Халық тіліндегі түрлі диалектілік материалдарды тілдік деректерді жинап, топтау, саралау, жүйелеу жұмыстары. Халықтардың ауызекі тілінен, үлкен адамдардың ауызекі тілінен жергілікті ерекшеліктерді жию, үнтаспаға жазып алу, қағаз бетіне түсіру. Ақын-жазушылардың түрлі көркем шығармалары мен еңбектерінен, көркем текстерден жергілікті ерекшеліктерді жию, картотека жасау, контекстік мысалдар жию, жинақтау. Жергілікті ақын-жазушылар мен жыршылар, айтыс ақындары т.б. тілдерінен, олардың шығармашылықтарынан, өлеңдерінен диалектілік ерекшеліктерді жию. Жергілікті түрлі газет-журналдар, аудандық газеттер, қабырға газеттері т.б. тілдерінен диалектілік ерекшеліктерді жию. Халықтың тұрмыс-тіршілігі мен əдет-ғұрыптарына, салт-дəстүріне, өміріне қатысты этномəдени мəні бар диалектизмдерді жиыстыру. Халық тіліндегі мақал-мəтелдер, тұрақты сөз тіркестері мен түрлі сөз оралымдарынан мысалдар жию. Халық өміріндегі түрлі кəсіби шаруашылық түрлеріне байланысты, əр жерлердегі жергілікті диалектілік мəні бар кəсіби сөздерді жию. Халқымыздың ауыз əдебиеті (фольклоры) мен аңыз-жырлары, дастандары, тарихи шығармалары т.б. мысалдар жию. Басқа тілдерден кірген диалектілік мəні бар сөздерді жинап, топтау.
Әрбір студент өзі тұратын жердiң тiл ерекшелiктерiн төмендегi нұсқау бойынша суреттеп жазады. Қажеттi материал жазып алуға көмектескен немесе пiкiр бiлдiрген адамдар жайында қысқаша мәлiмет (аты-жөнi, жасы, руы, кәсiбi т.б.) көрсетеді.
І. Ауыл туралы мәлімет жинау. 1. Ауылдың этимологиясы, картасы, суреті, жалпы мәлімет.
2. Аудандағы киелі мекендердің этимологиясы, картасы, жалпы мәлімет.
ІІ. Қазақ диалектілеріндегі фонетикалық ерекшеліктер. 1. Дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер 2. Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер 3. Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы. Дауысты дыбыстардың алмасуы. 4. Республикамыздағы ақын-жазушылардың шығармаларынан диалектизмдерді (фонетикалық ерекшеліктерін) табу.