Синапстардың құрылысы, жіктелуі және физиологиялық қасиеттері.
Синапс – бұл қозуды (немесе серпіністі) жүйке талшықтарынан бұлшықетке немесе жүйке жасушасына өткізетін құрылымдық ұласу. Ол орталық жүйке жүйесінің жұмысын зерттеп, 1897 жылы енгізген, шын мәнінде нейрондық синаптич деп атаған арнайы механизмнің көмегімен бір-бірімен байланысады. Бұдан кейінгі жылдары бұл идея бекітілді. Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.