Бірнеше жиырылу бірігіп жинақталады да, жиырылу серпіні күшейеді.Мұндай жинақталу толық ,шала болып бөлінеді .Толық жинақталу-жиі тітіркендірген сәтте әрбір тітіркеніс етке жиырылғанда тисе, ет босаңсымастан одан әрі жиырылып оның жиырылу дәрежесі күшейеді. Шала жинақталу-ет босаңси бастағанда тисе ,ет солған жерінен бастап қайта жиыр. бұрыңғыдан да күшті жиырылады.
Тетанус жиі-жиі тітіркендірсе ет ұзақ және күштірек жиырылады ,яғни сіреседі.Тітіркену жиілігіне қарай тегіс және тісті болып бөлінеді.Тетанустың түрі тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Тітіркендіру жиілігі сек 20-дан асса жайпақ тетанус, 15-20 аралығында болса тісті тетанус пайда болады.