Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8451
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

                            Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

1. «Қыз Жібек» жырын қайсы ғалымдар зерттеді

2. Жыр жайында қандай қайшылықты пікірлер айтылды



3. Төлеген мен Қыз Жібек бейнесі қалай суреттелген

4. Жырда қандай жағымсыз образдар барілген



5. Жырдың өзіне тəн ерекшелігі мен жыр тілі туралы пікіріңді айт. 



 

Əдебиеттер 

 

1. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991. 

2. М.Ғабдуллин. «Қазақ халқының ауыз əдебиеті» Алм. 1981. 

3.  Қазақ эпосы. Алм. 1986. 

4. Қазақ əдебиетінің тарихы I-том. Алм. 1991. 

5. Ы.Дүйсенбаев. Тұрмыс-салт жырлары.      



Айман-Шолпан 

Жоспар: 

 

1. «Айман-Шолпан» жырының зерттелуі. 



2. Жырдың идеясы. 

3. Жырдағы жағымсыз бейнелер. 

4. Айман мен Арыстан бейнесі. 

5. Жырдың құрылысы мен өзіне тəн ерекшелігі. 

6. Қорытынды. 


 

51

Тірек  сөздер:  «Айман-Шолпан»  жырының  оқиғасының  реалистік  сипатта  болуы,  жырдың  қысқаша  мазмұны, 

Аймен  бейнесінің  жасалу  жолдары,  ескі  феодалдық  дүниенің  кертартпа  өкілдерінің  суреттелуі,  Арыстан  образы. 

Жырдың композициялық құрылысы, өзіне тəн ерекшелігі. 

Қазақ  халқының  тұрмыс-салтына  байланысты  туған  жырдың  бірі - «Айман-Шолпан».  Жырдың  ел  арасынан 

жазып  алынған  нұсқасы, 1896 жылы  Қазан  қаласында  басылып  шықты.  Жырдың  мазмұны 1901 , 1902 жылдары 

Торғай  газеттерінде  басылды.  Бұл  жыр 1939 жылы  Х.Жұмалиев  құрастырған  «Халық  поэмалары»  деген  жинаққа 

енді. Жазушы М.Əуезов жырда айтылатын əңгімелерді негізге ала отырып, «Айман-Шолпан» атты пьеса жазды. 

«Айман-Шолпан « жырының  оқиғасы  реалистік  өмірден  алынған.  Жырдың  басты  кейіпкері - Көтібар  мен 

Арыстан тарихта болған адамдар. Ал жырдағы Айман, Шолпан, Əлібектер жайында тарихи мəліметтер жоқ.  

Х.Жұмалиев «Айман-Шолпан» жырының оқиғасы Исатай мен Махамбет бастаған бастаған халық көтерілісінен 

кейін  туған , - дейді.  Ал  филология  ғылымдарының  кандидаты  Ə.Қоңыратбаев  бұл  жырдың  ХIХ  ғасырдың  орта 

шенінде туғандығын айтады.  

Жырдың қысқаша мазмұны мынадай: Кіші жүз ішінде шөмекейдің өлген бір кісісіне беріледі. Оған Таманың бай 

адамы  Маман  келеді,  ол  сəн-салтанатымен,  өңшең    нарға  артқан  тоғыз  саба  қымызымен  келеді.  Шөмекейліктер 

Маман байды құрметпен қарсы алып, алтындаған ақ үйге кіргізеді. Бұл асқа қант-шай алып, тоғыз нарға тоқаш артып 

шектінің  қү9батыры  Көтібар  да  келеді.  Оның  жадағай  үйге  көңілі  толмайды  да,  Маман  бай  отырған    үйді  бер  деп 

шіренеді.  Шөмекейліктер  сасады  да,  жауабын  өзің  бер  деп  Маманға  барады.  Маман  Көтібардың  кедейлігін,  өзінің 

байлығын айтады. Осыдан кейін бай мен батыр ерегіседі. Көтібар күш көрсетеді: «Еліңді шауып аламын « ,- дейді. 

Көтібар өзінің інісі Арыстанның: «Арындама», - деген ақылына құлақ аспайды.  

Аста  ат  шабысы  болады.  Бəйгіден  Көтібардың  күрең  аты  озып  келеді.  Бұған  масаттанған  Көтібар  Маманға 

алғашқы  айтқан  сөзін  қайталайды  да: «Еліңді  шауып  аламын», - деп  аттанып  кетеді.  Айтқанындай-ақ  Көтібар  жеті 

жүз жігіт алып, Үрпекбас деген жерде отырған Маманды шауып алады. Маманның Айман, Шолпан атты екі қызын 

жайдақ нарға мінгізіп əкетеді. Жолшыбай Айман өзіне Көтібардан  бір жорға сұрап алады да, оны Шолпанға береді.  

Екінші  тұлпарды  Арыстаннан  сұрап  алады.  Айман  Көтібардың  жігіттеріне: «Екеуміздің  бірімізді  қайтарыңыздар»,- 

деп өтінеді. Бұған Көтібар үндемейді. Арыстан келісім білдіреді, Шолпанды еліне қайырады. Оны Арыстан бастаған 

жігіттер шығарып салады. Айман Шолпан арқылы өзінің атастырған күйеуі Əлібекке сəлем жолдайды:  

«Алпыс 


күннен 

қалмай 


келіп       

жетсін»,-дейді.  

Көтібар  еліне  келеді.  Оның  теңге  деген  тоқалы  бар  еді.  Оны  жігіттер  əзіл  араластырып  ашуландырып: «Сені 

Айманның  көрімдігіне  береміз», - дейді.  Бұған  намыстанған  теңге  Айманмен  қақтығысады.  Айманның  алдынан 

ешкімді  шығармаймын  деп  үйіне  қайтады.  Айтқандай-ақ  Айманды  қарсы  алған  адам  болмайды,  соннан  соң  ол 

Арыстанның аулына барып түседі. Айман Көтібардың ұлы Есетпен танысып, оны бауырына тартады, балаға жақсы 

киім-кешек тігіп береді. Ол Есетке ақыл үйретеді: «Əкеңе бар киімдеріңе байғазы сұра. Алпыс күнге дейін Айманға 

үйленбе,  берер  байғазың  сол  болсын  де»,-дейді.  Есеттің  тілегін  Көтібар  орындамайды,  сонда  бұған  Арыстан 

араласып, баланың тілегін қабылдаттырады. Айман Есеттен Көтібардың күші күрең тұлпарында екенін біледі жəне 

айламен тұлпарды қолына түсіреді.  

Осы кезде бір мың төрт жүз жігіт алып Əлібекке келеді. Оның алдынан күрең тұлпармен Айман шығады. Əлібек 

Айманды  танымай  қалып  найза  салады.  Айман  өзін  танытады.  Əлібек  шекті  елін  шабуылдайды.  Бірақ  арашашаы 

Айман болады, ол екі жақты татуластырады. Көтібар өкіл ата болып, Айманды Əлібекпен аттандырады. Шолпанды 

Айман  Арыстанға  қосады.  Екі  жақтың  шабуылға  түскен  малы  қайтарылады,  ел  арасында  татулық  орнайды.  Жыр 

осымен аяқталады. 

«Айман-Шолпан» халықтық жыр жəне ол XIX ғасырдың 70-жылдарында шығарылған сияқты. Жырдың оқиғасы 

осы кездегі қазақ елінің тұрмысында, əлеуметтік-қоғамдық өмірінде болған жаңалықтарды суреттеу идеясымен туған 

деуге  болады.  Ол  өзінің  осындай  негізгі  идеясын  жырдағы  басты  кейіпкерлердің  мінезі,  іс-əрекеттері  арқылы 

көрсетеді.  Бұл  ретте  жырдың  кейіпкерлері  екі  топқа  бөлінеді.  Біріншісі - ескілік  өмірді,  бұрынғы  тұрмыс-салтты 

жақтайтындар.  Ол - Көтібар  мен  Маман.  Екіншісі - жаңа  туып  келе  жатқан  капиталистік  қарым-қатынасты,  қоғам 

өмірінде соған негізделген жаңалықты жақтаушы жастар. Олар: Айман, Арыстан, Əлібек, Шолпан. Олар бұрын қазақ 

əдебиетінде  болмаған  жаңа  заманда  туған  жаңа  кейіпкерлер  болып  табылады.  Сөйтіп  жырда  ескі  мен  жаңаның 

тартысы бейнеленді, жыр оқиғасы сол тартыстарды. суреттеуге құралады.  

Жыр  оқиғасы  Маман  мен  Көтібардың  үйге  таласып  қақтығысуынан  басталады.  Маман  байлығын  айтып  күш 

білдіреді, Көтібарды кекей сөйледі. Ол Көтібарға: 

Маман айтты: дəулеті бар кемедей, 

Жүр еді осы шекті кезі келмей. 

Үй таңдап біздің елден не қылады, 

Су артқан Қаратаудан құма кедей,- 

дейді. Ол Көтібардың байлығын біле тұрса да, одан өзі мықтылау етіп көрсету үшін əдейі кедей деп кемітеді. 

Маманның бұл сөзіне ыза болған жəне оның алтындаған ақ үйге түсуіне, ондай үй өзіне тимегеніне намыстанған 

Көтібар елге қамшы үйіріп қалған əдетіне басады: ашу-жанжал шақырады: Маманды шауып алатындығын білдіреді. 

Ол Маман байға: 

Аулыңа жеті жүз қол жүргізбесем, 

Шектіні таң сəріден тигізбесем 

Көтібар менің атым жерге кірсін, -  

Айманды жайдақ нарға мінгізбесем -  


 

52

деп,  ант  етеді.  Ол  артынша-ақ  осы  антын  орындайды  да , Маманды  шауып  алады,  оның  екі  қызы  Айман  мен 



Шолпанды жайдақ нарға мінгізіп əкетеді. 

Белгілі  мөлшерде  жыр  Көтібарға  батырлық  сипат  та  береді.  Оның  «батырлық»  қимылы  тік  мінезді  дөкірлігі, 

морттығы,  намыстанып  ел  шабуымен  көрінгендей  болады.  Ол  ескі  əдеттерін  қолдайды,  халыққа  қамшы  үйірген 

салтына тартады, жұрттың бəрін ызғармен ықтырам деп ойлайды. Ат жарысына үш жүздей сəйгүлік қосылғанын біле 

тұрып: «Бас бəйгімді шаппай бер» ,- деп менмендік мінез білдіреді.Көтібардың осы сияқты мінездерін-іс əрекеттерін 

халық жыры дəріптеу емес, күні өткен батырды мазақ, күлкі ету түрінде суреттейді. 

Көтібар өзін-өзі жоғары бағалап, «мықтысынып « жүрсе де, оның əлі Теңгеге жетпей қалады.Аймандарды алып 

келе  жетып: «Мен  барып  үйдің  ішін  қуантам», - деп  аулына  қарай  тарта  жөнеледі.  Бірақ  Көтібар  үй-ішін  қуанта 

алмайды.  Теңгенің  қаҳарына  ұшырайды. «Айманды  алса  тұрмаймын,  кетемін», - деп  айқай  салған,  ашу  шақырған 

Теңге Көтібарды қыңқ дегізбейді. Сөйтіп , «батырсынған» Көтібар ел алдында күлкіге айналады. 

Көтібар  мен  Маманды  ескі  феодалдық  дүниенің  кертартпа  өкілдері  деп  көрсеткен  жəне  олардың  бұдан  былай 

жасай аомасын тарихи шындық тұрғысынан суреттеген жыр ендігі жерде жаңа заманның адамдарын көрсетеді. Олар 

- жастар. Бұл ретте жырдың айрыңша көңіл бөлгені -Аймен.  

Аймен - реформа  дəуірінен  кейінгі  жерде  қазақ  қоғамына  енген  өзгерістер  мен  жаңалықтарға  сəйкес  əлеумет 

сахнасына шыққан жаңа адамдардың өкілі  ретінде жырға қосылады. Ол жаңа дəуірдің жаршысы бейнесінде алынады 

жəне оның ақылы, мінезі, ісі Көтібар мен Маманға қарсы қойыла жырланады. 

Айман - өз  кезіндегі  қазақ  əдебиетіне  енген  жаңа  кейіпкер.  Айманның  бұрынғы  жырлардағы  қыздардан 

айырмашылығы - Айманның  əлеуметтік  мəселелерге  араласуында,  жаңа  заманда  ел  басқару  ісіне  ерлермен  қатар 

əйелдердің де қатысқанын, ел арасын  шабуылдан құтқарушы, арашашы, татулық орнатушы екенін көрсетунде. 

Айман-ақылды,  білгір,  болашақты  болжағыш  қыз.  Көтібардың  елге  шабуыл  жасауы  оған  қатты  батса  да, 

қайғысын  сыртқа  шығармайды,  дəрменсіздік  білдірмейді.  Қайта  қара  күштің  иесі  болған  Көтібарға  қарсы    шығып, 

оны ақыл-айламен жеңу жағын қарастырады. Бұл ретте Айманның бірінші жеңісі Көтібардан жорға сұрап алуы, оған 

жайдақ  нардың  үстінде  келе  жатқан  Шолпанды  мінгізуі  болады.  Есебін  тауып  ол  Шолпанды  еліне  қайырады.  Бұл 

оның екінші бір жеңісіне айналады. 

Айман Шолпанды еліне аттандыра отырып, өзінің сүйген жары Əлібекке хабар салады. «Алпыс күннен қалмай 

келіп жетсін»,-дейді жəне Көтібардың ырқына бой бермейтіндігін, сүйген жарына адал екендігін айтады.  

Көтібарды жеңу жағын қарастырған Айман мақсатына жету үшін Теңгені пайдаланады. Теңгемен кездескенде: 

Базарда Теңге болсаң, пұл боларсың, 

Қолыңа құрық алсаң , құл боларсың, 

Батырдың айтқан сөзі рас  болса,  

Қолыма су құятын күң боларсың, -  

дейді. Айман қулық жас ап, Теңгенің намысына тиеді. Теңге арқылы Көтібарды қыңқ аткізбеу жайын көздейді. 

Айманның бұл жүзеге асады. 

Бірақ Көтібардың:»Айманды тоқалдыққа алмасам, Көтібар атым құрысын», - деген сөзін есінде ұстаған Айман , 

Көтібар бұл антынан танбайды деп түсінеді. Сондықтан Айман Есетті пайдаланады. 

Айман жырда болжағыш қыз болып та суреттеледі. Көтібардың Маманды шауып алмақ болып айтқан сөздерін 

естіген Айман алдын-ала қам жасап, мал-мүлктерін жан-жаққа жасырған болатын. Бұл сырын ол Шолпанға айтады: 

Қызыл құм есік алды беткей бар-ды, 

Құдайым салды басқа қайғы-зарды. 

ішінде үш жүз ішік санап салған , 

Жалғыз шыбық түбінде төрт  тең бар-ды.  

Көтібар серт қып кетті деген күні 

Аралға айдап тастап ем бес жүз атты,- 

дейді.  Айманның  мұнысы  да  ақылмен  істелген  іс  болады.  Жəне  де  Көтібар  Маманнан  айдап  алған  малдарды 

қасындағы  жігіттеріне  үлестіре  бастағанда,  Айман  да  олжа  сұрайды. «Өздеріңмен  бірігіп  Маманды  мен  де 

шабыстым», - деп, олжаға жүз  нар алады. Ондағы ойы айдауға түскен малынан аз да болса үлес алып қалу болады. 

Жыршы-ақын  белгілі  мөлшерде  Айманға  ерлік  сипат  береді.  Ол  Əлібектің  келер  мерзімі  жақындаған  кезде 

Көтібардың  күрең  тұлпарын,  қару-жарағын  қолына  түсіреді  де,  сүйген  жарының  алдынан  шығады.  Жыр  мұнымен 

Айман  өз  намысын  ақыл-айласымен  ғана  емес,  керек  болған  жерде  қару-жарақпен  де  қорғап  алуға  жарайтын  қыз 

екендігін аңғартпақ жəне ақылына ерлік мінезі сай демек болады. 

Айманның  бойындағы  сүйкімді  қасиеттің  бірі - оның  Əлібекке  адалдығы,  қыз  махаббатының  беріктігімен  де 

көрсетіледі. Көтібардай қара күштің қолына түсіп түтқын болған, одан құтылып кетуі екі талай жағдайға ұшыраған 

Айман артында қалған асыл жары Əлібектен күдер үзбейді. Қандайхалге түссе де, есінен  Əлібек шықпайды, қайткен 

күнде де оған қосыламын  деп өзіне-өзі арт етеді. Сол үшін күреседі. Бұл ойын ол Шолпан арқылы Əлібектің өзіне де 

жеткізеді: 

Көңіліме ғашық оты болды уайым, 

Пенденің қадір алла білер жайын. 

Ешкімге басым кеспей мен тимеспін, 

Қазаны жеткізбесе бір құдайым,- 

дейді. Асыл жар, адал дос, тұрақты махаббат иесі екендігін білдіреді. 

Қалың қолмен Əлібек келіп, Көтібардың еліне шабуыл жасаған шақта Айман үлкен адамгершілік іс жасайды. Ол 

ел  арасына  араздық  отын  салмай,  екі  жақтың  ашуын  басушы,  келістіріп  татуластырушы  болады.  Бір  кезде  қара 

басының намысы үшін  Көтібар ел шауып ерегіс бастаған еді. Енді сол кекті қайырмақ болып Əлібек аттанды. Екі 


 

53

елдің  арасында үлкен дау, жанжал туды. Мүның арты жақсылыққа соқпайтынын, қайта ерегістен  туған араздық үдей 



беретінін, одан елдің зықы кетенін аңғарған Айман осы тұста билік айтады. Ол Көтібар мен Əлібекке: 

Алыстың да, жығыстың, екі батыр, 

Сіздердің бітірейін төре беріп,- 

дейді де, екі жақты жарастырып, татуластырады. Шолпанды Арыстанға қосады, өзі Əлібекке барады, Көтібарды 

əрі құда, əрі өкіл ата етіп кетеді. Осындай ақылды төрелік айтқан, ел арасын бүліндірмей келісімге келтірген Аманға 

жұрт разы болады. Сондықтан да халық жыры Айманды жаңа заманның сүйікті қызы етіп көтере жырлайды. Көтібар 

мен Маман бай ел арасын бүлдіруге бар болса да, татуластыруға жоқтығын айта отырып, бұл жөнінде жыр Айманды 

үлгі етеді. Оның адамгершілігін, ақылын, мінезін, ел үшін жасаған істерін артық бағалап, халықтың ендігі сенері де, 

сүйенері де Айман секілді жаңа адамдар, жастар екендігін көрсетеді. 

Жырдың  жағымды  бейнеде  алған  адамының  бірі - Арыстан.  Ол  мінезі  салмақты,  ақылды  жігіт  кейпінде 

суреттеледі.  Бұл  ретте  Арыстанды  өз  ағасы  Көтібарға  қарама-қарсы  қойылған  кейіпкер  деуге  болады.  Арыстан 

ағасының  ісін де, дөрекі мінезін де ұнатпайды, оған ақыл айтып, дұрыстық жолға салуды да қарастырады. Көтібар 

Манманды шауып аламын деп ант берген шақта, Арыстан: 

Дəулеті əр пенденің бөлек-бөлек, 

Көтеке, ашуды қой, ақыл керек. 

Қымыздың қызуына желік қылған, 

Шайтан сөз топ ішінде неге керек,- 

деп, ағасына ақыл айтады. «Маманмен ерегісіп елді бүлдірме, ондай əрекет жасама», - дейді. 

Көтібар қалың қол жиып, Маманды шабуға аттанғалы тұрған кезде де, ағасының бұл ісін Арыстан қостамайды, 

оны  теріс  деп  біледі.  Сондықтан  да  ол  Маманның  елін  шабысуға  бармайтындығын  айтады: «Елдің  обалына 

қалмаймын»,-дейді.  Бірақ  Көтібардың  бірбеттілігін,  айтқан  сөзінен  танбайтындығын  білетін  Арыстанды  жырда 

былай дейді: 

Лебізін ағасының қайыра алмай, 

Арыстан амалсыздан о да жүрді.- 

Басында ел шабуға бармаймын деген жəне ағасының бұл жорығын ұнатпаған Арыстан амалсыздан қалың қолға 

қосылып Маманның еліне аттанды. Ол осы шабуылда Көтібар тағы бір нəрсені бүлдіріп алар деген оймен шығады. 

Арыстанның  бұл  қаупі    шындыққа  келеді.  Аяушылық  сезімі  жоқ  Көтібар  екі  қызды  жайдақ  нарға  мінгізеді  жəне 

халдерінің мүшкілдігін айтып ат сүраған Айманның сөзіне құлақ аспайды. Ағасының мұндай қаталдық мінезін жек 

көрген Арыстан адамгершілік жасайды: 

«Бақ таласың Маман болғанымен, екі қыздың жазығы жоқ»,- деп оларға екі ат алып береді. 

Көтібардың  ерегіспен  жасаған  бұл  шабуылының  арты  үлкен  дауға,  ұрыс-жанжалға  əкеп  соғатынын,  Айман 

сияқты, Арыстан да түсінеді. Сондықтан ол алдағы күнде ел-жұрттың ылаңға түспеуін көздейді. Болашақта бітісер 

істің белгісін іздейді. Ол үшін Айманның тілегін қабылдап, Шолпанды еліне қайыру керек деп ұйғарады жəне бұған 

қарсы  болған  Көтібарды  көндіріп  алады.  Осыдан  былай  Арыстан  мен  Айман  ел  қамын  ойлаған  адамдар  болып 

шығады.  Ол  Айманның  ақылмен  жасаған  əрбір  ісін  қолдап  та  отырады.  Есеттің  байғазы  деп  сұраған    тілегін 

Көтібардың ырқына қоймай орындатады. Ондағы ойы Айманды ел-жұртынан , сүйген жарынан айырмау, Көтібардың 

: «Айманды тоқалдыққа аламын», - дегенін болдырмау еді. 

Екі елдің келісімге келіп, татуласуына Арыстан да себепкер болады. Ол осы табысып, татуласудың берік  белгісі 

ретінде  Шолпанға  үйленеді.  Шолпанды    өзіне  тең  жар-жолдас  деп  түсінген  Арыстан  оны    ақ  көңіл,  адал  ниетімен, 

барлық махаббатымен сүйіп қосылады. 

Сонымен халық жыры Арыстан образын  жағымды бейнеде суреттей отырып, оны өз тұсының жастарына үлгі 

етеді. Елдің ендігі тілегі де, үміті де жастар екендігін, бұлар жаңа заманның бастаушысы болатындығын аңғартады. 

Жырда Əлібек пен Шолпан образы айқын түрде суреттелмесе де, олардың да жаңа заманның жемісі екендігін 

сезінгендей боламыз.Бұл ретте  олар Айман мен Арыстан бейнесін толықтыра түскен образ секілді. 

«Айман-Шолпан» - композициялық құрылысы , оқиғаны баяндауы жағынан өзіндік ерекшелігі бар жырдың бірі. 

Жырдың басты ерекшелігі-оқиғаны шиелініскен тартысқа құруында. Оның қандай əңгімесін алсақ та үлкен тартысты 

көреміз. Мұның өзі жыр оқиғасын əрі қызықты, əрі əсерлі етеді.  

Екіншіден, жыршы ақын жағымсыз кейіпкерлерді суреттегенде, олардың мінездерін, іс-əрекеттерін күлкі-мазақ 

ете, сықақтай сипаттайды. Маманның байлығын айтып шіренуі, Көтібардың «батырмын» деп кеудесін соғуы-жырда 

ащы мысқыл, келекеге айналады. 

Қорыта  келгенде, «Айман-Шолпан» - реформа  дəуірінен  кейінгі  кезде  қазақ  қоғамына  енген  жаңалық, 

өзгерістерді  шындық  тұрғыдан  бейнеленген  халықтық  жыр.  Бұл  жыр  жаңа  жағдайға  байланысты  қоғам  өмірінен 

орын  алған  талас-тартысты,  ескінің  жеңіліп,  жаңаның  жеңетіндігін  бейнелейді,  əлеумет  сахнасынан  ығыстырылып 

бара  жатқан  жəне  ескілікті  қолдаушы  адамдарға  жаңа  заманның  жаңа  адамдарын,  жастарды  қарсы  қоя  отырып, 

соңғыларын ардақтай жырлайды, үлгі етеді. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. «Айман-Шолпан» жырының оқиғасы қайсы дəуірді суреттеген

2.   Айман бейнесі қалай бейнеленген



3. Ескі феодалдық дүниенің өкілдері жырда қалай суреттелген

4. Жырдың композициялық құрылысы туралы айт.                                                                                                                  



Əдебиеттер: 

 

1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алм. 1981.  



 

54

2. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольлкорының тарихы. Алм. 1991. 



3. Қазақ əдебиетінің тарихы. 

4. Қазақ эпосы. Алм. 1986. 

 

Айтыс өлеңдері 

                                                                  Жоспары: 

1. Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері. 

2. Айтыстың түрлері. 

3. Ақындар айтысы жəне оның өзіне тəн ерекшеліктері. 

4. Айтыс туралы ғалымдардың пікірлері. 

5. Қорытынды. 

 

Тірек  сөздер:  айтыс  жанрының  сипаты,  пайда  болу  жайы,  айтыстың  түрлері,  ақындар  айтысының  көркем 

үлгілері,  айтыстың-өнер  салыстыратын,  білім  шарқын  байқататын  жанр  екендігі.  Ақындардың  жеңілу  себептері, 

ақындар айтысының тақырыбы, мазмұны, қазақ поэзиясындағы мəні.  

Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының жасаған ауыз əдебиетінің негізгі бір саласы-айтыс өлеңдері. 

Қазақтың  айтыс  өлеңдері  жайында  үлкенді-кішілі  зерттеу  еңбектер  жазған  С.Мұқанов,  М.Əуезов, 

Е.Исмайылов, Х.Жумалиев, Т.Нуртазин т.б. айтуына қарағанда айтыс сөзі бірнеше мағынада қолданылған. «Айтыс» 

екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды 

қамтыған. Жəне де айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. 

Демек, қазақтың айтыс өлеңдері халықтың қоғамдық өміріне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты жəне жазу өнері 

болмаған кезде туып, қалыптасты. Оны тудырғандар да, дамытқан да ақындар болған. Бұл жағдай тек қазақта ғана 

емес, туыстас қырғыз, түрікмен, қарақалпақ т.б. халықтарында да «айтыс» болған. 

Айтыстың түрлері. Əдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерінің мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге 

бөлуге  болады.  Біріншісі-халықтың  тұрмыс-тіршілігіне,  əдет-ғұрып  салтына  байланысты  туған  айтыстар.  Екіншісі-

шын мəніндегі ақындар айтысы. Соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады.  

Айтыс  өлеңдерінің  алғашқы  үлгілері  халықтың  тұрмыс-салтына,  əдет-ғұрпына  байланысты  туған.  Жəне  ол 

жұрттың  жиналған  жерінде,  ойын-сауық  үстінде  шығарылған.  Бұлар,  ойын-сауық  ретінде,  халықты  көңілдендіру, 

күлдіру  негізінде  туғандығын  аңғартады.  Өлеңі  жұрттың  жаттап  алып,  айта  беруіне  лайықталған  болады.  Көбінесе 

жеңіл-желпі  айтылған  əзіл-оспақ  түрінде  болып  отырады.  Бұл  айтыстар  кейіннен  үлкен  айтыс  өлеңдерінің,  яғни 

ақындар айтысының шығуына негіз салды, соның бастамасы болды.  

Қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігіне,  əдет-ғұрып  салтына  байланысты  туған  айтыстарды  мазмұнына  қарай 

бірнеше тақырыптарға бөлеміз.  Солардың ішінде бастылары: «Жар-жар», «бəдік айтысы», «қыз бен жігіт айтысы», 

«дін айтысы», «жұмбақ айтысы». 

Қыз бен жігіт айтысы. Бұл айтыс халықтың əдет-ғұрып салтына байланысты ойын-сауықтар кезінде айтылған 

жəне  ол  ойын-сауыққа  жиналған  жұртты  көңілдендіру,  əн  мен  өлең  қызығына  батыру  негізінде  туған.  Мұның 

алғашқы  үлгілерін  белгілі  ақын  қыздар  мен  жігіттер  шығарған.  Оларды  осы  айтыстағы  өлеңдерін  кейіннен  өлең 

айтуға икемі бар, бірақ өздерінің ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып, ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. 

Қыз  бен  жігіт  айтысы,  əдетте,  екі  жастың  амандасуынан  басталып,  əзіл-оспақ,  əдемі  қалжың  ретінде  айтыла 

береді. Мысалы,  

Жігіт:  

Көгілдірік, ендеше, көгілдірік, 

Көк дөненге жарасар өмілдірік. 

Осындай бірме-бірге кез-келгенде, 

Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп. 

Қыз: 


Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ, 

Бау ағашта тұрады бұлбұл сайрап. 

Құдай айдап осындай кез-келгенде, 

Өлеңіңді айта гөр, тəуір сайлап,- 

деп айтысқа түскен қыз бен жігіт бір-бірін өлеңге шақырады. 

Бұл ретте айтысушылар бір-бірінің бойындағы мін-кемшіліктерді де өлеңмен күлкі ететіні болады. Мəселен, 

Қыз: 

Қызға барған ел білсін атағыңда, 



Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды. 

Қыздың көңілі қалмаған қу көкірек, 

Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды... 

деп  жігіттің  қаулаған  сақалын  күлкіге  айналдырады.  Бірақ  жігіт  оған  дау  айтып-»Cөздің  көркі-мақал,  адам  көркі-

сақал»,-дегенді дəлел етеді. 

Айтысқа түскен қыз бен жігіт кейде көңіл сырын, бір-бірін ұнататындығын да білдіріп отырады. «Бұдан былай 

таныс болып, көрісіп жүремін ,-дегендерді де өлеңге қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке: «Кешке таман қозы 

қараған кісі болып, келіп-кетіп жүр»-дейді. Оған жігіт: 

Қозы қарап, мезгілсіз бара берсем, 

Итін қосар, қу əкем сорым қайнап,- дейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз: 

... Ит түгілі қасқырдан қорықпас ем, 


 

55

Дəл сөзіндей, дариға, болсам жігіт,-деп жауап қайырады, жігіттің намысына тие сөйлейді. 



«Қыз  бен жігіт» айтысының өлеңдік құрылысы көбінесе халыққа белгілі он бір буынды өлең түрінде келеді. 

Жəне қазақ өлеңдерінің алғашқы түрлерінде кездесетін қайталау дəстүрін көбірек қолданып отырады. 

Қорыта келгенде, халықтың əдет-ғұрып ойын-сауық салтына байланысты туған «қыз бен жігіт айтысы» қазақ 

ауыз  əдебиетінде  «айтыс»  жанрының  алғашқы  үлгілерінің  бірі  болып  табылады.  Ол  кейіннен  үлкен  «айтыстың» 

шығуына негіз салған жанрдың бірі. 

Дін  айтысы.  Тарихшылардың  айтуына  қарағанда, XVI-XVII ғасырға  дейін  қазақ  халқы  тұтасынан  бір  дінде 

болмаған, тек XVII ғасырдан бері қарай ислам дінін қабылдаған. 

Дін  иелері  қазақ  арасына  ислам  дінін  үгіттеп  жою  үшін  поэзияны,  соның  ішінде  айтыс  өлеңдерін 

пайдаланылған.  Олар  халыққа  түсініксіз  дін  сөздерін,  діни  шарттарды  кейбір  талдамалы  ақындар  арқылы 

ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни əңгіме-үгіттерді таратқан. 

Дін  айтысы  екі  ақынның  бір-біріне  берген  сұрау-жауабы  түрінде  айтылады.  Айтыстың  негізгі  тақырыбы  дін 

əңгімелері дін үгіті болады, соларға қараңғы халықты иландыру, нандырып, сендіру жағы қарастырылады. Бұл ретте 

дін  айтысы  жаңалығы  жоқ, бір айтқанын қайталай беретін өлеңге айналады. Мысалы, Болық пен Елентай айтысын 

алайық. 


Болық: 

Ақын жігіт атанған, Елентайым, 

Өнерпаздың өнерпаз білер жайын. 

Жауап бер, бір азырақ сөз сұрайын, 

Əуелі не жаратты бір құдайым

Елентай: 



Болық маған белгілі сенің сырың, 

Біздерден артық емес айтқан жырың. 

Бұрынғы даналардан есітемін, 

Жер мен көк жаралды елден бұрын- 

Осыдан əрі қарай дін əңгімелері жаңағы екі ақын айтысының негізгі тақырыбы болып кетеді. Құдайдың алғашқы 

жаратқаны жер мен көк болса, сол жерді көтеріп тұрған кім деген сұрауға: «Көк өгіз»,-деп жауап қайырады Елентай. 

Көк өгізді көтеріп тұрған балық, оны көтеріп тұрған су, ал суды көтеріп тұрған бу,-деп өлеңге қоса, əңгімесін соза 

береді. 


Осы  сияқты  дін  айтыстарында  сұрау-жауап  ретінде  аспан  əлемі,  жердің  асты-үсті,  табиғат  көріністері, 

хайуанаттар  дүниесі  айтылады.  Сондай-ақ  дін  айтыстарынан  бес  уақыт  намаз  оқу,  ораза  ұстау,  қайыр-садақа,  үсір-

пітір беру жайы да орын алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет