Қанқа мен бірынғай салалы еттердің физиологиялық қасиеттері.
Қаңқа етінің негізгі қасиеттері: қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылғыштық.
Қозғыштық-бұлшықеттің тітіркендіргішке жауап беруі
Өткізгіштік- бұлшықеттің бойымен қозудың өткізілуі
Жиырылғыштық- бұлшықеттің қозуға байланысты жиырылып, ұзындығын өзгертуі яғни қысқарып қатаюы
Бірыңғай салалы еттердіңде қаңқа еттір сиякты қасиеттері бар. Мұнымен бірге ол ерекше пластикалық(созылғыштық) қасиеті де бар.
Созылғыштық-ол жиырылудан кейін қайтадаан қалпына келу касиеті.
Қаңқа еттерінің жиырылу түрлері. Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ), оның кезеңдері, ұзақтығы.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері 4еу:
Изометрлік жиырылу деп – ет қысқармастан тек қатаятын болса, тонусы жоғарылауын айтамыз
Изотониялық жиырылу деп – ет қысқарғанмен тонусының өзгермеуін айтамыз
Ауксотониялық жиырылу деп – ет қысқарып осыған орай оның тонусының күшейуін айтамыз
Жеке жиырылу деп- белгілі бір тітіркендіргіш жалғыз әсер етсе оған еттің бір рет жиырылып жазылуын айтамыз.
Еттің дара жиырылуы
1)Латенттік кезең-0,01сек
2) Жиырылу кезең-0,05сек
3) Босаңсу кезеңі-0,06сек
Достарыңызбен бөлісу: |