Көріп едім бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны.
ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбас балалары,-
деп, аспанды-дарияға, жұлдыздарды-қызға, ай мен күнді-аққуға, жеті қарақшыны-балаға теңейді.
Жаратылыс тақырыбына шығарылған жұмбақтардың бірсыпырасы жерге байланысты айтылады. Бұл ретте
жұмбақ көлемі енетіндер: жер, су, от, боран, қар, тау, тас, өсімдік т.б. Жерді жұмбақ еткенде өлшеусіз пішілген бір
дүние, көлеміне көз жетпейтін кілем түрінде сипаттайды (мысалы: «Өлшеусіз піштім, жіпсіз тіктім», «Зер-зер кілем,
зер кілем, көтерейін десем зор кілем»).
Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы-төрт түлік мал, жалпы хайуаннаттар жайына арналады. Мал
өсіріп кəсіп еткен, оның сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тəн мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін
жасайтын қызметін, келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады.
Жұмбақтардың аса бір мол тақырыбы-еңбек-кəсіп құралдары жəне тұрмысқа керекті жабдықтар жайына
арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар үлкенді-кішілі құрал-саймандардан бастап, ыдыс-аяқ, ине-жіпке дейін
қамтиды. Арба, шана, қамыт-сайман, ер-тұрман, балға, балта, қысқасы, барлық шаруа құралдары, үй жабдықтары,
киім-кешек, ыдыс-аяқ, ине-жіп т.б. жұмбақ көлеміне енеді. Мысалы,
ізі бар, қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге аяғының.
Қос қолды хайуанға арта салып,
Салады əуезіне баяғының,-
деп, арбаны суреттейді. Немесе «Өзі батыр, жасырын жатыр» (қақпан), «Тұрса түйедей, жатса қояндай» (ер-
тоқым), «Алдын айпар, жанын жайпар» (шалғы), «Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім» (шалбар), деп жұмбақ етеді.
Қазақ жұмбақтарының тақырыбы жəне мазмұны жағынан əрі күрделісі, əрі көбі: оқу-білім, өнер, техника жайын
суреттеуге арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтардың біразы қазақ елінің Россия мемлекетіне қосылған кезінде
туған секілді.
Аталған тақырыптағы жұмбақтар өнер-білім, оқу, техниканы жалпылама түрде аплмайды, əрқайсысын ажырата,
жекелеп алады жəне нəтижесін ай
тады. Мысалы, оқу оқып білім алуға керекті жабдықтар мен құралдарды
сипаттау арқылы оқу-білім жайы жұмбақталады. Бұл ретте жұмбаққа енетіндер: қағаз, қарындаш, қалам, əріп кітап
географиялық карта, дəптер т.б. Географиялық картаны жұмбақ еткенде
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін, -
деп бейнелейді.
19
Техника туралы шығарылған жұмбақтардың көлеміне енетіндер: көбінесе, автомашина, паровоз, поезд,
телеграф, телефон, радио, комбайн, трактор, электр, самолет т.б. Халықтың жұмбақтарында паровозды алып күшті
қара айғыр немесе боздаған қара інген деп, поезды көшіп бара жатқан керуен деп суреттейді. Радионы жансыз
бұлбұлға немесе аспан тілшісіне теңейді. Самолетті аспан айдынында жүзген жайын бейнесінде алады. Электрді
«байласаңыз жүре бастайды, шешкенде тұрып қалады» деп көрсетеді. Телеграфты жұмбақ еткенде:
Білмеймін аяқтарын неше мыңнан,
Бір нəрсе арқасында жалғыз қалдан.
Өзінің иелері əмір қылса,
Жер жүзін бір сағатта сайран қылған, -
деп сипаттайды.
Жұмбақтардың өзіне тəн ерекшеліктері. Ең алдымен жұмбақтар тапқырлыққа құрылады. Жұмбақтың өзі де,
оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиісті. Сонда ғана ол жұмбақ болады.
Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Ол жұмбақ көлеміне енетін нəрселерді алыстағы
бұлдырдан алмайды, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нəрселерден алады. Бұл нəрселерді
жалпыламай түрінде алмай, бөлшектеп, жекелеп алады, əрбір заттың бөлек-бөлек бөлшектеріне айрықша көңіл
аударады. Мəселен, жұмбаққа сиырды енгізгенде, оның өзін айтумен қабат, мүйізін де, емшегін де, сүтін де бөлек
жұмбақ етеді. Басқа нəрселерді жұмбаққа қосқанда да осындай жай байқалады.
Жұмбақ көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін көрінісімен сипаттауды («Қараша тауым
қарлы болды, бір жауса кетпейұғын зəрлі болды» шаштың ағаруы) жақсы көріп отырады. Мұнымен қатар жұмбақ
əрбір затты құлаққа естілетін дыбыс белгісімен де бейнелейді, бұған да айрықша мін береді. Мысалы: «Əуеден күбі
түсті, күбінің түбі түсті» деп күннің көркіреуін дыбысына қарап жұмбақтайды.
Жұмбақтың өзіне тəн бір ерекшелігі-жұмбаққа алынатын нəрселерді атқаратын қызметіне қарап көрсетуінде.
Мəселен, құлыпты:
Ə, керемет бір ит бар
Үй бағады, үрмейді,
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рүхсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді,-
деп сипаттайды. Жұмбақтардың көпшілігінде осы ерекшелік айрықша көзге түсіп отырады.
Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктің бірі - затты жақын заттарды парлап, қосарлап айтуында. Ай мен күн,
жер мен көк, қыс пен жаз, көн мен түн, қол мен аяқ т.б. жұбымен алынып жұмбаққа қосылады. Бұл ретте, мысалы,
күн мен ай мына түрде жұмбақ етіледі.
Біреудің бір ұлы бар жəне қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде , қызы күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.-
Жұмбақтың қайсысы болса да негізгі ойды образ, оралымды ұшқыр сөз арқылы білдіреді. Жұмбақта көркемдік
суреттеу құралы болып табылатын теңеу, метафора көп қолданылады. Бір нəрсені екіншісіне теңеп, салыстыра
отырып образ жасайды. Міселен, шегірткені
Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,-
деп суреттейді де, көз алдыңа оның кескін-пішінін елестетеді.
Қазақтың жұмбақтары, өзінің сөз саптасы, құрылысы жағынан мақал мен мəтелге ұқсайды жəне көбінесе өлең
түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Мұнымен қатар, жүмбақтарда да дыбыс үндестігі, дыбыс
қайталаушылық, сөйтіп барып айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1 Жұмбақтардың алғашқы үлгілері қалай пайда болған
?
2. Жұмбақтар қандай тақырыптарды өз ішіне алады
?
3. Жұмбақтардың өзіне тəн қандай ерекшеліктері бар
?
4.Жұмбақтардың тəрбиелік мəні неде
?
Əдебиеттер:
1. М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алм. 1981
2. Ш.Ахметов. Қазақ əдебиетінің тарихы. 1-том.2-кітап. 1980.
3. М.Əуезов. Жұмбақтар туралы. Алм. 1982
20
Аңыз-əңгімелер
Жоспар:
1. Аңыз- əңгімелердің сипаты.
2. Алдар көсе.
3. Асан қайғы.
4. Жиренше.
Тірек сөздер: аңыз əңгімелердің өзіне тəн ерекшеліктері, сыр-сипаты, Алдар көсе, Асан қайғы, Жиренше туралы
аңыз-əңгімелердің сақталуы.
Қазақ халқының оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем
шығармалардың елеулі бір санасы - аңыз-əңгімелер. Аңыз əңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен
жəне тарихта болған адамдардың ісін, өмірін əңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып,
халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған əр-алуан істері ел аузында əңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз-
əңгімелерінде сақталған.
Сондықтан да əуел басында тарихи шындыққы, нақтылы деректерге негізделіп туған əңгімелер кейіннен
халықтың ауызша айтатын əңгімелері болып кеткен. Бұл əңгімелер бертін келе əр түрлі қоғамдық жағдайларға, халық
тілегіне сəйкес өзгеріп, жаңарып отырған, оған бергі заманның шындыған туған жаңа оқиғалар, көзқарастар
қосылған. Солардың бəрінде жаңағы адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып, соңғы кездің тілектерін
көрсететін аңыздар да туған. Мысалы, Алдар көсе жайындағы қазақ аңыздарын алсақ, оларда əр заманның ізі
жатқанын байқаймыз. Онда хандар билеген заманның да, бертінде байлар мен саудагерлер əкімдік еткен дəуірдің де
елестері бар. Бұдан, бір жағынан, Алдар көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғандығын аңғарсақ;
екіншіден, бергі кездің де жай-жапсары суреттелгенін көреміз.
Аңыздардың əңгімесі тарихта болып өткен адамдар жайынан алынадыдегенді біз шартты түрде айтамыз.
Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын Алдар көсе, Асан Қайғы, Жиренше туралы тарихи деректер жоқ, тек аңыз -
əңгімелер бар.
Алдар көсе. Қазақ арасында туған аңыз-əңгімелердің бірсыпырасы Алдар көсе жайында айтылады. Бұлардың
бəрінде ол халықтың айлалы, ақылды ұлы, тапқырлығына қулығы сай, ер көңілді, өжет жігіті болып суреттеледі.
Алдар көсеге байланысты аңыз-əңгімелер тек қазақта емес, ағайындас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен
елдерінде де бар. Осы елдерде айтылатын аңыздардың бəрінде Алдар көсе халық ұлы, көпшілік атынан күреске
шыққан, қанаушы тап адамдарынмен алысып өткен азамат бейнесінде келеді. Халықтың əңгіме-аңыздарының сүйікті
кейіпкері болған Алдар көсе топас ханды, сараң байды, елді жегідей жеп жүрген саудагерді, əр түрлі діндар
адамдарды мазақтап, күлкі етеді, олардың жағымсыз қылықтарын жұрт алдында жиренішті етіп көрсетеді. Осыған
сəйкес аңыз-əңгімелерде халықтық тұрғыдан оның жағымды образы жасалады; Алдар көсені қалың көпшілік
ортасынан шыққан жəне сол көпшіліктің мүддесі үшін күрескен адам етіп бейнелейді.
Алдар көсе жайында қазақ арасында айтылатын аңыз-əңгімелердің тақырыбы, мазмұны əр алуан болып келеді.
Соның бəрі еңбекші бұқараның тұрғысынан айтылады. Мұны біз «Алдар көсе мен Алаша хан», «Алдар көсе мен шық
бермес Шығайбай», «Алдар көсе мен саудагер» т.б. аңыз-əңгімелерден көреміз. Осы аңыздарда аталатын хан, бай,
саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы арқасында алдап соғады, ел арасында мазақ күлкі етеді. Оларды Алдар
көсе қара басының пайдасын көздеп алдамайды, халықтың намысын қорғау үшін, еңбекшілерді езіп келген
қанаушылардан кек қайыру үшін алдайды.
Күлкілі сюжетке құрылған «Алдар көсе мен Алаша хан» дейтін аңыз-əңгімеде ел билеген хандардың топастығы
мен қомағайлығы мысқылға алынады. Алдар көсе жайында қазақ арасында шығарылып, көпке тараған аңыз-
əңгіменің күрделісі-»Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай». Бұл аңыз да сараң, қалтырауық, пейілі тар байлар
жөнінде халықтың сыны, көзқарасы қандай екендігін айқындайды. Жəне де Шығайбай аңыз-əңгіменің жекелеп алған
жексұрын кейіпкері ғана емес, ол сонымен қатар өзі секілді ішетін асқа, киетін киімге жарымаған, сілкіп соларға
сырмағы жоқ ертедегі қазақ байларының кескін-келбетін, олардың өрісі тар, өресі аласа ой-жүйесін көрсетеді.
Ертедегі сасық байлардың өкілі ретінде алынған Шығайбайда ең алдымен, адамгершілік қасиет жоқ. Ол малмен
өріп, малмен жусаған тірі жан. Оның адам деген аты болмаса, сол атқа сəйкес сəні де, салты да жоқ; бар арманы:
«ішпей, жемей, байысам екен».
Өзінің сараңдығы, пейілі тарлығы, қалтырауық қасиетімен елге жек көрінішті болған Шығайбайды халық аңызы
Алдар көсе арқылы оннан əрі масқаралай түседі. Шығайбайдың қандай жан екендігін ел əңгімесінен естіп білген
Алдар көсе енді оған өзі аттанады. Ол осыдан былайғы əңгімелерге араласа отырып, Шығайбай жайында ел арасында
айтылып жүрген сөздерді растап шығушы ғана болмай, сараң байдың адамгершілік қасиеттен айрылып қалғандығын
айғақтаушы да болады.
Алдар көсе елді жегідей жеп жүрген саудагерлерді, қожа-молдаларды таратқан діни ұғымдарды да мазақ, күлкі
етіп жүреді. Олардың сорақы қылықтарын масқаралайды.
Дін иелері халықты ығыстырып, надандықпен қараңғылықтың торында ұстау үшін əр түрлі жын-пері,
шайтандарды айта отырып, солар арқылы адам баласын қорқыту жəне олардан құтылу үшін дінге мүлгу керектігін
21
ескертетін. Дін иелері айтатын осы ұғымдарды Алдар көсе бекерге шығарады. Мұны «Алдар көсенің шайтанды
алдауы» деген аңыздан көруге болады.
Алдар көсенің халық ұлы, көпшілік мүддесін көздеген адам етіп көрсету жайын да қарастырған. Осы ретте
«Алдар көсе мен қойшы», «Алдар көсе мен егінші» дейтін əңгімелер туған. Бұл аңыз-əңгімелер халыққа жат,
феодалдық орта тудырған шығармалар еді. Сондықтан да олар халық арасына көптен жайылып кете қойған жоқ.
Сонымен, халықтың Алдар көсе жайындағы аңыз-əңгімелері таптық, қоғамдық қарым-қатнастарды, халыққа
жат, жексұрын қылықтарды сынап-мінеу, əжуа-күлкі етуге құрылады. Еңбекші бұқараның ортасынан шыққан
айлакер, ақылы сергек, мысқылшы Алдар көсе арқылы халық əңгімелері ханды, байды, саудагерді т.б. жағымсыз
түрде бейнелейді.
Асан қайғы. Қазақ арасына ерте кезде тараған жəне əр түрде айтылып келген аңыз-əңгімелердің бір тобы Асан
қайғыға арналады. Халықтың аңыз-əңгімелері Асанды да елдің ер жігіті, көпшілік қамын ойлаған ақылды азаматы
етіп бейнелейді.
Асан қайғыны сөз еткенде, кейбір ғалымдар оны тарихта болған адам жəне Жəнібек ханның (XV ғасыр) тұсында
өмір сүрген деседі. Бірақ бұған келтірер тарихи дəлел жоқ. Сондықтан да біз Алдар көсе секілді, Асан қайғыны да
аңыз-əңгімелердің жағымды кейіпкері деп аламыз.
Халықтың аңыз-əңгімелері Асан қайғыны, ең алдымен, ел үшін қызмет еткен, халық қамын ойлаған ер-азамат,
əрі əнші, домбырашы, əрі талапкер, тапқыр, əрі құралайды көге атқан мерген етіп көрсетеді. Халық аңыздарында
оның аты Асан болады. Халықтың аңыздарында Асан ел сүйген, көпшілік қамын ойлаған ер азаматы болып келеді.
Осы тұрғыдан оның халық үшін жасаған істері суреттеледі. «Асан мен Ежен хан» дейтін аңыз Асанның жігі кезін
елестетеді. Ол өзінің əнімен, өлеңімен халықты сергітіп жүреді. Ит жүгіртіп, қүс та салады, аң аулайды, кəсіп етеді.
Аңызда Асан қаҳарлы Ежен ханның жазасынан ел-жұртын қорғап қалады.
Асан жайындағы халық аңыз-əңгімелерінің ең маңыздысы-оның мал өсіріп кəсіп еткен еңбек еліне шұрайлы
жер, кең қоныс ізденуіне байланысты туған. Бұл ретте ол халық қамын ойлаған, шаруа жайлы жер іздеген адам болып
əңгімеге қосылады. Желмаясына мініп алып, Асан қазақ жерін шарлап шығады. Қай жердің қандай қасиеті барлығын,
қай түрлікке қай жер қолайлы екендігін ақыл ретінде айта, бағалай отырады. Бірақ қаншама жақсы, төрт түліктің
жайылымына қолайлы болғанымен Асанды қанағаттандырмайды. Ол «суы - сүт, жағасы - балқаймақ» өзенді
аңсайды, шаруаға жай, жанға рақат жерді іздейді. Осындай жерді ол өзінің қиялымен ғана тапқан болады. Оның аты -
«Жер үйек». Асанның қиялынан туған «жер үйек»-шаруа үшін аса қадырлы қоныс, көк орай шалғынды өріс, мыңға
мекен болатын жер деп танылады.
Ол осындай жерді қиялы арқылы таба тұрса да, оның шындығында болмағанына өкінеді.
Халықтық ортада туған аңыз-əңгімелердің бəрінде Асан жайы осылай баяндалады. Асанды ел қамқоры деп
ардақтайды. Оның алға қойған мақсатына жете алмауын халық сөкпейді, қайта Асанның арманы бүгін болмаса,
болашақта жүзеге асады деп сенім білдіреді.
Асан жайындағы халықтық аңыз-əңгімелердің мəнін қанаушы тап та, кейіннен, ұлтшыл-байшылдар да
төмендетуге тырысты. Олар халықтың ардақты азаматы болған Асанға жала жабуға дейін барады, Асанды хан
сарайының жоқшысы етпек те болады. Жəне де олар «Асан қайғы айтыпты» деген атпен халық мүддесіне жат
əңгімелер шығарады.
Сонымен, Асан жайында бір-біріне қарама-қарсы бағытта шығарылған аңыз-əңгімелер бар екенін көреміз.
Мұның ішінде көркемі де күрделісі де халықтікі. Олай болса, біз сол халық шығарған аңыздарды, халық ардақтаған
Асанды аламыз.
Жиренше. Халықтың тарихында еңбекші бұқараның ортасынан шығып, адал ниет, шын көңілімен халқына
қызмет еткен талай азаматтар, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер болып өткен. Соның бірі - Жиренше
шешен.
Жиреншенің қай кезде өмір сүрген адам екендігін айту қиын. Оның аты, ісі тек халықтың аңыз-əңгімелерінде
ғана сақталған. Сол аңыздардың айтуынша, ол еңбекші халықтан шыққан адам, оның « сауып ішерге малы жоқ,
төсегі -тулақ, үйі-қара лашық болған». Ол өзінің өршіл өнері, тапқырлығы мен шешендігі арқасында, елдің ер
азаматы атанған.
Жиренше жайындағы аңыз аңыз-əңгімелер оның ақылын, тапқыр шешендігін, ел дауын екі ауыз сөзбен бітірген,
тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін жасаған адам екендігін көрсетуге құрылады.
Хан мен Жиреншенің арасындағы тартыс, ел аңызджарының айтуынша, «Ханның Қарашаш сұлуға үйленбек
болуы» деген əңгімеден басталады да, үдеп дами береді.
Аңыз əңгімелердің айтуынша, Қарашаштың асқан ақылды, білгір қыз екенін байқаған халық, оны өз теңі деп
Жиреншеге қосады. Осыдан былай ел əңгімелерінде бірі халықтың сүйікті ұлы, екіншісі ардақты қызы болып
суреттеледі. Бұлардың ақылы, білгірлігі ханнан асып жатады. Мұны хан да түсінеді. Сондықтан ол Жиреншенің көзін
жойып, құрту амалын қарастырады. Жиреншеге неше түрлі қиын жұмыстар тапсырады. Егер оны орындай алмаса,
Жиреншенің өлім жазасына бұйырылатынын да ескереді. Сөйтіп, жан мен Жиреншенің арасында күрес басталады.
Бұл көрес екі адамның бақ таласы емес, ол ханға қарсы халық наразылығының елесі секілді болып отырады.
Хан аңда жүріп аңда жүріп, айдалада дөңгелеп бара жатқан қаңбақты көреді де, Жиреншені масқаралау
мақсатымен: «Жиренше, ана қаңбақ қайда бара жатыр екен, біліп келші», - деп бұйырады. Жиренше қаңбақты
тоқтатып, қасына азғантай кідіреді де, ханға қайтып келеді. «Жиренше, сұрадың ба, қаңбақ не айтты
?- дейді хан.
Сонда Жиренше мүдірместен: «Менің үшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Осыны сұрай келген сен ақымақ
па, сұрата жіберген хан ақымақ па
?«,- деп айтты дейді. Бұл сөзден тосылған хан жұрт алдында тағы да масқара болып
қалады.
22
Жиренше жайындағы халықтың аңыз-əңгімелердің көпшілігі міне осылай келіп отырады. Бұлардың қайсысы
болса да Жиренше мен хан арасындағы тартыстарға таптық сипат береді. Осындай шиеленіскен, көпке созылған
айқасуларда Жиренше жеңіп жүреді. Оған бұл жолда жəрдем беретін, көмек көрсететін, тіпті көптеген қауіп қатерден
құтқарып алатын Қарашаш болады. Сондықтан да халық аңыздары Қарашашты да ардақтайды, оның ақылы мен
білгірлігін сүйсіне əңгіме етеді. Бұдан əйелдер жайындағы халықтың турашыл, əділ көзқарасы да көрінеді.
Халықтың аңыздарында Жиренше мен Қарашаш ақылы, білгірлігі, адамгершілігі жағынан бір-біріне тең,
айнымас дос, сенімді серік ретінде бейнеленеді. Кей кезде Қарашаштың білгірлігі Жиреншеден де асып түседі.
Жауыз ханның қастық ойын аңдаушы да, ақырында, ханға өзінің емшек сүтін беріп «бала етуші» де, сөйтіп, көп
пəледен құтқарушы да Қарашаш болады.
Жиренше мен Қаршашқа арналған аңыз-əңгімелердің қайсысы болса да мағынасы терең, мəні зор қысқа
сюжеттерге құрылады. Əңгімені əріден бастамай, нақтылы тартысқа, тапқырлыққа құрады. Дəлелін келтіріп,
қорытындысын бірден шығарады жəне оқиғаны ұзақ сонарға салып баяндамай, барар жерін нақ айтады. Бұл оның
өзіне тəн ерекшелігі болып табылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Аңыз-əңгіиелердің алғашқы үлгілері қалай пайла болды
2. Алдар көсе туралы қандай аңыздар тараған
3. Асан неліктен «қайғы» атанған
4. Жиренше туралы қандай аңыздар таралған
5. Аңыз-əңгімелердің өзіне тəн ерекшеліктері туралы айт
Əдебиеттер:
1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті.
2. Қазақ əдебиетінің тарихы. I-том.
3. Н.Төреқұлов. Қанатты сөздер.
Ертегілер
Жоспары:
1. Ертегілердің жиналып, зерттелуі.
2. Ерптегілердің құрылысы.
3. Ертегілердің түрлері.
4. Ертегілердің мəні.
Тірек сөздер: ертегілердің сипаты, ертекші, қиял-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар
жайындағы ертегілер, ертегілердің тəрбиелік мəні.
Барлық елдің ауыз əдебиетінен мол орын алған жəне халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша
шығарған күрделі шығармасының бір түрі-ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қара сөз етінде айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем əңгімесі деп
қараймыз.
Халық əдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кəсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру
тəжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен
болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар əр нəрсені қиял еткен: өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын
қарастырған. Осы негізде ертегі-əңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Ертегілердің алғашқы үлгілері экономиканың
ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің, сана-
сезімінің ұлғайып өсуі нəтижесінде əр түрлі өзгерістерге ұшыраған. Мұнымен қатар, жаңа ертегілер туа бастайды
жəне онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттеледі.
Қазақ ертегілерінің ер арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы XIX ғ. 2 жартысынан басталады. Бұл
ретте Шоқан, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ə.Диваевтан басқа А.Алекторов, А.Василевич, Т.Сейфуллин, М.Ибрагимов,
Ж.Айманов, О.Əлжанов т.б. Олар сол кезде Орынбор, Омбы, Қазан, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-
журналдар бетінде үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады,
кейде бір тілдер ғана шығарады.
Қазақ ертегілерін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі кейінгі уақытта қолға алынды. Бұл жөнінде академик
М.Əуезовтыңеңбегін атауға болады. Ол қазақ ертегілерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін мүмкін болғанынша,
тарихи даму жолдарын қарастырады, ертегілердің əдебиет тарихынан алатын орнын анықтайды, «Ертегілер» атты
ғылыми еңбек жазады.
Ертегіден халықтың əр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен
көзқарасы т.б. көрініп отырады. Сондықтан ертегіні Белинский «Халық жанының айнасы» деген болатын. Шынында,
ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез-əрекеттерін білу үшін аса керекті материал болап табылады. Халық
өзінің ертегілерінде, қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің көптеген мəселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі,
көпшілік мүддесі тұрғысынан əңгімелейді. Ертегілерде айтылатын əңгімелердің қайсысына болса да халық өзінше
қорытынды жасап, əділ бағасын беріп отырады, нені ұнатандығын, нені жек көретіндігін суреттейді.
Ауыз əдебиетінің басқа эпостық түрлері секілді, ертегілердің де өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар.
Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше басталуы, аяқталуы болады.
23
Ертегі ауызша айтылатын көркем əңгіме болғандықтан, оған əрбір ертекші айрықша мəн береді, əңгімесін
мəнерлеп айту, тыңдаушыны қызықтыра түсу жағын қарастырады. Кейде ертекші əңгімесін:
Ертек-ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауыл қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
деп, немесе:
Бар екен, жоқ екен,
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен...-
деп тоқпақтай бастай жөнеледі. Кейде ертекшілер айтатын əңгімесіне бірден кіріседі, ертегіге қатысатын басты
кейіпкерлерімен бірден таныстырады. (Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты... т.б.) Ертегілерді осы
негізде баяндау ертегінің құрылысына тəн басты ерекшелік болып табылады.
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір əңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне
байланысты болған. М.Əуезов пен Е.Ысмайылов қазақ ертекшілерінің айтыстық өнеріне айрықша мəн береді. Олар
ертекші де үлкен твортчествоның адамы деп көрсетеді жəне бұл ретте ертекшіні дарынды ақынға теңейді. Неше түрлі
ғажайып оқиғаға құрылған ертегілерді жəгін бұзбай өрістете айту, əрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей
байланыстыру, оқиғасын қызғылықты етіп баяндау, ертегілердің əрбір кейіпкерлеріне лайықты мінездемелер беру,
олардың образдарын, көз алдыңа елестетерлік сөздік, тіл таба білу т.б. ертекшіден мол өнерді, шеберлікті керек етеді.
М.Əуезовтың «Абай» романында, С.Мұқановтың «Өмір мектебінде», Е.Исмайловтың «Ақындар» атты
монографиясында қазақ ертекшілерінің твортчестволық қызметін көрсететін аса қызықты материалдар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |