Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет67/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97
Сӛз қҧрамы - сӛз тҧлғасы, сӛздердің сыртқы тҥр-тҥрпаты.Тілімізде сӛздер бір бҥтін тҧлға ретінде қарал-ғанмен, олар мағыналы бір немесе бірнеше бӛлшектен қҧралуы мҥмкін. Сӛз қҧрамының ең негізгі бӛлшегі -тҥбір.Сӛз тудыратын, сӛз жалғанатын қосымшалар тҥбірге қосылады. Мысалы: ег-ін, егін-ші, егінші-лік сӛз-дері "ек" тҥбіріне жҧрнақтар-ін, -ші, -лік қосу арқылы жасалған. Ал "ӛнеркәсіп" сӛзі екі тҥбірдің бірігуінен, "ата-ана" сӛзі тҥбірдің қосарланып айтылуынан туған. Сӛздер осындай сыртқы тҧлғасына, яғни қҧрамына қарай: тҥбір сӛз, туынды сӛз, қос сӛз, біріккен сӛз, қысқарған сӛз болып бӛлінеді сӛз қҧрамы деген ҧғымға тҥбір сӛзге жалғанатын жалғаулар жатады. Бірақ бҧлар сӛз емес, сӛздің морфологиялық қҧрамының
бӛлшектері. Қазақ тілі сӛздердің морфологиялық қҧрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.
Сӛз қҧрамы тақырыбы - бастауыш сынып оқушылары ҥшін ерекше мәні бар, қиын мәселе. Сӛздің мағыналы бӛлшектерінің ҧғымын жетік меңгеру процесі оқушылардың абстракциялы ойлауын дамытып, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мҧғалімнің жетекшілігі арқылы ӛздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. Ал морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңыздылығы мынадай:

    1. Сӛздің морфологиялық қҧрамына талдау жҧмысы және жаңа сӛз

жасау жаттығулары оқушының логиклық ойы мен тіл байлығын дамытады.

    1. Сӛз қҧрамы жӛніндегі теориялық материалмен бастапқы танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.

    2. Сӛз қҧрамын зерттеу - оқушыны орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз болады.

    3. Сӛз қҧрамын меңгерту мен сӛз жасау тәсілдеріне жаттықтыру, оқушылардың сӛзтануға деген назары мен ынтасын аударады.

Сӛздің мәніне терең тҥсініп, дҧрыс қолданабілуге, сӛз мағынасы мен формаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыландырады.
Сӛз қҧрамын меңгерту жҧмысында тӛмендегідей мақсат-міндеттер алға қойылады:

  1. Кӛзделген мақсатқа сәйкес ҧйымдастырылатын жҥйелі практикалық жҧмыс процесінде оқушылардың тҥбір, жҧрнақ, жалғау деген ҧғымдарды саналы меңгерулері қамтамасыз етіледі.

  2. Оқушыларды сӛзді бӛлшектеп талдауға машықтандырады, яғни сӛздің тҥбірін, жҧрнақ, жалғауларын табу сияқты кӛптеген жаттығу жҧмыстары жасатылады. Сӛйтіп, тҥбір формасы бірдей, мағынасы басқа сӛздерді тҥбірлес сӛздерден, ал тҥбірлес сӛздерді омонимдер мен кӛп мағыналы сӛздерден ажырата білуге ҥйретіледі.

  3. Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен таныстырылады. Бҧл білім терминді атамай-ақ тәжірибелілік жҧмыс

арқылы беріледі.

  1. Оқушыларға жазу ережелерінің негіздері ҧқтырылып, ӛз сӛздерінде ӛте жиі қолданатын қосымшалар жӛнінде тҥсінік беріледі.

Бастауыш сыныпта сӛздің лексикалықграмматикалық тобы, яғни сӛз таптары туралы ҧғым ӛтілмейді, бастауыш сыныптарда оқытылатын қазақ тілінің мазмҧны, негізінен мыналардан тҧрады:

  • Қазақ тілінің дыбыстың қҧрылысы мен дыбыстық таңбалануы туралы фонетикалық және грамматикалық білім;

  • Сӛздердің тҥрленуі және сӛйлем ішіндегі байланысуы жолдары туралы грамматикалық білім.

  • Сӛздердің морфемалық қҧрамы мен сӛз жасау тәсілдері туралы білім.

  • Сӛздердің лексика-семантикалық тобы туралы лексикологиялық білім.

  • Дҧрыс жазу және тыныс белгілерін дҧрыс қоя білу туралы орфографиялық және пунктуациялық білім.

Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқытудың басты әдісітілдік фактілерді бақылату және талдау. Бҧл оқушылардың ойлау қызметін кҥшейтеді. Оқушылардан ереже мен анықтамаларды саналы тҥрде тҥсіну әрі есте сақтау талап етіледі. Жаттығу орындау арқылы тиісті ережені дәлелдеу, тҧжырымдау жҧмысы жҥргізіледі. Сӛйтіп, оқушы ережені білумен бірге оны ӛздігінен мысал келтіріп дәлелдеуге ҥйренеді. Бҧл ҥшін мҧғалім оқушылардың ӛз бетімен жҧмыс істеу қабілетін дамытып, ӛтілген тақырыптан ӛздіктерінен қорытынды шығара алатын етіп қалыптастыру керек. Бҧл жӛніндегі К.Д. Ушинскийдің "Оқушы тілдік қҧбылыстарды мҧғалімнің басшылығымен ӛзі байқасын, грамматикалық ережені немесе ҧғымды, мҥмкін болғанынша ӛздері қорытсын, балалардың ой-ӛрісін жетілдіру ҥшін грамматиканық басты мәні де осында" деген пікірі әлі де ӛз мағынасын жойған жоқ. Сӛйтіп, тіл сабақтарында оқушылар сӛйлемді сӛзге, сӛзді буынға, дыбысқа ажырауды ҥйренеді. Сӛйлем қҧрамындағы сӛздерді синтаксистік қызметіне қарай сӛйлем мҥ-шелеріне, лексикалық мағыналарына қарай сӛз таптарына ажырата алатын болады, сӛз қҧрамы
жайындағы тҥсінік алады, ӛз бетімен сӛйлем қҧрап жазуға, ӛз ойын ауызша да, жазбашада дҧрыс айтып жеткізуге дағды-ланады.
Қазақ тілінің фонетикасы тӛрт сыныпта да ӛтіліп, онда оқушылар дыбыс, әріп, олардың мәні, жазу емлесі, алфавит, буын және тасымал жӛніндегі бастапқы ҧғымдармен танысады. Бірінші сыныпта әліппеге дейіңгі кезеңде сӛз туралы тҥсінік беріледі. Сӛздің жеке дыбыстардан қҧралып, белгілі бір мағынаны білдіретіні, сӛзге дыбыс-тық талдау жасау, дыбыстардың дауысты, дауыссыз тҥр-лері, сӛздерді буынға бӛлу, сӛздегі буын санының әртҥрлі болатыны, сӛздегі дыбыстарды тиісті белгілерімен ажырата кӛрсетуге ҥйрету, модельдеу арқылы ӛтілген дыбыстарды қатыстырып сӛз қҧрату, т.б. осы кезеңде тҥсіндіріледі. Ал әліппе кезеңінде сӛз туралы берілген ҧғымды ескетҥсіріи, бекіту козделеді. Сӛздіңбелгілібірзаттың, қҧбылыстың, сын-сапанық, қимылдың атауы екенін тҥсіндіреді. Нақты мысалдар арқылы сӛздің лексикалық мағынасын байқатып, заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сӛздер туралы жалпы тҥсінік беріледі. Әліппені оқыту кезінде сӛзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды ажыратып ҥйренеді. "Дыбыс пен әріп" тақырыбы бірінші сыныпта ерекше орын алады. Сондықтан бҧл тақырыпты меңгертуге бірінші сыныпта ҧтымды әдіс-тәсілдер барынша қолданылуға тиіс. Бҧл тарау грамматиканы оқуға кӛшкенде де практикалық жолмен ӛтіледі. Бҧл кезеңде, жоғарыда айтылғандай, балалар дҧрыс айтып, буынға бӛліп, сӛз қҧрамындағы дыбыстарды айырып, жазған кезде ол дыбыстарды әріппен таңбалай білуге ҥйретіледі. "Дыбыс пен әріп" тақырыбы әліппе кезеңінде ӛтілген материалды қайталаудан басталады. Қайталау ерекшелігі тәжірибелік жаттығу жҧмыстарын орындату арқылы айырып, тануға болатын жеке сӛздегі дыбыстарды тыңдату, айтып жаттығу тәсілдерімен меңгертіледі. Дыбыстың сӛзді қҧрайтыны, әрі сӛз мағынасын ӛзгертіп, тҥрлендірілетіні тҥсіндіріледі. Дыбыстық сӛз мағынасына әсерін практикалық жҧмыс арқылы тҥсіндіруге болады. Ол ҥшін қосу және алу әдістері қолданылады. Тиісті сӛзге тағы бір дыбыс қосқанда немесе сӛзден бір дыбысты алып
тастағанда, сӛз мағынасы ӛзгеріп тҥрленетіні байқалады. Сӛздегі басы артық, қажеті жоқ дыбыс болмайтыны белгілі. Сӛздегі дыбыс санын кӛбейту жолымен ойын тҥрінде қызғылықты етіп тҥсіндіру тӛсілін де қолдануға болады. Мысалы, а десе -дыбыс, егер біреу есіміңді атағанда "а" деп жауап қайырса - сӛз мӛнінде жҥреді. Енді осы а-ның ҥстіне бір-бірлеп дыбыс қосып атау жолымен әр алуан мағыналы сӛздер жасауға болады:
А а, Ат, ата, атақ, атағы (сӛздер).
Дыбыс пен әріп әліппе кезеңінде ҥйретіледі. Осы мәселе бірінші сыныпта қазақ тілін оқытуды бастағанда пысықталады. Мҧнда "Сӛз дыбыстардан қҧралады" деген ережелер беріледі. 1-сыныпта дауысты дыбыс пен әріп емлесі оқыту бойынша жҥргізіледі: мысалы, а-ә дыбыстарының ҧқмәні мен ерекшелігін ҧқтыру ҥшін, бір сабақта қатар алынып, екеуінің дыбыстау жолы, естілу бойынша салыстырылып байқатылады. Яғни, тыңдату, айтқызу жолымен бақылатып жаттықтырылады. Осын-дай дыбыстар ерекшелігін таныстыру жҧмысында мына сияқты әдістер де қолданылады:

  • мысалға алған сӛз дыбыс жіктерімен айтылып, талданады;

  • жуан, жіңішке дыбыстар қатысып тҧрған сӛздер мағынасы жағынан салыстырылады;

  • сӛздердің қалай айтылып, естілетіндігі байңаты-лады.

  • Дауысты дыбыстар ішіне кейде жуан, кейде жіңішке дыбыс орнында қолданылатын У дыбысын ӛткенде, алдымен, у дыбысының дауысты екендігін дәлелдеуден басталған жӛн. Мысалы, жу-сан, о-ңу-шы, бо-лы-су. Мҧндағы жу, қу, су буындарын қҧрап тҧрған дыбысының у жуан дауысты болатыны, ал су-рет, бӛ-лу-ші, кҥ-ре-су сияқты бірнеше сӛзді буынға бӛлгенде, оларда-ғы у дыбысының жіңішке айтылып, солай естіліп тҧрғаны және буын қҧрайтын дауысты дыбыс екені балаларға дәлелденеді.

Екіншіден: у дыбысы дауысты болғанда, дауыссыз дыбыстардан кейін тҧратынын байқату.
Ҥшіншіден: жоғары сӛздердегі у дыбысының сӛздің бас, орта, соңғы буындарында қолданыла беретіні байқатылып, ҧғындырылады.
Тӛртіншіден: у дыбысының дауысты дыбыстан соң келгенде, дауыссыз дыбыс қызметінде жҥретіні мысал арқылы тҥсіндіріледі.
"Сӛз қҧрамы" тақырыбы екінші сыныптан бастап таныстырылады.
Бҧл сыныпта сӛз туралы берілген білімді еске тҥсіріп, сӛздердің лексикалық мағыналарын байқатып, жуық мәнді және қарама-қарсы мағыналы
сӛздермен, омонимдермен жҧмыс жҥргізіледі. Тҥбір мен қосымша туралы
алғашқы тҥсінік беріліп, олардың бір-бірінен айырмашылығы, қосымшанық жҧрнақ, жалғау болып екіге бӛлінетіндігі және олардың әрқайсының ӛзіндік белгілері жӛнінде тҥсіндіріледі. Сонымен қатар тақырыптарға байланысты, мысал, жалғау мен жҧрнақтың айырмашылығын білдіретін жаттығулар беріледі.
Екінші сыныпта оқу жылы басында бірінші сыныпта ӛтілген материалдың басты тақырыптары қайталанады.
"Қайталау - оқудың анасы", - деп К.Д.Ушинский айтқандай, мҧғалімдер қайталау сабақтарын жан-жақты дайындықпен шебер ҧйымдастыруға тиіс. Дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптерінің жазылу емлесі бағдарламасы бойынша негізінен, осы 2-3-сыныптарда ӛтіледі. 2-сыныпта дауыссыз дыбыстар оқытылып, дауыссыз дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктері бойынша қатаң, ҧяң, ҥнді болып бӛлінетіні тҥсіндіріліп, ӛтілетін әріптерге байланысты емле ережелері ҥйретіледі. Мысалы, Б-Т дыбыстарының бірі ҧяң, екіншісі қатаң екендігі, б дыбысы сӛз аяғында дҥдамалдау естілсе де, п әрпі жазылатыны, тек кейбір клуб, штаб секілді сӛз соңында б жазылатыны тҥсіндіріледі, жазып отыр, оқып отыр сияқты тіркестердегі кейінгі сӛз басындағы дауысты, ҧяң дыбыстың ӛсерінен жазыб, оқыб болып айтылып және солай естіледі. Сонымен қатар, 2-сыныпта сӛз қҧрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде тҥбір мен тҥбірлес сӛздердің мән-мағынасына айрықша назар аударылады. Тҥбір сӛздің мәнін оқу-шылар тҥбірлес сӛздердің мағыналық туыстығын білгенде ғана жақсы тҥсінеді. Сондықтан тҥбірдің ҧғымы тҥбірлес сӛздердің мағыналық ӛзара байланыстарын бақылату әдісімен тҥсіндіріледі. Әр тҥрлі қосымшалардың
жалғануымен бір тҥбірден әрбіген сӛздер бір-бірімен салыстырыла талдатылады да, олардың тҥбірі ажыратылады. Содан кейін тҥжырым жасалады. Демек, барлық тҥбірлес сӛздерге ортақ бӛлім - тҥбір танылады. Бҧл арада сӛздің сырт пішінінде, әсіресе оның бастапқы бӛлімінде қҧрылымдық жағынан қҧсастығы бар сӛздерді оқушылардың тҥбірлес сӛздер деп шатастыратынын ескерген жӛн. Шын мәнінде, сӛздер тҥбірлес болу ҥшін, ондай сӛздердің барлығына мағынасы ортаң бір сӛздің негіз болып тҧрғандығы нанымды мысалдар кӛрсету, талқылау тәсілімен танытылады. Мәселен, бірғана "ор" деген сӛзді қосымшалар жалғап тҥрлендіру жолымен одан тараған тҥбірлес сӛздердің бір тобы - зат есім, екін-ші тобы - сын есім, ҥшінші тобы - етістік сӛздерге айнал-ғанын танытуға болады:
Ҥлгі: 1. Ор-Орды қаз. (зат есім). Орлы жер (сын есім). Терең орла (етістік). 2. Ор-Егінді ор (етістік). Егін орағы (зат есім). Орғыш жігіт (сын есім).
Бастапңы бӛлімі не буыны сырт формасы жағынан тҥбірлес сӛздерге ҥңсас болып келетін сӛздерді де балалардың тҥбірлес сӛздер қатарына қосып, жаңылысатынын ескерген жӛн. Мысалы, Орман-тоғай арасында. Орта бойлы жігіт келеді. Бҧрын барсаң - орын бар, - деген сӛйлемдерде орман, орта, орын сӛздерінің әрқайсысы жеке-жеке мағыналары бар дербес тҥбір сӛздер екені таны-тылады. Демек, ол сӛздердің тҥбірі "Ор" болғанымен, тҥбірлес сӛз емес екенін тҥсіндіру керек. Осындай баңылау материалдарын тақтаға оқушылардың алдында кӛзбе-кӛз жазып, талқылатса, не плакат тҥріндегі кесте арқылы баңылатса, не кодоскоп тәрізді техникалық қҧралдарды пайдаланып кӛрсетсе, балалар әрі нанымды, әрі тартымды ӛсер алады. 2-сыныпта "Сӛз қҧрамы" тақырыбын таныту жҧмысы әуелі балалардың 1 -сыныпта оқыған білімдерін еске тҥсіріп, оқушылардың ойын жаңғыртып, сол мағлҧматтарына байланыстыра жҥргізуден басталады. Бҧл сыныпты сӛз қҧрамы мынадай тҥрде: тҥбір сӛз, яғни, негізгі тҥбір, қосымшалы сӛз, қосымша, бір тҥбірге қосымшаны жуан,
не жіңішке болыпжалғанатын емлесі, қосымшаның жҧрнақ, не жалғау болып екі тҥрге бӛлінетіні, қосымшалардың сӛзге жалғану тәртібі ӛтіледі.
Тҥбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сӛздің оқушылар ҧғымына жаңын заттың атын білдіретін сӛздер болуы ескеріледі. Ал қосымшалардан оқушылардың кәріп байқауына айқын, мағынасы жеңіл, тез тҥсінуге қолайлысы кӛптік жалғаулар болғаны дҧрыс. Соған орай оқулықтың алғашқы жаттығуында, мысалы: гҥл-гҥлдер, кҥн-кҥндер сӛздерін салыстырып, олардың мағыналары мен қҧрылысы жӛнінен айырмашылықтарын таптыруға ҧсыну орынды.
Ҥшінші сыныпта сӛз қҧрамы жайында 2-сыныпта бе-рілген ҧғымдарды жинақтап, бекітеді. Қосымша жалғанғанда тҥбір сӛздің кӛбінесе ӛзгермеуі, қосымшалардың сӛздегі соңғы буынмен ҥндесіп жалғанғанда кейбір сӛз тҥрлерінің соңғы дыбысының ӛзгеруі, немесе тҥсіп қалуы туралы тҥсініктеме беріледі. Тҥбір сӛз және туынды сӛз, негізгі тҥбірге жҧрнақтар қосылуы арқылы ту-ынды сӛз жасалатынын меңгерту. Тҥбірлес сӛздер, бір тҥбірден жасалған сӛздің тҥбірлес сӛз деп аталатыны жӛнінде тҥсіндіреді.
Тӛртінші сыныпта сӛз қҧрамынан ӛткізілетін негізгі бағдарламалық тақырыптар: кҥрделі сӛздер, біріккен сӛздер, қос сӛздер және қысқарған сӛздер. Бағдарлама біріккен сӛздердің жасалуы, оның жиірек кездесетін тҥрлері және біріккен сӛздердің жазылуы жӛнінде практикалық дағды бойынша білім беруді талап етеді.
Ал оқулықта: "Екі тҥбірден қҧралған сӛзді біріккен сӛз дейміз. Олар бірігіп жазылады", деген анықтама айтылады да, аққу, кҥнбағыс, т.б. сӛздер мысалға беріледі. Бҧл сӛздердің тиісінше ақ және қу, кҥн және бағыс деген екі сӛзден бірігіп жасалғанын айтып тҥсіндіріп, жазып кӛрсету арқылы ҥйретіледі. Біріккен сӛздерді оқығанда, кӛңіл бӛлінетін мәселе - олардың жазылу емлесі. Біріккен сӛздердің жазылу емлесінен Бҧл сыныпта тӛмендегі тӛрт жағдай ескеріледі:

  1. Жалпы біріккен сӛздердің қҧрамына енген сӛздер-дің қосылып жазылатындығы.

  2. Кейбір бірігіп жазылатын екі сӛз аралығындағы к, қ, дыбыстарының г, ғ, дыбыстарына айналып айтылатыны, бірақ жазғанда, тҥбірдегі бҧрынғы қалпы сақталып к, қ дыбыстарының жазылатыны - кӛкжиек, қарақҧс тәрізді сӛздердің кӛкжиек, қарағҥс болып айтылуын байңату, жаздырып дағдыландыру әдісімен тҥсіндіріледі.

  3. Біріккен сӛз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келгенде, бір дауысты дыбыс арқылы айтылып, алдыңғы дауысты дыбыстың естілмейтіні, дегенмен жазғанда, тҥбірлер ӛзгермей екі дауысты дыбыстың да қатар жазылатыны ҧқтырылады.

Мысалы: Сарӛзен, Қарарна болып айтылып, Сары ӛзен, Қара арна тҥрінде қатар екі дауысты арқылы жазылады.

  1. Бірқатар бӛлек жазылатын тіркес сӛздердің емлесін оқушылардың есінде сақтау ҥшін, әр тҥрлі тапсырма жҧмыстары орындатылады. Мҧғалім оқушыларға сӛз тіркесін біріккен сӛздерден ажырата білуді, олардың жазудағы бӛлек жазылатын емлесін практикалық әдіс қолданып меңгертеді.

Сонымен қатар 4-сынып оқушылары қос сӛз ҧғымымен және оның жасалу жолымен танысады. Осы сынып балаларының тҥсінуіне қолайлы деген ҥш тҥрлі жасалу жолдары - бір сӛздің қайталануы, екі тҥрлі сӛздің қосарлануы және кҥшейтпе буын арқылы бӛлек жазылатын емлесі ҥйретіледі. Сонымен бірге балалардың оқуын қа-лыптастыру, сӛйлеу шеберлігін жетілдіру ҥшін, қос сӛз-дердің бір сӛз сияқты бір тҥйдек екпінмен тҧтас оқылатын, айтылатынынбайқатып, жаттықтырылады. Мҧғалімдер сабақ материалын ӛздері байытады. Қолдан жасаған кӛрнекі қҧралдарын да, талдауға алған мысалдарын да, қос сӛздердің мысалдарын басқа ӛдебиеттерден пайдаланады.
Бағдарламада талабы бойынша қос сӛздердің семантикалық, лексикалық мӛндерін ашыпкӛрсетеді. Сӛйтіп, оқушылардың сӛздік қорын байытады, тіл байлығын арттырыды, логикалық ойлау мен дҥниетанымын жетілдіреді. 4-сыныпта оқылатын қысқарған сӛздер тақырыбын ӛткенде әдістемелік жағынан ескерілетін мынандай мәселелер бар:

  1. Оқушыларға сӛзді қысқартып қолданудың практикалық жағынан артықшылығын аңғарту керек.

  2. Қысқарған сӛздердің бас әріптерден жасалатын тҥрлерін (ТМД, БҦҦ) әріп аттарымен айту, оқыту арқылы жаттықтыру арқылы практикалық дағды беріледі.

  3. Бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын сӛздің бірінші әріптерінен қысқарған сӛздердің емлесін тҥсіндіруге ерекше жаттығулар жасатылады, оларға лайық біраз мысалдар ӛздеріне жаздырылып, жаттатылады.

  4. Қысқарған сӛздердің мағыналарын дҧрыс ҧқтыру ҥшін олардың толық тҥрін айтқызып, жазғызып, білімін бекіту жҧмысы жасатылады. Толық сӛздерден қысқарған сӛздер жасатып та дағдылық жҧмыстар орындаты- лады. Қысқарған сӛздердің негізінен орыс тілінен енген сӛздерде кездесетінін де ҧқтырған жӛн.

"Тіл қаруы - сӛз, сӛз қаруы ой. Ақылды ой, алғыр сӛз -адамның ең жоғары қасиеті", - дейді жазушы ағамыз Ғ.Мҧстафин. Сӛз - сӛйлем қҧраудың материалы болып табылады. Сондықтан Бҧл тарау бойынша жҧмыс жҥргізгенде, оқушы сӛйлем ішіндегі керекті сӛздерді дҧрыс танып, ал сӛздерге сҧрақтарды дҧрыс қоя алатын болуы тиіс. Сҧрақ қойылған сӛздер әдетте екінші сӛзбен ҥласып жатады, яғни байланысты болады. Оқушыларды сҧрақ қоя білуге ҥйреткенде осы жағдай ескерілгені жӛн. Сонда оқушылар біртіндеп сӛйлемдегі сӛздердің байланысын дҧрыс тҥсінетін болады.
ІІ- Бастауыш сыныптарда "сӛз қҧрамы" тақырыбын ӛткенде, алдымен морфемалардың ӛзіндік белгісі практикалық жҧмыс жҥзінде аңғартылады, содан соң грамматикалық белгі ҧғымының анықтамасы тҥсіндіріледі, ақырында жаттығулар арқылы танылған ҧғымдар, ережелер бекітіледі 1- сыныпта әр тақырыпқа байланысты жаттығулар бергліп отырылады. Әр жаттығудың тапсырмалары да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мысалы, "сӛз" тақырыбын ӛткенде, сӛзге дыбыстық тал-дау жасап, буынға
бӛлу тапсырмалары берілген. Сӛздің белгілі бір заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сӛздерді тҥсіндіре отырып, олардың қандай сҧраққа жауап беретіндігі жӛнінде жалпы тҥсінік беріледі. Осындай әр тҥрлі бағыттағы жаттығулар, тапсырмалар оқушылардың сӛз байлығын молайтып, тілін дамытып отырады.
Ал 2-сыныптағы "Сӛз және оның қҧрамы" тақырыптары бойынша жалпы барлығы жетпіс екі жаттығу берілген. Әр тақырыптың жаттығулары тақырыпқа сай, оқушылардың сабақты тҥсініп, меңгеріп кетуіне ыңғайлы, жеңіл тҥрде қҧрылған. Жуық мәнді және қарама-қарсы мағыналы сӛздермен, омонимдермен жҧмыс жасау, жалғау және жҧрнақтың айырмашылығын білдіретін жаттығулар орындау, сӛз бен сӛйлемді салыстыру, сӛзді қатыстырып сӛйлем қҧрау, сӛздердің тҥбірін табу, сӛздерді сӛз қҧрамына талдау, тҥбір сӛзді қосымшалы сӛзге айналдыру, сӛздегі жалғанған қосымшанық жҧрнақ не жалғау екендігін ажыратабілу, т.б. бағытта жаттығулар тҥрі кӛп. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында кҥрделірек және шығармашылық тапсырмалар кӛптеп берілген. Тақырыпқа байланысты ережелер де оқушылардың тілін, сӛздік қорын дамыту мақсатын кӛздейді.
"Сӛз қҧрамы" тақырыбына 3-сынып бойынша барлығы 64 жаттығу берілген. Тапсырмалар тақырып кӛле-мінде қамтылып, атап айтқанда, тҥбірден қосымшанық айырмашылығын айтқызу, қосымшалы сӛздің тҥбірін тапңызу, оған қосымшанық қай тҥрін қосылып тҧрғанын айтқызу, тҥбір сӛздерге жҧрнақ қосқызып, жаңа сӛз жасату, туынды сӛз бен тҥбір сӛзді салыстырып, ҧқсастығы мен айырмашылығын тапқызу сынды жаттығулар оқушылардың тақырыптарды толық меңгеруіне себепші болады.
Тӛртінші сыныпта "Сӛз қҧрамы" тарауы бойынша жетпіс бір жаттығу берілген. Әр тақырыптың ереже, анықтамалары орнымен жазылған. Жаттығулар мен тапсырмалары да толық тарауды қамтиды. Мысалы, антоним, синоним сӛздерді, тҧрақты сӛз тіркестерін табу, оларды
қатыстырып сӛйлем қҧрау, бір тҥбірді беріп, екіншісін ойдан тапқызып біріккен сӛздер жасату, мәтіннен біріккен сӛздерді тапқызу, берілген мәтіннен қос сӛзді тапңызу, олардың қалай жасалғанын айтқызу, әңгімеден қысқарған сӛздерді тауып, қалай жасалып тҧрғанын, емлесін айтқызу, т.б. секілді тапсыралар кӛптеп кездеседі.
Жалпы тӛрт сынып бойынша да жаттығулар, тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ҧсынылған. 4-сынып бойынша, яғни 1-
сыныптан 4-сыныпқа жоғарылаған сайын тақырыпқа байланысты жаттығу мен тапсырмалар да кҥрделене береді. Оқушылар қай тақырыпты болсын толық меңгеріп кетуі жаттығулардың тиімділігіне байланысты. Оқушылар бҧл тақырыптарды толық меңгеріп, тҥсініп кетуі мҧғалімнің шеберлігіне де байланысты.
Бастауыш сыныпта "Сӛз қҧрамы" тақырыбын ӛту барысында оқушылардың білуге деген ынтасы мен мҥмкіндіктерін толық пайдаланып және оларды оқу процесінде ҥздіксіз дамытып отыру, сабақ барысындағы алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру ҥшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері тақырыпты сапалы меңгеруіне сенімді кӛмекші бола алады. Ӛйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға ӛте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.
Ойын Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мҥмкіндік береді. Ӛз беттерімен жҧмыс істей білуге дағдыланады. Ойланғыштық, ізденгіштілік қабілеттерін арттырады, соз қорларын молайтуларына кӛмектеседі. Мҧнымен қатар сабақ ҥстінде ойын элементтерін қолдану Оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді тҥрде қатысып, тҥсінбегенін тҥсінуіне мҥмкіндік туғызады. Ойын элементтерін 1-4 сыныптарда әр мҧғалім кҥнделікті сабақтарында "деректен - дерексізге", "жеңілден- ауырға", "жақыннан-алысқа" деген принципті негізге алып пайдаланып,
бірте-бірте кҥрде-лендіре жҥргізуіне болады. Грамматикалық ойынмен бастауыш сыныптардағы Қазақ тілі сабақтарында қайсысына болсын аз-кем ӛзгеріс енгізуге болады. Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа тақырыптар тҥсіндіру, ӛткенді қайталау кезінде 2-5 минуттың уақыт кӛлемінде жҥргізіледі. Сабақ ҥстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты баланық білімін ҥштай тҥсуіне пайда келтірер-ліктей етіп жҥргізе алу мҧғалімнің шеберлігіне байла-нысты. Мысалы: бастауыш сыныптарда "Сӛз қҧрамын" оқыту барысында. "Қай сӛзді жоғалттым?", "Бос торды толтыр", "Неқажет?",т.б. ойындарынойнатуғаболады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет