Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



жүктеу 0.73 Mb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата06.03.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Əзімбай. Жырдағы жағымсыз кейіпкерлердің бірі-Əзімбай. Ол-кісі еңбегімен мол жинаған, соған масаттанған, 

бірақ қиыншылық іс түскен кезде қолынан еш нəрсе келмейтін қорқақ адам.  

Əзімбай  образы  халық  жырында  екі  түрлі  мəселенің  бетін  ашу  үшін  алынады.  Біріншіден,  Əзімбай  арқылы 

хаплық жыры езуші мен езілушінің арасындағы таптық жайларды елестету, оның ерте заманнан келе жатқандығын 

аңғартуды көздейді. 

Басқа  жырларға  қарағанда,  таптық  қарым-қатнас  «Қамбар  батыр»  жырында  ашығырақ  көрінеді.  Мұны  ол  ең 

алдымен Əзімбай образы арқылы, оның халықты менсінбеушілігі мен тəкаппарлығын суреттеу арқылы елестетеді. Ол 

Келмембетке айтқан сөзінде: 

Ертелі, кеш шұбырып, 

Қонады мейман ағылып, 

Кедейлер мені көрмесе, 

Қалады, - деді,-сағынып, 

Отымның басын бермейді, 

іздеген жоғы табылып,- 

деп халықты кеміте, жамандай сөйлейді. 

Екіншіден,  Əзімбайды  халық  жыры  «екі  талай  күн  туғанда»  елге  пана  болатын  кім  екендігін  көрсету  үшін 

алады. Əзімбайлар байлығына сүйеніп үпілдегенімен де, ел басына қиыншылық түскен кезде, басқыншы жау келіп, 

қамауға  алған  шақта  қатты  сасады,  қайрат  көрсетіп  қарсы  тұрарлық  күш  таба  алмайды.  Қайта,  жаудың  аяғына  бас 

ұрып  жолына  бастайды,  жан  сауғалайды.  Мұндай  жағдайда  ерлік  жасайтын  тек  халықтың  өзі  болады.  Қандай 

қиыншылық  болса  да,  қандай  жау  келсе  де  оларға  төтеп  бетерін,  талқандап  жеңетін  халық  оның  қаҳарлы  күші 

екендігін жыр тарихи шындық тұрғысынан баяндайды.  

Қараман мен Келмембет. «Қамбар батыр» жырында негізгі жағымсыз кейіпкер ретінде алынғандар-Қараман 

мен  Келмембет.  Бұлар  ноғайлы-қазақ  елін  талай  рет  шабуыл  жасап  жорық  ашқан,  халыққа  қан  жұтқызған  қалмақ 

басқыншыларының өкілі ретінде суреттеледі. 

Қараман-əрі  батыр,  əрі  ел  билеген  хан.  Ол  көрші  елдерге  күш  көрсетуді,  ығыстырып  ұстауды,  зорлықпен 

бағындырып алуды мақсат етеді. Бұл ретте Қараман өзінің күшіне сенеді: қарсыласқан дұшпанын «жүндей түтемін» 

деп  асқақтап  жүреді.  Əзімбайдың  аулына  құда  болып,  Назымды  Қараманға  айттыру  үшін  барған  Келмембет  соққы 

көріп қайтады. Бұған Қараман қатты ашуланады да: 

Ерегіскен кісінің... 

Етін итке жегізіп, 

Сүйегін өртеп жағайын.. 

Қазықтай жерге қағайын,- 

деп қаҳарланады. Ол бұл мінезін Қамбарға да көрсетеді, Қамбарды да қорқытып, қорлатпақ болады. Қамбарға айтқан 

сөзінде: 

Өлтірейін деп едім, 

Кешіксең, келмей осыдан,- 

дейді. Бірақ жекпе-жек ұрысқа келгенде, күшіне, күштілігіне сенген Қараман Қамбардан жеңіліп қалады. 

Сөйтіп, халық жыры Қараман образы арқылы шапқыншылықты мақсат еткен, зорлық жасап дəрежеге жетуді 

көздеген басқыншы жаудың іс-əрекетін сипаттайды.  

Қараманмен қатар, жырда Келмембет суреттеледі. Ол Қараманның атарман-шабарманы, қол шоқпары ретінде 

алынады.  Келмембет  қарсы  адамдарын  көбінесе  сөзбен  ығыстырып  алуды  көздейді,  күш  көрсете,  айбат  шеге 



 

38

сөйлейді. Бірақ ол мұнысын əлсіздерге жасайды, өзінен күштілерден қорыққанда құрдай жорғалайды. Ол-ығыстырар 



жерін де, ығар жерінде аңғара білетін айлакер адам. Қамбардың кескінінде ашу барын аңғарған Келмембет: 

Келмембет қорқып сасады, 

Шапшаң жүр,-деп.-шырағым, 

Кейін қарап қашады. 

Тағы да ұстап алар деп, 

Дөңгелетіп жорғасын 

Бауырлап қамшы басады,- 

Қамбар  мен  дұрыстап  сөйлесуден  қорқып,  зəресі  ұшқан  Келмембет,  Қараманға  қайтып  келгенде  өтірікті 

шындай, шынды құдай ұрғандай етіп сөйлейді. «Үш күннен кейін Қамбар келетін болды», - деп өтірік соғады. Оның 

қорқақ,  өтірікші  адам  екендігін  халық  жыры  ащы  күлкі,  мазақ  түрінде  жырға  қосады  да,  Келмембеттің  жағымсыз 

образын жасайды.  

«Қобыланды  батыр», «Ер  Тарғын»  жырларымен  салыстырғанда, «Қамбар  батырдың»  композициясындағы 

жырдың өзіне тəн басты ерекшелігі-оқиғаны əр түрлі шегініс жасау арқылы жырлауында. 

«Қамбар  батыр»-тілі  жағынан  аса  көркем  жырдың  бірі.  Əрбір  əңгімені  жеңіл  тілмен  түсінікті,  əрі 

тыңдаушының  есінде  қалатындай  етіп  баяндайды,  аз  сөзбен  көп  мағына  береді.  Кейде  азғантай  суретпен  үлкен 

картиналарды көз алдыңа елестетіп қояды. Мысалға, Қамбардың аң аулауға шыққан кезін сипаттауын алайық. Мұны 

жыр: 

Күмістен тағып қарғысын, 



Соңына ертіп тазысын. 

Ау қылып Қамбар шығады, 

Қасындағы қумайы, 

Таңынан тартып талайын 

Тау текені жығады. 

Таңы айрылып жыртылып, 

Киік пен жатқан құланы, 

Ат бетіне қаратпай, 

Ақ бөкендей жосытып, 

Айқайын салып қуады,- 

деп  суреттейді.  Бұл  картинадан  қазақ  халқының  ерте  кездегі  тұрмыс-тіршілігі,  күн  көрісі  аң  аулауға 

байланысты  болғандығы,  ол  үшін  неше  түрлі  айла-амал  қылғандығын  елестетеді.  Осы  ретте,  аңшылық  өмірді 

суреттеуі,  Аң  аулауды  ерлік  деп  жырлауы  арқылы  «Қамбар  батыр»  қазақтың  батырлар  жырына  өзінше  бір  үлкен 

жаңа тақырып əкеп қосты деуге болады. 

Жырдың  көркем  тілін  сөз  еткенде,  көзге  түсетін  бір  ерекшелігі-бейнелеу.  Мəселен,  Жəдігер  Қараманның 

қалың қолмен келіп, ел-жұртты қамап жатқанын Қамбарға айтқанда: 

Ойда жоқ жерде ел қашып, 

Қонысымыз тарылуы: 

Қызуына шыдамай, 

Жүрегіміз жарылуы, 

Өртеп кетіп барады. 

деген бейнелеумен білдіреді.  

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, «Қамбар батырды» халқымыздың сүйсіне тыңдап, сүйе жырлаған 

көркем шығармасының бірі деп білеміз. 



Сұрақтар мен тапсырмалар: 

 

1. Жырдың жиналуы мен зерттелуі туралы айт. 



2. Жырдағы Қамбар бейнесі қалай жасалған

3. Назым мен Алшыораз қандай тұлғада алынған



4. Жырда қандай жағымсыз бейнелер бар

5. Жырдың басқа жырлардан айырмашылығы неде



?  

 

Əдебиеттер: 



 

1. М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз əдебиеті». 1981. 

2. Жинақ. «Ақсауыт». 

3. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. 1991. 

 

Алпамыс жыры. 

 

Жоспары: 

 

1. Алпамыс жырының зерттелуі. 

2. Алпамыс бен Гүлбаршын бейнесі. 

3. Жырдағы жағымсыз образдар. 



 

39

4. Жырдың құрылысы, тілі. 



 

Тірек  сөздер:  Жырдың  зерттелуі,  Алпамыс  пен  Гүлбаршын  бейнесі,  жырдың  халықтық  сипаты,  жырдағы 

ертегілік элементтер, жырдың ерекшеліктері. 

 

«Алпамыс» деп аталатын жыр өзбекте де, қазақта да, қарақалпақта да бар. Ағайынды үш елдің айтуындағы бұл 



жыр мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Дегенмен, өзара айырмашылығы да жоқ емес. Бірінші, қазақтар мен 

қарақалпақтар  айтатын  жырда  Байбөрі  мен  Байсарының  араздасып  кетуі  көкпарға  байланысты  делінсе,  өзбек 

жырында  Байбөрі  ел  билеген  хан  болады,  ал  қарамағындағы  халықтан  алым-салық,  зекетін  көп  жинайды.  Бұған 

наразылық  ретінде  Байсары  қалмақ  еліне  көшіп  кетеді.  Екінші  қазақтар  мен  қарақалпақтардың  айтатын  жырдың 

екінші  бөлімі  Байбөрінің  малын  Тайшық  ханның  тартып  əкетуі  жайын  суреттеуден  басталатын.  Ал  өзбектің 

«Алпамысында»  Алпамыс  Тайшықтың  еліне  өз  малын  қайыру  үшін  аттанбайды.  Ол  Баршынның  айтуы  бойынша, 

ханның қысымынан қайын атасы мен қайын енесін құтқару мақсатымен аттанған болады. 

«Алпамысты» зерттеген өзбек ғалымдары Х.Т.Зарифов пен М.И.Афзамовтың айтуынша жырдың өзбекше он 

бір  варианты  бар.  Г.Сыдықовтың  көрсетуінше  жырдың  қазақша  үш  үлкен  түрі  бар.  Қарақалпақ  əдебиетшісі 

И.Т.Сағитов «Алпамыстың» қарақалпақша бес варианты бар екендігін айтады. 

Бұлармен қатар, татар, башқұрт, алтай елдерінде Алпамыс жайында шығарылған ертегілер де бар. 

Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек хожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 жылы Қазан қаласында 

бастырып шығады. 

Ə.Диваев  «Алпамыстың  бір  вариантын  Жиемұрат  Бекмұхамедовтан  жазып  алып 1901 жылы  бастырып 

шығарады. 1939 ж «Батырлар» атты жинақ шықты. Оның редакциясын басқарған, сөз басын жазған С.Мұқанов еді. 

Ол  «Алпамыс»  жырын  жаңа  жинаққа  енгізгенде,  жырдың  ел  арасында  айтылып  келген  жəне  бұрын  баспа  жүзіне 

шыққан нұсқаларын шебер біріктіреді де, тұтас бір жырға айналдырады. 

«Алпамыс»  жыры  жайында  А.С.Орлов,  М.О.Əуезов,  В.М.Жирмунский,  А.К.Бороков,  Х.Жумалиев, 

Х.Т.Зарифов,  Ə.Марғулан,  Н.С.Смирнова,  Т.Сыздықов,  М.И.Афзалов,  М.И.Богданова  т.б.  ғылыми  мақалалар  мен 

еңбектер  жариялады. 1956 жылдың  кезінде  Ташкентте  əдебиетші  ғалымдардың  кең  мəжілісі  де  өткізілді.  Бұл 

мəжілісте он бес ғылыми баяндама жасалды. 

Демек, «Алпамыс»-Орта Азия халықтарының ерте заманда, ру болып жүрген кезінде шығарған шығармасы.  

Жырдың  негізгі  идеясы-ру  бірлігін  сақтаудан  туған.  Сондықтан  да  жырда  ру  бірлігін  көздеген,  əр  рудың 

арасында араздық, шапқыншылық болмай, татулық болуын мақсат еткен адамдардың іс-əрекеті ардақталады. 

«Алпамыс»  халықтың  жыр,  халықтың  идеясын,  қоғамдық  көзқарасын  білдірген  күрделі  шығарманың  бірі. 

Жырдың халықтық идеясы жырдағы обрпаздар арқылы ашыла түседі.  



«Алпамыс».  Жырдың  басты  кейіпкері-Алпамыс.  Ол  халықтың  ру  бірлігін  сақтау  идеясынан,  руға  қамқор-

қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. Сондықтан жыр Алпамыстың іс-əрекетіне батырлық сипат 

береді. 

Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне жар-жолдас-

қалыңдық  іздеп  шығу,  бұл  жолда  əр  түрлі  ерлік  істер  жасап,  батырлық  сыннан  өту  дүние  жүзіндегі  эпостық 

шығармалардың көбінде кездесетін жəйт.  

Алпамыстың  бұл  сапарға  аттануын  халық  жыры  үлкен  батырлық,  соған  талаптанушылық  деп  таниды. 

Алпамыстың мықты батыр екендігі алғаш  рет Қаражанмен кездескен жерде байқалады. 

Гүлбаршынға  таласқан  хан  да,  Қаражан  да  батырды  көрмей  жатып,  оның  келе  жатқан  дүбірінің  өзінен-ақ 

сескенеді.  Бұл  дүбірді  естіген  Қаражан: «Тайшаның  əскері  де,  менің  əскерім  де  қайтыңдар...  Қырық  мың  қол  келе 

жатыр», - деп жар салады. 

Қаражан  секілді  мықтыны  женген  Алпамыс  кейіннен  тағы  бірнеше  батырлық  өнер  көрсетеді.  Тайша  ханның 

күреске шығарған палуандарының бəрін жығады. 

Алпамыстың  күшті  батыр  екендігі  Тайшық  ханның  сөзімен  де  сипатталады.  Батырдың  елде  жоқтығын 

пайдаланып,  оның  малын  қалмақ  ханы  Тайшық  айдап  əкетеді.  Бұған  ыза  болған  Алпамыс  қалмақ  ханына  қарсы 

жалғыз  аттанады.  Мұны  халық  жыры  Алпамыстың  келе  жатқанын  Тайшық  хан  түсінде  біледі.  Ұйқысынан  шошып 

оянған хан: 

Мен бір бүгін түс көрдім 

Түсімде жаман іс көрдім 

Құрсаулы қара бура кеп, 

Қарсы қарап шабынды. 

Көзімнің жасы егілді, 

Қабырғам менің сөгілді,- 

Басымда тəжі дəулетім 

Жерге менің төгілді 

Бір арыстан өзіме 

Шабатұғын көрінді...- 

дейді.  Ханның  осы  түсі  арқылы  жыр  Алпамысты  халық  ұғымындағы  күштілік  бейнесін  елестететін  құрсаулы 

қара бураға немесе арыстанға теңейді. 

Алпамыс - ақыл-айласы,  өнері  бар,  қандай  жағдайда  болса  да  қолынан  іс  келетін  батыр.  Ол  Тайшық  ханның 

зынданында  жатып,  тас  қамаудан  құтылу  жайын  қарастырады.  Батырды  зынданнан  алып  шығатын  Байшұбар  ғана. 


 

40

Байшұбарды  хан  қызы  Қаракөзайым  қолға  түсіреді.  Осындай  айламен  зынданнан  құтқарылған  Алпамыс  жауын 



жеңеді. 

Тайшық  ханды  жеңіп,  оның  орнына  Кейқуатты  хан  етіп  тағайындаған  Алпамыс,  еліне  қайтпақ  болады.  Осы 

кезде  Кейқуат: «Сіз  кеткен  соң  мына  ел  мені  бір  күнде  тірі  қоймайды,  өлтіріп  тастайды,»-  деп  қаупін  айтады. 

Алпамыс  оған  бұл  қауіптен  қалай  құтылудың  жайын  үйретіп,  ақыл  айтады.  Алпамыс  еліне  келген  соң,  кімнің  дос,  

кімнің  қас  екендігін  білу  үшін  əдіс  қолданады.  Диуана  болып,  ел-жұртын  аралайды,  олардың  хал-жағдайын  өз 

көзімен көреді. 

Осы  секілді  əңгімелерді  тізбектей  айта  отырып,  жыр  Алпамысты  əрі  батыр,  əрі  ақыл - айласы,  өнері,  əр  түрлі 

əдісі бар адам бейнесінде суреттейді. Оның батырлық образын толықтыра түсу үшін халық ұғымындағы батырға тəн 

кейбір  қасиеттер  де  жырға  қосылады.  Сондай  қасиеттердің  бірі  ретінде  Алпамыстың  аңғалдығы,  достықты  жоғары 

бағалайтындығы алынады. 

Сөйтіп,  жырда  Алпамыс  өз  кезінің  үлгі еткен сүйкімді батыры, елдің ері болып суреттелген. Алпамыс образы 

арқылы ел бірлігін көздеген халықтың батыр жайындағы көзқарасы, арман еткен қиялы жинақталып берілген деуге 

болады. 

Гүлбаршын «Алпамыс» жырының жағымды кейіпкер етіп суреттеген адамның бірі Гүлбаршын. 

Жырдың композициялық жағын алғанда, көптеген əңгімелер Гүлбаршынға байланысты дамып отырады. Байбөрі 

мен  Байсарының  құда  болысуы,  Тайша  хан  мен  Қаражанның  таласы  секілді  күрделі  оқиғалардың  негізгі  түйіні 

Гүлбаршын  болып  келеді.  Жырдағы  сюжет  құрылысында  осындай  айрықша  орын  алған  Гүлбаршынның  образын 

жасауға жыршылар үлкен мəн береді. 

Гүлбаршын  асқан  көркемдік,  сұлулықтың  бейнесі  ғана  емес.  Ең  алдымен  ол  ел  сүйген  батырға  жар - жолдас, 

кіршіксіз таза, айнымас дос тұлғасында жырға қосылады. Жырда Гүлбаршын асқан ақылды, əдіс-айласы мол, досына 

сенімді  серік,  адал  ару бейнесінде көзге түседі. Ол дос - дұшпанның алдында өзінің де, Алпамыстың да абыройын 

түсірмей, көтере ұстайды. Нешелер қысылған кезде, ақылмен жол тауып, төніп келген қауіптен құтылып отырады.    

Тайша хан мен Қаражан Гүлбаршынға таласқан кезде, Гүлбаршын оларға Алпамыс орындай алатын шарттарды 

қояды. Гүлбаршын Алпамыстың келетініне, жеңетініне сенім білдіреді. 

Гүлбаршын басқа жырлардағы батырлардың əйел жолдастары секілді, Алпамысқа қамқоршы дос, жəрдемші жар 

болып  суреттеледі.  Басқа  жырларда  батырға  керекті  қару=жарақты  немесе  тұлпарды  дайындап  беруші - батырдың 

сүйген  жары  болатын.  Мұндай  адамгершілік  қасиет  Гүлбаршында  да  бар.  Оның  бұл  реттегі  қызметі  төрт  аяғы  күп 

болып ісіп кеткен Байшұбарды емдеуімен көрсетіледі. 

Байшұбар аттай бедеудің 

Аяққа қаққан шегесін, 

Қысып ұстап қышқышпен, 

Табандап суырып алады. 

Арам қанын аяқтың, 

Қортықпен сорып алады. 

Төрт қозының құйрығын 

Қазанға салып күйдіріп, 

Аяққа орап салады,- 

деп, жыр Гүлбаршынның Байшұбарға жасаған емін суреттейді. 

Алпамыстың жеті жыл бойына хабарсыз кетуі бүкіл қоңырат жұртымен қатар, Гүлбаршынға да қатты батқан кез 

еді. Бұл жылдар Гүлбаршын үшін қорлығы көп, азабы мен қайғысы мол мезгіл болатын. Бірақ Алпамысты адал көңіл, 

ақ  ниетімен  сүйген  Гүлбаршын  соның  бəріне  шыдайды,  жарын  күтеді.  Батырға  деген  адалдығын,  кіршігі  жоқ 

махаббатын  басынан  аяғына  дейін  сақтайды.  Мұны  ол  диуана  кескінінде  келген  Алпамысқа  айтқан  сөзінде  толық 

дəлелдейді. Жеті жыл бойында ойынан Алпамыс шықпаған, басқа еш адамға көңіл бөлмегенін айта келіп: 

Осы Байсын белгілі, 

Жерім болсын. 

Жалғыз ұғым жарқырап 

Керм болсын. 

Сол құлыңның сөзіне 

Құлақ салсам, 

Əкем келіп некелі 

Ерм болсын,- 

дейді. 


Гүлбаршынды  жыр  əрі  ақылды-айлалы,  əрі  сертте  тұрғыш,  əрі  адал  адам  етіп  суреттей  отырып,  оны 

Алпамыстың сүйікті жары, жəрдемші досы етіп бейнелейді. Сол ұшін оны өз кезінің үлгілі қызы деп жырға қосады. 

 Ұлтан.  Жырдағы  ең  жағымсыз  кейіпкердің  бірі - Ұлтан.  Оның  ұнамсыз  бейнеде  алынуы,  Ұлтанның  құл 

болғандығында емес, ісінде. Ұлтан шын мəнінде құл емес. Ол Алпамысқа жақын, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе 

келе, Алпамыс секілді ел қамқоршысы емес, өз дəрежесінің үстем болуын көздейді. Бұл мақсатына жету үшін Ұлтан 

қолынан келген жəне ойына алған жауыздық істер жасайды. Ең алдымен Алпамыстың елде жоқтығын пайдаланып, 

өзін-өзі хан көтереді: Алпамыстың ағайын туыстарын азапқа түсіреді, ел-жұртын быт-шыт қылып бүлдіреді. 

Жауыздың іс-əрекеті көп, халыққа зорлықшыл бейнеде алынған Ұлтан - жырдағы ең жағымсыз кейпкер. Жыр 

оның сырт келбетін де адам қорқарлық етіп сипаттайды. 

Кеуделері кепедей 

Мұрындары төбедей, 


 

41

Күрек тісі кетпендей, 



Кеңірдегі жүҳиттің көріндей, 

Отырған орны алты қанат үйдің төріндей, 

Құлақтары қалқандай, 

Мұрындары сағымдалған талқандай. 

Көздері терең зындандай, 

Басқан ізі от орнындай, 

Аузы ошақтай 

Азу тісі пышақтай. 

Мұрын тесігі үңгірдей, 

Иегі сеңгірдей,- 

деп, жырда Ұлтанның кескін пішіні суреттеледі. Мұндай кесапат кескін мол жауыздық иесіне бітеді дегендей ұғым 

тудырады. 

Ұлтанның  елге  істеген  жауыздық  істерінің  аса  бір  жан  түршігерлік  жері  көкпарға  жеті  жасар  Жəдігерді 

тарттыруымен  көрінеді.  Халықтың  арғы-бергі  тарихында  адам  баласын  көкпарға  тарту  болған  емес.  Бірақ  мұны 

Ұлтан  ғана  жасайды.  Көкпарға  тартатын  мал  бер  деп  келген  жігіттерге; «Менің  заманымда  сіздерге  көрмеген 

қызықты  көрсетейін...,  анау  Алпамыстың  жеті  жасар  баласы  Жəдігерді  тарт»,-  дейді  Ұлтан.  Бірақ,  Ұлтанның  бұл 

«мырзалығын» ешбір жан қолдамайды. 

Алпамыстың    елде  жоқтығын  пайдаланып,  өзін-өзі  хан  көтерген,  жұртқа  бүлік  салған  Ұлтан - қаншама 

мықтысынса  да,  қорқақ  адам.  Ол  жеті  жасар  Жəдігерден  де  қатты  қауіптенеді,  сондықтан  жас  баланың аяқ-қолына 

кісен  салып  ұстайды.  Ал  Алпамыс  келген  кезде,  қарсылық  көрсетуге  жарай  алмай,  қаша  жөнеледі.  Бірақ  халық 

қарғысына душар болған Ұлтан қашып құтыла алмайды, жазаға тартылады. 

Халық жыры Ұлтан образын аса жиіркенішті етіп жасай отырып, ол арқылы қиянатшыл, зорлық жасағыш жауыз 

адамның  жағымсыз  бейнесін  елестетеді.  Ұлтанға  деген  өшпенділікті  күшейте  түседі,  оның  халыққа  қызмет  етуді 

мақсат етпеген адам екендігін, қайта көпшілікке көр қазушы болғандығын айқындайды. 



Қаражан.  Жырдағы  жағымды  кейіпкердің  бірі - Қаражан.  Ол  ел-жұртын  сүйген,  дəреже  жəне  адамгершілік 

жағынан ешкімнен де кем түспейтін батыр. 

 Қазақтағы  батырлар  жырының  көпшілігінде  қалмақ  батырлары  жағымсыз  кейіпкер  болып  суреттелетін.  Олар 

көрші  елдерге  ойран  салушы,  соғыс  ашып,  жорық  жасаушы,  қан  құмар  басқыншылар  болып  келетін.  Ал 

«Алпамыстағы» Қаражан ондай емес. Қаражан қалмақ батыры бола тұрса да, ұнамды бейнеде суреттеледі. Өйткені 

Қаражан - ел қамын ойлаған, жаттан жау тілемеген жəне жорық жасауды мақсат етпеген батыр. Сонысы үшін халық 

жыры Қаражанды жағымды кейіпкердің қатарына қосады. 

Қаражан - күшті  батыр.  Гүлбаршын  үшін  Тайша  ханмен  тайсалмай  таласқа  түсуі,  бақ  салыстыруы,  ханнан 

именіп  тізе  бүкпеуі - сол  күштіліктің  белгісі.  Ел  алдында  батырдың  қадыры  ханнан  артық  болмаса,  кем  еместігін 

аңғартады. 

Қаражанның батырлығы ханмен таласқа түсуінен ғана көрінбейді. Оның нағыз айтулы батыр екендігі ел қамын 

ойлауымен  көхге  түседі.  Хан  мен  Қаражанның  əскері  айқасып  тұрған  шақта: «Қырық  мың  қол  келе  жатыр»,-  деп, 

Қаражан екі жаққа тоқтау салады. Егер ол келе жатқан жау болса, одан ел-жұртын қорғап алуды қарастырады. 

Ақ сауытым киейін, 

Ат құйрығын түйейін, 

Кім де болса осы жау, 

Қаражан атым құрымаса 

Бір шетінен қиғаштап 

Аш бөрідей тиейін,- 

деп Қаражан жол тосуға жалғыз аттанады. 

Алпамыспен  кездесіп,  алысқа  түскен  Қаражан  жеңіліс  табады.  Оны  жырда  Алпамыстың  діні  күшті 

болғандығынан  деп  дəлелдейді.  Өз  елінң  аман-саулығын  ойлаған  Қаражан,  Алпамыстың  жау  еместігін  біледі  де, 

онымен достыққа келеді. Алпамыс пен Гүлбаршынды қосып абырой алуды, сөйтіп екі елдің арасын жауластырмауды 

көздейді. 

Ел-жұртының  тыныштығын  ойлаған  Қаражан  Алпамысқа  берген  достық  сертін  бұлжытпай  орындап  отырады. 

Ол  бұл  ретте,  қаншама  ауыр  болса  да,  жалғыз  баласы  Досмағамбетті  өлтіруге  шейін  барады.  Бір  жағынан,  жұрт 

алдында  Алпамыстай    досының  абыройлы  болуын  көздесе,  екіншіден,  өзінің  де  батырлық  сертке  берік  екендігін 

білдіреді. 

Осы  секілді  əңгімелерді  айта  отырып,  жыр  Қаражанды  ел  қамын  қарастырған,  қара  бастың  мүддесінен  де 

көпшілік мүддесін жоғары ұстаған батыр етіп суреттейді. Екі елдің арасында татулық, достық болуын мақсат еткен 

адам деп сипаттайды. Сондықтан да оның образы жырда жағымды етіп  жасалған болады.  

Мыстан. «Алпамыс» қазақтағы батырлар жырының ең ескісі, оған кейбір əңгімелерінің ертегі түрінде айтылуы 

дəлел десек, оны жырдағы мыстан кемпір образынан көруге болады. 

Жалпы  халық  əдебиетінде,  мыстан  кемпір  көбінесе  жауыздықтың,  қиянатшылдық  пен  қастықтың  бейнесін 

елестейді. Мыстан кемпірлер қалың көпшілікке, жағымды бейнелерге қастық жасап жүреді жəне олар хан мен уəзір, 

езушілердің қызметінде болады. 

Алпамысқа  қастық  жасайтын  мыстан  осал  жау  емес.  Ол  мол  жауыздықтың,  зор  қастықтың  иесі  болып  келеді. 

Оны жыр: « Қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан... тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір 

кез ширек  бойы бар, адам таппас ойы бар»-деп сипаттайды. Тайшық хан Алпамыстың келе жатқанын біліп абыржып, 



 

42

сасқан кезде, көмекке мыстан келеді де, жəрдемін ұсынады. Бұл еңбегі үшін өзінің таз баласына қалыңдыққа ханның 



қызын сұрайды. Хан мыстанның тілегін береді. Содан кейін мыстан іске кіріседі, қырық қыз бен қырық отау алып, 

Алпамыстың алдынан шығады. Əр түрлі əдіс-айла жасап, аңғал батырды қолға түсіреді.  

Мыстан  кемпір  қаншама  айлалы  болса  да,  халық  жазасынан  құтылмайды.  Сол  қаскүнемдік  істері  үшін  ол 

қорлық өлімге душар болады. 

Жырдың  композициялық  құрылысында  жырдағы  тартыстарды  шиеленістіру  мыстан  образының  алатын  орны 

айрықша. 



Жырдың  құрылысы  мен  тілі.  Басқа  жырларға  қарағанда  «Алпамыстың»  өзіне  тəн  ерекшелігі-оқиғаны 

шиенеліскен  қатар,  диалог  арқылы  баяндауында.  Жырда  бір  оқиғаны  əңгімелеп  келе  жатады  да,  оны  бітірместен 

екіншісіне  көшеді.  Жырдың  жалпы  желісін  бұзбай,  оқиғаны  шегініс  арқылы  баяндаудың  мəні  зор.  Жыршылар 

тыңдаушыны өзіне тартып, жыр оқиғасына қызықтырып отыру үшін шегініс əдісін əдейі жиі қолданған. 

«Алпамыс» жырында диалог түрінде көптеген оқиғалар, адамдардың күйініш-сүйініштері суреттеледі. Жырдың 

екінші бөлімінде баяндалатын оқиғалар түгелдей дерлік (баласынан айрылған ата-ана, сүйікті жар, аяулы қарындас 

зары т.б.) диалог түрінде құрылған, диалог арқылы сипатталған.  

«Алпамыс»-тіл,  өлең  құрылысы  жағынан  да  өзгешеліктері  бар  жыр.  Ең  алдымен  жырдың  сөздігінде  көнерген 

сөздер көп кездеседі. Мəселен, «шырайыңнан», «шорыңыз», «жүріс қылды» т.б. сөздер.  

«Алпамыс»-өлең  құрылысы  жағынан  біркелкі  емес.  Мұнда  оқиғаны  біресе  өлең  түрінде,  біресе  қара  сөзбен 

жырлау  мол  орын  алады.  Ал,  өлең  түрінде  өзі  кейде  жеті-сегіз  буынды,  кейде  он  бір,  кейде  он  үш  буынды  болып 

келеді. 


Қорыта келгенде, «Алпамыс» жыры да халқымыздың ертеден келе жатқан мəдени мұрасының бірі.  

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет