Қозғыш тіндер Қандай да болсын қозғыш тіндердің негізгі қасиеті – тітіркенгіштік немесе сыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті болып табылады



бет4/11
Дата29.12.2023
өлшемі112,65 Kb.
#144890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Физиология сесия

6.Жергілікті жауап.
Тітіркендіру тез арада қайталанса, жергілікті жауап жинақталады. Жергілікті жауап кезінде, мембрана жартылай деполяризацияда болуына байланысты, жасушаның қозғыштық қасиеті шамадан жоғары болады, сондықтан оны қозу жағдайына келтіру үшін тітіркендірудің аз мөлшері жеткілікті болады. Тітіркендіру күші табалдырықты шамаға жеткенде, МП мөлшері деполяризацияның ауыспалы деңгейіне дейін төмендейді.
Деполяризацияның ауыспалы деңгейі деп МП-дың төмендеуі кезіндегі, Na+ иондарын көп мөлшерде, жасуша ішіне лек-легімен өтуіне келтіретін, милливольттық шамасын айтады. Жасуша деполяризациясына жеткенде, мембрананың өткізгіштігі Na иондарына күрт жоғарылайды – көп мөлшерде қосымша Na-каналдарының ашылып, Na иондары жасуша ішіне лек-легімен кіреді. Осының нәтижесінде ӘП-ның келесі кезеңі – жоғары вольтті шыңдық потенциал пайда болады.
7.Әрекет потенциалы оның фазалары, пайда болуы, тіркеу.
Егер жүйке немесе бұлшықет тіндеріне табалдырықты тітіркендірумен әсер етсе, мембраналық тыныштық потенциал ығысып, оның шамасы тез азайады, бірнеше миллисекундта жасуша мембранасының зарядтары алмасады.Жасушаның қозуы кезіндегі МП-дың осындай қысқа мерзімді өзгерісі – әрекет потенциалы деп аталады.
Табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштің әсерінен жасуша мембранасының өткізгіштігі иондар үшін әртүрлі дәрежеде өзгереді.
Мысалы, Na+ иондары үшін 400-500 рет жоғарылайды, градиенті тез өседі, K+ иондары үшін 10-15 рет қана, ал оның градиенті баяу дамиды. Осының нәтижесінде, Na+ иондары жасуша ішіне кіреді де, K+ иондары сыртқа шығады, жасуша мембранасы бетінің зарядтары алмасады. Мембрананың
сыртқы беті теріс, ішкі беті оң зарядталады. Сонымен, белгілі бір тіндерге табалдырықты тітіркендіру күшімен әсер еткенде, жасуша мембранасының иондарға өткізгіштігі өзгеру нәтижесінде пайда
болатын және сөнбей таралатын қозуды – әрекет потенциалы деп атайды.
ӘП ролі: жүйке жасушулары арасында, жүйке орталықтарында және жүмысшы мүшелер арасында жүйкелік сигналдарды беруді қамтамасыз ету; бұлшық еттердегі электромеханикалық ілескен удерісті қамтамасыз ету.
ӘП-ның амплитудасы тітіркендіру күшіне тәулсіз, ол әрдайым белгілі жасуша үшін нақты бір
жағдайда ең жоғары деңгейде болады: ӘП «түгел және түк емес» заңына тәуелді, ал күш заңына тәуелсіз болады. Егер тітіркендіру күші аз болса, ӘП-ы пайда болмайды, ал тітіркендіру күші табалдырықты немесе одан жоғары болғанда, ӘП-ы жоғары шамаға жетеді.
ӘП-ның құрам бөліктері немесе кезеңдері:
1) жергілікті жауап (потенциал);
2) жоғары вольтті шыңдық (спайк) потенциал: а) деполяризация;
б) реполяризация;
3) іздік потенциалдар: а) теріс іздік потенциал; б) оң іздік потенциал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет