Өзбекстан республикасы жоқАРҒы жəне орта арнаулы бiлiм министрлiгi



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.03.2017
өлшемі423,35 Kb.
#6966
1   2   3   4   5   6   7

- 21 -

 

 

    №арамай неге шабасың...  



     Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір...  

     №ызған жанға жану деген сөз емес.  

Суы молдығынан жəне ақ от, қара отына қарап қоныс етеді.  

Кəрлі көздерін бір түйреп қалып, қат-қабаттап өрген темір сымдай шор саусақтарын 

тоса  берген  кəрің  ұстасса-ақ  айрылмастай  екен.  Тас  қараның  қарасы  өшкен  соң  ұябасар 

ойынға өзі түсіп кетті.  

Синонимдер қай стильде болса да бəрінде бірдей дəрежеде қолданылмайды. Ресми-

кеңсе,  ғылыми  стильде  синонимдердің  жеке  бір  сыңарлары  кейде  ретіне  қарай 

қолданылады.  Ал  екі,  не  үш  синоним  бірдей  қатар  жұмсалмайды.  Бұлай  тек 

публицистикалық  жəне  сөйлеу  стилінде,  көбінесе  көркем  əдебиет  стилінде  жұмсалады. 

Мысалы, ағайын жəне қарындас сөздерінің өзара синонимдік сипаты бар. Бірақ соңғы сөз 

көбінесе  көркем  əдебиет  стилінде  ғана  қолданылады,  сөйлеу  тілі  стилінде  өте  сирек 

айтылады.  Жалпы  туыс,  ағайын  мағынасындағы  қарындас  сөзі  негізіне  көркем  əдебиет 

стилінде, шешендік стилде, ара-тұра сөйлеу тілінде қолданылады. Серт, уəде, ант сөздері 

бір-бірмен  мағыналас.  Жеке  күйінде  стиль  түрлерінің  қай-қайсысында  да  қолданыла 

береді.  Екеуі  не  үшеуі  қатар  көбінесе  көркем  əдебиет  стилінде,  сондай-ақ 

публицистикалық стильде кездеседі.  

Ара  ағайынның  сөзін  айттың,  қарындастың  көз  жасын  айттың,  шырағым  Абай, 

қарындасқа  қайырымы  бар  бала  деп  естуші  ем.  №ысылған  халқың,  қаумалаған 

қарындасың-бауырыңнан  пана  табар  бəйтерек  болыңдар.  Жем  үшін  осындайда 

қарындастың  қанын  ішкендіктен  қабан  атанған.  Ана  Көбекеңнің  басына  қарай  тарт. 

Кеңгірбайдың зиратын барып тұрып, серт уəдені сонда шешеміз. Бұнысы бір ант, серттей. 

Дəрмен өз ішінен Абай қабырына қарап, ұздіксіз бір ант-серт айтып отырғандай болды.  

Жазушы да, ғалым да, басқалар да синонимді əдетте бір сөзді қайталай бермеу үшін 

қолданады. Синонимдер əсіресе көркем əдебиет стилінде жиі жұмсалады. Көркем əдебиет 

стилінде  синоним  белгілі  бір  ойды  толықтыра  түсу,  нақтылап  дəлді,  айту  ыңғайында 

қолданылады.  

Бұның ар жағындағы тайталас, тартыстың біреуін де Əзімбай айтқан жоқ... Абаймен 

араз,  қырбай  болса...  Əр  үйдің  жас  əйелі  ересек,  естияр  баласы  болса,  тіпті  кішкене 

інішектерін,  қарындастарын  ертіп  ап...~  Дəмежан  бұл  орысқа  Абай  көрсеткен  ықылас, 

бейілді өзінің жүйрік зейінімен жақсы аңдаған еді. Сол Сармолла айтып жүрген сөзді бұл 

өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш-қарыз тəрізді.  

М.  Əуезовтың  «Абай  жолы»  эпопеясында  осылар  тəрізді  контекстік  (стильдік) 

синонимдер  жиі  ұшырайды.  Мысалы`  дəлел-дəлбай,  жайылыс-өріс,  əмір-бұйрық,  жаза-

кесік, тыным-тыйым, шабуыл-шандуыл сяқты үстеме мағыналы синоним қосарлары неше 

алуан.  Мұндай  синонимдер  публицистикаоық  стильде,  сондай-ақ  сөйлеу  тілі  стилінің 

өзінде де сирек ұшырасады. Бұлар негізінен көркем əдебиет стиліне тəн.  

Жалпы сөйлеу тілі стиліне тəн синоимдер бар да, публицистикалық, көркем əдебиет 

стилінде қалыптасқан синонимдер өз алдына бір бөлек. Бұл екі топ синонимнің əдеби тіл 

аясындағы  қолданылу  аясы  бірдей  емес.  Көркем  шығармада  автордың  өзіндік  стиль 

ерекшелігіне  байланысты  қолданылатын  синоимдердің  кейбіреуі  ғана  жалпы  халықтық 

сипат  ала  алады.  Ал,  көпшілігі  белгілі  бір  публицистикалық  стильдегі,  əсіресе  көркем 

əдебиет  стиліндегі  синонимдердің  біразы  контекстік  синоним.  Ресми-кеңсе,  ғылыми 

стильдерде мұндай контекстік сипаттағы синонимдер қолданылмайды. Оларда тек көркем 

əдебиеттегі,  публицистикалық  стильдегі  жəне  сөйлеу  тіліндегі  жалпы  халықтық  сипат 

алған  синонимдер  жұмсалады.  Онда  да  екеуі  не  үшеуі  қатарымен  емес  бір  ғана  сыңары 

алынады.  Ал,  көркем  əдебиет,  публицистикалық,  сөйлеу  тілі  стильдерінде  əсіресе 

контекстік синонимдер керісінше қос-қосымен, қабат жұмсала береді. Мысалы` 

Бар  бұтақтан,  гүл  жапырақтан,  дəн  нəрден  айрылыпты,  ажырапты...  Мен  өлейін, 

бірақ сол сан жылдарда сенің желдерің қуып əкеткен гүлдерім, дəндерімнен ұрпақ, нəсіл 



 

 

- 22 -

 

 

қалар  ма



? Енді  бір  кезекте,  Оразбай  өзінің қыңыр,  қияс,  қаскөй  мінезі  бойынша  орайын 

тауып.... Мұңды қыз Керейдің ішіндегі Шақантайдан өзінің тең тұсын, құштарын табады.  

Синонимдер сондай-ақ публицистикалық стильде де жұмсалады. Олар мұнда да сол 

белгілі  бір  ойды  жан-жақты  түсіндіру,  толықтыра  түсу  мақсатында  пайдаланылады. 

Синонимдер  кейде  ғылыми  стильден  де  кезедседі.  Мұнда  сол  көркем  əдебиет, 

публицистикалық стильдердегідей жарыстырыла, қатарымен қолданылады.  

Антонимнің  де  стиль түрлеріндегі  қолданылу дəрежесі əр  басқа.  Омоним,  синоним 

тəрізді  антоним  де  жеке  тұрған  күйінде  стильдердің  қай - қайсысында  да  қолданыла 

береді.  Мысалы,  қара  мен  ақ,  іші  мен  сырты,  аз  бен  көп  дегендер  өзара  антонимдік 

қатынастағы,  яғни  қарама-қарсы  мағыналы  сөздер.  Бұлардың  бəрі  де  жеке-жеке  түрінде 

кез  келген  стильде  жұмсала  береді.  Бірақ  қарсы  мəнді  мұндай  сөздерді  қатар  алып, 

қабаттастыра  қолдану  кейбір  стильде  (публицистикалық  -шешендік,  сөйлеу  тілі,  көркем 

əдебиет  стилінде)  ғана  мүмкін  болады. ”ылыми,  ресми-кеңсе  стильдерінде  антонимдер 

сөздер  сирек  ұшырайды . Көркем  əдебиет  стилінде  антонимдердің  қызметі  де  айрықша 

байқалады.  Бұл  ерекшелік  олардың  мағыналық  табиғатымен  байланысты.  Өйткені, 

тіліміздегі осы қарсы мəнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің 

көркемдігіне жұмсайды.  

Ақ денесі ашылып, қара шашы төгіле жайылып жатыр. Бұлардың тобынан жырылып 

қалған сұлу қыз ақ көйлек, қара кемзелімен ауылдың түсін ашып. №ыран баласына дүние 

əрі  кең,  əрі  тар.  Достары  аз  емес,  жаулары  одан  да  көп.  Азияның  аязына,  Африканың 

ыстығына шыдар ұрпақ керек сонда.  

Антонимдер  сондай-ақ  публицистикалық  стильде  де  қолданылады.  Онда  да  сол 

белгілі бір ойды əсерлі жеткізу мақсатында қосарлана жұмсалады.  

№анағатшыл «азшылық « қанағатшылдықпен көпшілік болғысы келеді.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1.  Көркем  əдебиет  стиліндегі  контекстік  синоним  қандай  стильдерде 

қолданылмайды

2.Ононимдер қандай сөздер



3. Синонимдердің көркем əдебиетте стильдік қолданылуы қалай

4. «Абай жолы» романынан үзінді алып, ішінен антонимдерді табыңдар. Олардың 



қолданылуы қай стильде екенін анықтаңдар. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер` 



1.  М.  Балақаев,  М.  Томанов,  Е.  Жанпейісов,  Б.  Манасбаев.  №азақ  тілінің 

стилистикасы. Алматы, Мектеп, 1ou4 ж.  

2. Жазушы жəне сөз мəдениеті. Алматы. 1oi4 ж.  

3. Ы.Маманов. Тіл мəдениеті. 1oi5 ж.  



4. М.Балақаев. №азақ тілі мəдениетінің мəселелері. Алматы, 1ou5 ж.  

5. Р.Сыздықова. Сөз сазы. Алматы, 1oi3 ж. 

 

 

 

 

 

Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі 

 

Жоспары` 

1. Фразеология туралы түсінік.  

2. Тұрақты сөз тіркестерінің стилистикадағы маңызы.  

3. Фразеологиялық синонимдер.  



 

 

 

- 23 -

 

 

Тірек  сөздер`  фразеология,  фразеологиялық  синоним,  анафора,  тұрақты  эпитет, 



тұрақты теңеу, тұрақты əсірелеу, плеоназм мен перифраза, т.б. 

 

Фразеология  терминінің  мағынасы  өте  кең.  Фразеология  термині  кең  мағынада 

алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы дегенді 

білдіреді. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз 

тіркестері жəне сөйлемшелер бар. Ол сөз тірркестерінің екі не одан да көп компоненттері 

болады,  бірақ  сөз  тіркестері  семантикалық  бірлікте  болып,  тұтас  бір  ұғымды  білдіреді. 

Мысалы, көз бояу, жүрегінің түгі бар, қу бастан қуырдақтық ет алған т.б. Мұндай тұрақты 

сөз  тіркестерінің мағынасы  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ел  аузында  көп  айтылып  жалпы 

халыққа түсінікті болып кеткен.  

Мағынасы  жалпыға  белгілі,  грамматикалық  байланысы  жағынан  бір  бүтін  единица 

болып,  қолданылуы  дəстүрге  айналған  тұрақты  сөз  тіркестерін  тіл  білімінде 

фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды.  

Фразеологизмдерге идиом, фраза, мақал-мəтелдер жатады. Фразеологизмдердің қай-

қайсысы  болмасын  бəрі  де  ең  алғаш  халықтың  сөйлеу  тілі  негізінде  қалыптасқан. 

Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. 

Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.  

Фразеология - тұрақты  сөз  тіркестерінің   жүйесін  зерттейтін  тіл  туралы  ғылымның 

бір  саласы.  Фразеология    өз  алдына  бөлек  лингвистикалық  пəн  ретінде  тіліміздегі 

фразеологизмдерді  құрылысына,  мағыналық  ерекшелігіне  қарай  жіктеп  топтастырады 

жəне  тұрақты  сөз  тіркестерінің  құрамын  анықтап,  оның  жасалу  жолдарын,  даму 

заңдылықтарын зерттейді.  

Лингвистикалық  пəндер  сөйлемді  дұрыс  құрып,  қалай  жазуды,  тыныс  белгілерін 

қоюды оқытып үйретеді. Ал тілдік тəсілдерді өткір, нақтылы, дəл жəне мəнерлі қолдану, 

жалпы  тіл  мəдениетін  арттыру  сияқты  мəселелер    стилистиканың  үлесіне  тиеді. 

Стилистика  үшін  фразеологизмдердің  мəнерлеу  тəсілі  ретінде  маңызы  зор.  Сондықтан 

стилистика  тұрақты  сөз  тіркестерінің  тілімізде  атқаратын  қызметіне,  оның  қолдану 

заңдылықтарына баса көңіл бөледі.  

Тұрақты сөз тіркестері тілімізде екі түрлі қызмет атқарады.  

Біріншіден, фразеологиялық единицалардың негізгі қызметі -заттың не құбылыстың 

атын білдіретін (құрмет тақтасы, қырғи қабақ соғыс т.б.) жəне сөйлем түрінде келіп, пікір 

алысу  құралы  болатын  тілдің  элементі  (Көзім  ашылды.  Белім  бүгіліп  еді.  Аузын  ашып 

қалыпты. Жақсыдан жаман туған).  

Екінші,  фразеологиялық  единицалар  тілімізде  образды~  бейнелі  жəне  мəнерлі  рең 

беруде, тіліміздің эмоционалды-экспрессивті бояуын арттыруда зор мəні бар. Тұрақты сөз 

тіркестерінің осы қызметінің стилистика үшін мəні ерекше зор. Сондықтан бұл мəселеге 

айрықша тоқталу қажет.  

Образдылық-тұрақты  сөз  тіркестеріне  тəн  қасиет.  Мысалы,  алдану-тақырға  отырып 

қалу,  момын-қой  аузынан  шөп  алмас,  алыс-ит  арқасы  қиян,  жас-белінен  бесік  табы 

кетпеген.  Бұл  тұрақты  сөз  тіркестерінің  құрамындағы  компоненттерінің  бəрі  де  ауыс 

мағыналы  сөздер.  Мұндай  сөздер  -айтылатын  ойды  бейнелі  жəне  əсерлі  жеткізу  үшін 

таптырмайтын тілдік құрал.  

Фразеологизмдер  өздерінің  бейнелік  құрылысы  жағынан  да  əр  түрлі  болып  келеді. 

Онда тұрақты эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты əсірелеу сияқты поэтикалық тіл үлгілерінің 

бəрі де бар.  

Тұрақты эпитет`қыпша бел, бұраң бел, ай қабақ, сүмбіл шаш, ақ сұңқар, алма мойын, 

ит жанды, жылқы мінезді, айыр тілді т. б.  

Тұрақты  теңеу`атқан  оқтай,  иненің  жасауындай,  көздің  қарашығындай,  шөккен 

нардай,  қордың  қызындай,  есектің  миындай,  инемен  құдық  қазғандай,  тонның  ішкі 

бауындай т. б.  


 

 

- 24 -

 

 

Тұрақты əсірелеу` көл-көсір, телегей-теңіз, көп түкірсе көл болар,əлемде теңі жоқ, ай 



десе аузы, күн десе көзі, қырық жамау, қырық күн ойын, отыз күн тойын, қара қылды қақ 

жарған т. б.  

Тұрақты  литота.  Əсірелеуде  белгілі  бір  зат  не  құбылыс  шамадан  тыс  үлкейтіліп 

айтылса,  литотада,  керісінше,  өте  кішірейтіліп  сипатталады.  Мысалы`  тізе  бүкпеу,  бел 

жазбау, кірпік қақпау, көз ілінбеу, тірі жан жоқ, бір тарының қауызына сыйғызу, иненің 

жасауындай, тіс шұқитын шөп таба алмау т. б.  

Фразеологизмдердің  көпшілігі  шендестіру,  дамыту,  параллелизм,  анафора  сияқты 

поэтикалық синтаксиске құрылады.  

Шендестіру  жолымен  құрылған  тұрақты  сөз  тіркестері`  мың  асуға  бір  тосу,  бірде 

бие, бірде түйе, түздегі май ішсе, үйдегі зəр ішеді, атадан алтау тусаң да бір жалғыздық т. 

б.  

Оксюморон-мағынасы  қарама-қарсы  антоним  сөздер  өзара  тіркесіп  келіп,  бір 



ұғымды білдіреді` тірі өлік, тірі жетім, жаман жақсы көру, уəдеден шығу, жіпсіз байлану, 

пышақсыз  бауыздау,  сон  дай-ақ,  қайырсыз  пайдадан  қайырлы  залал,  қарға  баласын 

аппағым  дер,  кірпі  баласын  жұмсағым  дер,  ешкінің  құйрығы  көкке,  түйенің  құйрығы 

жерге  жеткенде  дегендердің  əзіл-ойын  аралас  келетін  сөйлеу  тілі  фразеологизмдерінің 

оксюморонға ұқсастығы байқалады.  

Дамыту`  оқу-білім  бұлағы,  білім-өмір  шырағы,  тай  құнанға  жеткізер,  құнан  атқа 

жеткізер, ат мұратқа жеткізер  т. б.  

Параллелизм` киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, гүл өссе жердің көркі, қыз 

өссе елдің көркі т. б.  

Анафора деп сөзді не сөйлемшені сөйлемнің басында бірыңғай қайталауды айтады` 

қол - қолды табады, бояушы-бояушы дегенге сақалын бояйды, көре-көре көсем боларсың, 

сөйлей - сөйлей шешен боларсың т. б.  

Эпифорада  қайталанатын  сөз  керісінше  сөйлемнің  аяғында  келеді.  Мысалы`  жаз 

шанаңды  сайла,  қыс  арбаңды  сайла,  аласаны  атқа  санама,  жақыныңды  жатқа  санама, 

аштық ас талғатпайды, жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ т. б.  

№айталаудың  бұл  түрлері  каламбурдың  жасалуына  негіз  болады.  Дүниеқор-

дүниенің құлы, қашпаған қашар сиырдың уызы, бояушы- бояушы дегенге сақалын бояйды 

деген  мысалдар  түбірлес  сөздердің  əр  түрлі  мағынада  қолданылуы  арқылы  жасалған 

каламбурлар.   

Тұрақты  сөз  тіркестері  мен  сөйлемшелердің  бір-бірімен  мағына  ұқсастығын  əдетте 

фразеологиялық  синоним  дейді.  Мысалы`  жұмған  аузын  ашпау  «үндемеу»  дегенге 

эквивалент  болса,  екінші  жағынан,  тіс  жармау,  лəм  демеу  деген  сөз  тіркестеріне 

синонимдес эквивалент болады.  

Фразеологиялық  синонимдер  екі,  үш,  төрт,  одан  да  көп  болып  келе  беретіні 

байқалады. Мысалы` 

Телегей  теңіз,  көл-көсір  (көп).  Ит  жанды,  жылқы  мінезді  (төзімді).  Маңдайы 

ашылған, қыдыр дарыған, бақ қонған (бақытты).  

Сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу (беті қайту). Тайға таңба басқандай, атқан 

таңдай,  соқырға  таяқ  ұстатқандай  (айқын).  Сақалын  сипап  қалу,  тұзға  отырып  қалу, 

тақырға отырып қалу, аузы күю (алдану).  

Кейбір  фразеологиялық  синонимдер  бірінен  соң  бірі  сатылап  дамып,  сөз 

тіркестерінің  мағынасы  кеңейе  түскен.  Бұған  уақыт  пен  қашықтықты  білдіретін 

фразеологизмдерді  мысалға  келтіруге  болады`шай  қайнатым,  сүт  пісірім,  ет  асым,  бие 

сауым, таяқ тастам, арқан бойы, қозы көш жер. ат шаптырым т. б.  

Фразеологизмдердің ерекше бір сипаты- мақал-мəтелдердің өзара синонимдес келуі. 

Мысалы` 


    1. Алдыңғы арба қайдан жүрсе,  

     Соңғы арба солай жүреді.  

    2. Сиыр су ішсе,  


 

 

- 25 -

 

 

    Бұзау мұз жалайды.  



    1. Тау мен тасты су бұзар,  

    Адамзатты сөз бұзар.  

    2. №отыр қолдан жұғады,  

    Пəле тілден жұғады.  

Сөйтіп  фразеологиялық  синоним  дегеніміз-  əр  түрлі  образға  құрылған,  бірақ 

мағынасы бір-біріне жақын, тұрақты сөз тіркестері.  

Фразеологиялық синонимдерге плеоназмдар мен перифразалар да жатады.  

Плеоназмдарға  мысалдар`жарым-жарты,  самал  жел,  ұлан-байтақ,  қоңыр  салқын, 

жарық сəуле, сəске түс, ақыр аяғы т. б.  

Перифразаларға жататындар`қыз бала-тақия тігер, қырық жеті(архаизм), ер бала - ат 

ұстар, еркек кіндік, ақшам аз -қалтам таяз.  

Перифразаның ерекше бір түрі-əвфемизм. Перифразаның бұл түріне бірнеше мысал 

келтірейік. Өтірікші-аузының желі бар, ұры-қолының жымқырмасы бар, ұрлық қылмайды- 

біреудің  ала  жібін  аттамайды,  ұрлану-қолды  болу,  өлді-келмеске  аттану,  мəңгі  ұйқыға 

кету,  жан  тəсілім  қылу,  о  дүниеге  аттану,  өсек-сыбыс-сымсыз  телефон,  ұзын  құлақ . 

Эвфемизмдер осылайша əр түрлі себептермен астарланып айтылады.  

Фразеологиялық  синонимдер  бір-бірінен  семантикалық  реңіне,  стильдік  бояуына 

жəне қолдану аясына қарай ерекшеленеді. Мысалы, тайға таңба басқандай, атқан таңдай, 

соқырға  таяқ  ұстатқандай  синонимдері  ашық,  айқын  деген  ұғымды  білдіретін  мағынасы 

жақын сөздердің тіркестері болғанымен, олардың экспрессивті қасиеті мен қолдану аясы 

бірдей  емес.  Мұндай  өзгешелікті  алдыңғы  арба  қайдан  жүрсе,  соңғы  арба  содан  жүреді 

мен сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды сияқты мақал-мəтелдерден де байқаймыз. Ал кейбір 

фразеологизмдер  бірыңғай  болып  келеді`Беті  қайту,  сағы  сыну,  тауы  шағылу,  жүрегі 

шайылу т. б. 



 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1. Фразеология - ғылымның қайсы саласын зерттейді

2. Анафора дегеніміз не



3. Фразеологиялық синоним дегеніміз не

4. Плеоназмдар мен перифразаларға мысал келтіріңдер. 



 

Пайдаланылған əдебиеттер` 

1.  М.  Балақаев,  М.  Томанов,  Е.  Жанпейісов,  Б.  Манасбаев.  №азақ  тілінің 

стилистикасы. Алматы, Мектеп, 1ou4 ж.  

2. Жазушы жəне сөз мəдениеті. Алматы. 1oi4 ж.  

3. Ы.Маманов. Тіл мəдениеті. 1oi5 ж.  



4. М.Балақаев. №азақ тілі мəдениетінің мəселелері. Алматы, 1ou5 ж.  

5. Р.Сыздықова. Сөз сазы. Алматы, 1oi3 ж. 

 

 



 

Фразеологизмдердің экспрессивті стильдік бояуына қарай топтастырылуы 

 

Жоспары` 

1. Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер.  

2. Сөйлеу тілінің фразеологиясы.  

3. Кітаби сипаттағы фразеологизмдер.  

4. Көнерген тұрақты сөз тіркестері.  

 

Тірек сөздер` бейтарап қолданылатын фразеологизмдер, сөйлеу тілі фразеологиясы, 

кітаби сипаттағы фразеология.  



 

 

- 26 -

 

 

   



 Тұрақты сөз тіркестері құрамы жағынан біркелкі болып келмейді. Фразеологизмдер 

де  жеке  сөздер  тəрізді  адамдардың  бір-бірімен  жасайтын  қатынасының  түріне  қарай 

жұмсалып,  олардың  қолданылу  аясы  не  кеңейіп,  не  тарылып  отырады.  Мұның  себебі 

тұрақты  сөз  тіркестерінің  белгілі  бір  қатынас  түрінде, (стильдік  ыңғайда)  көбірек 

қолданылып,  сол  стильге  тəн  болуынан.  Фразеологизмдердің  белгілі  бір  стильге  телінуі 

оның  экспрессивті  қасиетін  түрлендіріп  отырады.  Сонымен  бірге  фразеологизмдердің 

қолданылу  ерекшелігін  де  байқатады.  Оған  фразеологиялық  синонимдер  жақсы  мысал 

бола  алады.  Мысалы,  тайға  таңба  басқандай,  атқан  таңдай,  соқырға  таяқ  ұстатқандай 

фразеологизмдерін алсақ, олардың қолданылу аясы бірдей емес. Бұлардың алдыңғы екеуі 

көркем  сөз  бен  публицистикаға  бейім  болса,  соқырға  таяқ  ұстатқандай  тек  қарапайым 

сөйлеуде  ғана  қолданылады.  Жалпы  сөйлеу  тілі  фразеологиясының  көпшілігі  жағымды 

жəне  жағымсыз  эмоцияны  білдіруге  негізделген.  Сондықтан  олардың  бейнелегіштік 

қасиеті  айрықша  сезіледі`  үріп  ауызға  салғандай,  жүрек  жұтқан,  жұмыртқадан  жүн 

қырыққан, қу бастан қуырдақтық ет алған т. б.  

№азіргі  қазақ  тілі  фразеологиясы  экспрессивті-стильдік  бояуына  қарай  мынадай 

топтарға  бөлінеді` 1.Бейтарап  қолданылатын  фразеологизмдер. 2.Сөйлеу  тілі 

фразеологиясы.      3.Кітаби сипаттағы фразеология.  

Бейтарап  сөзі  жалпылама  деген  мағынаны  білдіреді.  Бейтарап  фразеологизмдер 

дегеніміз-сөйлеу  стилінде  болсын,  кітаби-жазба  стильдерінде  болсын  жалпылама 

қолданылатын  тұрақты  сөз  тіркестері.  Өйткені  бұл  топтағы  сөз  тіркестерінің,  стильдік 

сипаты болмайды (сөзінде тұру, сенімді ақтау, қарсы алу, дауыс беру, шын жүректен т.б.).  

Сондай-ақ бейтарап қолданылатын фразеологизмдердің эмоциональды-экспрессивті 

бояуы да болмайды, зат пен құбылысты тек атап ғана қояды. Мысалы, ит арба, ит аяқ, ит 

көйлек    сияқты  сөз  тіркестерін  алатын  болсақ,  бұлар  тек  заттың  аты  болғандықтан, 

олардың экспрессивті бояуы да, бейнелегіштік қасиеті де жоқ.  

Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  бейтарап  фразеологизмдер  тобына  тұрақты  ұғым 

болып  қалыптасқан  жер-су  аттары  жəне  кейбір  терминдік  сипаттағы  сөз  тіркестері  де 

енеді. (№ара теңіз, Ақ теңіз, ауыр өндіріс, ақ өлең т.б.)  

Фразеологизмдер  ең  алғаш  сөйлеу  тілінде  не  жазба  тілде  қолданылып  жалпыға 

танылады.  №азақ  тілінің  фразеологизмдерінің  дені  жазба  тіл  дамымай  тұрып,  сөйлеу 

тілінің негізінде қалыптасқан.  

Бұл топқа қазақ тіліндегі идиом, мақал-мəтелдер жəне нақыл сөздер жатады. Сөйлеу 

тілінде  жұмсалатын  тұрақты  сөз  тіркестерінің    құрамында  қарапайым,  тұрпайы  сөздер 

жəне кəсіби фразеологизмдерді жатқызуға болады.  

Кəсіби сипаттағы фразеологияға шопанның əке таяғын ұстауы, студенттердің құлап 

қалу, оқытушылардың ашық сабақ сияқты тіркестерді атауға болады.  

Сөйлеу  тілінің  фразеологизмдері  тек  бір  стильде  ғана  қолданылғандықтан,  оның 

экспрессивті бояуы басым келеді. (№оздыру- жел беру, шаршау-ит сілесі қату, ақымақ-көк 

ми).  Сонымен  бірге  бұл  оның  стильаралық  фразеологизмдерге  қарағанда  қолданылу 

аясының  тарлығын  көрсетеді.  Бірақ  сөйлеу  тілі    фразеологизмдерінің  экспрессивті-

стильдік бояуы құбылмалы болып келеді. Мысалы` 

1. Əуелгі байлық - денсаулық,  

  Екінші байлық- ақ жаулық,  

  :шінші байлық -он саулық.  

2.  Бір  шүйке  басқа  жету  үшін  мен  не  істемедім  дейсің.  Мұндағы  ақ  жаулық  пен 

шүйке  бас  «əйел»  деген  мағынаны  береді.  Ал  экспрессивті  бояуы жағынан  бұлар  бірдей 

емес. Əсіресе соңғысы  əр түрлі оттенкті білдіреді. Осы жерде шүйке бас-»Əркім сүйгенін 

шұнағым»  тəрізді  еркелету  мағынасында  қолданылған.  Сөйлеу  тілінің  фразеологиясы 

осындай образдылығымен бірге қарапайым да болып келеді. Жел беру, көзге түрткі болу, 

ит қорлық, бас қатыру, сымсыз телефон, жез өкше, жел өкпе, көк езу т. б.  



 

 

- 27 -

 

 

Сөйлеу  тілі  фразеологиясының  жеке  сөздері,  яғни  эквиваленті  (қыздыру-жел  беру, 



тоғаю-жыланы  қайту)  өзара  мағыналас  келеді  де,  бір-біріне  синоним  болады  (мазалау- 

құлағының  етін  жеу,  миын  ашыту~жылдам  кетіп  қалу,  тайып  отыру,  тайып  тұрды, 

табанын жалтыратты, жонын бір-ақ көрсетті, шаңына ілестірмеді).  

Сөйлеу  тілінің  фразеологиясы  басқа  стильдерге  қарағанда  варианттар  мен 

синонимдерге  өте  бай  келетіні  байқалады.  Сөйлеу  тіліндегі  фразеологиялық  синонимдер 

образдылығы жəне экспрессивті бояуы жағынан сан қырлы, құбылмалы болып келеді Бұл 

құбылыс сөйлеу тіліне айрықша бір эмоционалды рең береді.   

№ай стиль болмасын оның өзінің ерекшелігі болады. Ол ерекшелік стильдерді бір-

бірімен  салыстыруда  байқалады.  Сөйлеу  тілінің  фразеологисы  күнделікті  тұрмыста 

ауызекі  сөйлеуде  қолданылып,  оның  экспрессивті  стильдік  бояуы,  əзіл-сықақ,  тұрпайы, 

қарапайымдылық мəнде болса, кітаби тіл фразеологизмдері көбіне жазба тілге тəн. Көркем 

шығармада поэтикалық сипат, публицистикалық шығармада салтанаттылық басым болса, 

ғылыми шығармалар логикалық дəлдікті тілейді т. б.  

Жазба тілдің негізінде қалыптасқан фразеологизмдер құрамы жағынан əр алуан. Бұл 

топта  қанатты  сөзге  айналып  кеткен  саяси  қайраткерлер  мен  жазушылардың  əр  кезде 

айтқан  сөздері  мен  күрделі  терминдер,  саяси  ұрандар  бар.  №азақ  ақын-жазушыларының 

қаламына  тəн  қанатты  сөздер  аз  емес.  Мысалы`  Əкесінің  баласы  адамның  дұшпаны, 

адамның  баласы  бауырың.  Адам  баласына  адам  баласының  бəрі  дос.  Адамның 

адамшылығы  істі  бастағанынан  білінеді  (Абай).  Өнер - білім  бəрі  де  оқуменен  табылған 

(Ыбырай). Аянбаған жауды алар (Жамбыл).  

Жазба  тілдің  негізінде  қалыптасқан  фразеологизмдердің  бір  түрі-  терминдер. 

Терминдердің фразеологизмдерге ұқсас болатын жерлері бар. Алдымен күрделі терминдер 

сөз тіркесі күйінде жұмсалып, зат жəне құбылыстың атын білдіреді. (Темір жол, үндестік 

заңы, квадрат теңеу, өзіндік құн т.б.) Заттың, құбылыстың аты-тұрақты категория. Солай 

болғандықтан күрделі терминдер де тұрақты сөз тіркестері ретінде қолданылады. Кейбір 

күрделі  терминдер  бейнелі  сөз  тіркестерінің  үлгісінде  келеді (cу  қараңғы,  соқыр  ішек, 

сегіз көз, Жетіқарақшы, көгілдір тың т.б.) 

Күрделі  терминдердің  бұл  белгілері  оны  тұрақты  сөз  тіркестері  ретінде  қарауға 

болатындығын көрсетеді.   

Тілімізде  тек  көнерген  сөздер  ғана  емес,  сонымен  қатар  көнерген  сөз  тіркестері  де 

бар. Фразеологизмдердің құрамында архаизмдер де, тарихи сөздер де кездеседі.  

Фразеологиялық  архаизмдерге  тілдің  даму  процесінде  жалпылама  қолданудан 

шығып  қалған  кейбір  тұрақты  сөз  тіркестері  жатады.  Бұл  топтағы  фразеологизмдер 

көбінесе  діни ұғыммен жəне салт, əдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерін қамтиды.  

Діни  ұғыммен  байланысты  келетін  сөз  тіркестеріне  бесін  намаз,  сегіз  жұмақ,  жеті 

тамық,  қыл  көпір,  ақыр  заман,  топан  су,  ғайып  ерен  т.б.  сөздер  жатады.  Салт,  əдет-

ғұрыппен байланысты сөз тіркестеріне жататындар` қырық жеті, отыз жеті, отқа май құю, 

тоқал алу, төсек жаңғырту, немесе ат-шапан айып, заманың қалай болса бөркіңді солай ки, 

аузы  қисық  болса  да  бай  баласы  сөйлесін,  əйелдің  шашы  ұзын,  ақылы  қысқа,  байтал 

шауып бəйге алмас, шынжыр балақ, шұбар төс, алтын басты əйелден бақа басты ер артық 

т. б.  

Фразеологиялық тарихи сөздерге тарихи бір кезеңде зат не құбылыс туралы ұғымды 



білдіріп,  қазіргі  кезеңде  онша  қолданылмайтын  тұрақты  сөз  тіркестерін  жатқызуға 

болады.  

Тарихи сөздерге жататын фразеолдогизмдер` бай баласы, жарлы баласы, қара шаруа, 

қара шекпен, басы байлылық, кедей теңдігі, жер аудару, жүз басу, қызыл отау т.б.  

Ал кейбір фразеологиялық тарихи сөздердің бір сыңары жаңартылып қолданылады. 

№ызыл тақта-құрмет тақтасы, қызыл керуен - автомашиналар керуені т. б.  

Тұрақты  сөз  тіркестерінің  ішінде  өзінің  көнелігі  жағынан  идиомдар  ерекше  орын 

алады.  Бұл  ретте  академик  І.Кеңесбаев  былай  дейді` «Идиомдар  əрбір  тілдің  өзіне  тəн 

категориясы  болумен  қатар,  бұл  категория  -басқа  сөз  тізбектеріне  қарағанда  анағұрлым 


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет