Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



жүктеу 0.73 Mb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата06.03.2017
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1. Батырлар жырының жиналуы. зерттелуі   

2. Батырлар жырының тарихи байланыстылығын қалай түсінесің 


 

28

3. Батырлар жыры неліктен көп вариантты болып келеді 



4. Батырлар жырының өлең құрылысы жəне образ жасау жолдары туралы айт. 

5. Батырлар жырының тəрбиелік мəні неде 



 

 

Əдебиеттер:   

 

1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1981. 



2. Батырлар жыры. Жинақ. 

 

Қобыланды  

 

Жоспар:      

1.»Қобыланды» жырының жиналуы, зерттелуі. 

2. Жырдың варианттары. 

3. Қобыланды бейнесі. 

4. Құртқа мен Қарлыға бейнесі. 

5. Жау адамдары. 

6. Жырдың құрылысы, тілі. 

Тірек  сөздер:  «Қобыланды»  жырының,  зерттелуі,  жырды  айтушылар,  варианттардың  ұқсастығы  мен 

айырмашылықтары, жырдағы образдар, Тайбурыл, жырдың өзіне тəн ерекшелігі, қорытынды. 

Ертедегі  ескі  мəдени  мұрамыздың  ескерткіш  есебінде  ел  арасында  сақталып,  біздің  заманымызға  жеткен  көне 

жырдың бірі - «Қарақыпшақ Қобыланды батыр».  

Ел арасында қазақ ауыз əдебиетінің кейбір үлігілері XIX ғасырдың ішінде жинала бастады жəне біз бұл жөнінде 

еңбек  сіңірген  кісілерді  атап  өткенбіз.  Сол  аталған  адамдардың  ішінен  «Қобыланды  батыр»  жырын  алғаш  рет 

жинаған  Ыбырай  Алтынсарин  деуге  болады.  Ол  өзінің  досы  Н.И.Илминскиймен  бірге  ел  аралап,  халық  əдебиетін 

жинауға  кіріседі.  Ыбырай  «Қобыланды  батыр»  жырын  Морабай  ақынның  айтуынан  жазып  алған.  Осыдан  былай 

«Қобыланды батыр» жырының басқа варианттарын жирап алу ісі басталады. Мəселен жырдың бір кішкене үзіндісі 

«Торғай» газетінде басылады жəне «Орынбор оқымысты комиссиясының еңбектеріне» бір үзінді енеді. Бұдан кейін 

Махмұт-Сұлтан  Тұяқбаев  деген  кісі  «Қобыланды  батыр»  жырын  бұрынға  Қостанай  уезі,  Қарабалық  болысындағы 

жыршы  ақын  Біржан  Толымбаевтан  жазып  алады  да,  ең  алғаш  рет  өз  алдына  кітапша  етіп 1914 жылы  Ə.Диваев 

бастырып шығарады. 

Жыршы  айтушылар.    «Қобыланды  батыр»  жырын  айтқан  жыршы  ақынның  бірі - Морабай  Құлбайулы.  Ол 

1841  жылдар  шамасында  бұрынғы  қарашығанақ  болысына  қарасты  Көбен  көлі  деген  жерде  туған  Морбай 18-19 

жасында-ақ асқан домбырашы болады. Сол кезде ол атақты ақындардың қасына еріп, олардың жырын тыңдайды, сөз 

өнерін үйренеді. Кейіннен Морабайдың өзі де ақындар айтысына араласады. Сүгір, Көкі, Қарабура Жұмырбай, Базар, 

Шернияз секілді ақындармен айтысқа түседі.  

Морабай 57 жасында (1898 жылы  шамасында)  қайтыс  болады.  Морабайдың  ақындық  атағы  батырлар  жырын 

айтумен  шыққан.  Ол  көптеген  батырлық  жырлар  шығарған.  Соның  ішінде  күрделісі  жəне  хатқа  түскені - 

«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырлары. 

Марабайдың  «Қобыланды  батыр» 1922 жылы  Ташкентте  басылды, 1932,1939 жылдары  Алматыда  «Батырлар 

жыры» жинақтарында басылды. 

«Қобыланды батыр» жырын толық жырлаған ақынның бірі - Мергенбай жырау. Ол Қостанай, Ақтөбе жақтарын 

көп аралап жыр айтқан адам. 

Сондай-ақ  жырды  толық  жырлаған  ақынның  бірі-  Біржан  Толымбайұлы.  Ол  Қостанай  уезінің  Қарабалық 

болысының адамы. «Қобыланды» жырлаған ақынның бірі - Мұрын Сеңгірбайұлы. Ол 1860 жылы туған. Туып өскен 

жері кіші жүз ішінде Адай елі, Жар деген рудан тараған. Əкесі Сеңгірбай кедей болған өмірін ұсталықпен өткізген. 

Мұрын 18 жасқа  келгенде  Адай  ішіндегі  Нұрым  ақыннан    ноғайлығының  қырық  батыры  жырын  үйренген.  Сол 

кездегі руы Беріш Мұрат ақыннан Адай ішіндегі Нұрым ақыннан жырлар үйренген. Ол бір шеті Бұқар, екінші жағы 

Хиуа,  Мейрам  елі,  Астрахань  жақтарда  жыр  айтқан.  Мысалы,  оның  айтқан    жырларынан  Қобыланды,  Ер  Тегіс,  Ер 

Көгіс, Телағын, Қосай, Көкше батыр, Алау батыр т.б. 

«Қобыланды батырды» жырлаған ақынның бірі - Нұрпейіс Байғанин. Ол 1860 жылы Ақтөбе облысы Байғанин 

ауданында кедей шаруы семьясында туып өскен. Нұрпейіс жастайынан өлең, əнге құмар болады, он жасында ақын 

қатарына қосылады. Оның үлгі алған ақындары: Абыл, Шернияз, Махамбет, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай т.б. 

Нұрпейіс - күрделі  сюжетке  құрылған  эпикалық  жырлар  шығарған  ақын.  Оның  ішінде  ірілері: «Қобыланды 

батыр», «Құбығұл», «Төрехан», «Ақ Кенже», «Хор қыз», «Ақын», «Ер туралы жыр», «Жиырма бес» т.б. 

«Қобыланды  батырды»  жырлаған  ақынның  бірі - Айса  Байтабынов.  Ол 1875 жылы  Ақтөбе  обылысы,  Қобда 

ауданында, Өтешсай ауылында туған. Айса атақты Бітеген ақынға барып, одан көп жыр үйренеді. 

Содан  бастап  жыр  айту  соңына  түседі,  халық  поэзиясының  үлгілері  «Қобыланды», «Хан  Əділ», «Құбығұл», 

«Телағыс», «Ауаз», «Көрұғлы», «Алпамыс», «Қыз Жібек» т.б. жырлайды. 

Бұл  жыр  жөнінде  В.В.Радловтан  басқа  алғаш  рет  орыс  ғалымдарынан  проф.  П.А.Фалев  пікір  айтқан. 

«Қобыланды  батыр»  жыры  жөнінде  бірсыпыра  еңбектер  жазған  Мұхтар  Əуезов  болды.  Одан  кейін  С.Сейфуллин, 

С.Мұқанов, А.С.Орлов, Б.К ежебаев, Х.Жұмалиев, Е.Исмайылов елеулі құнды пікірлер айтты. 


 

29

«Қобыланды  батыр»  жырының  барлық  варианттарын  мазмұнына  қарай  зерттегенде  жəне  оларда  айтылатын 



əңгімелерді  тарихи  деректермен  салыстырғанда,  бұл  жырдың  оқиғалары  қыпшақтар  мен  қызылбастардың 

арасындағы  көп  заманға  созылған  қарым-қатнастарды,  қызылбастардың  қыпшақтарға  көрсеткен  қорлық-зорлығын, 

жауыздық  əрекеттерін  суреттеу  негізінде  туғандығы  байқалады.  Жыр  əңгімелерінің  негізгі  желісі  осындай  ерлік 

күрестерді  бейнелеуге  құрылады.  Жырдың  барлық  варианттарында  Қобыландының  соғысатын  жаулары  

қызылбастар  (тек  бір  вариантында  қалмақтар)  болып  келеді.  Жырда  қызылбастардың  басқыншылық,  жаулық 

шабуылдарына қарсы қыпшақ батырларының жүргізген ерлік істері сипатталады. Бұған қарап, бұл жырдың тууына 

себеп  болған - қыпшақтар  мен  қызылбастар  арасындағы  қарым-қатынастар,  жыр  мұны  көркем  суреттеу  арқылы 

елестеткен дейге болады. 

«Қобыланды батыр» жыры туралы пікір айтушылар Қобыландыны тарихта болған адам деседі. Оған дəлел етіп 

«Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген аңыз-əңгімені келтіреді жəне Електен 40 шақырым жерде 

Қобыландының  моласы,  Орынбордан  Маңғыстауға  қарай  баратын  жолда  Қобыланды  деп  аталатын  бекеттің 

барлығын айтады. 

Дегенмен Қобыланды батырдың тарихта болған адам екендігін анықтайтын деректер жоқ, тек халықтың аңыз-

əңгімелері  ғана  бар.  Сондықтан  Қобыланды  батырды  тарихи  адам  деуден  гөрі,  əдебиеттік  образ  деп  қараймыз. 

Басқыншы  жау  қызылбастарға  қарсы  күрескен,  одан  ел-жұртын  қорғап  қалған  қыпшақ  батырларының  ерлік  істері 

Қобыланды образы арқылы жинақталып берілген. 

Қазақтағы батырлар жырының ішінде вариынты көбі- «Қобыланды батыр». Оның əзірге жиналған вариантының 

саны - он екі. 

«Қобыланды батыр». Оның əзірге жиналған вариантын мазмұнына қарай қарастырғанда, екі тақырыпқа бөлуге 

болады. Біріншісінде, Қобыланды жас шағынан бастап қартайғанға дейінгі өмірі, қызылбастармен күресі суреттеледі. 

Бұл  əңгімелер  Марабай,  Мергенбай,  Біржан  айтқан  жырлардың  негізгі  мазмұны  болады.  Екіншісінде,  батыр 

қарамағындағы  ел-жұртын  хандардан,  олардың  əрбір  зомбылығынан  қорғап  отырады,  Қобыланды  батыр  сол 

жауларға қарсы күреседі. Мұны біз Нүрпейіс, Айса, Мұрын жырларынан көреміз. 

Сөйтіп,  жырдың  барлық  варианттарында  айтылатын  оқиғалар  осындай  екі  топқа  бөліне  жырланады  жəне 

бəрінде Қобыландының ерлік істері, ел-жұрты, ағайын-туыс, жолдастары, алысатын жаулары суреттеледі. 

Жырдағы  образдар. «Қобыланды  батырды»  жырлаған  ақындардың  қайсысы  болса  да,  адам  образын  жасауға 

айрықша  мəн  береді.  Халықтың  досы  қайсы,  дұшпаны  қайсы  екендігін  дəлдеп  көрсету  үшін  жырдағы  басты 

адамдардың іс-əрекетін сипаттайды, олардың бəрін есте қаларлықтай етіп суреттеуге тырысады. 

Қобыланды.  Қобыланның  батырлығы  жөнінде  жыршы  ақындардың  бəрі  де  əңгімені  əріден,  баланың  тумай 

тұрған кезінен, Тоқтарбай мен Аналықтың бір перзентке зар болуынан бастайды. Бұған үлкен мəн беріледі. Бұдан бір 

жағынан, шаруаңор, адалеңбек етіп ел-жұртан асырайтын, екіншіден, ішкі жəне сыртқы  жаулардан халықты қорғап 

алатын батыр ұл болуын арман еткен халық қиялы көрінеді. Əңгіменің негізгі идеясы-халыққа қамқор болатын батыр 

ұл іздеуден туған.  

Сондықтан  халық  ұғымында  мұндай  адамның  жаратылысы  да,  туысы  да  басқалардан  ерекше  болуы  керек. 

Ондай ерекшелік фантазияға, мифке байланысты жатады. 

Дүние  жүзілік  эпостың  көбінде  батыр  образы  батырдың  есейген  кезінен  басталса,  Қобыландының  болашақта 

асқан  батыр  болатыны  оның  ана  құрсағында  жатқан  уағынан-ақ  білінеді.  Мəселен,  Қобыландының  шешесі 

Қобыландыға  екіқабат  болғанда  жерік  асына  не  арыстанның  жүрегін,  не  айдаҳардың  өтін  жейді,  не  қара  тасты 

шайнайды. Сөйтіп жерігін басады. 

Жаратылысы, туысы ерекше болған баланың өсуі де, мінезі мен қылығы да, ақылы мен айласы да басқалардан 

айрықша артық болады. Қобыланды жайындағы жырлардың көбі оның бала кезіндегі өсуіне молырақ көңіл бөледі. 

Таулар күйіп , тас жанған, 

Алты жасар баланың 

Елбеңдеген зарпына 

Қобыландының  шын  мəнісіндегі  батыр  атағына  ие  болуы  оның  өзіне  тең  жар  іздеуінен  басталады.  Онаң  шын 

мағынасындағы  батыр  атанып,  даңқы  шығыуы  оның  Құртқаға  үйленуіне  байланысты.  Жігіт  болып  ер  жеткен 

Қобыланды өзіне тең жар іздейді.Бірақ ондай адам өз елінен табылмайды. Сондықтан жыршы ақындар Қобыландыны 

Көкілен  кемпірдің  еліне  аттандырады.  Құртқаның  қойған  шарты  үлкен  бəйтеректің  басына  қойылған  жамбыны 

садақпен атып түсіру еді. Қобыланды оны атып түсіреді. Бұл батырлық емес, мергендік. Сондықтан жырда, батырдың 

күштілігін  көрсету  үшін  оған  жамбы  атқызып  қоймай,  қара  тас  пен  шойыннан  құйылған  діңгекті  қақ  айыртады. 

Қобыланды Көкіланның алып дəулерін де жең  іп шығады. 

Бұдан  арғы  жерде  жырдың  барлық  вариантында Қобыланды өмірінің жаңа кезеңі, отанын қорғаған, халықтың 

жауларына қарсы соғысқан кездері айтылады. Осы кезде Қобыландының батырлық образы жасалады. 

Қобыландыға Қараман келіп, Қазанның жаугершілік жасап, əлденеше рет елдің мазасын алғандығын жəне сол 

Қазан  тағы  да  шабуыл  жасап  келе  жатқанын  естігенде,  Қобыланды  батыр  қатуланып,  намыстанады.  Халықтың 

басына төнген қауіп батырға қатты батады, тұла бойын ыза кернеп, қару-жарақ асынып басқыншы жау Қазанға қарсы 

аттанады.  Жыршы  ақындар  Қобыландықың  жау  батырларымен  күресін  бірден  жырлай  салмайды.  Ең  алдымен,  қас 

батырлардың  бір-бірімен  қалай  кездескені  айтылады.  Екі  батыр  жекпе-жек  соғысқа  кіріспестен  бұрын,  бір-бірін 

сөзбен  сынайды,  сөзбен  найзаласып  алады.  Əрқайсысы  өз  сөздері  арқылы  батырлық  образдары  жасалады.  Осыдан 

кейін олар қолма-қол ұрысқа кіріседі. 

Ырғай сапты сүңгіні                                   Бүгісе-бүгісе тұрысты, 

Ырғай-ырғай салысты.                               Тебінгіден тер ақты, 

Найза қанға майысты,                                Қабырғадан қан ақты


 

30

Қармақ болып қайысты.                             Түкіргенде жан татты, 



Итерісіп тұрысты                                       Қанжар қалды қайысып 

Ат тізесін бүгісті,                                        Семсер қалды майысып... 

Ақырында, Қобыланды Қазанды жеңеді. Бұдан кейін ол Көбіктіні, Алшағырды, Шошай мен Барсаны да жеңеді. 

Өйткені, Қобыланды əділ іс үшін, халық намысы үшін күреседі. 

Жыршы ақындар Қобыландының батыр екендігін халық ұғымында қас батырға тəн қасиеттерімен де дəлелдей 

түседі.  Ол  қасиеттер:  айтған  сөзде  тұрушылық,  намысқорлық,  аңғалдық,  жолдастық - достықты  сақтаушылық. 

Мұның бəрі халық ұғымында батырлықтың бейнесі деп айтылады. 

Алшағыр  Қобыландымен  өтірік  дос  болады  да,  батырды  алдап  өлтіру  жайын  қарастырады.  Ол  Қобыландыға: 

«Дос болсаң менің жауларымнан кек əпер»- деп өтінеді. Қобыланды бұған разылық білдіреді. Құртқа батырдың бұл 

сапсрға бармауын өтінеді. Бірақ, «Екі сөйлегенім өлгенге тең, айтқанымнан қайтпаймын « ,- деп Қобыланды сапсрға 

аттанады.  

Қобыландының халық ісі үшін туған ұл екендігін, басқыншы жауға қарсы асқан ерлікпен күресуін, ел-отанын, 

халқын  адал  көңіл,  шын  ниетімен  сүйген  батыр  екендігін    халық  намысы  үшін  ар-ұятымен  қызмет  еткен  адам 

екендігін  жіне  аңғырт,  аңғал,  намысқор  мінезін,  жолдастығын,  адамгершілігін  жыршы  ақындар  молынан  суреттей 

отырып, халқына айбар болған батырдың батырлық образын жасайды. 

Қараман. Қараман - жағымсыз бейнеде алынған образ. Оның жырға қосылуы Қобыландының батырлық даңқын 

көтеру  үшін,  ел  қорғаған  ер  қайсы,  қарабастың  қамын  ойлаған  ез  қайсы  екенін  көрсету  үшін,  нағыз  батыр  мен 

қорқақты айыру үшін алынған. 

Қараман - қорқақ адам. Олөз қара басының аман - саулығын көздейді. Бұл ретте ол жауына жалынып, кешірім 

сұрауға дейін барады. Мəселен, Көбіктінің қолына түсіп қалып, зынданда жатқан кезінде бұлардың қасына Қарлыға 

келеді де: «Тұтқыннан босатсам не дер едіңдер»,- дейді. Сонда Қараман: 

Менің өзім нашармын 

Түтікпен ауыз ашармын, 

Бұл бейнеттен құтқарсаң, 

Болайын сізден тасаттық, 

Қарлыға босат қолымды 

Бұл шаҳардан қашамын,- 

дейді.  Жыршы  ақындар  Қараманның  қорқақтығын,  жолдастық  қасиеті,  адамгершілігі  жоқтығын  суреттеумен 

қатар, оның мансапқор екендігін де көрсетеді. Бұл ретте ол көзі тойса да, көңілі тоймаған адам бейнесінде алынады. 

Қазаннан түскен көп олжаға тоймаған Қараман Көбіктінің еліне бару жайын айтады. Ондағы мақсаты Қобыландының 

күшін пейдаланып, тағы да көп олжа түсіру болады. Мұнымен де тұрмай, ол үнемі сауға сұрап жүреді. 

Сөйтіп,  халық  жыры  Қараман  образын  жағымсыз  бейнеде  суреттей  отырып,  оның  істерін  мінеп,  мысқылдап 

мазақ етеді. Мұндай адамдарды жыршылар үлгі ету үшін емес, одан жұртты жирендіру үшін жырға қосады. 



Құртқа.  Халықтың  батырлар  жырында  суреттелетін  əйелдер  көбінесе  батырдың  сүйікті  жар-жолдасы,  сенімді 

серігі,  ақылшы  досы  ретінде  алынады.  Халық  жырында  Қобыланды  қандай  ардақты  болса,  Құртқа  да  сондай.  Егер 

жырда Қобыланды ел қорғаған, халқына қамқор болған батыр деп көрсетілсе, Құртқаны білгір, дана деп суреттейді. 

Құртқаның аса ақылды, білгір адам екендігі оның Қобыландыға жасаған қамқорлық істерімен суреттеледі. Бұл 

ретте  халықтың  Қобыландыға  айтар  ақылы  да,  көрсетер  көмегі  мен  қамқорлығы  да  осы  Құртқа  арқылы  берілген. 

Құртқаның ақылды адам екендігі Қобыландыға керекті тұлпарды, қару-жарақты даярлап беруінен басталады. 

Құртқа  қандай  күйге  ұшыраса  да,  Қобыландыны  есінен  шығармайтын  адал  жар  бейнесінде  суреттеледі.  Ел-

жұртын Алшағыр шауып алып байлауға түскен кезде де, Құртқа ақылмен іс істейді. Қобыландының келетініне сенеді 

де, бір кезде Тайбурыл байланған алтын қазықты жəне күлге көміп азық тастап кетедіі; жолшыбай тұлпардың жемін 

шешып  кетіп  отырады.  Бұларға  Қобыланды  кез  болады  да  ел-жұртын  қандай  жаудың  қалай  қарай  алып  кеткенін 

біледі.  Қобыланды  Алшағырдың  қорғанын  қалай  алу  жайын  қарастырып  тұрған  шақта  оның  алдынан  Құртқа 

шығады. Ол ақыл-айласымен Алшағырды алдап түсірген болады жəне Қобыландыға қорғанды қалай бұзудың жолын 

айтады.Сөйтіп, ол бұл жерде де батырға көп жəрдем жасайды. 

Құртқа  Қобыландының  достары  мен  дұшпандарының  алдында  абыройы  түспеуін  де  қатты 

ойлайды.Алшағырдан  ел-жұртын  босатуға  келген  кезінде,  алдынан  шыққан  Құртқаға  Қобыланды  сағыныш  сезімін 

білдіреді.  Батырдың  мұнысы  аңғалдық  екенін  білген  Құртқа: «Əуелі  жау  қолынан  ел-жұртыңды  босатып  ал,  олай 

етпей тұрып, мені алып кетсең - досқа күлкі, дұшпанға таба боларсың,» - деп ақыл айтады. Жұрт алдында батырдың 

өсек сөзге ілікпеуін, абыройы түспеуін қарастырады. 

Жыршы  ақындар  Құртқаның  ақылын,  даналығын,  білгірлігін  аса  жоқары  бағалайды,  оны  жастарға  үлгі  етеді. 

Құртқаның  істеріне  сүйсінген  халық  Қобыландының  сөзімен  «ақылы  артық  Құртқажан,  хан  болуға  лайықты « деп 

көрсетеді. Бұдан халықтың халыққа қорған болған ерлермен қатар ақылды, дана əйелдерді де ардақтағаны көрінеді. 

Қарлыға. Егер жырда Құртқа ақылды, дана, білгір адам бейнасінде суреттелсе, Қарлыға көк сауытты киінген, 

көк сүңгіні ұстаған батыр тұоғасында алынады. Жыршылардың қайсысы болса да Қарлығаны батыр, өжет қыз етіп 

суреттейді.  Олар  Қарлығаның  батырлық  істері  ел  қорғау  тілегіне  байланысты  еместігін,  оны  бұған  бастап  жүрген 

махаббат күші , қыз намысы екендігін көрсетеді. Оның бар мақсаты - өзі секілді батырға қосылу. Осындай мақсатты 

алдына қойған Қарлыға ойламаған жерден Қобыландыға кездеседі., оны бірден-ақ ұнатады, өзіне тең тұтады, ғашық 

болады.Қобыланды жағына шығады. Сондықтан да ол: 

                                                           Арманым жоқ дүниеден 

Қобыландымен бас қосып 

                   Бірге жүріп өлсем деп,- 


 

31

ант етеді.  



Ол  Қобыланды  үшін  қолынан  келген  жəрдемін  аямайды.  Ел  -жұртын  тастап  Қобыландыға  ереді,  өз  əкесі 

Көбіктіні  өлтіруге  көмектеседі,  туған  інісі  Быршымбайды  өлтіреді.  Мұның  бəрін  ол  сүйген  адамына  қосылу  үшін 

жасаған болады. 

Қарлығаның  күшті  адам  екендігі  жырда  мол  көрініп  отіырады.  Мəселен,  Көбікті  Қобыланды  мен  Қараманды 

ұстап  əкеліп,  оларды  зынданға  салуды  Қарлығаға  тапсырады.  Сонда  Қарлыға  екеуін  екі  қолтығына  қысып  алып 

кетеді.  Алшағырдың  Қобыландының  елін  босату  жолында  Қарлыға  бірсыпыра  ерліктер  жасайды.  Жау  батырларын 

найзамен  іліп  тастап  отырады.  Кейіннен  ол  Қобыландының  өзін  де  ат  үстінен  түсіріп  кеткен  болады.  Мұның  бəрі 

жырда Қарлығаның батырлық образын жасау үшін алынады. 

Қарлыға тек батыр ғана емес, ол өзінің ақылы, мінездерімен де сүйкімді.  

Қобыландыға  ғашық  болған  Қарлыға  қаншама  ерліктер  жасаса  да,  мақсатына  жете  алмайды.  Оған  көңіл 

аудармайды. Бұған ызаланған Қарлыға Қобыландыға қарсы шығады. Қан майдан үстінде батырға найза салып, аттан 

түсіріп  кетеді.  Бір  кезде  Қобыландыға  деген  сүйіспеншілік,  ғашықтық,  махаббат  сезімі  енді  кекке  айналады.  Бұдан 

махаббат, ерлік сезімі ерлік істерге, өжеттікке бастайды. Қандай іске болса да бел байлаттырады, бəрінен де махаббат 

сезімі  күшті  деп  жыршы  ақындар  қорытынды  шығарады.  Осы  негізде  олар  Қарлыға  образын  жасайды.  Қарлығаға 

аяушылық білдіріп, ақырында оны Қобыландыға қосады. 

Жау адамдары.  Жыршы ақындар жағымды батырлардың ерлік істеріне ғана айрықша көңіл бөліп қоймайды. 

Олардың батырлық образын күшейтіп жасау үшін жау адамдарының мықты екендіктерін суреттейді.Қобыландымен 

алысатын Қазан, Көбікті. Алшағыр, Барса, Быршымбайлар осал жау емес. Жау батырларының мақсаты өз елін қорғау 

емес,  көрші  елдерге  жорық  жасау,  соғыс  ашу,  ел  талап  мал  жию.  Сондықтан  да  жырда  жау  адамдарының  образы 

бейбіт елге жасаған қиянат зорлығымен, өркөкірек, өзімшілдігі, тəкаппарлығымен алынады. 

Жыршы ақындар жау батырларының образын жасағанда, ең алдымен, олардың сырт келбетіне көңіл аударады. 

Оларды ертегінің алып дəулеріне теңейді, мифтік сипат береді. Мысалы, Барса бейнесін:  

 

... Будақтап түтін шығады, 



Мұрнының тыныс лебі екен... 

Сырғауылдан кем емес, 

Барсаның тартқан шылымы... 

Айғайлаған даусымен 

Қара тасты жарады, 

Екпінінен тыныстың, 

Тастар ұшып барады..., 

деп суреттейді.  

Жау адамдары қанша мықты болса да, ақырында жеңіліс табады, мақсаттарына жетпейді. Оның мəнісі - олардың 

пəле бастап, бейбіт жатқан елге шабуыл жасауында, халыққа зорлық-зəбірлік көрсетуінде. 



Тайбурыл. Ел қорғау ісінде батырға жолдас болған тұлпарларды əр халық зінің батырлық жырына екі жүйеде 

қосқаны байқалады. Біріншісі, батырдың жаратылысы, туысы қандай ерекше болса, оның тұлпары да сондай болып 

келеді.  Бұған  жырда  мифтік,  діни  мəн  беріледі.  Екіншісі,  тұлпарды  батырдың  өзі  іздеп  табады  немесе  оларды 

батырдың жақын жолдастары, ағайын-туыстары дайындап береді. 

Батырға  жауынгер  жолдас  есебінде  жырға  қосылған  тұлпардың  бірі - Тайбурыл.  Құртқа  секілді  дананың 

күтімінде  болған  Тайбурыл  Қобыландыға  жауынгер  жолдас  болады.  Тайбурылдың  басқа  тұлпарлардан  артық  бір 

қасиеті - адам тілін білетіндігінде, айтқанды түсінетіндігінде. Қырық күншілік Қазанға бір күнде жеткізуді өтінген - 

Қобыландыға Тайбурыл «жеткізем» деп уəде етеді.Сондықтан жыршы ақындар: 

Жазығы мал демесең, 

Тайбурылдың ақылы 

Адамзаттан артық-ты 

деп ардақтайды.  

Тайбурылдың екінші бір қасиеті - жүйріктігінде. оның жүйріктігі барған сайын үдей түседі, қызған сайын дами 

береді. Оның шабысын: 

Аршындап бурыл гуледі, 

Табаны жерге тимеді, 

Тау мен тасты өрледі..., 

Көлденең жатқан көк тасты 

Тіктеп тиген тұяғы 

Саз балшықтай иледі...,- 

деп суреттейді.  

Көркемдік  жағынан  алғанда,  өлеңнің  əсірелеу  түрінде  жырланған  «Тайбурылдың  шабысы» - бұл  қазақтағы 

батырлар  жырының  аса  сұлу,  өте  шебер  суреттелген  асқар  шыңы  деуге  болады.  Халқы  үшін  кек  алуға  аттанған 

батырдың тасқындаған күші, найзағайдай жарқылдаған қаҳары, ызасы мен намысы «Тайбурылдың шабысы» арқылы 

да берілгендігі байқалады. 

Жырдың  құрылысы.  «Қобыланды  батырдың»  жыр  құрылысын  сөз  еткенде,  ең  алдымен,  көзге  түсетін  бір 

ерекшелік - мұнда  айтылатын  оқиғалардың  бір  адамның  (Қобыландының)  айналасына  құрылғандығында.  Жырдың 

негізгі  тірегі - Қобыланды,  оның  ерлік  істері.  Сондықтан  да  жыршы  ақындар  барлық  əңгімені  Қобыланды  арқыла 

баяндауға мəн береді.  



 

32

Жырдың  композициялық  құрылысындағы  өзіне  тəн  ерекшеліктердің  бірі - оқиғаны  дамытуында.  Жырдағы 



оқиғағалардың  қисынын  келтіре  тізбектеп  айту,  бір  оқиғадан  екіншісін  тудыра,  өрістете  жырлау,  шегініс  жасамай 

үдете түсу - бұл жырдың басты ерекшелігі болып табылады. 



Өлең  түрі.Тілі.  Жыршы  ақындардың  қайсысы  болса  да  əр  алуан  атыс-шабыс  айқастарды,  жекпе-жек 

күрестерді,  шабуыл  жорықтарды,  шұғылынан  жасалған  қимыл-əрекеттерді    өлеңнің  əрі  оралымды,  əрі  ұшқыр  түрі 

жыр  арқылы  суреттейді.  Жыршы  ақындар  халықтың  тіл  байлығын,  сөздік  қорын  молынан  пайдаланып,  əдемі 

картиналар  портреттер  жасайды.  Жыр  оқиғасын  əсерлі  етіп  баяндайды.  Жыр  тілінің  байлығы  неше  түрлі  əдемі 

теңеулер, метафоралар жасауымен, дыбыс қайталауларымен де көрініп отырады 

Қорыта айтқанда, «Қобыланды батыр» жыры халықтық сипаты мол, ертеден келе жатқан көркем жырдың бірі 

болып саналады.  

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет