Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі


Оқу практикасына ажратылған сағат және семестрi



бет4/9
Дата14.10.2023
өлшемі167,5 Kb.
#114332
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Укув амалит 1 курс Диалектология дайын

1.5. Оқу практикасына ажратылған сағат және семестрi


Оқу практикасын өтеу дәуірі

Апталар

Ажратылған бір апталық сағат

Ажратылған жалпы сағат

Семестр

1

2 апта

21-22

30

60

3

2

2 апта

40-41

30

60

4




2. Оқу - дала практикалық сабақтардың мазмұны
Диалектілік ерекшеліктерді білу – филолог мамандар үшін аса маңызды мәселе. Теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да біле отырып, сөйлеу процесінде қолданбауға ерісу керек. Диалектологияны білмейінше, тілдің тарихын оның даму жолдарын, заңдылықтарын білу мүмкін емес. Егер жергілікті ерекшеліктерді жақсы үйренсе орфографиялық, орфоэпиялық және стильдік қаталарға жол берілмейді. Сондықтан да бұл пәнді оқып үйрену жастардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Халық не ұлт тілдерінің жалпыға бірдей түсінікті жақтарымен қатар, белгілі бір аймақтарда қолданылатын ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер шағын аймақтарда немесе бірнеше аймаққа ортақ болып келуі мүмкін. Сол ерекшеліктер қолданыс аймағына қарай ауыспалы сөйлестік, сөйлестік немес диалект, наречиелер болып аталуы мүмкін. Ерекшеліктердің қандай түрі болса да жалпы халықтық тілдің тармағы болып саналады.
Пәнді оқыту барысында студенттер осылардан түсінік алады және өздерінің оқыған көркем шығармаларынан, өзінің жасап тұрған орталарынан курста айтылған мәселелерді байқап отырады да оларды ауызекі сөйлеу тілінде қолданбауға дағдыланады. Солай етіп оларды әдеби тілде сөйлеуге үйретеді.
Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы – диалектология (диалектос – сөйлеу, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті -жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері баржергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.
Шынында, диалект, говор, наречие деген терминдер бірінен – бірі сонша алыс кеткен ұғымдар емес. Бәрінен де жергілікті тіл ерекшеліктері негіз болады. Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалект бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы, әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі , заты деудің орнына сойы, кебек – буыз, үнемі – бойлай болып бөлінеді. Тіпті әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тіліндегі әлденеше варианты кездеседі: сіріңке – кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақт.б.
Диалектілік ерешеліктер бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулері жиі қолданылса, енді біреулері өте сирек қолданылады. Бірқатар ерекшеліктерді тұрғын халық жаппай қолданса, енді бірқатары көп тарамай, тек қарт, егде адамдардың тілінде, ескінің сарқыншағы ретінде ғана сақталып қалған. Мұндай құбылыстар жастардың тілінде кездеспеуі мүмкін. Қазақ тілінде жалпыхалықтық сипат алмаған, әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлемінде ғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер де кездеседі. Оларды лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер деп, үлкен үш топқа бөліп қарастыруға болады. Осы үш топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады.
Диалектология ғылымы – белгілі бір тілдегі диалектілік немесе жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін тіл ғылымының сүбелі бір саласы. Қандай да тілдің өз ішіндегі диалектілік ерекшеліктерді жинап, қарастырып, зерттеудің маңызы зор болады. Əр жергілікті тіл ерекшеліктерінің ішінде, құрамында неше алуан сөз байлықтары, тарихи тіл сарқыншақтары, тіптен көнедегі тайпалық тілдердің де іздері болады. Көрші халықтардың да кірме сөздері, басқа да уақыттардағы тілдің түрлі элементтерін де кездестіруге болады. Тілімізде əр өңірлерде əр түрлі айтылатын, бір жерлерде айтылып, екінші бір жерлерде айтылмайтын сөздер, тілдік тұлғалар бар. Тіліміздің қалыптасып, дамуы, əдеби тіл негізінің салынуы да осы диалектілермен тығыз байланысты. Ендеше диалектілердің қоғамда да, ғылымда да орны ерекше екені даусыз. Диалект – жалпыхалықтық сипаты жоқ, əдеби тілде қолданылмайтын тек белгілі бір өңірлерде, аудандарда ғана қолданылатын жергілікті тілдік ерекшеліктері бар аймақ, территория. Жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпыхалықтық тіліміздің бір аймаққа (регионға) тəн тілдік көрінісі. Бұған дейінгі еңбектерде де айтылғандай, ғылыми негізі қалыптасқан тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы диалектология деп аталады (гректің диалектикос – сөйлеу, сөйленіс (орысша разговор, говор) жəне логос – ілім, ғылым деген сөздерінен құралған). Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі сөйленістер мен жергілікті диалектілерді зерттейді1. Диалект, сөйленіс (говор) деп ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Олар жалпыхалықтық тілге тəн ортақ белгілерден өзге ерекшеліктерді қамтиды.
Диалект деген ұғым тілімізде термин ретінде қалыптасып, белгілі бір өңірлерде, жерлерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, белгілі аймақтарды білдіреді. Ал тілдегі сөйленістер жергілікті ерекшеліктердің бір шағын ғана аймағын қамтитын бөлігі. Тілдегі сөйленістер бір ғана шағын өңірлерді немесе бір-екі аудандарды ғана қамтиды. Яғни сөйленіс тіліміздегі диалектілердің бір бөлігі, жергілікті диалектілерге қарағанда көлемі шағын өңірді қамтиды. Жергілікті диалектілердің изоглостығы, яғни таралу сипатына қарай, сөйленістер іштей ұсақ сөйленістерге (подговорларға) бөлінеді. Диалектілік ерекшеліктері бірыңғай сөйленістердің жиынтығы, түркологтардың еңбектерінде наречие деп аталған1. Наречие – ең негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғай сөйленістердің жиынтығы, бірақ бұл термин қазіргі кезде қолданылмайды. Тіл біліміндегі диалект, сөйленіс (говор), наречие деген терминдердің қызметтік мағыналары бір-біріне ұқсас, бір-біріне жуық тілдік элементтер. Бұлардың бəріне де негіз болатын – жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер. Тілдегі сөздер диалекті болу үшін жалпыхалыққа түсінікті емес, əдеби тілден өзгеше болуы керек, сонда ғана ол диалектілік ерекшелік болып саналады. Көбіне диалектизмдер тіліміздің лексикалық ерекшелігіне байланысты болып келеді. Диалект сөздердің дыбыстық жақтарынан түрленісі фонетикаға жəне тілдік тұлғаларға, қосымшаларға түрленуі, морфологияға байланысты болады. Тілімізде ең көп кездесетіндері де, семантикалық мағыналарды білдіретін лексикалық ерекшелікті диалектизмдер. Тіліміздегі диалектілік мəні бар сөздерге мысалдар келтірер болсақ, белгілі бір сөз диалектіде əдеби тілден басқаша, өзгеше айтылады, ол сол өңірдің жергілікті ерекшелігі болып табылады. Мысалы: Əдеби тілдегі “үлкен”, “дəу” сөздері орнына, жергілікті жерлерде: нəн, нəнбай, əйдік, дығалдай, дырау; үнемі – бойлай; қызыл балық – шоқыр; керемет – əйбəт; заты, тегі – сойы; не нəрсе – не зат, немене; шелек – бақыр; жастық – көпшік; шалбар – сым; сену – шану; қияр – бəдірен; сенбеу – шанбау; шəуіш – жұқа мұз қабыршығы, торлама – қауынның бір түрі; дарбыз – қарбыз; т.б. Сондай-ақ əдеби тілдегі көптеген сөздердің жергілікті халық тілінде бірнеше варианттары да бар:
кесе – пиала, тас аяқ, шыны аяқ, самал, кəсе, ақпар;
шемішкі – пісте, шекілдеуік, шемекі, күнбағар;
сіріңке – шырпы, ши, оттық, шақпақ, күкірт, жағар, кеуірт, шағар, шпешке;
ізбес – избес, əк, бор, ақтас, ақкеріш т.б.
Сондай-ақ əдеби тілде де, диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болып, мағыналары басқаша болып келеді. Мысалы: Там сөзі оңтүстік өңірлерде “үй” мағынасында қолданылса, кей жерлерде “мола” деген мағыналарда қолданылып, жұмсалады. Сондай-ақ туыстық атауды білдіретін“тəте” сөзі батыс аймақтарда ер адамдарға байланысты айтылса (мысалы: Менің тəтем əскерде.), ал оңтүстік аймақтарда бұл сөз əйел адамдарға байланысты айтылады (мысалы: Менің тəтелерімнің бəрі сұлу бикештер). Көрім сөзі де бір өңірлерде “жақсы” деген мағынада қолданылса, енді бір жерлерде “жаман” деген мағыналарда қолданылады. Сонымен бірге “көрісу”, “көріс айт” сөздері де батыс аймақтарда амандық-есендік сұрасып, “бір жасыңмен” – деп, адамдар бір-бірін құттықтап, құшақ айқастырып, қол алысатын болса, оңтүстік аймақтарда “көрісу” сөзі қайтыс болған адамдардың туыстарымен, жақын-жұрағаттарымен дауыс салып, ой бауырымдап, жылапсықтап, құшақтасып, көрісіп, көңіл айтуын айтады. Тілде мұндай тілдік деректерді көптеп кездестіруге болады. Қазақтың халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктері, диалектизмдері əр түрлі болады. Бұндай ерекшеліктер жергілікті жерде фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жəне семантикалық құбылыстар ретінде қолданыс табады. Мысалы: қолдану-құлдану, шабу-чабу, тізе-дізе, теңіз-деңіз, бауыздау-мауыздау, құдағай-құдағи дегендер дыбыстықфонетикалық ерекшеліктерге жатса, үй-там, шалбар-сым, елеуішелкезер, шарбақ-дуал, қияр-бəдірен, шабындық-шаппа дегендер лексикалық ерекшеліктерге, келмек-кележақ, бармақ-баражақ, бар-барың, атпенен-атпынан, поезбен-поезбынан, барайық-баралы, ұрлап-ұрадап дегендер грамматикалық ерекшеліктерге, бұйрық, нұсқау-тəртіп, жұмыс-тіршілік дегендер семантикалық ерекшелікті құбылыстарға жатады. Мұндай мысалдарды жергілікті жерлерге тəн ерекшеліктерден көптеп кездестіруге болады. Диалектілік ерекшеліктер тілдің фонетикалық, дыбыстық жақтарын да молынан қамтиды. Мысалы:
л мен д (маңлай – маңдай) оңтүстік өңірлерде алмасады;
е мен а (берешек – бережақ) батыс өңірлерде алмасады;
е мен а (рахмет – рахмат) солтүстік өңірлерде алмасады;
ж мен ш (келемеж – келемеш);
с мен ш (мысық – мышық);
т мен д (теңіз – деңіз, түз – дүз, түзу – дүзу);
ж мен д (жүзу – дүзу) т.б.
Сонымен бірге диалектілік ерекшеліктер грамматикалық құрылыста да кездеседі, мысалы:
-ғалы, -ғайы, -гелі, -қалы, -келі, -дағы (Мен барғайы жүрмін. Маған бердағы, сен бардағы);
-лы, -лі (-алы, -елі) жұрнағы қалау-тілек мағыналы етістіктің І жақ көпше түрін жасауға қолданылады. Мысалы: баралы – барайық, келелі – келейік, көрелі – көрейік. Бұрынғы өткен шақ жасайтын -улы, -улі жұрнақтары барды, барыпты – барулы; келді, келіпті – келулі; қалыпты, қалды – қалулы. Мысалы: Сатқын үннен қалулы (Ғ.Сланов. Шалқар.) -сыңыз, -сіңіз. Жіктік жалғауының ІІ жақ сыпайы түрін жасау үшін жұмсалатын бұл қосымша батыс өңірінде көп кездеседі. Мысалы: Сіз бара- сыңыз ба? Сіз келесіңіз. Сіз баласыңыз ба? т.б. Диалектизмдер тілдің фонетикалық, лексикалық жəне грамматикалық (морфология, синтаксис) салаларымен тығыз байланыста болып, олардың əрбіреуінің тілдік, тұлғалық, түрлі грамматикалық белгілерімен, ерекшеліктерімен байланысып, астасып жатады. Диалектизмдердің тілдік, тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты тілімізде диалектілік қос сөздер, түбір сөздер, туынды сөздер, біріккен сөздер сондай-ақ, сөзжасамдық тəсілдер арқылы жасалған диалектілер де кездеседі. Диалектілердің негізі таза лексикалық құрамда болғанымен олардың түрлі айтылудағы дыбыстық өзгеріс ерекшеліктері фонетикада, тұлғалық құрылысы, құрамы, түрлі аффикстердің т.б. жалғануы морфологияда, басқа да сөздермен тіркесуі, байланысуы т.б. синтаксисте қаралады. Диалектизмдер яғни жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпыхалықтық тіліміздің бір өңірге, аймаққа тəн тілдік көрінісі. Ол аймақтардың тілдік материалдары жалпыхалықтық тіл арналарымен жалғасып жатады. Кейбір лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері жақтарынан да одан бөлініп, ажырап тұрады. Өздерінің изоглостық таралу аймағы, шегарасы бар бір ғана нақты жерде қызмет етіп, өмір сүріп жатқан тілдік ерекшеліктер ру-тайпалық тілдің сарқыншақтарынан сол жердің халқының тұрмыстық, шаруашылық кəсіптеріне байланысты қалыптасқан сөздерінен, мекені, тұрмыс-тіршілігі жақтарынан жақын аралас-құралас отырған халықтар тілінің əсерінен кейбір грамматикалық формалар арқылы семантикалық өзгеріске, түрленуге түскен жергілікті тілге ғана қатысты сөздер мен формалардан құралады. Тілімізде диалектология пəнінің алар орны ерекше, бұл курсты оқып-білу арқылы түрлі жергілікті тілдік ерекшеліктердің қыры мен сырын ашып, əдеби тілімізге жатпайтын жергілікті сан алуан кəсіпке,
түрлі заттарға, құбылысқа, ауызекі сөйлеу тіліне т.б. байланысты əр өңірлерге тəн халық тіліндегі мыңдаған сөздерді танып білеміз. Түрлі сөздердің мағыналық, тарихи жақтарынан қыр-сырын ашып, əр аймақтың жергілікті ерекшеліктерін меңгеріп, диалектілік мəні бар сөздерді тілдік тұрғыда талдап, танып білеміз. Сонымен диалектизмдер белгілі бір аймақ тұрғындары үшін, сол жердің жергілікті тілдік элементтері, белгілері болып табылады. Осы жергілікті тілдік элементтер халық тілінің құрамды бір бөлігі болып табылады. Яғни жергілікті тілдік ерекшеліктер, диалектизмдер халық тілінің бөлшегі болғандықтан ол сол ұлттың, халықтың өмірі мен тыныстіршілігі, бүткіл болмыс-бітімімен тығыз байланысты. Сондықтан диалектілік ерекшеліктер тек халық тілімен, оның өмір тіршілігімен тікелей байланысты болғандықтан, тіліміздегі түрлі диалектілер сол халықтардың бүткіл мəдени-материалдық, тұрмыс-тіршілігіндегі сөздерді молынан қамтиды. Жергілікті халық тіліндегі диалектизмдер тіліміздің бай тілдік мұраларын одан əрі дамытудың дереккөзі ретінде қолданыс тапты. Диалектизмдер яғни жергілікті сөздер төл тіліміздің даму заңдылығын танытатын, тілдегі ден қоярлық көрініс болып табылады. Тіліміздегі диалектизмдер халық мұрасының тілдік – материалдық көзі, олар ғайыптан пайда болмайды, халықтың өмір тіршілігі, тынысы, кəсібі, өмірінің сан алуан қырларынан туындайды. Жергілікті сөздердің əрбіреуінің халық тілінде өмір сүруінің өзіндік сырлары, тарихы болады. Əр жергілікті ерекшеліктің өзіндік шығу, даму тарихы мен қолданылу изоглосы, мақсаттары, белгілі бір лексемалық, атауыштық (номинативтік) қызметтері болады. Жергілікті сөздер қажетіне қарай əдеби тілге еніп, оны байытуға үлес қосады. Бүгінде əдеби тілімізде кең қолданылатын дақыл, жүйек, атыз, қызылша, аула, дəліз, жұлықтау сияқты т.б. көптеген сөздер бұрын диалектизмді сөздер болса, қазірде тілімізде жалпыхалықтық сипат алып, əдеби тілімізге толықтай енген сөздер болып табылады. Халқымыздың ауызекі тілі, халық диалектілері мен сөйленістері əдеби тілімізді көркейтіп, толықтыра түсудің қайнар көзі. Диалектизмдер əдеби тіліміз үшін бай қазына болып есептеледі. Тіліміздегі диалектизмдердің əдеби тілмен байланысы, қарымқатынасы тығыз бірлікте болады. Əдеби көкем тілімізді толықтырып, жергілікті халық тілдерінен бірден-бір құнды тілдік материалдармен сусындандырып, өз үлесін қосып отыратын тіл білімінің бір сүбелі саласы ол əрине диалектология ғылымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет