Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет3/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Сұрақтар мен тапсырмалар:
 
1. Қазақ әдебиетіндегі жаңа белес дегенде ненi түсiнесiң?
2. Әдебиеттегі бүгiнгi күн тақырыптары қайсылар деп ойлайсың?
3. Тәуелсiздiк жылдардағы шығармалардың қандай өзiндiк ерекшелiгi 
бар?
4. Қазіргіде әдебиетте өнімді қалам тербеп жүрген қайсы ақын
-
жазушыларды білесің?
5. Соңғы уақытта қандай шығармаларды көп оқығаныңды атап бер.
Бүгiнгi таңдағы поэзияның өзiне тән ерекшелiктерi
 
 
Жоспар
 
1. Поэзия және оның әдебиеттегі маңызы
2. Поэзиядағы жаңа тақырыптар 
3. Поэзиядағы жаңа өрнектер.
4. Қорытынды.



Тірек сөздер: Поэзия 

халқымыздың жан
-
күйiнiң жарқылы, сезiмiнiң 
сырлы шектерiнiң пернесi, оның эстетикалық көзқарасының сәлелерi, оның 
этикалық арманының айнасы. Әрбiр шығарма 
– 
ақын жанының қайрат
-
күшi, 
ой
-
пiкiрi, тiршiлiк тынысы, рухани қуаныштары мен күйзелiстерi, бүгiнгi 
мақсаты, алдағы үмiтi.
 
Поэзия 

ақынның жаны, тамырын қуалай аққан қанның ары, ақынның 
Отан алдындағы ожданы. Поэзияның оқушыға мол даритын күшi ешбiр 
цифрларменен, ешбiр көрсеткiш. диаграммалармен белгiленбейдi. Поэзияның 
халыққа жасайтын қасиеттi әсерiн ешбiр электрон машинасы ешбiр ғасырда 
да есептеп шығара алмайды. 
Поэзия әр уақытта үлкен мiнбеден бар дауыспен айтылып келедi. Бiрақ, 
поэзияның құпия құбылстарын, сан алуан сырларын, иненiң жасуындай 
шыңырау түбiнен шымырлап қана елес беретiн көзiн, оның көктен жерге 
құйылған күн сәулесiндей жанарға шалынбайтын жасырын жұмбақтарын, 
оның алда тұрған қат
-
қабат дiлгiрлiктерiн әлi түгел айқындап ешкiм айтып 
бере алған емес. Тiптi, поэзияның қатып қалған догмасы да жоқ. Оның 
теориясы да өмiрдiң даму диалектикасы секiлдi өзгерiп отырады. 
«Поэзияның асылы әдемiлiк, әсемдiк. Онда оғаштық, кедiр
-
бұдырлық, 
олпы
-
солпылық болмашы нәрсе деп есептелмейдi, тiптi, кешiрiлмейдi. 
Өйткенi ол көркем
шығарманың ажарын түсiредi. Кейде бiр ғана жаман 
шумақ, бiр ғана жабайы, қарапайым сөйлем, бiр ғана мағынасыз сөз, бiр ғана 
орынсыз қолданылған сөз бүкiл шығарманың және ең тамаша деген 
шығарманың құнын жойып жiбередi
1
«, - 
дейдi ұлы сыншы В.Г.Белинский. 
Бұл қағиданы бiздiң ақын
-
жазушыларымыз естерiнде мықты ұстауға тиiс.
Осы тұрғыдан қарағана, бүгiнгi тiлге тиек, әңгiмеге арқау болып отырған 
тәуелсiздiк жылдарының әдебиетi несiмен ерекшеленедi, сипаты, идеясы, 
бағыты мен тұжырымдамасы бар ма деген сауалдар басын ашып алу керек 
шығар. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарындағы қиыншылықтың, қолына 
қалам ұстағандарды да айналып өтпегенi белгiлi. 90
-
жылдары әдебиетке 
келген буын өкiлдерi осы бiр мүшел уақыттан аса не жазып, не тендырып 
жүр деген сияқты сұрақтар өздiгiнен туындайды. Бұл тұрғыдан қарасақ, 
қазiргi әдебиеттегi поэзия жанрының орны бөлек. 
Қазiргi поэзиямыздың эпикалық саласынан гөрi лирикалық саласы қатты 
шырқап өстi деп батыл айта аламыз. Поэзияға эпик ақындарымыздың қосқан
үлесiмен қатар қазақ әдебиетiнiң алдыңғы буыны болып есептелетiн лирик 
ақындарымыздың қосқан үлесi де өзгеше. Қазақ поэзиясына өткен ғасырдың 
тұсынан өте Бере келiп, соңгы отыз жылда тек қана өзiне тән өзгеше 
мазмұнын ашқан, тек қана өзiне тән өзгеше пiшiнiн тапқан шын мәнiндегi 
шынайы талант иесi 
– 
Қадыр Мырзалиев. Ол халқымыздың, туған жерiмiздiң 
бұрынғы қадiр
-
қасиетiн сәттi жырлап келе жатқаны жұртқа аян. Ол 
еңбектерiнде жаңа дәуреннiң, жас азаматтың бейнесiн жасауға бет бұрды. 
1
Б.Кенжебаев «Шынды
є
пен шеберлiк». Алматы, 1966



Ақын өлеңдерi оқушы жұртшылығына салиқалы ойыменен, тапқырлығымен, 
түйдек түйiндерiмен қымбат. Ақын өлеңдерi барынша қысқа, барынша ойлы. 
Бiрақ, Қадыр Мырзалиев өлеңдерiн бiрыңғай ақылға құрмай, жастыққа тән 
жалынға бөлеп, сезiм серпiнiне көбiрек еркiндiк беруi керек.
Ал бүгiнгi тақырыпқа арқау болып отырған тәуелсiздiк дәуiрiндегi 
әдебиет қазақ әдебиетi тарихында белгiлi бiр кезең ретiнде нақты 
қарастырылмаған, 1991 жылдан басталатын, тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 
әдеби процестi атасақ ұтымды болар едi. Бiрден бүгiнгi жан
-
жағы күрделене 
түскен поэзиямыздың жасыл бақты өңiрiне көз жiберсек, осы бiздiң қасиеттi 
шаңырағымызбен бiр туып, бiр өркендеген ақындарымыз, Мұхтар Шаханов, 
Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Сағи Жиенбаевтардың бiр
-
бiрiне 
ұқсамайтын поэзиясы көтерiп тұрған жүк алыптың аспандатқан ақ 
жарығындай елестейтiнi айдан анық. Әрине, олардың айналасындағы хормен 
қосылып кететiндей жұлдыздарымыз да баршылық, тек қана баршылық емес, 
жеке дара шоқ жұлдыздай жол көрсетiп жарық төгуде. 
Өлең жолдарын оқығанда дүниедегi қарабайырлықтың қоқыстан,
арамдықтан, аярлықтан азат күй кешуге болады, көңiлiң көкке өрлеп, 
айналаңа биiктен қарай бастайсың. Жүрекке жылы тиетiн, қиялыңды 
қозғайтын, жақсылыққа жетелейтiн поэзияның асыл қасиетi де сол. 
Олардың бер жағында бүгiнгi ақындарымыз Өтежан Нұрғалиев
Жарылқасым Аманов, Сәкен Иманасов бастаған топтың да жазуы бөлек, 
айтар ойлары да еркiн екендiгi елге аян. Осындай аға буын топтардың ой 
қаузаған сөз маржанын кемшiн соғып жатыр деп әсте айта алмаймыз. Оның 
бел
-
белесiнде Сабырхан Асанов, Қайрат Жұмағалиев, Дүйсенбек Қанатбаев, 
Нармахан Бегалиевтердiң ой
-
парасаты, қиыннан қиыстырар сөз нәрi мен 
мәнiне ден қойғанда небiр поэзия тылсым
-
құпиясының мөлдiр тұнбасынан 
сусындап шыққандай жаның жадырап сала беретiнi бар. 
Соңғы уақытта «Жазушы» баспасынан жарық көрген Ерұлан Бағаевтың 
туындыларын ерекше атауға болады. Оның «Қоштасқым келмейдi», «Саумал 
дала» атты жыр жинақтарына көңiл бөлейiк. Онда мына жалған өмiрге деген 
ғашықтығы бар сөнбеген жанның философиялық арнаға құлаш ұра 
бастағанда, яғни өз айдынына беттеп:
Қателесу - үйреншiктi iсiндей, 
Қателескен ел алдында кiшiрмей. 
Адамдар көп өтiп кеткен өмiрден
Өз қатесiн өзi толық түсiнбей. 
Қай адамды қателесiп көмедi. 
Көнбес iске қателесiп көредi
Қателеспей өлмейтұғын адам жоқ. 
Өмiр ғана қателеспей өледi. 
деп өзiнiң ғашық жанын олай деп отырғанымыз осы «Саумал самалда» 
қыздардың неше қилы бейнелерiне тап боламыз. Жастық емес пе, тiптi 
солардың бейнелерi мен мiнездерiнiң галереясын жасағандай солардың ара
-
арасында осындай философиялық ақыл
-
парасатқа соғып, өзiн
-
өзi тоқтатып 



алып, бейне бiр көңiл серпiлiсiндей әдемiлiкке өзiн
-
өзi суарып отыратындай 
екенi ғажап қой. 
Алқына аптықпай, темiрдей төзiммен, шалдуарланып, шаптықпай 
сыпайы мiнезiмен көрiнген ақындарымыздың бiрi 

Мұхтар Шаханов. 
Ақынның балладалары, өлеңдерiнiң басты қасиетi құрғақ қиял емес, 
хаттылық, тiлдiк құнар, суреттiлiк, дәлдiлiк, кейде өз ойын ашып айтпай 
мшаратпен бiлдiрiп, оқушыға ой шылбырының ұшын тастап кетушiлiк. 
Ақынның 
поэмалары 
өзiнiң 
көркемдiк 
қарапайымдылығымен, 
табиғилығымен, сезiм логикасымен, шешiмiнiң заңдылығымен оқушыға 
үлкен ой салады. Соңғы уақытта «Түркi тiлдес халықтар арасындағы ең үздiк 
әлем ақыны» (Гебзе, 2002) ондаған халықаралық сыйлықтардың иегерi, 
бiрнеше шет ел академияларының мүшесi, Қазақстанның халық жазушысы 
деген атқа ие
болған. Оның шығармалары дүние жүзiнiң 40
-
тан астам 
тiлдерiне аударылған, қазақ тарихында және әлемдiк әдебиетте өз орны бар.
Мұхтар Шаханов 

ұлт мүддесiн қорғаушылардың ең алдыңғы сапында 
келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Арал қасiретiне күллi әлемнiң 
назарын бұрған да 
– 
М.Шаханов болатын. Оның поэмасын ЮНЕСКО 
тарапынан ерекше назар аударылуының басты себебi қазiргi кезеңдегi Орта 
Азия қоғамдық
-
философиялық ойлау деңгейiнiң жаңа белестерге қол 
артқандығынан ғана емес, осы дара ақын туындыларының бүгiнгi әлемдiк 
поэзиядағы жаңа биiктiк ретiнде мойындалуында және оның өз сана
-
түйсiгi 
арқылы XX ғасыр тудырған келеңсiздiктерге батыл күрес ашуында жатса 
керек. 
Мұхтар Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен 
жарық көрдi. Махаббат, достық тақырыбындағы адамгершiлiк, абзал 
қасиеттердi жырлаған «Балладалар», «Қырандар төбеге қонбайды», 
«Махаббатты қорғау», «Ғасырларды безбендеу», «Өркениеттiң адасуы», 
«Арал қасiретi», «Нарынқұм трагедиясы», «Жеңiлген жеңiмпаз хақындағы 
Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателiгi», «Жазагер жады 
космоформуласы» атты өлеңдерi мен поэмалары, романдары басылды. 
Жазушының «Жазагер жады космоформуласы» атты романына үзiндi 
келтiрейiк. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет