Тұрмыс-салт жырлары
Жоспары:
1. Тұрмыс-салт жырларының пайда болуы.
2. Тұрмыс-салт жырларының түрлері.
3. Тұрмыс-салт жырларының тəрбиелік мəні.
Тірек сөздер: қазақ фольклорында тұрмыс-салт жырларының мазмұны мен тақырыбына қарай бөлінуі. Тұрмыс-
салт жырларының зерттелуі.
Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымдары, діни əдет-ғұрыпқа
байланысты туған салт өлеңдері өте көп. Орыс халқының ауыз əдебиетінде оны «бытовые песни» (бірде «обрядовые
песни») десе, біз оларды «Тұрмыс-салт жырлары» дейміз. Бұлардың көпшілігі анонимдік түрде туып, халық аузында
сақталып келген. Тұрмыс-салт жырларының кейбіреулерінде тотемдік, мифтік ойлау, бақсылық ұғымдары мен діни
əдет-ғұрыптардың да ізі бар.
Елдің тұрмыс-салты мен əдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдеріне байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдері
«Тұрмыс-салт жырлары» дейміз. Бұл жырларды олардың мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге
болады. Олар: а. бақташылық жырлары (төрт түлік мал туралы); ə. діни əдет-ғұрыптар тудырған жырлар (жарапазан,
бəдік); б. үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); в. ұлыс жырлары; г. бөбек жырлары; г.
жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау) т.б.
Бақташылық жырлары. Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырылған шаруаларды халық
төрт түлік малдың «пірі» деп ұғынып, солар жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап
бақташылық жырлары туса керек. Бұрын жабайы аңдарға сыйынған халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың
Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымында Шопан ата-
қойдың, Жылқышы ата-жылқының, Ойсыл ата-түйенің, Зеңгі баба-сиырдың, Шекшек ата-ешкінің пірі. Олар малды
құт деп біліп, аязды қыстан, жұтаған жұттан, аш бөрілерден аман алып шығудың жолдарын айтқан. Мысалы, Шопан
ата қойларын күні-түні бақса тойғыза алмай, қарнына асасын тығып алыпты. Содан қойдың бір бүйірі шұқыр
болыпты-мыс дейтін аңыз бар. Шекшек ата болса «есі кеткен ешкі жинайды» деп, оныңсүті өсімтал түлік екенін
айтады. Қазақ халқы үшін жылқы мен түйе етті, сүтті, көшсе-көлік, мінсе-ат болып төзімді түліктен саналған. Түйені
қазақ шөл кемесі десе, жылқыны ер серігі деп таныған. Сиыр өзінің иесімен айтысқанда: «Қысқар əзірлеген шөбің,
нəрсіз, көдең дəмсіз, өзің жарсыз жалқаусың» деп сынайды. Мұндай жырларда əр түліктің өз тұтынушыларына
10
қоятын шарттары да айтылады. Бұл туралы ел аузында сиыр «қоры үзілген қуға», қой «жүн жеп, жабағы тышқан
насқа», жылқы «найза ұстаған ерге», түйе «ел ішіндегі зорға бітемін» деген ұғымдар бар.
Төрт түлік мал жайындағы жырлардың өзі тілек-бата түрінде айтылады.
Шаруаның бір түлік пірі-Шопан,
Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
Қойды аңдыған пəленің бəрін құртып,
Бықпырт тиін, үні өшсін қасқыр апан.
Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бір үлгісі жыр формасында айтылған:
Мен бір тілек тілейін,
Ай мүйізді шоқпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең қойды бер
!
Ұлды берсең бойлы бер
!
Ақылы артық ойлы бер
!
Ақсағаннан ақсаған,
Қозысы өлсе қақсаған,
Үй төбенің төбінде,
Ойбай салып маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айырылса,
Қара тұтып маңыраған.
Əппақ қана сүті бар,
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы,
Қойлар бассын үйіңді.
Қойлар басса үйіңді,
Қоймай бассын үйіңді.
Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дəріптеген. Кейде шөпке тоймайтын сиырды, қой мен
ешкінің айтысын тудырып, «қойдың жегені-жантақ, құйрығы жалпақ, ешкінің жегені-ошаған, құйрығы шошайған»
деп күлдіргі өлеңдер де шығаратын болған.
Əрбір түліктің өз бабы болған. Сиыр қалың нуға, қоры үзілген қуға, қой қара тасқа, жабағы жеген насқа,
жылқы бетегелі белге, найза ұстаған ерге, түйе ащы шөбі көп сорға, ел ішінде зорға бітемін деген сөздер содан туған.
Бұл қай малға қандай қоныс жайлы дегенді білдірмек.
Халық төрт түлік малдың төлін анасы қалай сүйсе, адам да солай сүйе білуге тиіс деп, қозы, лақ, құлын,
торпақ, ботақан, қойшы, құс жөнінде түрлі өлеңдер тудырып келген. Қойды қасқырға бермеу үшін қойшының көлігі,
құралы сайлы болуға тиіс. Кейбір өлеңдер қасқырды да сөйлетеді.
Атты қойшы, ашуы қатты қойшы,
Түйелі қойшы-тұрған қойшы.
Төбесінен ұрған қойшы,
Өгізді қойшы-өлген қойшы,
Жем болғанда көрген қойшы.
Халық мал бағудың қызығы мен қиындығы көп, соның үдесінен шыға білу керек деп ойлаған.
Ешкі бақтым-еңіреп бақтым,
Қой бақтым-қоңырау тақтым.
Сиыр бақтым-сидаң қақтым,
Жылқы бақтым-жорғалаттым.
Түйе бақтым-түйме тақтым,-
деген өлең жолдары жас буынды еңбекке, шаруашылыққа шақырған. Төрт түлік мал жөнінде мақал-мəтелдер, аңыз-
ертегілер де өте көп. Мал төлден өседі.
Ұлыс жырлары. Қыс ызғары кетіп, жаздың келуі-тіршіліктің ең сəтті кезеөінен саналған. Оны шығыс елдері жыл
басы-Наурыз, ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ арасында да жыл басы наурыздың 22
жұлдызы болып саналған. Осы орайда туған өлеңдері ұлыс жырлары дейміз. Бұл күні тоқсан шығып, күн жылиды,
жердің тоңы кетіп, өсімдіктерге жан ене бастайды. Күн мен түн теңеседі. Қыстауда отырған ел жайлауға көшеді. Мал
төлдеп, сүт көбейеді, жатақтар соқасайманын сайлап егіске шығады.
Ұлыс күні əрбір үй жеті түрлі дəннен наурыз көже жасап, бір-бірін шақыратын болған. Арпа, бидай, тары,
бұршақ, жүгері сияқты түрлі дəндер елдің сол кездегі ұғымы бойынша жеті түрлі тірліктің иесіне берілген атама (ас)
болып саналған. Сол көжені жұрт үй жағалап жүріп ішкен. Мұны-ұлыс тойы дейміз.
Тойға келген жұрт: «Амансыз ба
? Ұлыс оң болсын, сүт мол болсын, қайда барсаң жол болсын. Ұлыс бақытты
болсын, төрт түлік ақты болсын, бəле-жала жерге енсін» деп бір-біріне жақсы тілек білдірген. Ұлыс күндері жастар
ойнап-күледі, қарт-қариялар еңбек адамдарына ақ бата береді. Демек, наурыз жайындағы өлең-жырлардың да
еңбекпен тығыз байланысы бар.
Ұлыс күні кəрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
11
Жаңа ақытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Шалдары бата беріскен:
«Сақтай көр» деп терістен,-
деп келетін жыр жолдары Наурыз мерекесінің мəнін суреттейді.
Наурыз жырлары қазақ фольклорында айтарлықтай көп емес. Оның бір саласы төрт түлікке байланысты туған
өлеңдермен байланысып жатады. Ұлыс жырларының мəні ескірмек емес. Өйткені оның тамыры өте тереңде,
халықтың көне дəуірлердегі тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты.
Бөбек жырлары. Малдың төлі болса, адамның баласы бар. Олардың ойлы да тілді етіп, еңбекке баулу-
халықтың үлкен қуанышынан саналған. Əйел бала туса, оған шілдехана жасаған. Шілдехана кезінде жастар жиналып,
өлең айтқан. Ауыл шамы қырық күнге дейін сөнбеген.
Өмірге жаңа келген сəби өсіп, жетіле келе əжесінен ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаштар үйреніп, ойы мен тілін
дамытатын болған. Мұны халықтың рухани тəрбие дейміз. Ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш білмеген, білгенін айта
алмаған баланы «мылқау» деп, оған жұрт күліп қараған. «Ти десем тимейді, тиме десем тиеді» деген жұмбақ баланың
тілін, əрбір дыбыстың қайдан шығатынын білдірсе, саусақтарға «бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шүлдір
шүмек, кішкене бөбек» деп ат қойғызу баланы санға үйреткен. «Бір дегенім-білеу, екі дегенім-егеу, үш дегенім-төсек,
бес дегенім-бесік, алты дегенім-асық, жеті дегенім-желке, сегіз дегенім-серке, тоғыз дегенім-торқа, он дегенім-
оймақ, он бір қара жұмбақ» деген сөз кестелері баланың лексикасын байытқан. Ол кезде жас балалар əр бір үйдің жан
санын жұмбақтап, шешуін тауып отырған. Ондай жұмбақтарды: «Нешік
? Екі құлағы тесік, ешкің арық, қойың сарық»
деп бастаған. Мұндай өлеңдерде бір-біріне айтылған сұрақтар да кездесіп отырады:
-Ауылың қайда
?
-Асқар тауда.
-Қойың қайда
?
-Қошқар тауда.
-Қойың не жейді
?
-Жусан жейді.
Баланы төсектен тұрғызып, бірін қойға, бірін жылқыға, бірін сиырға, түйеге жұмсаған тіршілік көрінісі де өлеңге
арқау болған. Төрт түлік мал жөніндегі жырлардың балаларға лайықталған саласы аса көркем əрі қызық. Олардың
мазмұны көбіне күлдіргі болып келеді. Мысалы, «Қой мен ешкінің айтысы» жайындағы өлең, оқуға жеңіл, мазмұнды
əрі əсерлі.
Мұнда ешкі:
-Менің жегенім жантақ,
Сенің жегенің жантақ,
Сенің құйрығың неден жалпақ
?
десе, қой:
-Менің жегенім ошаған,
Сенің жегенің ошаған,
Сенің құйрығың неден шошайған
?-
деп жауап қайтарады.
Айтыс үстінде олар бір-бірін мінеп, сынайды. Қой сүт-майым көп, сол себепті мен малдың құтымын десе, ешкі
де қарап қалмайды. Ақыры бұл екеуі бір-біріне топалаң келсін деп, бақ таластырады.
Жаңбырсыз жаздың ыстық аптабы мен аязды қыз малға қандай қолайсыз болса, түрлі індет те оларға жеңіл
тимеген. Өйткені мал ауруы-жұттың бір түрінен саналған.
«Түйе, түйе, түйелер» деген өлең жас буынды бір жағынан еңбекке баулыса, екінші жағынан оларды тілге
үйреткен.
Бала:
-Түйе, түйе, түйелер
!
Тұзың қайда, түйелер
?
Түйе:
-Балқан таудың басында,
Балды қоян қасында...
Кейбір өлеңдерде жеті адамға жетпейтін ешкінің жүні, еті, шөпке тоймайтын торпақтың жайы мысқылданады.
Жас балаға көп үйретілген нəрсенің бірі-жаңылтпаш. Кекеш, быдық балалар ел арасында аз болмаған.
Жаңылтпаш-баланы дұрыс сөйлеуге үйреткен.
-Əленше-ай, Тайқарбай, ай Тайқарбай,
Қойыңдыай тақырға жай, Тайқарбай.
-Базардан алып келген ақ боғжамға,
Мен боғжамай, кім боғжалайды.
Жас жеткіншектің ойын дамытатын сұлу сөздің бірі-өтірік өлең. Оны балалар жаттап алатын болған. Бұл
баланы тапқырлыққа баулыған.
Балаларға арналған өлеңдердің ең құндысы-бесік жыры. Оның озық үлгілерін Ə.Диваев жинап, бастырған.
Əлди, əлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
12
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.
деп басталатын өлеңдердің тілі керемет, мазмұны өте бай. Асыл ана өзінің бесіктегі баласына таудан алма тергізеді,
оны қыздарға бергізеді. «Астында терлік салайын, үстіңе тоқым жабайын, тойға кеткен апанды, қайдан іздеп
табайын» деген жерлер əзіл.
Құйрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің
?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің
?
Бармақтарың майысып,
Ұста болар ма екенсің
?
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің
?
дейтін жыр жолдары бесіктегі баланың болашағын болжау, оның ер жетуін аңсау болмақ. Əн-күй, өлең айту-жас
балаға эстетикалық тəрбие берудің басты құралы болған.
Үйлену жырлары. Қазақ фольклорында от басының тағдырына, жас буынның өсіп, мұрат-мақсатына жетуіне
немесе солардың арман-қайғысына ортақ болған өлеңдер көптен саналады. Солардың бірі-үйлену жырлары. Бұл
жырлар алуан түрлі формада жасалып, ел аузына жақсы сақталған. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, бір кездері əдет-
ғұрпы мен салт-санасын, ой сезімі мен арман-ниетін білдіретін танымдық мəні елеулі.
Əдет-ғұрыпқа байланысты бұл жырлардың өзі жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, тойбастар түрінде
айтылатын болған. Қыз бой жетіп ұзатылар болса, қыздар мен жігіттер жағы екі жар болып, хор түрінде жар-жар
айтқан. Салт жырларының бұл түрі көне заманнан, жұбайлы неке шыққан кезеңнен бері болса керек.
Қыз ұзатылған немесе келін түсірілген кезде тойбастар айтылған. Ол: «Бағлан серке, марқасқа, қой бастайды,
қой алдында жануар ойқастайды»,-деп келетін қайым ұйқасқа құрылып, аяғы «той құтты болсын, той тойға ұлассын»
деген тілекпен аяқталып отырған. Кейбір дандар ақындар тойбастар айтқанда оқиғаның шеңберін ұлғайтып, тойдың
салт-салтанатын да, өзінің ақындық өнерін де бірдей марапаттайтын болған. Айтыс поэзиясы сияқты тойбастар
үстінде де ақын-айтушылар өздерінің сөз өнерін, шеңберлігін көрсете білген.
Үйлену тойларында айтылатын тұрмыс-салт өлеңдерінің бірі-жар-жар. Оның үлгісі Орта Азия, араб, парсы
елдерінде де бар. Өз теңіне емес, кəрі шылдарға берілген қыздар кейде жөнелтілетін болған. Мұндай жағдайда қыз
өзінің қандай күйеуге берілгелі отырғанын жар-жар өлеңі үстінде бір-ақ білген. Сол себепті жар-жар өлеңінде, бір
жағынан, қыздың ата-ана, туған жер, өскен елге деген қимастық, балалық сезімдері айтылса, екінші жағынан «көз
жасыма қарамастан теңіме бермедің» деген өкпесі, əлеуметке айтлған кінараты да болған. Бұл-ескі əдет-ғұрып сыны
болмақ.
Жар-жар қыздар жəне жігіттер тобының атынан бірде қосылса, енді бірде алма-кезек айтылған. Қыз өзінің əке-
шешесі мен құрбы-құрдастарын қимайтынан айтса, жігіт жағы соның бəріне тоқтау салып, əке орнына қайын атаң,
ана орнына қайын енең қамқорлық жасайды деп басу айтатын болған.
Жігіттер тобы:
-Алып келген базардан қара насыр, жар-жар,
Қара мақпал мəукеле шашың басар, жар-жар,
Мұнда əкем қалды деп қам жемеңіз, жар-жар,
Жақсы болса қайын атаң орнын басар, жар-жар,-
десе, қыздар жағы:
Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар,
Айналатын əкемдей қайдан болсын, жар-жар,-
жеп жауап қайырған.
Жар-жар кейде айтысқа ұқсап тұрады. Бірақ ол жеке айтушы емес, топтасқан айтушылар ортасында хор
үлгісінде туған. Оны коллективтік, анонимдік жыр дейміз. Жар-жардың арнаулы əні бар, көпшілікті үйіріп əкететін
əсем де əуезді қайырмасы жəне бар. Өлең ұйқасы көбіне қайым үлгісіне құрылған. Асылы ол үлең, би жəне əн-күй
бөлінбей тұрған кезден бері болса керек. Оны диалог сөзге құрылған өлең дейміз.
Үйлену жырларының бірі-сыңсу. Мұны қыз өзінің ел-жұрты, құрбы-құрдастарымен айрылысар кезде, қайын
жұртына аттанар сəтте айтатын болған. Оның үлгісі мынандай болы келеді:
Айналайын ел-жұртым,
Не болар менің заманым,
Бұралқы иттей кеткен соң,
Көкірекке қайғы толар-ау,
Ел-жұртым сенен айрылып,
Санамен жүзім солар-ау...
Өз теңіне қосыла алмай, малға сатылған қыз болса, сыңсымада оның ата-анасына айтатын өкпесі де болған.
Сонымен бірге қыз өзінің балғын өскен жастық шағымен қоштасты. Жыр өлшеуімен айтылатын мұндай өлеңдер мұң-
зарға толы келеді:
13
Заманым өтті басымнан,
Дəуренім өтті басымнан,
Бұл не деген іс болды,
Көлінен кеткен құс болдым,
Қандай да жерге тұс болдым,
Ел-жұртыма жау ма едім
?
Кетер-ау бастан сəулетім.
Жар-жар, сыңсуды айта білу үшін əрбір қыздың өлең, əн білуі шарт болған. Барған жеріне көңілі толмаған
қыздың сыңсуына қыз-келіншектер ғана емес, бүкіл ел егіліп жылайтын болған.
Мұндай кезде əйелдер жағы қызға ақыл, кеңес беріп: «Көзіңді жаспен бояма, біз бермейік десек те, мал бергенің
қоя ма
?«-деген. Қыз балаға үйде отыра беру жараспайды, шын жұртыңа барасың, алдыңда той, жар сүю, бала сүю
бар, əдепті, ақылды бол деп жұбатқан.
Жылама, бикеш, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Ұл болып тусаң əуелден,
Сені мұндай қыла ма
?
Біз бермейік десек те,
Мал бергенің қоя ма
?
Көп жылауды қойыңыз,-
деп келетін өлең жолдары осыдан туған.
Беташар-қалыңдық түскенде айтылатын жыр үлгісі. Ақ жаулық жауын əкелген жас келіншектің бетін ақын
ашатын болған. Қолында ақ сабауы бар ақын келіншектің жаулығын əлсін-əлсін ашып, үйдегі үлкен-кішімен
таныстырған. Беташардың əзілі басымдау болады. Əдетте беташар «Келін, келін, келін тұр, келін тұр, келін кіріп тұр»
деген сөздерден басталады. Мұнда ақын жаңа түскен келіншектің бетін ашып, ел-жұртымен таныстырады, оған
көрімдік сұрайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Неліктен тұрмыс-салт жырларында малға байланысты өлең-жырлар айырықша көп
?
2. Көңіл-күйге, əдет-ғұрыпқа байланысты туған қандай өлең-жырлар бар
?
3. Діни ұғымға, наным-сенімге байланысты туған өлең-жырлардың пайда болуы туралы айт.
4. Тұрмыс-салт жырларының тəрбиелік мəні неде
?
Əдебиеттер
1. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991.
2. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1981.
3. Ақ сандық, көк сандық. Алматы, 1988.
4. Бесік жыры. Алматы, 1989.
5. Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы.
Мақал - мəтелдер
Жоспар:
1. Мақал - мəтелдердің зерттелуі.
2. Мақалдардың тақырыбы.
3. Мəтелдердің ерекшелігі.
Тірек сөздер: қазақ мақал-мəтелдерінің жиналып, зерттелуі, мақал-мəтелдердің өздеріне тəн ерекшелктері жəне
өзара айырмашылықтары.
Қазақ халқы, басқа халықтар секілді, жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ ауыз əдебиетінің əр түрлі
үлгілерін тудырып, солар арқылы тұрмыс-тіршілігінің əр алуан жақтарын суреттеген; қоғасдық өмірін, дүниеге
көзқарасын, таптық күресін, арман-мүддесін т.б. бейнелеп көрсеткен. Осы негізде туған жəне ауыз əдебиетінің
күрделі бір түрі деп халықтың мақал-мəтел, жұмбақтарын атаймыз.
Мақал-мəтел, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, ерте заманда
туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан, бұл сапарында əр түрлі қоғамдық,
таптық тілектерге сəйкес өзгеріп, жаңарып отырған.
Қазақтың мақал-мəтелдері мен жұмбақтарының ел арасынан жиналуы, хатқа түсуі, баспа бетіне шығуы XIX
ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұлардың кейбір үлгілерін ертеректе ел арасынан жинап алғандар
Ш.Уəлиханов, В.Радлов болғанын білеміз. Бұлардын кейін, революцияға дейін қазақтың мақал-мəтелдерін,
жұмбақтарын жинап, баспа жүзіне шығаруда айтарлықбай еңбек еткендер: Ш.Ибрагимов, В.В.Катаринский,
Ə.Диваев, Сабыржан Садықов, Мейрам Искаков т. б. болды. Аталған адамдар қазақтың мақал-мəтелдері мен
жұмбақтарының кейбір үлгілерін жинап жазып алды да, сол кезде орталықта жəне Омбы, Қазан, Орынбор
қалаларында шығатын газет-журналдарға бастырды, жеке кітапша етіп шығарды. Мəселен, Ш.Ибрагимов қазақтың
мақал-мəтелдерін 1874 жылы Орынборда, А.Васильев 1892 жылы Орынборда, В.Катаринский 1899 Орынборда,
14
Ф.Плотников Омбыда бастырды. П.Мелиоранский жинаған мақал-мəтелдер археология қоғамының шығыс бөлімінің
еңбектерінде (1893ж.) жарияланды. М.Искаков жинаған мақал-мəтелдер 1914 жылы Қазан қаласында өз алдына
кітапша болып шықты. С.Садықовтың «Жұмбақ» деген жинағы 1902 жылы Қазан қаласында басылды. Ə.Диваев
жинаған мақал-мəтелдер «Туркестанские ведомства» дейтін газетте жиі жарияланып тұрды.
Қазақтың мақал-мəтелдері, жұмбақтары советтік дəуірде мол жиналумен қатар, баспа жүзінде шығып, ел
арасына тарап отырды. Мəселен,»Мың бір мақал» дейтін жинақ 1925 жылы басылды. 1935 жылы Өтебай
Тұрманжанов төрт мыңнан астам мақал-мəтел енгізіп, «Қазақтың мақалдары мен мəтелдері» деген атпен үлкен жинақ
шығарды. Бұл қазақ мақалдарынан құралған көлемді жинақтың бірі еді. 1950 жылы Қазақтың Ғылым академиясы
қазақ мақалдарының Б.Ақмұқановқа құрастырған жинағын шығарды. Советтік дəуірде қазақтың жұмбақтары да
бірнеше рет жинақ болып басылды. Бұлардың ішінде көңіл аударарлық жинақ 1940 жылы шықты; оны құрастырған
профессор С.Аманжолов, ал сқз басын жазып, редакциясын басқарған профессор М.Əуезов еді.
Сөйтіп, қазақ халқының мақал-мəтелдері, жұмбақтары ел арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бергі
жерде ғана жинала бастағанын көреміз. Ал оларды ғылми жолмен зерттеу ісі революцияға дейін де, онан кейін де
өрістеп кетпегенін ескерту қажет. Рас, соңғы жылдары бұл іске біраз көңіл аударылып келеді, мақал-мəтел,
жұмбақтар жайында жазылған ұсақ мақалалар, айтылған пікірлер бар. Бірақ олар монографиялық көлемде жазылған
ғылми зерттеулер болып табылмақ емес, тек болашақта жазылатын үлкен еңбектердің алғашқы барлаушысы,
бастамасы деуге болады. Осы жағдайларды еске ала отырып, біздің бұл еңбекте алдымызға қойған мақсатымыз: қазақ
халқының тарихында ерте заманнан келе жатқан мақал-мəтелдерімен, жұмбақтарымен шолу түрде танысу, олардың
халықтық жəне əдебиеттік сипатын байқау.
Мақал. Ауыз əдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақалдың өзіне тəн ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар.
Ең алдымен, əдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы
болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін əр түрлі құбылыстарға, тарихи
мəні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. М.Горькийдің «мақал мен
мəтел еңбекші халықтың тарихын, əлеуметтік, барлық өмір тəжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді» деуі
осыдан.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына себеп болған үлкен оқиға, мəнді əңгіме жатады. Мақал соларға
берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзгі көп
мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тəжірибелерін мақал
арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл көз есебінде қызмет атқарады.
Мақалды тудырушы-еңбекші халық. Ол-халық данышпандығын алтын қазыналы мұрасы болып табылады.
Бұдан, əрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз əдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал
да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан,
идеологиялық құрал еткен. Мəселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Құм жиылып тас болмас, құл
жиылып бас болмас», «Алтын басты əйелден бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған
мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық мүлде
қабылдамаған.
Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тəжірибесіне байланысты туғандықтан,
оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нəрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі,
əдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кəсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл-
өсиеті, үйретуі мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |