Өзбекстан республикасы жоқАРҒы жəне орта арнаулы бiлiм министрлiгi



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата03.03.2017
өлшемі423,35 Kb.
#6966
1   2   3   4   5   6   7

- 41 -

 

 

жеке  сөйлемдеріне  жан  біткендей  болады.  Солар  арқылы  синтаксистік  орамдар  мен 



синтаксистік тұлғалардың əсіресе стильдік қызметтері өз орнында дұрыс танылады.  

Сондықтан  хатқа  жазылмағанды  ғана  емес,  жазылғандарды  да  дұрыс  оқу,  дұрыс 

айтудың  стильдік  қызметі  ерекше  болады.  Мысалы,  Ол  жақсы  жігіт  екен.  Сен  кім 

шақырды. Айтқаным-айтқан, айтқанымнан қайтпан сияқты сөйлемдердің белгілі стильдік 

орайда  жұмсалуы    олардың  құрам,  құрылыстарымен  де,  айтылу  ерекшеліктерімен  де 

өлшенеді.  

Ойды  жай  хабар  ретінде  де,  кісіге  əсер  ететіндей  мəнерлі  түрде  де  айтуға  болады. 

Мысалы,  Енді  оны  көрмеймін  деген  сөйлемді  күшейтіп`Ендігəрі  оны  көрсем  көзім 

шықсын

!  деуге  болады.  Немесе`  Оның  қылмысын  жасырмаймын  деген  ойды  күшейтіп` 



Оның қылмысын жасыра алмаймын деуге болады.  

Осындай,  ойдың  күшейтіліп,  мəнерлі  түрде  айтылуын  сөйлемнің  экспрессивтілігі 

дейміз.  

Экспрессивтілікті  білдірудің  синтаксистік  тəсілдері  əр  түрлі  болады.  Олардың 

бастылары мыналар` 

1.  Сөйлеу  тілінде  жазылғанды  оқығанда,  дауы  ырғағын  құбылту  арқылы  сөйлемге 

экспрессивтік  мағына  енгізуге  болады.  Мысалы`»Абай  жолы»  романында  кітапханаға 

кірген Абайды түйеге теңеп бір чиновниктің мысқылдап күлгенін естіп Абай`  

-Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой

!- дейді. 

Бұл  сөйлемдегі  есек  те  отырыпты  ғой  Ə  сөздерін  күмілжіп  ақырын  айтсақ,  Абай 

мысқылының  мəні  онша  айқын  болмай  шығар  еді,  ал  сол  сөздерді  сөйлемдегі  басқа 

сөздерден гөрі көтеріңкі, ойнақы дауыпен айтсақ, онда сөйлемнің экспрессивті мағынасы 

тайға таңба басқандай болады.  

2.  Бір  ойды  білдіретін  болымды  сөйлемнің  орнына  болымсыз  сөйлемді  жұмсау 

арқылы  оған  экспрессивті  мағына  қосуға  болады.  Мысалы  мына  сөйлемдерді 

салыстырайық` Мен шындықты айтамын. Мен шындықты айтпай тұра алмаймын.  

Мен университетті бітіремін. Мен университетті бітірмей қоймаймын.  

3. Баяндауыштың 1 жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы 

сөйлемнің  мағынасын  экспрессивті  етуге  болады.  Ондай  болымсыз  сөйлемдер 

қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді, мысалы` 

      Алдыңа келіп тұрмын деп,  

      Ар-намысымды қашырман

      Бұлтқа жетпей шарт сынбан,  



      Айта келген сөзім бар,  

      Не қылсаң да жасырман 

        Өлеңім- оқ, ол алдымда 



      Мен де жаудан шегінбен

   Тəуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан



4. Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мəндес басқа сөздермен не басқа 

сөйлем  түрімен  ауыстырып  айту  арқылы  да  оған  экспрессивті  мағына  үстеуге  болады. 

Мына  сөйлемдерді  салыстырайық`  Мен  бармаймын-Мен  бармасам  болмайды.  

Техниканың тетігін білген жақсы-Техниканың тетігін білгенге не жетсін

5.  Сөйлемнің  етістік  баяндауышын  қайталап  екі  рет  айту  да  немесе  есім,  етістік 



баяндауыштардың  алды-артына  олардың  мағыналарын  күшейтетін  сөз  қою  да 

экспрессивтікті  білдірудің  синтаксистік  амалы  болады.  Мысалы`  Жапан  далада  жалғыз 

əйел жортып келеді, жортып келеді. Зытып келем, зытып келем.  

-Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау.  

Жоғарыда  айтылғандардан,  келтірілген  мысалдардан  экспрессивтікті  білдірудің 

синтаксистік тəсілдері қалай болатынын байқауға болар. Экспрессивтіктің басқа да толып 

жатқан түрлері бар.  

 

 Сұрақтар мен тапсырмалар. 



 

 

- 42 -

 

 

1.Синтаксис нені зерттейді



2. Синтаксистік стильдің қызметі қандай

3. Экспрессивті білдірудің синтаксистік тəсілдеріне мысалдар жазың. 



 

Пайдаланылған əдебиеттер` 

1.  М.  Балақаев,  М.  Томанов,  Е.  Жанпейісов,  Б.  Манасбаев.  №азақ  тілінің 

стилистикасы. Алматы, Мектеп, 1ou4 ж.  

2. Жазушы жəне сөз мəдениеті. Алматы. 1oi4 ж.  

3. Ы.Маманов. Тіл мəдениеті. 1oi5 ж.  



4. М.Балақаев. №азақ тілі мəдениетінің мəселелері. Алматы, 1ou5 ж.  

5. Р.Сыздықова. Сөз сазы. Алматы, 1oi3 ж. 

 

Сөйлем түрлерінің сөйлеу мəдениетіндегі қызметі 



          

Жоспары` 

1. Хабарлы сөйлемдердің модальділік қызметі 

2. Сұраулы сөйлемдерді қолданудағы шешендік орамдар 

3. Бұйрықты, лепті сөйлемдердің стильдік қызметі 

4. Сөйлем мүшелерінің орын тəртібі 

 

Тірек  сөздер`  хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты,  лепті  сөйлемдердің  стилдік  қызметі, 

сөйлем мүшелері, болымды, болмсыз сөйлем, т.б. 



 

Кісінің басқаға айтатын ойы əр уақытта мақсатты болады` кейде бір істің, бірдеңенің 

жайын  хабарлауды  мақсат  етсек,  кейде  басқадан  бірдеңені  сұрап  білуді  мақсат  етеміз. 

Немесе  біреуге  бірдеңе  істетуді  көздесек,  кейде  айтылған  ойға  айтушының  көңіл-күйін 

білдіруді  көздеп  сөйлейміз.  Сол  мақсаттарға  лайық  сөйлемдер  түрі,  құрылысы  негізінде, 

төрт түрлі болатыны белгілі`хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.  

Сөйлемнің  осы  түрлері  жұмсалуы  мен  мағыналық  жақындығы  не  алшақтығы 

жағынан ерекше стильдік қызмет атқарады.  

Хабарлы  сөйлем - адамның  ойын,  көрген-білгенін  басқаға  айтудың  формасы. 

Хабарлы  сөйлем  арқылы  шындық  өмірдегі  əр  түрлі  құбылыстардың  жайын  болған  не 

болмаған  қалпында  баяндаймыз.  Хабарлы  сөйлемдердің  мазмұны  əр  алуан  болатынын 

ескеріп,  алдымен  олардың  болымды,  болымсыз  түрлерін  стилистика  талғамдары 

тұрғысынан  екі  бөліп  қараймыз.  Болымды  сөйлем  арқылы  өмір  құбылыстары  шындық 

байланыс  күйінде,  бар  қалпында,  оған  сөйлеушінің  субьективті  көзқарасы  қоса 

баяндалады. Мысалы` Ораз терезеден басын сұғып қарап тұр екен. Бұл сөйлемдегі хабарға 

айтушының  көзі  жетіп  баяндағаны  аңғарылады.  Баяғыда  бір  хан  болған  екен.  Оның  екі 

ұлы  болыпты  деген  хабарлар  айтушының  өзі  көрмеген,  жақсы  білмеген,  бірақ  есіткен 

оқиға түрінде баяндалған.  

Осындай  сөйлемде  айтылған  ойға  айтушының  субьективті  көзқарасын  да  білдіруін 

сөйлемнің  модальдігі  дейміз.  Болымды  сөйлемнің  модальді  мағынасы  көбінесе 

баяндауыштар құрамын түрлендіру арқылы құбылып отырады. Мысалы` 

1. Жолаушылар таң ата жүріп кетті.  

2. Жолаушылар таң ата жүріп кетіпті.  

3. Жолаушылар таң ата жүріп кететін шығар.  

Бірінші  сөйлемде  іс  сөйлеушінің  көз  алдында  болса,  екінші  сөйлем  олай  емес, 

хабарланған  істің  орындалуына,  жолаушылардың  қашан  жүретініне  сөйлеушінің  көзі 

жетпей, болжап айтқаны аңғарылады.  

Болымды  сөйлемді  болымсыз  тұлғалы  сөйлемдермен  алмастыру  да  кездеседі. 

Ондайда  хабарланатын  ойдың  ерекше  экспрессивтік  мəні  болады.  Мысалы`Мен  ол  үйге 

барамын-Мен ол үйге бармай тұра алмаймын. Мен ол үйге бармасам болмайды.  



 

 

- 43 -

 

 

Болымсыз сөйлем ұғым арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді. №азақ тілінде 



болымсыз  сөйлем  жасаудың  бірнеше  амалы  болатындықтан,  оларды  талғап  жұмсай 

алудың  стильдік  мəні  бар.  Мысалы`Ол  бүгін  келмеді. -Ол  бүгін  келген  жоқ.  Аспан 

ашылмас - Аспан  ашылатын  емес.  Аспанның  ашылатын  түрі  жоқ.  Бұлар  өзара  мəндес 

болғанмен,  стильдік  қызметтері  бірдей  емес.  Аспан  ашылмас-əшейін    болымсыздық 

болжал  ғана,  ал  оның  орнына  -Аспан  ашылатын  емес,  Аспанның  ашылатын  түрі  жоқ 

десек, болымсыздық хабарда айтылған ой күшейтіліп жұмсалған болады.  

Болымсыз тұлғалы сөйлемді болымды етіп айтудың стильдік қызметі ерекше. Бүгін 

барамын. Бүгін бармасам болмайды. Мен енді айтамын. Мен енді айтпай тұра алмаймын. 

Болымды  сөйлемді  осылай  болымсыз  тұлғалардан  құрастырудың  стильдік  қызметі 

ерекше.  Солар  арқылы  айтылған  болымды  хабар  əдетте  өткір  тілділіктің,  эмоциялы 

сезімнің нысанасы болып ұғынылады.  

Сол сияқты кейбір сұраулы сөйлемді де хабарлы етіп айтуға болады` 

-Бұл не ғып жүр? Əлде күзеуінің оты тозды ме екен? 

-Е, тəйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр. №ұлқын сəріден қыстауға барып, 

қыстыгүні несін жейді? 

Осындай  сұраққа  сұрақ  түрінде  берілген  жауаптың  мағыналары  жай  хабар  болып 

қалмайды, кісінің ішкі сезімін, лажының жоқтығын, өтінішін т. б. модальді мағынаны қоса 

хабарлайды.  

Кейде  хабарлауға  тиісті  ой  тікелей  сұраулы  сөйлем  түрінде  баяндалады.  Оны 

риторикалық сұрақ дейміз` 

    Күнде жақсы бола ма 

    Бір қылығы жаққанға? 

     Оқалы тон бола ма,  

    Ар-ұятын сатқанға? 

Сұраққа жауап алу мақсатымен емес, кісінің сезімін қоса хабарлау үшін жұмсалатын 

сұраулы  сөйлемдерді  жұмсай  білу  керек.  Олар-кісінің  ойын  мəнерлі  түрде  əсерлі  етіп 

айтудың  өте  ұтымды  амалы.  Мысалы`Сіз  де  келеді  екенсіз-ау?  деген  сұраулық 

интонациямен айтылады. Оны айтқан кісі басқадан жауап күтпейді, тек біреудің келгеніне 

қуанышын, əрі таңданғанын білдіреді.  

Бұйрықты сөйлемдердің де мазмұны біркелкі бола бермейді. Олардың əр түрлі болу 

себебі  бұйрық  қалай,  қандай  жағдайда,  қандай  мақсатпен  айтылғанымен  байланысты. 

Сонысына  қарап  бұйрықты  сөйлемдердің  интонациясы,  баяндауыштарының  құрамы, 

сөйлемде  орналасу  тəртібі  əр  түрлі  болады.  Мысалы` 1.Шыныңды  айтƏ 2.Шыныңды 

айтшы. 3.Шыныңды  айта  ғойƏ 4.Шыныңды  айтуың  ғой. 5.Шыныңды  айтсаң  болмас  па 

еді. Бұл сөйлемдердің мағыналары бір-біріне жақын, негізгі баяндауыш қызметіндегі сөзі 

бəріне ортақ болғанмен, олардың мазмұны бірдей емес. Бірінші сөйлем- қатал бұйрықті, 

екінші-тілекті,  үшінші-  жалынышты,  төртінші-  өкінішті  білдірсе,  бесінші  сөйлем  оның 

үстіне  наразылықты  білдіреді.  Ол  сөйлемдердің  осындай  эмоциялық  мағыналары 

баяндауыштардың құрамын түрлендірумен болып тұр.  

Бұйрықты  сөйлемдер  сөйлеу  тілі  стиліне  тəн,  олар  диалог  түрінде  ықшам,  кейде 

қаратпа сөзді болады.  

Лепті  сөйлемдер  кісінің  таңырқау,  таңдану,  қайғыру,  аяу,  арман  ету  сияқты  көңіл-

күйн,  сезімін  білдіру  үшін  көбінесе  көркем  əдебиетте  жұмсалады.  Лепті  сөйлемдер  

құрамында  əдетте  одағайлар  болады  жəне  олар  көтеріңкі  дауыспен  айтылады.  Лепті 

сөйлемдердің негізгі мағыналық топтары мыналар` 

1. Таңырқау` 

-№андай тамашаƏ №андай ақылды адамƏ Жеріміз біздің неткен байƏ 

2. Таңдану` 

-Пай-пай, мына аттың жүрісін-айƏ 

3. №айғыру, қорқу` 

-Апыр-ай, аман болғай-ақ таƏ 


 

 

- 44 -

 

 

4. Аяу, жаны ашу` 



-  Ой,  байғұс  бала  -айƏ  №арғадай  баламды  тағы  шырылдатты-ау,  қан  ішер 

МайбасарƏ -Əй, мынаны-айƏ Кетеді-ауƏ 

5. Арман ету, көксеу` 

-Əттең,  осылардың  бəрі  де  біздің  ауылда  өсетін  болсаƏ  Мына  көгалға  бауырыңды 

төсеп жатсаңƏ 

6. Өкіну.  

-№ап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз деƏ 

-Жиналысты кеше шақыру керек еді ғойƏ 

Осы мысалдардан лепті сөйлемдердің мазмұны кісінің əр алуан сезімін, көңіл-күйін 

білдіретінін  аңғаруға  болады.  Сөйлеу  мəдениеті  тұрғысынан  сөйлемдердің  мұндай 

эмоциялық мағыналарын түсініп жұмсай білудің үлкен мəні бар. Мұндайда сөйлемді лепті 

етуге  себепкер  болатын  одағай  сөздердің  мағыналарын  айырып,  басқа  сөздермен 

мағыналық байланыста жұмсай білу керек. Оның үстіне лепті сөйлемде айтылатын ойдың 

қандай эмоциялы сезімде берілгенін білген жөн.   

Сөйлемдегі  сөздер  саны  аз  болса  да,  көп  болса  да  сөз  тіркесінің  өз  ара  мағыналық 

синтаксистік байланыста болу арқылы белгілі мүшелік қатынаста жұмсалады. Олай болса, 

сөйлемді  дұрыс  құрау  үшін  сөйлемдегі  сөздерді  дұрыс  байланыстырып,  тиісті  мүшелік 

қарым-қатынаста жұмсай білу керек.  

Əрбір  сөйлем  мүшесі  ойды  дəл,  керегінде  əсерлі,  экспрессивті  түрде  хабарлаудың 

басты  шарты-  сөйлем  мүшелерінің  қызметін  бірден-бір  дұрыс  табылып  қолданған 

сөздерге  жүктей  білуде.  Сонымен  қатар  ойды  аз  сөзбен  сығымдап  айту,  көршілес 

сөйлемдерде  бір  сөзді  қайталай  бермеу  талаптары  қойылады.  Ол  үшін  сөйлемде  басы 

артық сөз қолданбау керек, бір сөзді қайталай бермей, бірде оның синонимін, бірде оның 

орнын  басатын  есімдікті  пайдаланып,  кейде  бір  сөзді  екі-үш  сөйлемге  ортақ  етіп  айту 

керек болады. Бір сөйлем мүшесін мəедес не басқа сөздермен алмастыруға көркем əдебиет 

стилінің  мүмкіндігі  мол.  Оны  мына  мысалдардан  анық  байқауға  болады`  Сенің  əкеңнен 

менің  əкем  кем  болып  көрген  жоқ,  атаңнан  атам  кем  түскен  жоқ.  Мұнда  бір  ой  екінші 

сөйлемде басқа сөздермен қайта айтылған.  

 Сөйлемнің  мазмұнына  ерекше  стильдік  өң  кіргізіп,  түрлендіріп  тұратын  мүше-

баяндауыш. ”ылыми  жəне  публицистикалық  əдебиеттердегі  əшейін  хабар  ретінде 

құралатын  сөйлемдердің  баяндауыштары  көркем  əдебиетте  экспрессивтік  мағынада 

көбірек  жұмсалады.  Көзіме  түскен  сайын  мен  де  бірнеше  жолын  тағы  бір  оқымай  қоя 

алмаймын.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1. Сөйлемнің қандай түрлері бар

2. Лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнің негізгі айырмашылығы қандай



3. Риторикалық сұрақ дегеніміз не

? Мысал келтір. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер` 

1.  М.  Балақаев,  М.  Томанов,  Е.  Жанпейісов,  Б.  Манасбаев.  №азақ  тілінің 

стилистикасы. Алматы, Мектеп, 1ou4 ж.  

2. Жазушы жəне сөз мəдениеті. Алматы. 1oi4 ж.  

3. Ы.Маманов. Тіл мəдениеті. 1oi5 ж.  



4. М.Балақаев. №азақ тілі мəдениетінің мəселелері. Алматы, 1ou5 ж.  

5. Р.Сыздықова. Сөз сазы. Алматы, 1oi3 ж. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет