Синапс құрылысы:
1. Пресинапстық мембрана;
2. Синапстық саңылау;
3. Постсинапстық мембрана.
Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы — синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Медивтор – қозу үдерісін жеткізетін химиялық зат. Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс саңлауы болады. Ол — клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.;
Синапс жіктелуі:
I. Сигналдарды өткізуіне байланысты:
- химиялық синапс;
- электрлік синапс;
- аралас синапс.
II. Әсер етуіне байланысты:
- қоздырушы;
- тежеуші.
III. Орналасуына байланысты:
- жүйке-ет (мионевралды);
- нейронейроналды:
1) аксосомалы;
2) аксоаксоналды;
3) аксодендритті;
4) дендросомалы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |