Қозғыш тіндер Қандай да болсын қозғыш тіндердің негізгі қасиеті – тітіркенгіштік немесе сыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті болып табылады



бет6/11
Дата29.12.2023
өлшемі112,65 Kb.
#144890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Физиология сесия

10.Парабиоз- жүйкеге ұзақ уақыт күшті тітіркендіргіштер әсер етсе, оның қозғыштық қасиеті лабилділігі төмендейді. Өмір мен өлім арасындағы жағдай деген мағынада қолданылады. Н. Е. Введенский ет жүйке препаратын алып, жүйкеің етке жақын жерін 2% кокаин ерітіндісіне малынған мақтамен орайды, сосн еттің сіреспе жиырылу сызығын жазады. Және еттің жиырылу жауабы кокаин тиген жердегі процеске байланысты өзгеретінің байқайды. Парабиоздың дамуы мезгілінде 3сатылы өзгерістерді анықтайды:
1. Теңестіру кезеңінде- тітіркендіргіштің біртіндеп жиілігін не күшіне жоғарылатса бәріне беретін жауабы бірдей болады. 2. Парадаксальдық кезеңде- әлсіз тітіркендіргіштерге ьеретін еттің жауабы күшті тітіркендіргіштерге беретін жауабынан жоғары болады.
3. Тежелу кезеңінде – ет тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды.
11. .Синапс – екі нейронның немесе нейронның және сигнал қабылдайтын эффекторлық жасушаның жанасу нүктесі. Ол екі жасуша арасындағы жүйке импульстарын беру үшін қызмет етеді және синаптикалық беру кезінде сигналдың амплитудасы мен жиілігін реттеуге болады. Импульстердің берілуі химиялық жолмен медиаторлардың көмегімен немесе электрлік жолмен, иондардың бір жасушадан екіншісіне ауысуы кезінде жүзеге асырылады.
Екі бөліктің арасында синаптикалық саңылау бар - постсинапстық және пресинапстық мембраналар арасындағы ені 10-50 нм саңылау, оның шеттері жасушааралық байланыстармен нығайған.
Медиатор өте қысқа уақыт әрекет етеді, содан кейін ол белгілі бір ферменттің әсерінен жойылады. Мысалы, холинергиялық синапстарда синапстық саңылаудағы таратқышты бұзатын фермент ацетилхолинэстераза болып табылады. Бұл кезде таратқыштың бір бөлігі тасымалдаушы белоктардың көмегімен постсинапстық мембрана арқылы және пресинапстық мембрана арқылы қарама-қарсы бағытта қозғала алады.
Синапстер құрылысына қарай: аксоаксондық- 2 аксонның ұласқан жерінде, аксодендриттік- аксон мен дендрит арасында, дендродендриттік- дендриттер арасындағы синапс, аксосомалық- аксон мен нейрон денесіндегі, дендросомалық- дендрит пен нейрон денесіндегі, сомасомалық- 2нейрон денесінің түйіскен жеріндегі синапс боьып жіктеледі. Және де козу мен тежелу процестерінің пайда болуына қарай қоздырушы және тежеуші болып жіктеледі.
Синапстарда қозудың таралу ерекшеліктеріне сигнал беру принциптері және синапстан бұрын және постсинаптикалық тежелу және қозу сияқты құбылыстар жатады. Сигнал беру принциптері синапс түріне байланысты өзгеруі мүмкін және қоздырғыш және тежегіш сигнал беруді қамтиды. Синаптикаға дейінгі және кейінгі ингибиция мен қозу құбылыстары сигнал беру күшін модуляциялай алады және жүйке жүйесіндегі ақпаратты өңдеуде маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет