлді сезеді, ал 
алтыншы  айдың  бітісінде  су  қабымен  қапталып  жатырдың  не  оң,  не  сол  жағына 
орналасады. Оң жаққа орналасса еркек бала, ал сол жаққа орналасса қыз бала болғаны. 
 
Анасының  жатырында  болашақ  адам  өте  жаман  жағадайда  болады,  бірақ  сана 
төмен  болғандықтан  осы  азапқа  шыдап  кетеді.  Сәби  мойны  қисайып  басын  ішіне  қарай 
тығып алып тізесінің қолымен  жауып төмен қарап бүктеліп жатады. Егер үлкен адамды 
осындай жағдайға салса бірнеше минутта өмір сүрмес еді. 
Жеті  айдан  кейін  санасы  оянады,  өзіне  соққан  желдің  лебін  сезеді.  Өзінің  тар 
қапаста  жатқанын  білген  адамның  жаны  жүрегінде  орналасқан  Ғазиз  жаннан  (Алланың 
қуатының  кішкентай  бөлшегі)  осы  қапастан  алуын  сұрайды  және  Оны  ұмытпасқа  ант 
етеді.  Бірақта  жарық  дүниеге  келіп  ата-анасының  аялы  алақаны  мен  қамқорлығына 
бөленгеннен  кейін  берген  анты  есінен  шығып  кетеді.  Осы  әлемде  барлық  адам  баласы 
әйтеуір  бір  кезде  ант-су  ішеді,  бірақта  осы  фәни-заттық  жалған,  өткінші  әлем  сияқты 
олардың да ант-суында пәтуа болмайды. 
Атаның  шаһуатының  (ұрықтың)  мәні  шынында  да  көз  жетпейтін  тереңде  жатыр. 
Себебі,  жан  иелерінің  келешек  өміріндегі  көретін  бақыты  мен  қорлығы,  адамшылық 

қасиеттері  осы  шаһуаттың  қуат  түріне,  оның  ана  құрсағына  түсу  уақытына,  жағдайына 
және  басқа  да  көптеген  себептерге  байланысты.  Қандай  жан  иесі  болса  да  ұрықтан,  не 
болмаса жұмыртқадан тарап, өмірге келеді. 
Адам баласы өмірге келу үшін әуелі әке шеше құрсағына өзінің ұрығын салу керек, ал 
шеше  одан  әрі  оны  бала  қалпына  келтіріп  қалыптастырады.  Яғни,  әке  –  жаратушы,  ал 
шеше – қалпына келтіруші. Бұндай ойларды Шәкәрім мен Абай аспан, не болмаса күн мен 
жер, олардың арасындағы байланыс туралы жазылған өлеңдерінен алуға болады. 
Күн мен жердің арасындағы махаббаттан бүкіл жер бетіндегі жан иелері туып, өмірге 
келеді. Махаббатқа жан тартылып шаһуатпен ана құрсағына түседі. Шәкәрім айтпақшы, 
басында  оның  киімі  шаһуат  еді.  Ананың  құрсағына  түскен  соң  жан  ананың  ұрығына 
оранып қызыл қан қалпын алады. Әрі қарай жан өзінің рухына байланысты, ақын сөзімен 
айтқанда, неше миллион құбылып, өзіне дене қалыптастырады. 
Рухтың  қасиеттері  жан  иесінің  өткен  өмірінің  нәтижесіне  байланысты.  Бірақ,  денесі 
өзгерсе  де,  оның  жаны  –  баяғы  ескі  жаны  болып,  өзгермейді.  Себебі,  жан  мәңгілік. 
Медицинаның дәлелдеуіне қарағанда ана құрсағында оның денесі өсу барысында әртүрлі 
болып  өзгереді  екен.  Құрсақтағы  баланың  денесі  балықтың  қалпынан  бастап,  жер 
бауырлаушылар,  құстар  және  басқа  да  түрлі  хайуанаттардың  қалпын  алып,  ақыры  адам 
түрін алады. Бұл – материалдық ғылымға түсініксіз құбылыс болып көрінгенмен, рухани 
тұрғыдан алсақ, оны түсіндіруге болатын сияқты. 
Өмірдегі  көрген  тәжірибенің  барлығы  жан  иесінің  генасында  жазылып,  ол  келесі 
өмірлерде өзінің көрінісін береді. Өткен өмірдегі тәжірибе көрінісін біз инстинкт деп атап 
жүрміз.  Әрбір  дене  түрінде  өзіне  лайық  инстинкт  бар.  Соның  арқасында  барлық  жан 
иелері өзіне тиесілі өмір түрін алып, қалтқысыз өмір сүреді. Шәкәрім сөзімен айтқанда, 
сезімінің  зорайып,  азаймағы  –  қандай  түрде  болғаннан  оның  тәні.  Сонымен  бірге,  ол 
қандай тән алса да өзін "өзім", яғни, жан деп айтқаны. Мысалы, жылан жорғалайды, құс 
ұшады,  аң  жүгіреді  деген  тәрізді.  Олардың  барлығының  негізі  –  жан.  Ең  соңында  адам 
қалпын алады. 
Жанның өткен өмірі оның рухында жазылып қалғандықтан, құрсақтағы рух өзіне дене 
қалыптастыру  барысында  өткен  өмірдегі  денелерін  тағы  да  есіне  түсіріп,  бірінен  кейін 
бірін  қалыптастырып  өтеді.  Құрсақтағы  бала  денесінің  түрлі  жануарладың  порымдарын 
алатыны осыдан болса керек. 
Бірақ, табиғаттың сырлы заңдылығы бойынша, ол бұл жарық әлемге келгенде өзінің 
өткен өмірлерін ұмытып, олардың ең  негізгі қорытындыларын ғана қалдырады. Мысалы, 
жаңа  туған  баланы  ешкім  де  емшек  емуге  үйретпесе  де,  өзі  еме  береді.  Өткен  өмірдің 
адамның  есінде  сақталмауы  тағдырдың  бейімділігінің  бір  көрінісі.  Егер  адам  өткен 
өмірінде  жауласқанын  білсе,  ол  бұл  өмірде  онымен  бірге  тіршілік  құра  алмас  еді.  Ол 
өзінің  өткен  өмірінде  жау  болғанын  ұмытып,  бұл  өмірде  оған  дос  болып  келіп,  өзінің 
қарызын өтеуі мүмкін. 
Анаға  берілген  шаһуаттың  құндылығы  әкенің  қасиеттері,  кім  екеніне  байланысты. 
Егер  әкенің  шыққан  тегі,  өмір  сүру  әдісі,  жан  дүниесі  жақсы  болса,  әрине,  шаһуаттың 
құндылығы  да  соған  сәйкес  жоғары  болады.  Барлық  өмір  көріністері  біздің 
хромосомымызда, әрбір жасаушамызда жазылып, сақталып отырады. 
Егер ата-тегімізде жаман қасиеттер мен аурулар болса, ол ұрпаққа беріліп, түзету өте 
қиынға  соғады.  Жерге  отырғызған  ұрықтың  келешек  тегі  ағаштың  түрі  мен  қасиетін 
беретіні сияқты, әкенің берген шаһуаты да келешек ұрпақтың қадір-қасиетін анықтайды. 
Ал  баланың  анасы  тоғыз  ай  бойы  құрсағында  баланың  тәнін  ғана  қалыптастырып 
қоймайды, ол оның әкесі берген шаһуаттың жақсы-жаман қасиеттерін де өсіреді. Бұл – ең 

әуелі  ананың  өзінің  қадір-қасиетіне,  сонан  кейін  оның  сол  кездегі  көңіл  күйі,  ойлаған 
ойлары мен сезімдері, өмір сүру қалпына байланысты. Яғни, өсімдік ұрығы үшін жердің 
құнарлығы  қандай  маңызыды  болса,  ана  құрсағының  қасиеттері  де  шаһуаттың  жетілуі 
үшін сондай маңызы бар. Ананың өзінің қасиеттері мен оның бала көтеру кезіндегі қалай 
тамақ  ішу,  ұйықтау,  өзінің  көңіл  күйін  басқара  білу  қасиеттеріне  байланысты  келешек 
нәресте қалыптасады. 
Мысалы,  ғарыш  кеңістігінде  біздің  жер  теріс  полюс  болып  өзіне  әлемдегі  өзіне 
керекті  заттарды  тартады.  Ал  әлем  кеңістігіндегі  жұлдыздар,     оның  ішінде  күн  де,  оң 
полюс  болып  табылады.  Уақыттың  әр  сәтінде  жерге  әсер  жасайтын  ғаламшарлардың 
(планеталардың) әсері әртүрлі болғандықтан, сол кездегі туған жан иелерінің тағдыры да 
әртүрлі  болады.  Оларға  сол  сәттегі  ғаламшарлардың  өзара  байланысы  әсер  етіп,  сол 
байланыс  адамның  алдағы  өмірін  басқарып  отырады.  Астрология  ғылымы,  міне,  осы 
заңдылықты білу арқылы адамның келешек өмірін болжай алады. 
Ғарыштағы  ерітінді  –  эфир,  ал  батарея  Құдайдың  әлемдік  көрінісі  болып,  осылай 
ғарыш кеңістігіне қуат беріліп, барлық ғаламшарлар (планеталар) арсында үздіксіз өзара 
байланыс болып жатады. Теріс полюске – жер, әйел жыныстылар, ал оң полюске – күн, 
еркек  жыныстылар  жатады.  Сондықтан,  ана  құрсағындағы  ұрық  өзіне  керекті  заттарды 
тартып  бала  денесін  құраса,  жер  құрсағындағы  өсімдік  ұрықтары  да  өздеріне  жерден, 
күннен, ғарыштан өздеріне керекті заттарды тартып, өз денелерін құрайды. 
Ұрық  қасиеті  қандай  болса,  ол  өзіне  сондай  қасиеті  бар  заттарды  тартады.  Ұрық 
маскүнем,  күнәһар  адамдікі,  не  болмаса  рухани  жетілген,  иманды  адам   болуы  мүмкін. 
Ұрық  та,  соған  байланысты,  өзіне  соған  сәйкес  заттарды  тартып,  болмысын  құрайды. 
Сондықтан,  туған  бала  маскүнем,  хайуан  болып,  не  болмаса  адамгершілігі  үлкен  адам, 
әулие болып шығуы мүмкін. 
Ерітінді  –  ананың  қаны.  Қан  бүкіл  денені  аралайтын  болғандықтан,  онда  адамның 
қандай  тамақ  ішкені,  не  ойлап,  не  сезгені  –  барлығының  әсері  бар.  Анод,  оң  полюс 
бастағы ми зат (ойлар) бөледі де, ол заттар қан арқылы шаһуатқа жетіп, оның нәзік және 
тұрпайы  болмыстарын  қалыптастырады.  Егер  анасының  басында  "қорғасындай"  ауыр, 
қайғылы ойлар болса, онда шаһуат та сол "қорғасындай" заттармен жабылып, туған бала 
уайымшыл, ауру, зардапты, ақылы төмен болып қалыптасуы мүмкін. 
Егер  ана  –  келешек  баласының  көкірек  көзі  ашық  болсын  десе,  ол  басына  "алтын" 
орналастыруы  керек.  Яғни,  ана  жаман  ойларға  жол  бермей,  тек  қана  жақсылық  ойлап, 
көңіл күйін жоғары ұстап, рухани музыка тыңдап балаға "алтын" жіберіп отыруы керек. 
Сонда  шаһуат  қымбат  металлмен  қапталып,  дені  сау,  ақылды,  сұлу,  барлық 
қиыншылықтарға төзімді, қымбат бала туады. Бұндай баланың келешегі зор, ата-анасына 
қуаныш, еліне тірек болады. Міне, осының барлығы аяғы ауыр әйелдердің өздерін дұрыс 
ұстап,  өте  қатаң  бақылауда  болуының  зор  маңызын  көрсетеді.  Адамзат  ұрпағының 
келешегі  әйелдерге  көп  байланысты,  сондықтан  олардың  табиғаттың  осы  заңдылығын 
мұқият білгендері жөн. 
Бала  дүниеге  келген  соң  да  енді  өз  болмыстарын  қалыптастыратын  заттарды  өзін 
қоршаған  ортадан,  табиғаттан  алады.  Сондықтан  баланың  қоршаған  ортасы  оның 
келешектегі  өмірін  анықтайды.  Ал,  шаһуаттың  өзіне  жасалған  жағдайларды  барынша 
ұтымды  пайдалануы  оның  өзінің  рухани  қасиеттеріне,  яғни,  жанның  туа  біткен 
қасиеттеріне байланысты болады. Жан қасиеттері – оның өткен өмірлерінің нәтижесі. Бұл 
– 
барлық  өмірдің  мәні.  Адамның  басқа  жан  иелерінен  айырмашылығы  да  осы  мәнде 
жатыр. 
Тұқым  қуалау  заңдылығы  бойынша,  адам  болмысының  құндылығы  ең  әуелі 
шаһуаттың қасиетіне, яғни әке тұқымына; сонан кейін, ол шаһуаттың құрсақтағы дұрыс 

өсу жағдайына, яғни ана қасиеттеріне; туғаннан кейінгі өскен ортасына; және өзінің жан 
талабына байланысты болады. 
Әйелдің жүкті болуы 
  
Өмір ағынының жаңа бастағанын, осы әлемге келуге дайындықтың белгісі. Әйелдің бала 
көтеруіне  дейінгі,  жүкті  болғаннан  кейінгі  кезеңдң  ылғи  жанына  жайлы  жағымды 
сезімдерге  бөленудің  зор  маңызы  бар.  Мәселе  мынада.  Анасының  ойы  баланың  Ғазиз 
жанындағы бағдарламасына сіңіп, баланың денсаулығы мен тағдырына әсер етеді. 
         
Мысалы, жүкті болғанда баланы алдырып тастау ойымен туған бала: әлжуаз, әлсіз, 
аурушаң,  қорғаныс  қабілеті  төмен  болып  жарық  дүниенің  есігін  ашады.  Ансының  қара 
ниеті мен жаман ойыны арқылы, балаға өзін-өзі құрту бағдарламасы беріледі. 
Жүкті болған кездегі улану 
 
Егер  жүкті  әйел  өзінен-өзі  уланса,  онда  Ғазиз  жанында  бала  тапқысы  келмейтін  ойдың 
тығылып жатқаны. Оның ағзасы бойына біткен баланы қабылдамай жатыр. 
         
Кей кезде жүкті келіншек болсанардың алдында қатты уланады. Себебі, оның анасы 
де ауыр босанған. Осы қорқыныш қызына берілген. 
         
Келесі  сәтте,  келіншектің  ойында  бала  табуға  әлі  ерте,  алдымен  оқуымды  бітіріп 
алып табамын деген ой болған. Бұндай жағдайда Ғазиз жан ең ыңғайлы жағдайды таңдап 
алады.  Сондықтан,  осы  жүктілікті  қабылдап,  өзіңнің  Ғазиз  жаныңа  сенім  білдіріп, 
балаңның дені сау болуына жағдай жасауға міндеттісің. 
 
Түсік тастау 
 
Ғазиз  жаныңда  қатты  қорқыныш,  үрей  бар.  Болашаққа  деген  сенімсіздік,  босанар 
алдындағы қорқыныш. Бұлш еркекке сенбеуден де болады. «Мені тастап кетсе қайтемін. 
Баламен жалғыз қаламын ғой». Не өзінің күшіне сенбеуі: «Қазір емес – кейін». Жүктілік 
мерзімнен,  уақытынан  бұрын  болды  деген  қате  сезім  де,  түсік  тастатады.  Бұнда  да, 
келіншектің  Ғазиз  жанында  бала  тапқысы  келмейтін  жаман  пиғыл,  қара  ниет  бұғып 
жатыр. Бұл сәтте де ағза баланы қабылдамайды. 
         
Түсік тастаған келіншектің өмірден алған сабағы 
 
Емшіге үрімдей жас келіншек келеді. 
– 
Маған көмектесіңізші. 
– 
Не жағдай болды? 
– 
Бір ай бұрын баламды жоғалттым, түсік тастадым. Өзімді қайда қоярымды білмеймін, 
түнде ұйықтай алмаймын. Өзімді өте кінәлі сезінемін. 
         
Келіншектің Ғазиз жанымен байланысқаннан кейін мына жайт анықталады. Жарты 
жыл бұрын бір жігітпен танысады. Бір айдан соң бала көтереді. Жігіт жанұя құруға, әке 
болуға  әлі  дайын  емес.  Ол  баланы  алдырып  тастауын  өтінеді.  Қыз  оған  ренжіп,  бала 
тауып,  оны  жалғыз  асырап  жеткізуге  бел  буады.  Бұлай  істеуіне  қыздың  әке-шешесі  де 
қарсы  болады.  Қыз  үш  ай  бойы  шешімге  келе  алмай,  қобалжып  жүреді.  Ол  өзінің 
жанұялық өмірі осылай басталады деп күткен жоқ еді. Баланы тусам ба, тумасам ба деген 
күдік меңдеп алады. 
         
Іштегі баланы алдырып тастауға кеш. Жігіт қайта келіп, тұрмысқа шығуын ұсынады. 
Өкпелеген  қыз,  тұрмысқа  шығудан  бас  тартады.  Міне  осы  шырғалаңдардың  салдары 
түсікке әкеп тіреді. Бұл жағдайда кім кінәлі? Сенсеңіз, кінәлі жан жоқ. Қызға да, жігітке де 
өмірдің осы қырын өту қажет болды. Екеуі де осыдан жақсы қортынды сабақ алды. 
         
Емшінің алдына бірнеше келгеннен кейін, келіншек өзін кінәлау сезімінен құтылып, 
өз өмірінің жауапкершілігін өзіне жүктеуді үйренді. 

 
Бала көтермеу 
 
Егер  әйел  бала  көтермесе,  онда  оның  Ғазиз  жанында,  баланың  жанын  жоятын 
бағдарламаның болғаны. Ғазиз жанның қатты қарсылығы, сәбидің Ғазиз жанында бірнеше 
есе  артып  өрши  түседі.  Бұндай  бала  өмір  сүруге  қабілетті  болмайды.  Әйелдің  Ғазиз 
жанында баланы құртатын бағдарлама бар. Барлық дін ағымдарында әйел жеміс беретін – 
жермен, тәнмен суреттеледі. 
         
Еркек  –  рухани  рухпен,  ұрықтандырушы  ретінде  бейнеленеді.   Құранда 
еркектің  жанұядағы  міндеті  мен  әйелдің  міндеттері  тасқа  қашағандай  анық,  нақтылы 
жазылған.  Еркектерді  жек  көретін  әйелдер  бала  көтермейді.  Бұндай  әйел  рухты  жек 
көреді.  Осының  бәрі  оның  Ғазиз  жанында  бағдарлама  түрінде  жазулы.  Әйелді  кемсітіп 
жек көретін еркек, жердің қасиетін жоққа шығарып, ауру тән алады. Көбінесе бел күшінен 
айрылады.  
 
Екі қабат баласын алдырып, екі қабат бала жатырынан тыс біткен 
           
Емшіге  жатыры  ісіген  әйел  келеді.  Ісіктің  себебі  –  Ғазиз  жанында  еркектерді  жек 
көретін бағдарлама бар. 
– 
Мен үшін олардың мүлдем болмағандары жақсы, – дейді емшіге. 
         
Әлгі  әйел  екі  қабат  баласын  алдырып,  екі  қабат  бала  жатырынан  тыс  біткен. 
Балалары жоқ. 
Кей кезде бала көтермеуге әйелдің қара ниеті себеп болады 
 
Бір  әйел  жігітті  арқандап  ұстау  үшін,  оған  бала  тауып  беруді  ойлайды.  «Содан  жүкті 
болсам, ол мені тастап кетпейді. Борыш сезімі оған жібермейді». Оның жақын құрбысы: 
«Сен  қандай  ақымақсың.  Кетем  десе  бір  де  бір  еркекті  баламан  байлай  алмайсың.  Тек 
өзіңнің және балаңның өмірін бұзасың. Оған жабыса бермей ажырас, немесе ортақ тіл тап. 
Сонда, бәрі қалпына келеді». 
         
Ол  құрбысының  сөзін  құлағына  да  қыстырмады,  өзінше  жасады.  Жанталасып 
емделіп,  қаншама  демалыс  аймақтарына  –  курорттарға  барса  да,  жігіттен  бала  көтере 
алмады.  Бірнеше  жылдан  соң  ажырасып  тынды.  Жарты  жыл  өтпей  басқа  еркекпен 
қосылып, оған тұрмысқа шығып, бір жылдан кейін қыз бала дүниеге келді. 
 
«Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
                   
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 
                   
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
                   
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек».        Абай 
 
Қорқыныш  –  өмір  ағымына  қарсы  болу.  Келешегіне  сенімсіздікпен  қарау  да  бала 
көтермеудің  себебі  болуы  мүмкін.  Балалар  біздің  болашағымыз  ғой.  Ғазиз  жаныңызда 
бала  тууға  деген  дайындық  болмайынша,  ұрықтанумен  шырғалаң  бола  береді. 
Тығырықтан  шығатын  бір  ғана  жол  бар.  Өзіңіздің  ішкі  жан-дүниеңізді  зерттеңіз.  Осы 
жерден бала көтермейтін себебіңізді анықтай аласыз. 
         
Кей  кезде  дене  мүшелерім  бұзылып:  олпы-солпы  болып,  көркімнен,  құлын 
мүшелерімнен  айырылам  деген  қорқыныш  та,  бала  көтермеудің  себебі  болады.  Әйелдің 
босанғаннан  кейін  әдемі  болмай  қалады  дегені  жәй  әшейін  аңыз.  Егер  әйел  тәндік  те, 
руханилық та жүкті болуға дайын болса, онда бала көтергенде ағзасы гүлденіп, құлпырып 
кетеді. 
         
Босанғанға  дейін  өзін-өзі  күтетін  әйелдер,  бала  тапқаннан  кейін  де  –  әдемі,  сұлу, 
сымбатты қалпын сақтай береді. Сәбиін қамқорлыққа алып, жаңа адамды мәпелеп-өсіріп 
тәрбиелеу – әйелді мейірбан, әдемі қыла түсіп оның өміріне жаңа мән-мағына береді, ана 
болудың бақытын басынан кешеді. 
         
Бала көтермеген ерлі-зайыптылар кем дегенде бір жыл жыныстық қатынастан аулақ 
болып,  осы  аралықта  өзінің  от  басы  –  ошақ  қасы,  бала  туралы  ойларын  қайта  төңкеріп 
қарап: бала таптыруға, табуға өздерін дайындауы шарт. 

         
Ерлі-зайыптылар  жаман  қылықтардан  арылып,  ағзасын  ашығу  арқылы  тазалап 
(аптасына бір қабат 24...36 сағаттан) өзінің денсаулықтарын шыңдауы қажет. Ең бастысы 
өмірге деген өзіңіздің көзқарасыңызды түбегейлі өзгерту. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет